Бакирова жанат серикбаевна к. Аймановтың өмірі, қоғамдық-саяси, ғылыми қызметі



жүктеу 435.96 Kb.
Дата04.03.2016
өлшемі435.96 Kb.


ӘОЖ 94(574).084(092) Қолжазба құқығында


БАКИРОВА ЖАНАТ СЕРИКБАЕВНА
К. Аймановтың өмірі, қоғамдық-саяси, ғылыми қызметі

07.00.02 – Отан тарихы

(Қазақстан Республикасының тарихы)

Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін

дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2010

Жұмыс Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Отан тарихы кафедрасында орындалды.

Ғылыми жетекшісі: тарих ғылымдарының

докторы, профессор



Халидуллин Ғ.Х.

Ресми оппоненттер: тарих ғылымдарының докторы,

профессор Есмағамбетов К. Л.
тарих ғылымдарының кандидаты,

доцент Қабдөшев Б. Ж.

Жетекші ұйым: Л.Н. Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық университеті


Диссертация 2010 жылы «30» маусым күні сағат 14.00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жанындағы тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14.15.09 Диссертациялық кеңес мәжілісінде қорғалады.

Мекен жайы: 050010, Алматы қаласы, Жамбыл көшесі, 25, мәжіліс залы.


Диссертациямен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің кітапханасында танысуға болады.

Мекен-жайы: 050010, Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, 30


Автореферат 2010 жылы «29» мамырда таратылды.

Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы, тарих

ғылымдарының докторы,

профессор М.К. Тулекова

КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Зерттеу жұмысында ХХ ғасырдың
20-70 жж. аралығында өмір сүріп, республикамыздың жоғарғы билік орнында қызмет істеген Кенжәлі Балтөреұлы Аймановтың өмір жолы қарастырылады. Мұрағат деректері мен мерзімді баспасөзге жарияланған оның материалдарын дереккөзі ретінде қолдана отырып, қайраткердің оқу-ағарту саласын дамытуға қосқан үлесі, ғылыми-ұйымдастырушылық қызметі сараланады.

Тақырыптың өзектілігі. Соңғы жиырма жылдың ішінде Қазақстан тарихнамасында тұлғатану мәселесі қолға алынып, 70 жыл бойы кеңестік жүйе идеологиясымен бұрмаланып, аты халық арасына белгісіз болып келген ұлт зиялыларының өмірі, қоғамдық қызметі жаңаша әдістемемен зерттеліне бастады. Бұл ретте ХХ ғасыр басында қоғамдық-саяси қызметімен қазақ халқының арасында танымал болған Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқаев сияқты қазақ зиялыларын атауымызға болады. Қазақ халқының тарихында өзіндік терең із қалдырған қайраткерлердің ғұмырнамасын жасауда түрлі қорлар құрылып, олардың жеке басы, халқының алдындағы қызметін зерделеу қолға алынды.

Ғұмырнама жанрын зерттеу мәселесін құптаған академик М.Қ. Қозыбаев 90-жылдың бас кезінде «қазақ тарихшылары, ата тарихымызда ерте есейген тарихи жанр - ғұмырнаманы жандандырып, дамытар кез келді», - деп жаза отырып, қандай адам болса да оның тұлғасын жазу барысында оның басының ерекшеліктерімен қатар жалпыға ортақ проблемалар диалектикалық бірлік, тұтастық аясында қаралғандығын жөн санады [1, 9-10 бб.]. Еліміздің тарихында елеулі із қалдырған қайраткерлердің жеке өмірі мен қоғамдық-саяси қызметін, шығармашылық мұрасын зерттеу – бұл келешек ұрпақ үшін де, тарих үшін де аса қажет. Тәуелсіз мемлекет болғаннан бері Қазақстанның ғылым, білім, мәдениет салаларын көтеруге белсене араласып, олардың дамуына талантымен үлес қосқан мемлекет және қоғам қайраткерлерінің тұлғалық тарихын зерттеу қолға алынып, еңбектер жазыла бастады. Тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаев ел тұлғаларының тарихтан алар орнын былайша көрсетіп берген еді: «Ұлы тұлғаларын білмейінше, бірде-бір дәуірді дұрыстап тану мүмкін емес. Адам тағдырының айнасынан бір тарих көшінің жүрісін ғана аңдап қоймаймыз, оның рухын, тынысын сезінеміз. Сондықтан да халқы мен елінің алдындағы өздерінің перзенттік парызын айқын да анық түсінген, қандай қиын-қыстау жағдайда да оны адал орындаудан жалтармаған адамдар қай дәуірде өмір сүрсе де, дәйім өз жұртының нағыз азаматы болып қала берген» [2].

Кеңес өкіметі орнамай дүниеге келген, бірақ 20-30-жылдардың тауқыметін көрген, жаңа буын зиялы қауым өкілдері қосылып, еліміздің өркениетті ел болып өрлеуіне, қазақ ұлтының асқақтауына барлық күш-жігерін салған қайраткерлердің бірі - Кенжәлі Балтөреұлы Айманов. Қайраткер, ғалымның өмір жолы 20-30-жылдардағы саяси жағдай, ұжымдастыру, байларды тәркілеу, қуғын-сүргін, Ұлы Отан соғысы, тың және тыңайған жерлерді игеру, еліміздің техника, білім, ғылым салаларын көтерумен тұспа-тұс келді. Ол осы кезеңдерде түрлі қызметтерді атқара отырып, қазақ қоғамының ілгері басып, кемелденуіне ат салысты.

К. Айманов қайраткер ретінде кеңестік жүйе жағдайында қалыптасып, халқына іскерлікпен қызмет етіп, ұлттық деңгейдегі қоғамның дамуына өзіндік үлес қосқан азаматтардың бірі. Еңбек жолын бала оқытудан бастаған ол үлкен қиындықтардан өтіп, мемлекет қайраткері дәрежесіне дейін көтерілді. Ол қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметінде тұлға ретінде республикаға ғана танылып қоймай, Одақ көлемінде де үлкен беделге ие болды. Өз дәуірінің даму заңдылықтарын терең меңгерген К. Айманов тек қызметке ғана мойынсұнбай, ғылым жолында да келелі еңбек етті.

Ғалым С. Кенжебаев К. Айманов туралы: «Өзінің жасампаздық қабілетін ұлт келешегі – оның тарихын жасаушыларға, жас буынды оқыту, тәрбиелеу, олардың бойында асыл қасиеттерді қалыптастыруға жұмсады. Ұлттық рухани байлығының қайнар көзі – білім, ғылымды дамытуды өз өмірінің өзегі етті. Қиян-кескі Отан соғысының майданынан оралғаннан бастап өмірінің соңғы сағатына дейін үздіксіз, ауырлығы мен абзалдығы араласқан, нәтиже-қорытындысына бірдей қол жете қоймайтын оқу-тәрбие жұмыстарымен шұғылданды. Келешек жас мамандарды дайындау сапасын арттыруда одақтық, дүниежүзілік қалып талаптарына сәйкес келтіруге, республиканың өндіріс, мәдениет қажеттерін шұғыл өтеуге керекті жаңа кәсіби мамандықтар бойынша кадр дайындауда, оқу орындарын жан-жақты жабдықтау, ұстаздар, студенттердің тұрмыс жағдайын жақсартуға орасан зор еңбек атқарды», - деп жазған болатын [3].

К. Аймановтың қоғамға сіңірген еңбектері, ғылыми зерттеулерінің маңызы зор. Оның қоғамдық, ғылыми-ұйымдастырушылық қызметі партиялық-өктемдік басқару мен әміршіл-әкімшіл жүйенің гүлденген, шарықтау шегіне жеткен тұспен сәйкес келсе де, педагогика ғылымының қалыптасып, дамуына өзіндік үлесін қосты. Оқу министрлігін басқарған жылдары орта және жоғары оқу орындарындағы оқыту жүйесіне жаңа әдістер мен техниканы еңгізе отырып, олардың кадрлық потенциалы нығайтылды, ғылыми-зерттеу дәрежесі көтерілді.

Оның тікелей басшылығымен 60-70-жылдары Қазақстанға аса қажетті мамандарды даярлау ісі қарқын алып, алыс шетелдермен байланыс орнатылып, тікелей тәжірибе алмасуының нәтижесінде білім саласының олқы тұстары жойылды.

К. Айманов білім, идеология саласын ұйымдастырушы ғана емес, ғылым саласына өзіндік үлес қосқан, осы жолда шәкірт даярлаған ұстаз да, тәрбиеші де бола білді. Ғылым жолына түскен жастарға жол сілтеп, қамқорлығына алып, қолұшын берді. Ол қаламы қарымды сыншы да, публицист де болып, өзінің ой-пайымдауларын, тұжырымдарын ашық түрде көпшілікке жеткізе білген азамат. Мемлекеттік және қоғамдық қызметте жүріп, ақыл-парасаттылығымен ерекшеленуі, өз мүддесін ұлт мүддесімен ұштастыруы сол заман тудырған тарихи тұлға екендігін көрсетеді.

К. Айманов 50-70-жылдар аралығында бүкіл одақ көлеміне танылып білім, ғылым, мәдениет, өнер қайраткерлерімен тығыз байланыста болды. Әсіресе, республиканың жетекші қайраткерлерімен қарым-қатынаста болып, ғылым, білім саласын дамытудың жолдарын көтеруде бастамашыл басшы екендігін танытты. Шет мемлекеттер мен одақтас республикалардың білім жүйесімен кеңестік білім жүйесі арасындағы айырмашылықтарды, ерекшеліктерді саралай білді. Ол еліміздің жалпы білім мен мәдени-техникалық дәрежесін одан әрі арттыруға күш салуды көздеп, осы жолда қыруар жұмыстар жүргізді. Республиканың материалдық-техникалық базасын жасайтын жас ұрпақты тәрбиелеудің жолдарын ұсынды.

Міне, көріп отырғанымыздай К. Аймановтың ғылыми, ұстаздық, мемлекеттік қызметі Қазақстанның саяси-экономикалық, әлеуметтік, мәдени дамуының оқиғаларымен тұтасып жатыр. Ендеше, К.Б. Аймановтың өмір жолын жеке тұлға ретінде зерттеуге барлық мүмкіншіліктер бар. Тарихшы-ғалымның отандық тарих ғылымын дамытуға сіңірген еңбегін, мемлекеттік және қоғамдық қызметін және оның ғылыми шығармашылығына талдау жасау, бағалау тақырыптың маңыздылығы мен өзектілігін көрсетеді.



Тақырыптың зерттелу деңгейі. К.Б. Аймановтың өмір жолы, қоғамдық-саяси қызметі мен ғылыми мұрасы отандық тарих ғылымында арнайы зерттеу нысаны ретінде қарастырылған жоқ. Дегенмен қайраткерге қатысты партиялық, қоғамдық-саяси, мемлекеттік қызметінің негізгі кезеңдерін қамтитын ғылыми, публицистикалық естелікке құрылған жарияланымдар, сұхбаттар республикалық, одақтық, шетелдік басылымдарда жарық көрді. Оның қоғамдық саяси қызметіне талдау жасап, қоғам қайраткері ретінде тұлғасын ашуға арналды.

К. Аймановтың ортасы, қоғамдық-саяси қызметі жайындағы мақалалар ол өмірден өткеннен кейін қалыптаса бастады. Оның қайғылы қазасына байланысты қазнамада көрнекті қайраткерлігіне, адамгершілік, білікті басшылық қасиеттеріне, адами тұлғасына баға берілген еді. «Социалистік Қазақстан», «Лениншіл жас», «Казахстанская правда» газеттерінде оның жауапты қызмет атқарып, республикада халыққа білім беру жүйесін, жоғары мектепті және педагогика ғылымын дамытып, жетілдіруге көп еңбек сіңіргенін, ізгі кішіпейіл жан болғандығы атап өтсе [4], ал «Мектептегі физика» деген журналда оның белгілі ғалым, педагогика тарихы мен физиканы оқытудың методикасы саласында келелі зерттеулер жүргізіп, физика саласына ғылыми жаңалықтар енгізгендігін, оның ғылыми мұрасын шәкірттері жалғастыратындығы айтылды [5, с.106.].

Осы журналға Мәскеу ғалымы Е.Н. Соколованың қайраткердің қайтыс болғанына қайғыра көңіл айтқан азнамасы жарияланып, оның педагогика ғылымындағы тұжырымдары, пайымдауларының маңыздылығы, парасаттық, кішіпейілділік сияқты қасиеттерімен дараланған жан болғандығы айтылды. Сонымен қатар К. Аймановтың республиканың гүлденуіне өзіндік үлес қосқандығын да келтірді [6, с.106.].

Қайраткердің Қазақстан педагогика ғылымын дамыту барысына қатысты тұжырымдары, пайымдаулары И.Б. Мадинның «История развития педагогической мысли в Казахстане в советской период» деп аталған еңбегінде толықтай болмаса да аталып өтілді [7, с. 66-67].

К.Б. Аймановтың қоғамдық-саяси және қайраткерлік қызметі жайында қысқаша мәлімет 1988 ж. шыққан «Қазақ ССР-ның қысқаша энциклопедиясының» 3 томында жарияланды. Бұл деректе қайраткер өмірінің барлық кезеңдерін хронологиялық негізде түгел қамтыған. Мұнда қайраткердің өмір жолы мен оқу министр қызметін атқарған тұсындағы ұйымдастырушылық, басшылық қызметі мен ғылыми зерттеу жұмыстары жайында деректер келтірілді [8, 62-б. ].

Қайраткердің балалық шағы мен азамат болып қалыптасуын зерделеу барысында еліміздің сол кездердегі саяси, әлеуметтік-экономикалық өміріне қатысты М.Қ. Қозыбаев, К. Нұрпейісов, Т. Омарбеков және т.б. тарихшы ғалымдардың еңбектеріне сүйендік [9]. Себебі Кенжәлі Балтөреұлының өмір жолы аталмыш ғалымдар зерттеу жүргізген 20-30-жылдармен тығыз байланысты болды. Атап айтсақ, К. Аймановтың азамат соғысы, 1921-1922, 1931-1933 жж. ашаршылық тұсында және кеңестендіру, ірі байларды тәркілеу, ұжымдастыру жүргізілген жылдары балалық шағы өтті.

1941-1945 жылдар аралығындағы К. Аймановтың Ұлы Отан соғысында қатысуы мен Қазақстан халқының соғысқа қосқан үлесін айқындауда С.Н. Покровскийдің басшылығымен шыққан «Казахстан в Великой Отечественной войне» атты очерктер жинағы пайдаланылды [10].

К.Б. Аймановтың өмірі, ғылыми-шығармашылық және қоғамдық қызметі энциклопедиялық, академиялық, библиографиялық басылымдарда, естелік-эсселерде талдана келтіріліп, оның жеткен белестерін, ғылыми табыстарын объективті түрде баяндай отырып, ғылыми еңбектерінің мәні мен маңыздылығы жоғары бағаланды [11].

Қайраткер, ғалымның өмір жолы жөнінде 90-ж. соңы мен 2000 жылдың басында бірен-саран ғана мақалалар жарық көрді. Бұл мақалаларда тұлғаның ұмытылып бара жатқан есімін қайта жаңғыртып, оның зиялылық, адамгершілік қасиеттерін жоғары көтерді. Бұл ретте М. Мұқаштегінің «Алматы ақшамы» газетіне жариялаған мақаласын атауымызға болады. Автор қайраткердің Ұлы Отан соғысына қатысуынан бастап, оқу министрлігіне дейінгі өмір жолын тізіп көрсете отырып, оның бірінші ретте парасатты ұйымдастырушы басшы, екіншіден, замандастарына жолдас, шәкірттеріне ұстаз, балаларына қамқоршы әке, немерелеріне мейірімді ата бола білгендігін айқын көрсетіп берді [12].

2002 жылы «Арыс» баспасынан шыққан «Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясында Кенжәлі Аймановтың қысқа өмірбаяны басылды. Осы энциклопедия шығысымен Бөрлі ауданының «Бөрлі жаршысы» деп аталатын газетіне Қазақстан журналистер одағының мүшесі Қ. Ғұсмановтың «Бөрліден шыққан министр» деп аталған шағын мақаласы жарияланып, К. Айманов дүниеге келген өңір туралы, қайраткердің жемісті еңбегі жөнінде мағлұматтар берді [13]. Алайда бұл аталған мақалалар қайраткердің қоғамдық-саяси, мемлекеттік қызметін толық аша алмады.

Кенжәлі Аймановтың өмір жолын, білікті ғалым ретінде қалыптасуын, ұстаздығын, мемлекеттік қайраткерлігін танытқан естелік кітап 2005 жылы «Ләйлік» баспасынан басылып шықты. Бұл кітапқа қайраткердің әріптестері, замандастары, шәкірттері мен туған-туысқандарының естеліктері мен фотоқұжаттары, мерзімді басылым беттеріне жарияланған ол туралы кейбір мақалалар енді. Мәселен, 1970-1984 жылдар аралығында Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы болған Б. Әшімов, ғалымдар мен қайраткерлер С. Кенжебаев, С. Қирабаев, К. Балахметов, Р. Есенжолова, Я. Әубәкіров, З. Қабдолов, С. Негімов, К. Сағадиев, Ө. Сұлтанғазин, Т. Садықов, Ғ. Лұқпанов, шәкірттері К. Нұрпейіс, Х. Омаров, Т. Мұсағалиев, Ж. Түрікпенұлы және т.б. К. Аймановтың ғылымдағы сара жолына тоқталып, ғалымның ұлттық мәдени мұраларды жаңғыртып, оны насихаттауда жүргізген ғылыми қызметіне баға беріп, ұлттық руханиятқа қосқан үлесін, ғылыми ойлары мен идеяларының маңыздылығын айқындаған [3].

2004 жылы К. Аймановтың дүниеден қайтқанына 20 жыл толуына орай Ю. Алексеевтің «Мысль» журналына «Остаются совесть и память» деп аталған мақаласы жарияланып, онда Кенжәлі Аймановтың өмір жолына қысқаша тоқталып, министр кезінде онымен қызметтес болған К. Балахметов, С. Қирабаев, Р. Есенжолованың естеліктерін де келтіріп өтеді [14].

Қайраткер К.Б. Аймановтың қоғамдық-саяси қызметін ашып көрсетуде М. Михайлованың мақаласын атауымызға болады. Онда ғалымның ғылым жолындағы жүрген жолын, оның физика саласындағы шығармашылық ізденістерін, еңбектерінің маңыздылығын талдай, биік белестерден көрінгендігіне баға беріп, қайраткерлік қызметін саралайды [16].

Мемлекет қайраткері, ғалым К. Аймановтың өмір жолдары мен оның қоғамдық-саяси қызметін, ғылыми зерттеу еңбектері мен оқу-ағарту саласына қатысты пайымдауларын оның монографиялық еңбектері мен мерзімді басылым беттеріне жарияланған материалдар арқылы саралауымызға болады [15].

Көріп отырғанымыздай, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым К.Б. Аймановтың ғылыми-ұйымдастырушылық және шығармашылық қызметіне жасалған шолу одан әрі оның қайраткер ғалым, кәсіпқой маман екендігін, ол қалдырған мұраларға талдау жүргізу қажеттігін қажет етеді.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың басты мақсаты ғылыми айналымға алғаш рет енгізіліп отырған мұрағат материалдарын саралай отырып, белгілі қайраткер, ғалым К.А. Аймановтың ғұмыр жолын, қоғамдық-саяси қызметін, ғылыми қызметін, шығармашылық мұрасын тұтастай көрсету болып табылады. Осы мақсатқа сай мынадай міндеттерді шешу көзделінді:

- К.Б. Аймановтың шыққан тегі, тәлім-тәрбие, білім алған ортасы мен азаматтық көзқарасының қалыптасуына ықпал еткен факторларды ашып көрсету;

- К. Аймановтың Ұлы Отан соғысына қатысуы мен соғыстан кейінгі жылдардағы қызметіне талдау жасау;

- К. Аймановтың мемлекет және қоғам қайраткері деңгейіне дейін өсу жолын айқындау;

- Қайраткердің Қазақ КСР Оқу министрі ретінде білім саласын дамытуда тигізген қоғамдық қызметінің маңыздылығын көрсету және ұйымдастырушылық рөлін анықтау;

- К.Б. Аймановтың ғалым ретінде қалыптасуына әсер еткен факторларды анықтау және оның ғылыми еңбектеріне баға беру;

- Ғалымның жоғары оқу орындарының тарихына қатысты тарихи еңбектерінің ғылыми құндылығын, маңыздылығын ашып көрсету;

- К.Б. Аймановты қоғам және мемлекет қайраткері ретіндегі мемлекет тарапынан бағалануын айқындап көрсету.



Зерттеу жұмысының хронологиялық ауқымы ғалымның туған 1917 жылдан бастап өмірінің соңына дейінгі, яғни 1974 жылдар аралығын қамтиды. Осы жылдардағы оның 30-жылдарда ағартушылық қызметі, 1941-1945 жж. фашистік Германияға қарсы Ұлы Отан соғысына қатысуы, одан кейінгі жылдардағы қоғамдық-саяси қызметі қамтылады.

Зерттеу жұмысының нысаны. Қоғам қайраткері К.Б. Аймановтың оқу-ағарту саласын дамытудағы қоғамдық-саяси, мемлекеттік қызметі мен ғылыми зерттеу еңбектеріне талдау жасау.

Зерттеу жұмысының пәні. ХХ ғасырдың 30-70 жылдардар аралығындағы К.Б. Аймановтың қоғамға тигізген қызметін айқындай отырып, Қазақстан тарихындағы рөлін нақтылау болып табылады.

Зерттеудің деректік негізі. Диссертациялық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасы мұрағаттарының қорларында сақталған құжаттар мен кітапхана қорында сақталған мерзімді баспасөздегі материалдар, ғылыми зерттеулер, К.Б. Аймановтың өмір жолына және қызметке араласқан 30-жылдардың соңынан бастап 70-жылдардың ортасына дейінгі аралықтағы және осы кезеңге қатысты тәуелсіздігімізді алғаннан кейін жарық көрген еңбектер кеңінен қолданылды.

Деректік негіз ретінде мұрағат материалдары, атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мұрағатының (ҚР ОММ), Қазақ АКСР-нің Орталық Атқару комитеті (5-қ.), Қазақ КСР Ағарту министрлігінің (1692-қ.), Қазақ АКСР Халық Ағарту комиссариаты (81-қ.) қорларының және Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағатының (ҚР ПМ) Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық комитетінің (708-қ.) қорының, құжаттары талдау нысанына айналды. Осы құжаттық материалдары кеңінен пайдалана отырып, К.Б. Аймановтың қоғамдық-саяси қызметі мен шығармашылық мұрасы айқындалды.

Ғалымның алғашқы педагогтік қызметін айқындауда Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті мұрағаты қорындағы сақталған құжаттық материалдар пайдаланылды.

Ғалымның қызметі мен ғылыми еңбектеріне қатысты басты деректерге энциклопедиялық басылымдар мен оның мерейтойына байланысты шыққан биобиблиографиялық басылымдарды жатқызуымызға болады.

Зерттеу жұмысына К.Б. Аймановтың және ол туралы мақалалар жарияланған «Социалистік Қазақстан», «Казахстанская правда», «Қазақстан мектебі», «Учитель Казахстана», «Қазақстан мұғалімі», «Мысль», «Алматы ақшамы», «Мәдениет және тұрмыс» және тағы басқа мезімді баспасөз беттеріне жарияланған мақалалар тізбегі мен хабарламалар пайдаланылды.

Осы газет-журналдарға жарық көрген К.Б. Аймановтың мақалаларын, есепті баяндамаларын, тезистерін басшылыққа ала отырып, оларға терең ғылыми талдау жасалынды.



Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Ұсынылып отырған жұмыстың жаңалығы Кенжәлі Балтөреұлы Аймановтың өмірі мен қоғамдық-саяси, мемлекеттік қызметін, ғылыми мұрасын жаңа деректер мен құжаттар негізінде біртұтас көлемде қарастыру болып табылады. Нақты деректер негізінде К. Аймановтың өмір белестері тұтастай нақтыланып, ғылыми еңбектері мен көзқарас, пікірлері терең де объективті түрде талдауға алынды.

Зерттеудің осы негізгі ғылыми жаңалығы арқасында төмендегідей тарихи жаңа нәтижелерге қол жеткізуге ұмтылдық:

- К.Б. Аймановтың балалық, студенттік шақтары сол кездердегі саяси жағдайлар мен оқиғалармен байланыстырыла алғаш рет мұрағат құжаттары, естеліктер негізінде жан-жақты талдана қарастырылды;

- К. Аймановтың неміс-фашист басқыншыларына қарсы, атап айтқанда Брест қамалын қорғаудағы ер жүрек, табандылығы мен соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның мәдени өмірін көтерудегі қызметі сараланды;

- К. Аймановтың еліміздің қоғам және мемлекет қайраткері деңгейіне көтерілуінің жолдары айқындалып, оның қызметіне баға берілді;

- Оқу министрі қызметі барысында оқу-ағарту саласында жоғары және орта білім беру жүйесін қарқынды түрде дамытудағы қызметінің маңыздылығы тың мұрағат құжаттары негізінде анықталды;

- К. Аймановтың ұлттық басылымдарда жарық көрген ағартушылық бағыттағы мақалалары мен ғылым саласына қосқан үлесі айқындалып, шығармашылық мұрасы объективті түрде бағаланды;

- Ғалымның оқу орындарының тарихына қатысты жазған еңбектерінің Отан тарихындағы құндылығы айқындалып, баға берілді;

- Кенжәлі Балтөреұлының қоғамға сіңірген мемлекеттік, ғылыми-ұйымдастырушылық, ағартушылық қызметі мен ғылыми мұраларының үкімет тарапынан бағалануы айқындалып, еліміздің мәдени дамына қосқан үлесі нақтыланды.

Зерттеу жұмысының методологиялық және теориялық негізі. Зерттеу жұмысы жан-жақты тексерілген объективті ғылыми жүйелік негізінде орындалды. Соңғы жылдары тарих ғылымында көрнекті тұлғалардың өмірі мен қызметін зерттеуде қалыптасқан жаңа тұжырымдамалар мен ой-пікірлер, ұстанымдар есепке алынды. Зерттеуші бұл ретте кеңестік жүйеге, коммунистік идеологияға қатысты соңғы уақытта қалыптасып үлгерген ғылыми тұжырымдарды ескере отырып, К.Б. Айманов өмір сүрген және қайраткерлік қарымы танылған күрделі тарихи кезеңді қамытуға тырысты.

Ғылыми жұмысты зерттеу барысында тарихилық, жүйелілік, жинақтау, талдау, салыстырмалы түрде қорыту әдіс-тәсілдеріне негізделді.



Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар.

- Азамат соғысы, ашаршылық, тәркілеу, ұжымдастыру және т.б. саяси науқандар қайраткердің көрнекті тұлға ретінде қалыптасуында рухани әсері болды;

- К. Айманов 1941-1945 жж. фашистік Германияны жеңуде және соғыстан кейінгі жылдары оқу-ағарту жүйесін көтеруде елеулі үлес қосты;

- К. Аймановтың ірі қайраткер болып өсуіне оның қоршаған ортасы әсер етті;

- Оқу министрі болған жылдары білікті басшы, ұйымдастырушы екендігін көрсетіп, педагог мамандарды даярлауда және кеңестік мектеп жүйесін нығайтуда жаңа шараларды жүргізе білді;

- К.Б. Аймановтың белгілі ғалым болуы - үзбей жүргізген ғылыми ізденістерінің нәтижесі екендігі анықталды және оның ғылыми еңбектерінің кеңестік ғылым саласындағы маңыздылығы бағаланды;

- Ғалым кеңестік оқу жүйесіне қатысты құндылығы зор ғылыми мақалалар жазып, еліміздегі жоғары және орта мектептердің тарихын көрсете білді;

- К. Аймановтың мемлекеттік және ғылыми қызметі үкімет тарапынан бағаланып, түрлі марапаттарға ие болды.



Зерттеу жұмысының қолданбалы маңызы. Диссертациялық жұмыс Кенжәлі Балтөреұлы Аймановтың өмірі мен тарихи шығармашылық мұрасы мысалында физика, педагогика салаларының проблемалық мәселелерін, Қазақстанның қоғамдық-саяси құрлысына еңбек еткен саяси тұлғалардың мемлекет пен қоғамдағы орны мен рөлін бағалауға септігін тигізеді. Ғұмырнамалық зерттеу жұмысы болып табылғандықтан оның нәтижелері мен негізгі тұжырымдарын жоғарғы оқу орындарында лекция курстары мен арнаулы семинар сабақтарын жүргізу барсында қосымша материал ретінде қолдануға болады.

Жұмыстың сыннан өтуі. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Отан тарихы кафедрасында орындалып, талқылаудан өтіп, қорғауға ұсынылды. Зерттеудің жалпы мазмұны Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті бекіткен тізімдегі 3 ғылыми басылымдарда жарияланды. Халықаралық ғылыми – практикалық, ғылыми – теориялық конференцияларда 6 баяндама ретінде ғылыми көпшілік назарына ұсынылып, жинақтарда жарияланды.

Диссертацияның құрылымы. Жұмыс қысқартылған сөздерден, кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.

ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ
Кіріспеде диссертациялық жұмысқа жалпы сипаттама беріліп, тақырыптың өзектілігі негізделіп, жұмыстың зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері, ғылыми жаңалығы, методологиялық негіздері, хронологиялық ауқымы, практикалық маңызы және қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар көрсетілген.

«К. Аймановтың өскен ортасы және қоғамдық қызметі» деп аталған тарауда қайраткер-ғалым К.Б. Аймановтың өмір жолы мен кеңестік дәуірдің 30-70-жылдарындағы қоғамдық-саяси қызметі жан-жақты қарастырылады.

Кенжәлі Балтөреұлы Айманов 1917 жылдың 1 қаңтарында Орал губерниясына қарасты Бөрлі болысында орта дәулетті отбасында дүниеге келген. Мектеп қабырғасында оқып жүргенде алғыр да зерек бала ретінде көзге түсіп, оқу-білімге айрықша құштарлығын танытты. 1928 жылы Кенжәлінің анасы қайтыс болғаннан кейін ағасы Әділгерейдің қолында тәрбиеленеді. 1930 жылы Бөрлідегі орыс семинариясының 4 сыныбын аяқтағаннан кейін ағасымен бірге Алматыға көшіп келіп, келесі жылы Іле стансасында 5 сыныпты бітіріп, Семейдегі ұн тарту-элеватор техникумының дайындық бөліміне түседі. 1933 жылы осы техникумның бірінші курсын бітіргеннен кейін жаз бойы дайындалып Алматы пединститутындағы физика-математика факультетінің 1-ші курсына құжат тапсырады. Сәтті емтихан тапсырған ол институт табалдырығын аттап, студент атанып, Қазақ Мемлекеттік педагогикалық институтында оқыған жылдары ол 26 пән бойынша дәріс тыңдап, семинарлық, практикалық сабақтарға қатысты. Олардың ішінде атап айтқанда электронды математика, аналитикалық геометрия, математикалық анализ, жоғары алгебра, теоретикалық механика, математика әдістемесі, физика, педагогика, сызу, педагогика тарихы, психология, диалектикалық материализм, тарихи материализм, орыс тілі, ағылшын тілі, ленинизм, астраномия, химия, әскер ісі, денешынықтыру және т.б. пәндерді оқыды. Ол оқуға түскен жылы факультеттің декандық қызметін С.Х. Бақаев атқарған болатын. К. Айманов аталған оқу орнын 1936 жылы 23 маусымда 1 дәрежелі дипломмен аяқтап, орта оқу орындарындағы математика пәнінің мұғалімі мамандығын иеленді [17]. Осы жылы ҚазКСР ағарту министрлігінің жолдамасымен Қызылорда облысындағы Қазалы қазақ орта мектебіне жіберілді.

К. Балтөреұлы қоғамдық жұмыстарға белсене араласуы оның саяси көзқарасының қалыптасып, кейін жетекшілік тәжірибесінің артуына және азаматтық ұстанымының айқындалуына үлкен септігін тигізді. Ол Қазалыдағы мектептің қоғамдық өміріне араласуымен көзге түсіп, ұстаздар қауымы мен оқушылар арасында беделге ие болды. 1939 жылдың мамыр айына дейін оқу бөлімінің меңгерушісі әрі 8-10 сыныптарға физика, математика пәндерінің оқытушысы болады. Сол мамыр айынан бастап, Кеңес әскерінің қатарына алынғанға дейін мектеп директорының қызметін атқарады.

К. Аймановтың алғашқы еңбек жолында қоғамдық жұмыстарға белсене араласуы арқылы қалыптасқан қоғамдық-саяси көзқарасының шыңдалуы осы дүниежүзілік соғысқа тап келді. Ол 1940 жылы ақпан айынан әскер қатарына шақырылды. Оның саяси көзқарасының кеңеюіне әскери саяси басқару және ұйымдастыру жұмыстары үлкен ықпал етті. Алғашқы әскери қызметтерін Кенжәлі де, Жұмаш та 1941 жылдың маусымына дейін Брест қаласындағы 12 жеке зенитті артиллерия дивизионында атқарды. 1941 жылдың мамыр айында бұлар офицерлікке емтихан тапсырады. Кенжәлі зеңбірек командирі, батареядағы комсомол ұйымының хатшысы болады. Осы жылдың мамыр айында партия қатарына өтеді. Неміс-фашист басқыншылығын Брест қаласында қарсы алады [17, 66-б.].

1941 жылдың қараша айында қызыл әскер Брянск орманының аумағында жаудың қоршауында қалып, Воронеж қаласына шығады. Кежәлі йымдастырушылық қабылетімен көзге түскендіктен оған әртүрлі жауапкершілігі бар жұмыстарды зеңбірек командирі, взвод командирінің көмекшісі, старшина, дивизион комсомол ұйымы хатшысының сияқты міндеттерді жүктелінді. Атап айтқанда 1941 жылы ол Белоруссияның Брест қаласында зенит-артиллерия дивизиясының 12-ші жеке бөлімін кіші командир ретінде басқарса, ал 1942 жылдың қараша айынан 1942 жылдың тамызына дейін 317 зенит-артиллерия полкінде взвод командирінің көмекшісі, дивизионның комсомол ұйымы хатшысы, батареяның партия ұйымының хатшысы қызметтерін атқарды. Ал 1942 жылдың тамыз айынан 1945 ж. қазаны аралығында 1077 зенит-артиллерия полкінде комсомол және партия ұйымдарының хатшысы болады.

Кенжәлі Айманов Сталинград үшін болған ұрыстарға қатысты. 1944 жылдың қаңтарынан бастап 1-нші Приморье Армиясының құрамында жүріп, Керчь пен Қырымды азат етуге ат салысты. Ұрыс барысында көрсеткен ерліктері үшін бірнеше әскери орден, медальдармен марапатталады. Олардың ішінде «Сталинградты қорғағаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» сияқты медальдар болды.

1945 жылдың қазанында Жоғарғы Кеңес Президиумының Жарлығы бойынша әскер қатарынан босатылған. Соғыстан қайтқан Кенжәліні бүкіл ауылы құрметпен қарсы алады. Бұл турада үлкен ағасының қызы Шолпан былайша еске алады: «Естен кетпес 1945 жылы майданнан қайтқан жолында Кенжәлі аға біздің үйге соқты. Ол кезде біз Орал облысындағы поселкелердің бірінде тұратынбыз. Мен 7 жаста едім. Бірақ соған қарамастан ол кісіні бүкіл ауыл қалай құрметтеп қарсы алғаны есімде қалыпты. Ағаның бүкіл омырауы ордендерге толы болатын. Әрине мен ол кезде бала болғандықтан соғыс жайлы әңгімелердің көбін есте сақтай алмадым. Дегенмен де ағаның барлауға жиі шыққандығы туралы айтқанын ұмытпаппым. Кенжәлі Айманов бірден Алматыға келді. Осы жылдың желтоқсанында оған Алматы қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы міндетін атқару жүктелінді. Алайда оның басты мақсаты оқытушылық болғандықтан білім саласына оралып, 1947 жылдың тамызынан Алматыдағы Қыздар пединститутының физика кафедрасының оқытушы қызметіне кіріседі [18, 58-б.].

1949 жылдың сәуірінен бастап №18 мектептің директоры болды, сонымен бірге Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының физика кафедрасында сабақ бере бастады. Жамбыл атындағы №18 мектеп 1935 жылы ашылып, онда алыс аудандарда тұратын еңбекшілердің балалары мен әке-шешесінен айырылған жетім балалар оқитын. Осы мектептің директорлық қызметін ол 1952 жылға дейін атқарады. Ал Қазақ қыздар педагогикалық және Абай атындағы педагогикалық институттарындағы қызметі К. Айманов үшін үлкен ғылым жолына бет бұруға бел буған жылдар болды.

1952 жылдан бастап Кенжәлі Айманов Қазақ Педагогикалық институтына оқытушылыққа түбегейлі ауысты. Ол бастапқы кезде «Өнеркәсіп өндірісінің негізі және физика әдістемесі (методикасы)» кафедрасында қатардағы оқытушысы болса, біршама уақыттан кейін аға оқытушы қызметті атқарады. Ұстаздық қызметтен басқа аталған институттың партия ұйымының бірінші хатшысы міндетін де алып жүрді.

Кенжәлі Айманов ғылым саласына да мойын бұрып, өзі таңдаған физика саласы бойынша зерттеулер жүргізе бастады. Көп еңбектенудің нәтижесінде қазақ және орыс тілдерінде монографиялық еңбегі, мектепте физика пәнін оқыту, автоматика мен телемеханика мәселелеріне арналған 20-дан астам ғылыми мақалалары жарияланды [19]. Сонымен қатар Қазақстан мектептері тарихына арнап «Школы Казахстана за 50 лет» және 1917-1967 жылдардағы КСРО-дағы халық ағарту саласының тарихына арнап А.М. Арсеньев пен Ч.А. Атаевпен бірлесе жазған «Народное образование в СССР» деген кітаптары жарық көрді.

1957 жылы Мәскеуде ашылған Педагогика ғылымдарының академиясына емтихан тапсырып, оның Қазақстанннан келген тұңғыш аспиранты болады. Екі жыл өткен соң, яғни 1960 жылы «Автоматика мен телемеханика мәселелерінің орта мектептің физика курсында баяндалуы» атты кандидаттық диссертация қорғайды. Осы жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында «Өнеркәсіп өндірісінің негізі және физика әдістемесі (методикасы)» кафедрасының меңгерушісі болады.

1961 жылы Кенжәлі Балтөреұлы ғылым мен қоғам саласындағы белсенді қызметі үшін Қызыл Ту орденімен марапатталды. Ал 1962 жылы оған доцент атағы беріледі. Оқу министрі М. Байтуриннің қол қоюымен берілген мінездемеде оның саяси сауатты, ұстамды, қандай адаммен қарым-қатынаста болса да сыпайы сөйлесетіндігі айтылды [20].

К. Айманов республиканың қоғамдық саяси өміріне белсене араласты. 1963 жылы ол Қазақ КСР-нің білім министрі болып сайланып, Қазақстан мектептерінде РКФСР Оқу министрлігі бағдарлама-әдістемелік басқармасының дайындаған ағылшын, неміс, француз тілдерін шет тілдері пәндері ретінде енгізу туралы бұйрығына қол қойып, осы пәндерді оқыту шаралары бірінші қыркүйектен бастап оқу жүйесіне енгізді. Ал осы жылдың 26-28 қараша айында қазақ мектептеріндегі орыс тілі мұғалімдеріне арнап республикалық ғылыми-практикалық конференцияға басшылық жасап, мұғалімдердің орыс тілі пәнін оқытудың әдістемелік қырлары жайында ой алмасуына мүмкіндік жасады.

К. Айманов республикада халық санының өсуіне байланысты мектептеріндегі оқу-материалдық базасы мен мектеп жасына дейінгі мекемелерді кеңейтуді қолға алды. Сонымен бірге қоғамдық-саяси және педагогикалық насихат жұмыстарын да жүргізіп, үнемі саяси және педагогикалық тақырыптарда баяндамалар жасап, жоғары оқу орындарында лекциялар оқыды. Тың және тыңайған жерлерді игеруде салынған совхоздар ауылды пункттердегі мектептерді мұғалім мамандармен қамтамасыз етуде ол бірталай жұмыстарды жүзеге асырды.

1963 жылы Женевада ЮНЕСКО-ның халық ағарту мәселесі бойынша өткізген конференцияға қатысуға жіберілген Кеңестер Одағы делегациясының құрамында К. Айманов та болды. Ол 1965 жылы Бангокта (Тайланд) өткен Азия елдерінің ағарту мәселесі бойынша конференцияға да делегат болып қатысады. Министрлік қызметі кезінде КСРО-ның ағарту саласы қызметкерлері делегациясын шет мемлекеттерге бастап апарды. Мәселен, ол 1969 жылы Алжирге ҚКСР делегациясын бастап апарса, ал келесі 1970 жылы Жапонияға барған КСРО делегаттарына да басшылық жасаған.

К. Айманов мемлекеттік және ғылыми-педагогикалық қызметін қоғамдық-саяси қызметімен ұштастыра білді. Ол 1966 жылы Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің мүшесі, 1967 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланады. Оқу үрдісі барысын дамытуға қатысты ойын, ұсыныстарын, тұжырымдарын радио жүйесі арқылы сөйлеген сөздері мен мерзімді баспасөзге берген сұхбатында айқын білдірді. 1966 жылдың мамырында Кенжәлі Балтөреұлы Балтөреұлы Қазақстан Жазушыларының V съезіне қатысып, педагогикаға қатысты жазылған әдебиеттер мәселесінде баяндама жасап, жастарды тәрбиелеуде көркем шығармалардың рөлінің зорлығын атап өтті.

1971 жылы К. Айманов республиканың орта және жоғары оқу орындарының министрі болып тағайындалып, бұл қызметті 1974 жылға дейін атқарды. Осы жылдың 26 ақпанында КСРО Педагогика ғылымдары Академиясының мүше-корреспонденттігіне сайланады. 1971 жылы КОКП-тің ХХІV съезіне делегат болып қатысады. 6-8 сайлауларда Қаз КСР-нің Жоғарғы Кеңесінің депутаты. Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталды. Оның екі кітап, үш кітапша (брошюра) және 60-тай мақалалары жарық көрді. Алайда 57 жасқа жеткен шағында, яғни 1974 жылы 26 тамызда дүниеден өтті.

Кенжәлі Айманов келген жылы республикада оқу-ағарту ісі ілгері қадам басып, мұғалім кадрларының санын және кәсіптік дәрежесін арттыруда іс-шаралар жүргізіліп, олардың материалдық базасы нығайтылды. Оның ұстаздық болымысы, шеберлігі, ғылымға деген талпынысы осы институт қабырғасында шыңдалды. Жоғары кәсіби біліктілігі, физиканың құпия құбылыстарын терең зерделеу, байыпты, жетік түсіндіру, оқушылардың шығармашылық және логикалық қабілетін ояту, дүниетанымын өрістету, ғылыми-әдістемелік жаңалықтарды тәжірибеде қолдану ұстаздық ісіндегі өзекті, көкейтесті дағдылы істері еді.

Педагогигкалық білім берудің қыр-сырын түсіндіретін және халыққа білім беруді жетілдіруге жөн сілтейтін Қазақ оқу-педагогикалық баспасы құрылды. Соғыстан кейін құлдырап кеткен шаруашылық пен мәдениетті қайта қалпына келтіруде сан-салалы жұмыстар жүргізіліп, халыққа білім беру жолдарына қатысты арнайы жобалар қаралып, талдау жасалынды. Ұстаздарға төленетін жалақы мөлшері артты. 1984 жылғы «Қазақ ССР тарихы» кітабінде 50-ші жылдардағы республика мектептерінің мұғалім кадрлармен қамтамасыз етілуінің сапалық және сандық жағынан ілгерілеу болғандығын келтіре отырып, екі жылдық мұғалімдер институты жойылып, оның орнына педагогикалық жоғары оқу орындарының көбейгендігі және мұғалімдердің білімін жетілдіру институттарының жүйесі кеңейгендігін айтылды.

Институттың материалдық-техникалық базасын нығайтуға барынша ат салысқан педагог-ұстаз барлық тәжірибелі істердің теория жүзінде ғана емес, практика жүзінде жүзеге асуын талап етті.

Кенжәлі Балтөреұлы ұстаз ғана емес, тәрбиеші де бола білген. Оның шәкірттері тілеуін тілеп, ірі мемлекет қайраткер деңгейіне жеткен ұстаздарын мақтан тұтатын. Қайраткердің ұстаздық еткен жылдарында оның мектебінен шыққан шәкірттері кейін республикамыздың білім және ғылым саласына елеулі үлестерін қосты. Бұлардың қатарынан академик, тарихшы К. Нұрпейіс, Қазақстан Республикасы Дипломатия қызметінің еңбек сіңірген қызметкері Х.Р. Омаров, профессорлар Т. Мұсағалиев, Ж. Түрікпенұлы Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері Сара Баешева және т.б. атауымызға болады.

Жалпы ол министр болып келген кезде республикадағы 9717 мектептің 4973-і бастауыш, 3397-і сегіз жылдық, 1347 толық орта мектептер болып, онда 2 миллион 150 мың оқушы оқыды. Жоғары сыныптардың 100 мыңнан астам оқушысы өндіріске баули оқытылды. Оқушылардың басым көпшілігі – 90 пайызға жуығы – материалдық өндіріс саласында жұмыс істеу үшін кәсіптік даярлық алды. Жаңа оқу-тәрбие орнының үлгілі түрлі ретінде мектеп-интернаттардың саны көбейіп, 1963 ж. олардың саны 155 болып, 48 мың бала тәрбиеленді. Халыққа білім беру жүйесін қайта құру ісін қабылдау қарсаңында Қазақстанда 88 мың мұғалім болды. Олардың арасында М.И. Попик, Б.Б. Байтоғаев, Т.Ф. Рекина, Қ.З. Зарипов, О.В. Малер, З.П. Наурызбаева, С.Қ. Қазыбаев және т.б. білім саласына еңбегі сіңген нағыз ұстаздар бар еді.

Оның тікелей басшылығымен Қазақстан ғалымдары білікті әдіскерлермен және тәжірибелі ұстаздармен тығыз байланыста бола отырып, мектептер үшін жаңа оқу бағдарламасы мен жоспарлар, кітаптар шығаруда ірі жетістікке жетті. Қазақ және ұйғыр орта мектептеріне арналып арнайы бағдарламалар жасалынды, оқулықтар жазылды. 1 сыныптан бастап балаларға математиканы оқыту қолға алынды. Бастауыш мектеп үшжылдық, онбіржылдық оқу онжылдық болып ауыстырылды.

Ол мектепаралық олимпиадалар өткізу, оның жеңімпаздарын республикалық олимпиадаларға тартуда бірден-бір ұйымдастырушы бола білді. Профессор Серік Негімов бұл турада: «О.А. Жәутіков атындағы республикалық физика-математика мектебінің, оқушылардың Кіші Академиясының, әртүрлі пәндер бойынша оқушы, студент жастардың республикалық олимпиадасының бірден-бір ұйымдастырушысы болды. Және де оның жетекшілігімен 1969 жылы физика пәні бойынша бүкілодақтық олимпиада өткізілді. Осындай іс-шаралардың басы-қасында жүрген мемлекет адамы әділқазылар алқасының төрағасы болды. Олимпиадаға мемлекеттік мән берілді. Яғни оқушылардың білім сайысына әділдік пен тазалық мұнарасынан қарауды ұғындырды», -деп жазған болатын [3, 35-б.].

Еңбек тәрбиесіне осы оқу жылында 5400 оқу шеберханалары мен 4500 оқу-тәжірибе телімдері берілетіндігін, мектептерді ірі кәсіпорындармен ұштастыра жүргізудің әлі де жалғасын табатындығын айта отырып, тыңайған жерлердегі село мектептеріне оқушыларды тарту жұмысын өрістетуді көтерді.

1965 жылға дейін республикада 130 мыңға жуық мұғалім жас өспірімдерге білім, тәрбие берген. К. Айманов тәжірибелі ұстаздарды ынталандырып, оларды еңбегіне сай бағалай білді. Оның қолымен 723 мұғалім «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мектеп мұғалімі» деген құрметті атаққа ие болса, 11 мың мұғалім «Халық ағарту ісінің озық қызметкерлері» значогімен марапатталды. 27 ұстазға Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумы «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мектеп мұғалімі» атағын алса, 125 мұғалім «Халық ағарту ісінің озық қызметкерлері» значогімен марапатталды. 11 педагог Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды.

К. Айманов кеңестік оқу жүйесін шет мемлекеттердің оқу жүйесімен салыстыруға тырысқан. 1960-1970 жылдар аралығында республикада мектептерді нығайту ісі аз кешенді бастауыш мектептерді жою есебінен жүргізіліп, нәтижесінде орта мектептердің саны өсті. Оның басшылығы тұсында аталмыш жылдар аралығында 226 бастауыш мектептер қысқартылып, оның есесіне 132 орта мектептер ашылған. Сонымен қатар бұл мектептердегі оқушылардың саны да артты. Егер 1968 жылы бір орта мектептегі оқушылардың саны 543 болса, 1969-1970 оқу жылында олардың саны 786-ға өскен. 1969 жылмен салыстырғанда мектеп-интернаттарда тұрып оқитындардың саны 123 мыңға жетіп, олардың 80 мыңы мемлекет қаражатымен қамтамасыз етілген [21, с. 442].

Кенжәлі Айманов республиканың білім беру жүйесінің шарықтап дамуы мен кемелденіп жетілуіне салиқалы, салмақты үлес қосты. Оның басшылығымен 60-жылдардың ішінде республика мектептері жетіжылдық және орта мектепке көшірілді. Ауыл мектептерінің балалары үшін мектеп-интернаттар, бала-бақшалар көбейді, ұлт мектептерінің саны артты, профессоналды-техникалық училищелер кең көлемде жұмыс істей бастады. Мектептің оқу-тәрбие үдерісіне өндірістік оқу енгізілді. Жоғары оқу орындарында уақыт қажеттігіне орай мұнай, газ, транспорт, байланыс мамандықтары өмірге келді. Мектепке дейінгі тәрбие, музыка, дене тәрбиесі бойынша жоғары дәрежелі мамандар даярлау қолға алынып, жолға қойылды. Оқу орындарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға, оқу сапасын арттыруға күш салды.

«К. Аймановтың ғылыми-педагогикалық қызметі» деп аталатын екінші бөлімде қайраткер-ғалымның ғылыми-педагогикалық қызметі жан-жақты талдана қаралады.

Кенжәлі Балтөреұлы министрлікке келгенге дейін Қазақстанда 33 жоғары оқу орындары болып, онда 100 мыңнан аса студенттер оқып жатқан еді. 1962/63 оқу жылында әрібр 10 мың адамның 90-ны жоғары оқу орнында оқыды. Бұл жылдары Қазақстанда 6 индустриялық- техникалық жоғарғы оқу орны мен олардың 5 филиалы және 8 жалпы техникалық факультеттер болып, бұларда 15 мыңға жуық студенттер дәріс алды. Жоғары оқу орындарда педагог кадрларды даярлау, мұғалімдердің шеберлігін арттыруда білікті ұстаздардың дәріс беруін, олардың оқу орындарынан саяси саналы маман болып шығуы тәрбиелік, патриоттық мәні зор конференциялар, түрлі кездесу кештерін ұйымдастыру, факультеттерде теориялық, қоғамдық-саяси тақырыптарда лекциялар оқып, лабораториялық және практикалық сабақтар өткізуді бірінші кезекке қоюды міндет санады [22].

Республика мектептерінде физика, математика, орыс тілі мен әдебиеті, шетел тілі, музыка мен ән, дене тәрбиесі мұғалімдерінің көп жетіспейтіні ескеріліп, 1962 жылы Целиноград, Павлодар, Көкшетау қалаларында, 1966 жылы Ақтөбеде, 1967 жылы Жамбылда педагогтық институт ашылды. 1967 жылы республикада 16 педагогикалық институт пен 26 педагогикалық және музыкалы-педагогикалық училищелер болып, оларда ғылыми атақтары бар оқытушы мамандар жұмыс істеді.

Қазақстанның педагогтық жоғары оқу орындарының 1964 жылы 12 мыңға жуық студент қабылданған болса, 1970 жылы 13,5 мыңнан аса адам қабылдануды көздеді. Орыс тілі мен әдебиеті, шетел тілі, математика, физика мамандықтары бойынша студенттер қабылдау жоспары күрт ұлғайтылып отырды. Оған республикаға әр түрлі ұлт өкілдерінің қоныс аударуы, яғни халық құрылымының өзгеруі және орыс тілі мектептерінің көптеп ашылуы себеп болды.

Педагогикалық институттарда оқитын студенттер педагогикалық практикаларын мұғалімдерге аса зәру тың және тыңайған жерлерге жіберілді. Сонымен қатар 1964-1965 оқу жылында бұл өлкеге 1597 жас мамандарды, оның ішінде 989 жоғары білімді мамандарды жібері көзделінді. Алайда К. Айманов осы тың өлкесіндегі компартия хатшысы мен еңбекші депутаттар кеңесінің төрағасына жіберген хатында үш жыл аралығында жіберілген мамандардың 4786-ы тұратын тұрақтарының болмауынан кері қайтқандығын келтіріп, жас мамандарға бар жағдайларды жасау керектігін, осы мәселені тез арада жергілікті ұйымдармен бірлесе қарастырып, шешуді сұраған [23].

Кеңес мектебінің алдында тұрған зор міндеттер мұғалімдердің педагогтық іскерлігін үнемі жетілдіре беруді талап етті. Осыған орай республикамызда мұғалімдердің мамандығы мен әдістемелік мекемелер: Педагогикалық ғылымдарының ғылыми-зерттеу институты, Мұғалімдер беретін жетілдіру жөніндегі орталық институт, 15 облыстық және Алматы қалалық мұғалімдер білімін жетілдіру институттары, 208 аудандық педагогикалық кабинет, 2 педагогикалық газет пен 1 журнал, 17 пединститут пен 17 педучилище болды. Бұдан басқа қоғамдық негізде жұмыс істейтін тірек мектептері мен озат тәжірибе мектептері де осы мақсатқа арналды.

1967 жылы Қазақстанда 312 қалалық және ауылдық кәсіптік-техникалық училищелері болып, ондағы студенттер мамандықтары бойынша оқу мерзімі бір жылдан үш жылға дейін оқыды. Бұл оқу орындарында 120 мыңдай жігіттер мен қыздар білім алса, ал 154 техникумдар мен училищелерде 127 мыңдай студенттер оқыды.

К. Аймановтың көрсетуінше, республикада жыл сайын жоғары оқу орындарын 6-дай, орта педагогтік оқу орындарын 2,5 мыңдай жастар бітіріп шыққан. 1970 жылдың өзінде Қазақстанда 170 мыңдай мұғалімдер ұстаздық еткен. Оларды 53,3%-і жоғары немесе аяқталмаған жоғары оқу орындарының білім алғандар болған. Жалпы, 170 мың ұстаздардың 60 мыңы қазақ ұлт өкілдерінен болды.

Ол педагогика саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысын Жапонияда университеттердің педагогикалық факультеттерді, мұғалімдердің білімін жетілдіру институттары және арнаулы мемлекеттік педагогикалық зерттеу институты жүргізетіндігін, соңғы аталған институтқа барлық координация мәселесі жүктелетіндігін білді. Шетелдің оқу орындары мен республикамыздың жоғары оқу орындарындағы айырмашылықтарды көре отырып, олардың жақсы жақтарының біздің оқу орындарына енгізудің қажеттілігін де ойластырды.

Кенжәлі Балтөреұлы министрлікті басқарған жылдары оқу орындарында оқу үрдісінен басқа ғылыми зерттеу жұмыстары да қарқынды жүрген. Республикамыздағы әрбір мың адамның 152-сі студент болса да, алайда одақтас республикамен салыстырғанда он үшінші орында тұрғандықтан, ең басты проблема студенттер санын көбейту, ең болмағанда Одақтағы дәрежемен теңестіру қажеттігін ұсынды. Оның жоғарғы орындарға жазған мәлімдемесінде 1968-1972 жылдар аралығында республиканың аталмыш жоғары және орта оқу орындарына конкурстан тыс 8192, процентпен шаққанда 89,8 талапкер қабылданған. Оның ішінде 3322-і педагогикалық, 995-і техникалық, 1791-і медициналық, 2084-і ауылшаруашылық оқу орындарына студент болған.

Кенжәлі Балтөреұлы елдің экономикалық жағдайы, жұмысшыларды ынталандыру мәселесінде оқу министрлігімен тығыз байланысты екендігін терең түсініп, осы бағытта түрлі іс-шаралар жүргізіп отырды. Сонымен қатар

студенттерге тәрбие беруде көркемөнерпаздар үйірмелерін ұйымдастырудың маңыздылығын да ашып берді. Сол кездерде көркемөнерпаздар ұжымдарына 11 мыңға жуық студенттердің қатысатындықтарын айта келе, жастар арасында танымал «Досмұқасан» (Қазақ политехникалық институты), «Айгүл» (Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты), «Алатау» (Жамбыл технология институты) ансамбльі, сонымен қатар С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің эстрадалық би ұжымы, Абай атындағы қазақ педагогика институтының драма және би ұжымы, Қазақ ауыл шаруашылық институтының домбыра оркестрі болды. Студенттерді көркемөнерпаздар үйірмелеріне тарту олардың жақсы дем алуларына қолайлы жағдайлар жасап қана қоймай, өнерге қабілеттері мен драныдарын анықтап, дамытуға да жол ашады, көркем шеберлікті, шығармаларының идеялық мәні мен тәрбиелік маңызын түсінуге баулығандығын растады.

Кенжәлі Балтөреұлының өмір жолы ғылыммен тығыз байланысты болды. Себебі ол 50-жылдардың соңында Москвадағы Педагогикалық Ғылым Академиясына аспирантураға түсіп, физика саласы бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізді. Ол РКФСР Педагогикалық ғылым академиясына кандидаттық диссертация аяқтау үшін бір жылға аспирантураға жіберіліп, 1960 жылы К. Айманов «Автоматика мен телемеханика мәселелерінің орта мектеп курсында» атты кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап шығып, ғылым кандидаты атанды. Осы жылы ол Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында «Өнеркәсіп өндірісінің негізі және физика әдістемесі (методикасы)» кафедрасының меңгерушісі болады. 1961 жылы ол ғылыми және қоғамдық қызметі үшін Еңбек Қызыл Туымен марапатталады. Ал 1962 жылы ол ЖАК шешімі бойынша доцент атағын алады.

Кенжәлі Аймановтың физика, педагогика ғылымы саласына елеулі үлес қосты. Ол 150-ден аса ғылыми мақалалар мен бірнеше кітаптың авторы. Оның еңбектерінің көпшілігі 60-70-жылдар аралығында жарық көрді. Жазған монографиялық еңбектері мен мақалалары оқу-ғарту саласына арналып, білім жүйесін дамытудың қырлары, жүргізіліп жатқан бағдарламалардың нәтижелерін саралап отырды. Ол «Орта мектеп физика курсында автоматика мен телемеханиканың элементтерін оқыту» туралы кітап жазып, оны 1963 жылы Москвада РКФСР педагогикалық ғылымдар академиясы басып шығарды [24].

Ғалым политехникалық білім берудің бағдарламасын да айқындады. 20-30-жылдардағы политехниклық білім беру мен одан кейінгі жылдарды салыстыра отырып, оның ерекшеліктерін нақытылап, математика, физика, химия курсы бойынша жасалған жаңа бағдарламалардың маңыздылығын көрсетіп берді. Педагогика ғылымының қарыштап өсіп келе жатқандығын ірі жетістікке жатқызды. Оқу жүйесіне арналып түрлі бағдарламалар, оқу әдістемелік құралдардың жазылуы, әр салалар бойынша конкурстар жарияланып, оған ондаған ірі жобалар қатысуы білім жүйесінің соңғы жылдары қарышты дамуынан екендігін көрсетті. Сонымен қатар педагогика ғылымы мен психология ғылымының бір-бірімен тығыз байланыстылығын дәлелдей отырып, оқыту мен тәрбиенің біртұтастығын, шәкірттердің мінез-құлқы, жасы, даму дәрежесі, психологиялық ерекшелігі, іскерлік қабылеті әлі де болса ескерілмей отырғандығын айта келе, ғылыми тәжірибелер, зерттеулер жүргізу арқылы оны саралап көрсету қажеттігіне үндеген [25].

Педагогикалық ғылым саласын дамыту барысы дамыту, оған жоғары оқу орындарын бітірген жеткіншектерді тартуды оң санап, оларға жетекшілік етіп, ғылым саласында жол ашып берді. Өзі де осы ғылым саласында жаңалығы мол еңбектер жазды.

Кенжәлі Айманов тарихшы болмаса да деректік негіздерге сүйене отырып, Ұлы Қазан социалистік революциясынан кейінгі хат танымаған қазақ жастарына жастарының қолы оқу-ағартуға жетіп, алға қарай ұмтылыстың пайда болғандығын мерзімді басылым беттеріне жариялаған мақалаларында айқын жазған болатын. Ол Қазақстанда халық ағарту салысының патша билігі мен Қазан төңкерісінен кейін қандай деңгейде болғандығын дәлелді мысалдармен айқындап беруге тырысты.

Ғалым педагогика саласы ғана емес, тарих ғылымына да елеулі үлес қосты. Қазақстандағы педагогикалық орта және жоғары білім беру ісінің тарихын қарастыруға арналған бірнеше мақалалар жариялаған. Оның ішінен «Славный путь», «Развитие школьного образование и педагогической мысли в Казахской ССР», «Ағарту ісінің жарқын жолдары», «Қазақстанда педагогикалық жоғары білім беру ісі», «Қазақ совет мектебі 50 жылда» және т.б. мақалаларын атауымызға болады.

Қайраткер оқу орны тарихына арналған мақалаларында Қазақ АКСР-і үкіметі мен Халық ағарту комиссариаты (ХАК) құрылғаннан кейін ОҚК жұйесіне енген өзгерістерді де ашып береді. Онда ең әуелі елдегі ағарту саласындағы өзгерістерге 1921 жылы 11-18 маусымда өткен халық ағарту мәселесі бойынша болған Бірінші бүкілқазақстандық конференцияның әсері болғандығын ашып көрсетеді. Онда бірыңғай еңбек мектебінің оқу мазмұны мен ұйымдастырудың теориялық негіздері, құрылымы, бағдарлама-методикалық құжаттар мен оқу-педагогикалық көмекші құралдар жасау шаралары талқыланған болатын. Бұл конференция елдегі мәдениетті көтеру үшін алты түрлі міндетті шешу қажеттігін айқындап берді. Конференция саяси-ағарту жұмыстарын жүргізіп, халықтың сауатсыздығын жою, ол үшін мектептер мен оқу орындарына арналған оқулықтар мен саяси әдебиеттерді шығаруды қолға алудың аса маңыздылығын айқындады. Осы конференция өтісімен үкімет партия комитеттеріне бірінші кезекте газеттерде оқу-ағартуға арналған арнайы айдар ашып, үгіт-насихат ісін ұйымдастыру мәселесін қолға алуды жүктеді.

К. Айманов Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарының жағдайын бұрынғы жылдармен салыстыра қарастырған. А. Колмаковпен бірлесе жазған «Қазақстанда педагогикалық жоғары білім беру ісі» деп аталған мақаласында революцияға дейінгі Қазақстанда жоғары дәрежелі педагогикалық білім беру орындарыны Ақпан төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі жылдарыдағы жалпы жағдайының қандай болғандығын талдап береді 26.

Кенжәлі Аймановтың ғылыми зерттеулерінде көтерген тақырыптарының бірі – бұл тіл мәселесі, яғни араб әліпбиін қазақ тілінің орфографикасына оңайлата үйлестіру мәселесі. Ол жалпы әліпби мәселесінде жаңа графикаға көшу мәселесі жайында мысалдар да келтірді. Мәселен, 20-30 жж. араб графикасынан латынға көшу, 40 жылдары латыннан орыс әліпбиіне көшу барысын да саралап берді [27, 10-б.]. Оның жазуынша, ХХ ғ. 20-40 жылдарында Қазақстанда жазуды өзгертуге байланысты екі реформа іске асырылған еді. Араб әріпінен латын әріпіне көшу шарасын іске асыруда үкімет тарапынан арнайы дайындық жұмыстары жүргізілгені белгілі. Латын әліпбиіне көшпес бұрын осы мәселе төңірегінде мерзімді басылымдарда арнайы айдармен пікір-таластар өткізіліп, қазақ оқығандары өз ойларын ортаға салды. Дегенмен, К. Айманов 20-жылдардың басында тіл ғылымының бір топ мамандары араб әліпбиін қазақ тілінің орфографиясына ыңғайлап, бірыңғай еңбек мектептерінің І және ІІ сатылары үшін бағдарламалар, оқу жоспарларын, оқулықтар жасауды қолға алғандығын ашып көрсетеді.

К. Айманов 50-жылдардағы жоғары оқу орындарының қарқынды алға жылжуы еліміздегі маман кадрлардың өсуіне және ғылым саласының дамуына әсер еткендігін айқындап берді.

К. Аймановтың оқу орындарына қатысты тарихи еңбектерінің маңызы зор. Ол тарихшы болмаса да тарихи деректерге, ғылыми еңбектерге сүйене еліміздің революциядан бұрынғы және одан кейінгі кезіндегі оқу жүйесінің тарихын саралай отырып, 50-70 жылдармен салыстыра білді. Патша саясаты тұсындағы оқу жүйесі мен кеңестік жүйе тұсындағы оқу-ағарту саласының ерекшеліктерін көрсетіп берді.

Қорытынды бөлімде диссертацияда алынған нәтижелер нақтыланып, қарастырылып отырған мәселелер бойынша тұжырымдар жасалды.

К. Аймановтың мәдениетін өркендету бағытында атқарған қызметінің мол тәжірибесі кейінгі буынға үлгі болуға тиіс. Кеңестік кезеңнің ғылыми жетістіктері мен озық тәжірибесіне сүйеніп, оқу министрі болған жылдары еліміздің оқу-ағарту саласын нығайтуға, мәдени-әлеуметтік дамуын жеделдетуге, экономикалық қуатын арттыруға ерекше назар аударып, оны іс жүзіне асыруда өзінің басқару шеберлігін танытқан қайраткер.

К. Айманов 60-70-жылдары республикада қоғамдық саяси және мемлекеттік қызметінде ірі тұлға ретінде танылды. Оның саналы ғұмыры елінің тұтастығы мен халқының игілігіне арнады. Туған халқына қызмет етудің тамаша үлгісі оның шығармашылық, қоғамдық қызметінен айқын көрінді. Ұлағатты жолы өзі тәлім-тәрбие беріп өсірген ізбасарлары арқылы жалғасын тауып еліміздің қоғамдық өміріне лайықты үлесін қосып келеді.

К. Аймановтың қоғамдық-мемлекеттік қызметіне талдау жасай отырып оның қайраткер ретінде туған елінің дамуына қосқан үлесін төмендегіше көрсетуге болады:

- Республикамыздың ағарту саласын өркендету ісі арқылы еліміздің мәдени дамуына зор үлес қосты.

- Елдің мәдени-әлеуметтік деңгейін көтерумен қатар физика ғылымы саласына ғылыми зерттеулерімен жаңалықтар енгізді.

- Өзі басқарған жылдары Қазақстанда ауыл мектептерінің көптеп ашылуына ұйытқы болды.

- Соңына қалдырған мұрасы келешек ұрпақ үшін маңызы бар дүниелер болып табылады.

- К. Аймановтың қоғамдық-мемлекеттік қызметіндегі жауапкершілігі, принципшілдігі, отансүйгіштігі секілді қасиеттері мемлекет қызметіндегі жас мамандар үшін үлгі болары анық. Осы аталған іс-әрекеттері арқылы қайраткер ретінде танылған К. Аймановтың қоғам және ұлт мүддесі үшін атқарған қызметі өлшеусіз деп айта аламыз.

Тәуелсіз ел болуымызбен бірге ғылым, білім, мәдениет салаларын көтеруде елеулі үлес қосқан Кенжәлі Аймановтай ұлт тұлғаларының ғұмырнамалық тұлғасын тарихи түрде зерттеу бұл келешек ұрпақтардың өткен тарихқа деген қызығушылығын туғызу болып табылады.

Міне, осы жағынан алғанда Кенжәлі Балтөреұлы халқына барлық қажыр-қайратын аямай қызмет етудің үлгісін көрсеткен тұғырлы тұлға деп батыл айта аламыз. Сондықтан қайраткердің өз заманында терең білімділігімен, ақыл-парасатымен, табандылығымен, еңбекқорлығымен ірі жетістіктерге жетіп, республикамыздың ірі тұлғасының болуы, оның өмір жолдары мен туған халқына сіңірген қызметі, ғылыми мұрасы болашақ ұрпақ кәдесіне асары сөзсіз.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Қозыбаев М.Қ. Тарих зердесі (Арыстар тұғыры). 2 кітап. – Алматы: Ғылым, 1998. – 280 б.

2 Назарбаев Н.Ә. Жасай бер, Тәуелсіз Қазақстан. // Егемен Қазақстан. –1998. – 16 желтоқсан.

3 Ардан туған Айманов Кенжәлі. – Алматы: Қазақ телевидео: «Ләйлек» баспасы, 2005. –160 б. 11- б.

4 Кенжәлі Айманов // Социалистік Қазақстан. 1974. 27 август. Кенжәлі Айманов // Лениншіл жас. – 1974. – 27 август; Кенжалы Айманов // Казахстанская правда. – 1974. – 27 августа; Кенжалы Айманов // Учитель Казахстана. – 1974. – 27 августа; Кенжалы Айманов // Учительская газета. –1974. – 27 августа.

5 К. Айманов // Физика в школе. – 1974. – № 6. С.30

6 Соколова Е.Н. К. Айманов // Физика в школе. – 1974. – № 6. С.24

7 Мадин И.Б. История развития педагогической мысли в Казахстане в советский период. Алма-Ата: Мектеп, 1979. С.52.

8 Құтқожин Х.Ғ. Кенжәлі Айманов // Қазақ ССР қысқаша энциклопедиясы. – Алматы, 1988. – 3-том. – 60-б.; Айманов К. // Казахская ССР. Краткая энциклопедия. – Алма-Ата, 1988. – Т. 3. – С.60

9 Қозыбаев М.Қ. Тарих зердесі (Арыстар тұғыры). 2 кітап. – Алматы: Ғылым, 1998. – 280 б.; Қозыбаев М. Ақтаңдақтар ақиқаты. – Алматы: «Қазақ университеті», 1992. – 272 б.; Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. – Алматы «Ататек», 1995. – 256 б.; Омарбеков Т. 20-30-жылдардағы Қазақстан қасіреті. Көмекші оқу құралы. – Алматы: Санат, 1997. – 320 б.; Тәтімов М. Демографиялық деректерге сүйенсек // Нәубет. Публицистикалық ой-толғаулар. – Алматы «Жалын», 1990. – 448 б.

10 Совет Одағының Ұлы Отан соғысы. Қысқаша тарих. – Алматы: «Қазақстан», 1972. – 692 б.

11 Айманов Кенжалы // Высшая школа Казахстана в лицах. – Алматы, 1998. – С. 28-29.; Батырбеков М. Высшая школа Казахстана в лицах. – Алматы, 2000. – Книга 2. – С. 15-16.; Айманов Кенжалы // Библиография обществоведов Казахстана. – Алма-Ата, 1986. – С.16.

12 Мұқаштегі М. Асыл адам // Алматы ақшамы. – 1998. – №1. – 2 б.

13 Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2002. – 592 б. (105-106-бб.); Ғұсманов К. Бөрліден шыққан министр // Бөрлі жаршысы. – 2002. – 4 қыркүйек.

14 Алекссев Ю. Остаются совесть и память...// Мысль. – 2004. – №10.С.16

15 Михайлова М. В память о Кенжалы // Казахстанская правда. – 2005. №11. С.2

16 Айманов К. Атомная энергия и ее использование. – Алма-Ата: Казгосиздат, 1959. – С.68.; Универсальное реле для демонстрации опытов по автоматике и телемеханике // Школа и производство. – 1960. – №8. – С. 80-82.; Элементы автоманитки и телемеханики в курсе физики средней школы // Пособие для учителей. – Алма-Ата, Казгосизат, 1963. – С. 172.; Тәрбиенің бір дүкені мектеп // Социалистік Қазақстан. – 1963. – 6 август. – № 181.; Школы Казахстана за 50 лет. – Алма-Ата, 1967. – С. 17.; Развитие народного образования в годы Советской власти // Советская педагогика. – 1967. – № 5. – С.25-32. Народное образование в СССР. 1917-1967. – М.: Просвещение, 1967. – С. 543. (Совместно с А.М. Арсеньевым, Ч.А. Атаевым); Славный путь // От сплошной неграмотности к вершинам просвещения. – Алма-Ата: Мектеп, 1968. - 267. – С.1-42. (Гл. Ред.). Развитие школьного образования и педагогической мысли в Казахской СССР // Советская педагогика. – 1970. – № 8. С. 103-110.; Развитие школьного образования и педагогической мысли в Казахской ССР // Антология педагогической мысли Казахстана. – Алматы, 1995. – С. 441-442.

17 Совет Одағының Ұлы Отан соғысы. Қысқаша тарих. –Алматы: «Қазақстан», 1972. – 692 б.

18 Қазақ қыздарының парасат мектебі: Фотоальбом. – Алматы: Өнер, 2004. – 160 б.

19 Айманов К.Б. // ҚР ПМ. 718-қ., 69- т., 67-іс. 2-п.

20 Айманов К.Б. // ҚР ПМ. 718-қ., 69- т., 67-іс. 3-п.

21 Айманов К. Малышам – заботу и ласку // Учитель Казахстана. – 1967. – 20 апреля.

22 Айманов К. Коллектив – негізгі тәрбиеші // Қазақстан мұғалімі. – 1964. – 25 июнь.

23 ҚРОММ. 1692-қ., 2- т., 944-іс. 1-2-пп.

24 Айманов К.А. Элементы автоматики и телемеханики в курсе физики средней школы. Пособие для учителей. – Москва, Изд-во АПН РСФСР, 1963.

25 ҚР ПМ. 708-қ., 51-т., 1961-іс. 8-9-пп.

26 Айманов К. Колмаков А. Қазақстанда педагогикалық жоғары білім беру ісі // Халық мұғалімі. – 1957. № 12. – 68-74 бб.

27 Айманов К. Қазақ совет мектебі 50 жылда // Қазақстан мектебі. – 1970. – №7. 30 б.

ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН

ЕҢБЕКТЕРДІҢ ТІЗІМІ


  1. Мемлекет қайраткері, педагог – Кенжеәлі Аймановтың өскен ортасы мен білім алу жолдары. // Аймақтар тарихы әлемдік тарихи үрдістер контекстінде. Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары. ІІ Қасымбаев оқулары. – Семей, 2006. – 435-436 бб.

  2. К.Аймановтың Қазақстандағы педагогикалық жоғары білім беру ісі туралы көзқарасы (1917-1957 жж.). // Отан және әлем тарихы ХХІ ғасырда: ғылыми парадигмалардың ортақтығы мен ерекшеліктері тақырыбындағы Халықаралық Бекмаханов оқуларының ғылыми конференция материалдары. – Алматы, 2007. – 300-301 бб.

  3. Оқушыларды кәсіби мамандыққа дайындау – еңбек тәрбиесінің негізі (ХХ ғ. 60-70 жж. халыққа білім беру тарихының тәжірибесінен). // Отан тарихының келелі мәселелері. Республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Атырау, 2008. 149-150 бб.

  4. Мемлекет қайраткері, ғалым Кенжеәлі Аймановтың өмір жолы және оның Қазақстан оқу ағарту ісіне қосқан үлесі. // Жоғары білім мен ғылымды модернизациялау: инновациялық дамудың жолдары мен перспективалары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Құрметті ректоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының вице-президенті, Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бөлімшесінің төрағасы, ҚР ҰҒА академигі Т.С.Садықовтың 70 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми конференция материалдары. - Алматы, 2008. 399-401 бб.

  5. Кенжеәлі Аймановтың Қазақстан халық ағарту саласын онан әрі дамытудағы озық тәжірибесі туралы. // Қайнар университетінің Хабаршысы – Алматы, 2008. №4/2 – 11-13 бб.

  6. К.Аймановтың өмір жолдары және қоғамдық-саяси қызметі. // Абай атындағы ҚазҰПУ. Хабаршы. «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы». - Алматы, 2009. №4(23) -80-84 бб.

  7. Трудовое воспитание – основа профессиональной подготовки учащихся (из опыта работы 60-70-х гг. ХХ века в Казахстане). // 50 лет РУДН: Интернациональный опыт подготовки специалистов для СССР, России и зарубежных стран. Материалы ХІ Всероссийская научно-практическая конференции. – Москва, 2009. -169-172 бб.

  8. Қазақстан халық ағарту саласын онан әрі дамытудағы Кенжеәлі Аймановтың жапония сапарының тарихы хақында. // Абай атындағы ҚазҰПУ-дың тарих факультеті және оның педагогикалық ғылыми кадрларды дайындаудағы рөлі: тарихы мен бүгіні. Университетаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. - Алматы, 2009. 166-169 бб.

  9. Аймановтың оқу-тәрбие беруді жетілдірудегі қызметі. // Қайнар университетінің Хабаршысы. - Алматы, 2010. №1/1 – 10-14 бб.


РЕЗЮМЕ

на автореферат диссертации на соискание ученой степени кандидата исторических наук по специальности 07.00.02 – Отечественная история

(История Республики Казахстан)
БАКИРОВА ЖАНАТ СЕРИКБАЕВНА
Жизнь, общественно-политическая, научная деятельность К. Айманова
Актуальность темы исследования. К. Айманов, состоявшийся как общественный деятель в условиях советской системы, служил на благо народа, является личностью, внесшей свой вклад в развитие общества на национальном уровне. В годы руководства Министерством образования он ввел в систему высшего и среднего образования новые методы и технологии обучения, тем самым улучшив кадровый потенциал и повысив научно-исследовательский уровень. Под его руководством в Казахстане в 60-70-е годы ХХ века активизировалась подготовка необходимых специалистов и были устранены некоторые недочеты в сфере образования. Он внес посильный вклад в науку, и в этом направлении стал для своих учеников и учителем, и наставником.

Анализ и оценка научного творчества, государственной и общественной деятельности ученого, способствовавшего развитию образования и науки республики, обуславливает значимость и актуальность данной темы исследования.



Цели и задачи исследования. Основная цель исследования – отразить системно жизненный путь, общественно-политическую, научную деятельность, творческое наследие деятеля К. А. Айманова, анализируя материалы архивов, введенных впервые в научный оборот. В соответствии с данными целями предусматривается решение следующих задач:

  • раскрыть факторы, повлиявшие на формирование мировоззрения посредством изучения происхождения, среды воспитания и образования К. А. Айманова;

  • проанализировать деятельность К. Айманова в Великой Отечественной войне и его послевоенную деятельность;

  • определить путь развития К. Айманова как государственного и общественного деятеля;

  • показать значимость общественной деятельности в развитии образования в качестве министра образования КазССР и определить его роль организатора;

  • определить факторы, повлиявшие на формирование К. Айманова как ученого, дать оценку его научным трудам.

  • раскрыть научную ценность, значимость исторических трудов ученого по истории высших учебных заведений;

  • определить значимость оценки со стороны государства К. Айманова как общественного и государственного деятеля.


Научная новизна диссертации:

  • впервые рассматриваются детство и юность К. Айманова в связи с политическими ситуациями и событиями того периода на основе архивных материалов и воспоминаний;

  • анализируется борьба с немецко-фашистскими оккупантами, героизм в обороне Брестской крепости, послевоенная деятельность К.Айманова, направленная на развитие культуры Казахстана;

  • определяется оценка его деятельности, путь развития К. Айманова как государственного и общественного деятеля;

  • на основе архивных материалов определяется значимость его деятельности в качестве Министра образования и его трудов, направленных на интенсивное развитие сферы высшего и среднего образования;

  • дается объективная оценка его творческого наследия путем определения его вклада в развитие в науки, анализа статей, направленных на просветительскую деятельность и опубликованных в национальных изданиях;

  • определена ценность трудов, посвященных истории учебных заведений и их место в истории Отечества;

  • конкретизирован вклад в развитие культуры страны, определена значимость оценки со стороны государства организационной, просветительской деятельности Кенжеали Балтореевича, как общественного и государственного деятеля.

Результаты исследования:

  • на его становление, на процесс его духовного роста как деятеля повлияли такие политические кампании, как Гражданская война, раскулачивание, голод, коллективизация и др.;

  • К. Айманов внес свой вклад в разгром фашисткой Германии и в развитие учебно-просветительской системы нашей страны в послевоенные годы;

  • на формирование К. Айманова как крупного деятеля повлияла окружающая его среда;

  • на посту Министра образования, зарекомендовав себя как компетентного руководителя и организатора, он смог осуществить новые меры по подготовке педагогических кадров и в целом в развитии советской школьной системы;

  • формирование К. Б. Айманова как известного ученого определяется результатами его научных исследований, установлена значимость его научных трудов в развитии советской науки;

  • результатом особенно ценных научных статей ученого по проблемам образования стала возможность освещения истории высшей и средней школы в нашей стране;

  • оценка государственной и научной деятельности К. Айманова проявилась в том, что он был отмечен различными наградами;

Структура диссертации. Диссертация состоит из введения, двух глав, заключения и списка использованных литератур.

SUMMARY

of the abstract for the competition of the scientific degree of candidate of

historical sciences

on the speciality 07.00.02 - Domestic history (History of the Republic of Kazakhstan)



BAKIROVA ZHANAT SERIKBAYEVNA
K.Aimanov's life, his political and scientific activity
Urgency of the theme of the research K.Aimanov, as a public figure, worked in the period of the Soviet system, served for the benefit of people. He brought in his contribution to the development of the society at the national level. Within his guidance over the Ministry of Education he introduced into the system of higher and secondary education new methods and technologies of training and technologies, thus having improved personnel potential and having increased research level. Under his guidance in Kazakhstan in the sixties-seventies training of necessary experts owing to established contacts with distant countries by means of direct exchange of experience was activated, some defects in the sphere of education were eliminated. He has brought in the feasible contribution to science, and became teacher and instructor in this course for his pupils.

The analysis and estimation of scientific creativity, state and public activity of the scientist promoting development of education and science of the republic, causes importance and an urgency of the given theme of the research.



Purposes and research problems. The basic purpose of the research is by analyzing materials of archives, brought in the scientific circulation for the first time, to reflect as a system course of life, political, scientific activity, creative heritage of K.A.Aimanov,. According to the given purposes the decision of the following problems is foreseen:

- To reveal the factors which have influenced formation of outlook of K.A.Aimanov's by means of studying his origin and education;

- To analyze K.Aimanov's activity in the Great Patriotic war and his post-war activity;

- To determine development of K.Aimanov as a state and public figure;

- To show the importance of his public work as Minister of Education of Kazakh SSR in the development of education and to determine his role of the organizer;

- To determine the factors which have influenced formation of K.Aimanov as a scientist, to appreciate his scientific works.

- To reveal scientific value, importance of historical works of the scientist on the history of higher educational institutions;

- To determine the importance of an estimation of K.Aimanov as a public man and statesman on the part of the state.



Scientific novelty of the dissertation.

- For the first time on the basis of archival materials and memoirs the childhood and youth of K.Aimanov are considered in connection with political situation and events of that period;

- Struggle against fascist invaders, heroism at the time of defense of the Brest fortress, and his post-war activity aimed at the development of culture of Kazakhstan are analyzed;

- An estimation of his activity, development of K.Aimanov as a state and public figure is determined;

- On the basis of archival materials the importance of his activity as the Minister of Education and his works aimed at intensive development of higher and secondary education are determined;

- The objective estimation of his creative heritage is given by definition of his contribution to the development of science, analysis of his articles on educational activity published in national editions;

- The value of his works devoted to the history of educational institutions and their place in the history of his Fatherland are determined;

- His contribution to the development of the culture of the country is concretized, on the part of the state the importance of an estimation of organizational, educational activity of Kenzhegali Baltoreevich, as public man and statesman is determined.



The results of the research:

- Such political campaigns, as Civil war, dispossession of kulaks, famine, collectivization and others have influenced his spiritual growth as a figure;

- K.Aimanov has brought in his contribution to the defeat of the fascist Germany and development of educational system of our country in post-war years;

- K.Aimanov as a great figure was formed owing to his environment;

- In the rank of the Minister of Education, as competent head and organizer, he could carry out new measures in training pedagogical staff and in development of the Soviet school system;

- K.B.Aimanov's formation as a known scientist is determined by the results of his scientific works, the importance of his works in the development of the Soviet science is established.

- the opportunity of interpretation the history of higher and secondary school in our country became the result of especially valuable scientific articles of the scientist on the problems of education.

- The estimation of the state and scientific activity of K.Aimanov showed itself in the fact that he was given various awards;



Structure of the dissertation. The dissertation consists of introduction, 2 Chapters, conclusion and the list of the used sources.




©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет