Байтикенова аудит Қысқаша лекциялар жинағы Мамандығы: 5В050800 Есеп және аудит Оқу бөлімі: күндізгі, сырттай (орта, орташа арнайы және жоғары білім негізінде) Өскемен 2017


Тақырып: «Аудиттің стандарттары мен аудитордың мамандық этикасы»



бет5/24
Дата19.05.2022
өлшемі209.86 Kb.
#457450
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Аудит лекциялар жинағы

2 Тақырып: «Аудиттің стандарттары мен аудитордың мамандық этикасы»


Дәріс сұрақтары:
1. Аудиттің нормативтік реттелуі.
2. Қазақстандағы халықаралық аудит стандарттары
3. Аудиттің фирмаішілік стандарттары
4. Аудиттің мамандық этикасы
Негізгі түсініктер: аудит қағидалары, аудит стандарттары, жалпы стандарттар, жұмыс стандарттары, фирма ішілік стандарттар, аудиттің мамандық этикасы, кәсіби аудиторлардың этикалық Кодексі


Дәрістің мазмұны:

1. Аудиттің нормативтік реттелуі.


Аудиторлық тексеру нәтижелері маңызды басқару шешімдерін қабылдауға негіз болады. Сондықтан халықаралық тәжірбиеде аудиторлық қызмет тек кәсіби аудиторлық ұйымдармен ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік масштабта реттеле алады.
Нормативтік-құқықтық реттеу дегеніміз- бұл, аудиторлық тексеру жүргізу объектісінің жұмыс істеуін заңда, нормативтік құжаттарда, ережелерде қарастырылған нормалар мен ережелерге қатысты зерттеу. Аудиторлық қызметті реттеуші негізгі нормативтік-құқықтық құжаттарға ҚР “Аудиторлық қызмет туралы” Заңымен қатар аудиторлық қызметке тікелей және жанама реттейтін заңдар (ҚР “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Кодексі, ҚР Қылмыстық Кодексі, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, ҚР-ның “Лицензиялау туралы” заңы ) және басқа да нормативті құжаттар жатады
“Аудиторлық қызмет туралы” заң Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті жүзеге асыру процессінде мемлекеттік органдардың, заңды және жеке тұлғалардың, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың арасында туындайтын қатынастарды реттейді. Бұл заң Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті реттейтін бірінші денгейдегі құжаттарға жатады.
Заңдар мен нормативтік актілер қаржылық қорытынды есепке қатысы бойынша едәуір ажыратылады. Кейбір заңдар немесе нормативтік актілер субъектінің қаржылық қорытынды есебінің нысанын немесе мазмұнының, есепке алынуға тиісті сомаларды немесе қаржылық қорытынды есепте ашылып көрсетілуге тиісті ақпараттарды айқындайды. Басқа заңдар немесе нормативтік актілер субъект басшылығы тарапынан сақталуға тиісті, яғни, олар субъектіге өзінің қызметін жүзеге асыруға құқық беретін шарттарды белгілейді. Субъект қызметінің заңдар мен нормативтік актілерге сәйкес келмеуі айып пұл төлеу, сот процесстері және тағы сол сияқты қаржылық зардап шегуге алып келуі мүмкін.
Қазіргі кездегі басшылыққа алып жұрген заңнамалардың, атап айтқанда Қазақстан Республикасының “Азаматтық кодексінің”, “Әкімшілік құқықтық бұзушылық туралы” заңның, “Лицензиялау туралы” заңның, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің негізінде аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершіліктерін бірнеше түрге бөлуге болады. Олар:

  1. Азаматтық-құқықтық

  2. Әкімшілік

  3. Қылмыстық

Аудиторлық ұйым клиенттің бухгалтерлік қорытынды есебінің барлық маңызды аспектілері бойынша олардың дұрыстығы (сенімділігі) жөнінде кәсіби пікірін құрастырғаны және оны білдіргені үшін жауап береді.
Кәсіби пікірін құрастыру және оны білдіру кезінде ол Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызметті реттеуші нормативтік құжаттардың талаптарын және аудиттің этикалық нормаларын басшылыққа алуға тиісті.
2. Қазақстандағы халықаралық аудит стандарттары
Стандарттарды аудиттің теориясы мен іс-тәжірбиесінде негізгі ережелер немесе аудиторлық процедураның принциптері деп ұғуға болады. Осы ереже минимумы аудиторға бақылау шараларының ауқымын, оларды жүргізу әдістерін анықтауға көмектеседі әрі аудиторлық қызметтің нәтижелерін бағалаудың өлшемдері болып табылады. Ол халықаралық нормативтердің талаптарына жауап беретін тиісті денгейдегі аудиторлық қызметке қолдау көрсетеді, аудиторларды өз білімдері мен біліктерін ұдайы жетілдіруге мәжбұрлейді, жекелеген аудиторлық ұйымдардың жұмыс сапасын салыстыруды қамтамасыз етеді, аудиторлардың жұмысын жеңілдетеді әрі оңтайландырады.
Аудиторлық қызмет заңнан басқа стандарттармен, нормалармен және постулаттармен реттеледі. Аудит стандарттары дегеніміз - аудитке қойылатын бірегей талаптарды және аудит өткізу тәртібін анықтаушы принциптерді белгілейтін нормативтік құжаттар.
Аудит стандарттарының маңызын төмендегілер айқындайды:

  • жоғары сапалы аудиторлық тексеруді қамтамасыз етеді;

  • аудит өткізудің барлық кезендері (сатылары) бойынша регламентті анықтайды;

  • аудиторлық тексеру нәтижелері дұрыстығының құқықтық кепілдігін қамтамасыз етеді;

  • Қазақстан аудиттің деңгейін көтереді және оны халықаралық экономикалық қатынастар саласында танымал етеді;

  • аудит өткізу және оның нәтижелерін рәсімдеу мәселелеріне қатысты тәсілдерді, терминдерді, анықтамаларды, мәлеметтерді біз ізге салу міндеттерін шешеді;

  • аудиторлық тексеру жүргізу іс-тәжірбиесінде жаңа ғылыми жетістіктерді енгізуге ықпал етеді;

  • ақпаратты пайдаланушыларға аудиторлық тексеру жүргізу процесін түсінуге көмектеседі;

  • кәсіптің қоғамдық беделін құрайды;

  • мемлекет тарапынан бақылауды жояды;

  • аудиторға клиенттермен келісөз жүргізуге көмектеседі;

  • аудит өткізу процесінің жекелеген элементтерінің байланысын қамтамасыз етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет