Байтуған ауылының «Мәуліт» мерекесіне арналған мәдени,спорттық іс-шараларынын қорытындысы



Дата30.06.2016
өлшемі30.53 Kb.
#168006
АҚПАРАТ

Байтуған ауылының «Мәуліт» мерекесіне арналған

мәдени,спорттық іс-шараларынын қорытындысы.

Мәуліт мерекесіне арналған спорттық ұлттық ойын « Қазақша күрес» ақпанның тоғызында сағат 16:00 де мектептің акт залында ұйымдастырылып өтті.Күреске 3-11 сынып оқушылары қатысып,жеті салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. Жиарыстын салтаннатты ашылу рәсімінде қатысушылар сапқа тұрып сайыс алдында мемлекеттік ән-ұран айтылды сонан ауыл молдасы Хусман Разах сөз сөйлеп палундарға бата берді.Күрес 28 салмақ дәрежесінен басталды.Бұл салмақта ерекше көзге түскен 4 –сынып оқушысы Рақымбай Асан-әлі.Бұл палуан ақтық сайыста Әубәкір Аянды екі жартылай есебімен ұтып,біріші орынды иемдеді.34-салмақта 5 сынып оқушысы Жұпар Абдулин бірінші орынды ұтып алды.38-салмақта 7 сынып оқушысы Қыдыр Ислам женіп алды.Ал 46 салмақта Алиакпаров Марлан мен Аппас Қазбек белдесуі өте тартымды өтті.Ұпай санымен 7сынып оқушысы Алиакпаров Марлан ұтты.51 салмақта таза жеңіспен ақтық сайыста Бейсембеков Ерханды ұтып,бірінші орынды 8 сынып оқушысы Оралтай Асхат ұтып алды.56 салмаққа оқушылармен қатарласып студент балаларда сынға түсті.Ақтық сайыста 8сынып оқушы Болат Ержан мен жоғарғы оқу студенті Жандаулет Асхатпен сынға түсті.Бұл салмақта жоғары оқу студенті Жандаулет Асхат ұпай санымен ұтты. 64 салмақ дәрежесіне жеті бала қатысып бірінші орынды 9 сынып оқушысы Бектембеков Руфат ұтты.Жарыстын аяғында барлық оқушылар сапқа тұрғызылып мектептің директордың тәрбие ісінің орынбасары Шулембаев Ж.С барлықтарын Мәуліт мерекесімен құттықтады.Барлық қатысқан палуандар саны : 32 бала



Ақпанның 11 жұлдызында сағат 16:00 мектеп тәлізінде «Мәуліт» күніне арналған ТЕННИСтен жарыс өтті. Жарыс мемлекеттік ән- ұраннан басталды.Ән-ұраннан кейін ауыл молдасы Хусман Разах қатысушыларға батасын берді.Жарысқа барлығы 20 оқушы қатысты.Сайысты өткізу дене шынықтыру мұғалімі Төлеген Досжанға жүктелді.Әділқазылар алқасында дене шынықтыру мұғалімі Усенова Айжан.Укежановна,химия пән мұғалімі Кисиков Азамат және ауыл молдасы Хусман Разах болды. Жарыс өтте тартымды қызықты өтті.Бұл сайыста жұльдеге ие болғандар:

1- орын 11 сынып оқушысы Ахан Аслан.

2-орын 8-сынып оқушысы Құлшыман Нұрсұлтан

3-орын 6-сынып оқушысы Аппас Қазбек ұтып алды.

ШАХМАТ ойыны мектеп акт залында ақпаннын 12 жұлдызында сағат 16:00 де басталды.Сайыстын алдында оқушылар сапқа тұрғызылып мемлекеттік ән-ұран айтты. Мешіт атынан Омаров Қуан.Аманжолович сөз сөйлеп жарысқа қатысушыларды « Мәуліт» мерекесімен құттықтады.Жарыс өтілу жауапкершілігі дене шынықтыру мұғалімі Усенова.Айжан.Укежановаға жүктелді.Жарысқа алдын ала іріктелген 10 оқушы қатысты.Әділқазылар алқасына мешіт атынан Омаров Қуан.Аманжолович ал мектеп атынан Кисиков Азамат сайланды.Сайыс өте қызықты ,тартымды өтті.Жүльделі орынға ие болғандар:1-орын Раханов.Дулат 8-сынып

2-орын Раханов Азамат 4-сынып

3-орын Бейсембеков.Ерхан 9-сынып

Ұлттық АСЫҚ ойыны да мектеп акт залында ақпанның 13 жүлдызында сағат 16:00 де басталды.Сайыстын ашылу рәсімі мемлекеттік ән- ұранмен басталды.Ән-ұраннан кейін сөз кезегін ауыл әкімі Исабеков .Амангельды.Елеукенұлы алып қатысушыларды Мәуліт мерекесімен құтықтап,келешекте осы ұлттық ойындарын әрі қарай дамытуын айтты.Ұлттық асық ойынына барлығы 16-оқушы қатысты .Ойынды өткізу рәсімі қазақ тілі пән мұғалімі Бахтияров.Вайс.Гайрулаевичке жүктелді.Ойынға қатысушылар 1-сақа және 1-тігетін асықпен кіргізілді.Асықтын ішінде бөлінетін ойындары көп болғандықтан ішінен «Щеңбер»ойыны іріктеніп алынды.Ойыннын шарты кімде тігетін асығы болмаса сол ойыннан шығады.Жүлдеге ие болғандар: 1-орын Оралтай Асхат 8-сынып

2-орын Жұмағали Салауат 6-сынып

3-орын Сейтқазы Нәркен 6-сынып



«Мәуліт» күніне арналған мәдени ,спорттық іс шаралар қортындысынын марапаттау рәсімі ақпаннын 14-ші жұлдызында сағат 12:00 де Байтуған ауылынын мәдениет үйінде өтті. «Мәуліт» мерекесіне аудан бас имамы Исай молда және жан-жақтын иммдары келіп қатысты.Мәуліт мерекесіне арнап мектеп оқушылары концерттік бағдарлама арнады.Мерекенін сонында спорттық сайыста жүлделі орындарға ие болған оқушылар мақтау қағаздармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.марапаттау рәсімі біткеннен соң ауыл имамы Хусман Разах барлық жиналған қауымды ауылдын Құлагер кафесіне «Мәуліт»мерекесіне арналған асқа шақырды .

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет