Бала қҰҚЫҚтары туралы конвенция (балаларға арналған нұсқасы) 1-бап



Дата05.07.2016
өлшемі160.36 Kb.
БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ Конвенция 

(балаларға арналған нұсқасы)

1-бап. Баланы анықтау 

18 жасқа толғанша сен баласың және осы Конвенцияда жазылған барлық құқықтарға иесің. 

2-бап. Дискриминацияға тыйым салу 

Сен ата-анаңның немесе қамқоршыңның қандай да бір кемсітушіліксіз нәсіліңе, түр-түсіңе, жынысыңа, тіліңе, дініңе, саяси немесе өзге де сенім-нанымдарыңа, ұлттық, этникалық немесе әлеуметтік шығу тегіңе, мүліктік жағдайыңа, денсаулығыңның және туылуыңның жай-күйіне немесе өзге де жағдайларға қарамастан дискриминацияға ұшырамауың тиіс. 

3-бап. Бала құқықтарын барынша толық қамтамасыз ету.

Балаларға қатысты қолданылатын іс-әрекеттерде ең бірінші кезекте сенің және кез келген басқа баланың мүдделерін барынша толық қамтамасыз етуге көңіл бөлінеді.

4-бап. Конвенцияда танылған құқықтарды жүзеге асыру.

Мемлекет осы Конвенцияда көрсетілген құқықтардың саған және барлық балаға қол жетімді болуы үшін барлығын жасауы керек.

5-бап. Отбасындағы тәрбие және бала қабілетінің дамуы.

Отбасың сені өз құқықтарыңды өмірде дұрыс пайдалана білуге үйретіп, сенің тәрбиең үшін жауапкршілікті өз мойнына алады. Мемлекет осы құқықты құрметтеуі тиіс.

6-бап. Өмір сүру және даму құқығы.

Сен өмір сүруге және дамуға құқылысың.

Мемлекет сенің тірі қалуыңды және дұрыс дамуыңды қамтамасыз етуге міндетті. 

7-бап. Денсаулықты, есімді, азаматтықты тіркеу және ата-ананың қамқоры.

Сен туған күніңді, есіміңді және азаматтығыңды ресми түрде тіркеуге құқылысың.

Сен өз ата-анаңды білуге және олардың қамқорлығына ие болуға құқылысың.

8-бап. Жеке тұлғалықты сақтау

Мемлекет сенің есім, азаматтық алуға және отбасылық байланыстарға құқығыңды сақтауы тиіс.

9-бап. Ата-анадан ажырау.

Сен мүдделі болған жағдайларды қоспағанда (мысалы, ата-анаң саған дұрыс қарамаған немесе қатігез қараған жағдайда), сені ата-анаңнан айырмаулары тиіс. Ата-анаң ажырасып кеткен жағдайда, саған зиян келтірмейтін болса олармен кездесіп тұруға құқылысың. 

10-бап. Отбасының қосылуы.

Сен және ата-анаң отбасын біріктіру немесе өзара қарым қатынастарыңды нығайту мақса-

тында кез келген елден шығып өз елдеріңе келуге құқылысыңдар

11-бап. Заңсыз орын алмастырудан қорғалу.

Мемлекет сені шетелге заңсыз жөнелтуге қарсы күрес үшін шаралар қабылдайды.

12-бап. Баланың көзқарастарын құрметтеу.

Сен өз ойыңды, пікіріңді еркін жеткізуге құқылысың және ересектер саған қатысты мәселелерді шешу барысында бұл пікірлерге тиісті назар аударулары тиіс.

13-бап. Пікір айту және ақпарат алу еркіндігі.

Сен саған немесе басқаларға зиян келтірмейтін әр түрлі ақпаратты іздеуге, алуға және беруге құқылысың (мысалы, хат, өнер, теледидар, радио немесе Интернет арқылы).

14-бап. Ой, ар-намыс және дін бостандығы.

Сен наным-сенімдерге және дінге құқылысың, және басқа адамдардың құқығын бұзбаған жағдайда өз дініңді уағыздай аласың. Ата-анаң бұл құқықтарды саған түсіндіруі тиіс.

15-бап. Ассоцияция және бейбіт жиналыс бостандығы.

Басқа адамдарға зиян келтірмеген жағдайда, сен басқа балалармен кездесуге және олармен топ құруға құқығың бар.

16-бап. Жеке өмір, ар-намыс және абырой

Сенің жеке өмірге құқығың бар. Сенің абыройыңа нұқсан келтіруге, сенің үйіңе кіруге, хатыңды және электронды хатыңды рұқсатсыз оқуға ешкімнің құқы жоқ. 

Сен және сенің отбасың ар-намыс пен абыройға заңсыз араласушылықтан қорғалуға құқылысыңдар.

17-бап. Ақпаратқа және бұқаралық ақпарат құралдарына қол жетімділік.

Сен кітап, газет, журнал, теледидар, радио және интернетті қоса, әртүрлі ақпарат көздерінен шынайы мәлімет алуға құқығың бар. Мәліметтер саған пайдалы және түсінікті болуы қажет.

18-бап. Ата-ананың жауапкершілігі. 

Ата-анаңның екеуі де сенің тәрбиең мен дамуыңа бірдей жауапты, олар сенің ең қажет мүдделеріңді есепке алуға міндетті. Мемлекет баланы тәрбиелеуде және дамытуда ата-аналарға тиісті көмек көрсетуі тиіс, әсіресе ата-аналары жұмыс істесе. 

19-бап. Зорлық-зомбылықтың барлық түрлерінен, немқұрайлы және қатыгез қараудан қорғау. 

Мемлекет сені ата-анаңның немесе қамқор болу жауапкершілігін мойнына алған басқа да тұлғалар тарапынан жасалған қысым көрсетушіліктің, зорлық-зомбылықтың барлық түрінен қорғауға міндетті. 

20-бап. Отбасынан айырылған балаларды қорғау.

Егерде ата-анаң және отбасың саған жеткілікті түрде қарай алмаса, онда сені дініңді, дәстүріңді және тіліңді құрметтейтін адамдар қарауы керек. 

21-бап. Асырап алу.

Егер сені туған еліңде біреу асырап алса немесе шетелге алып кетсе, ол ең біріншіден сенің ең ең қажетті мүдделеріңді міндетті түрде ескеруі керек.

22-бап. Босқын балалар. 

Егер сен өз отаныңда тұруға қауіпті болған соң басқа елге көшіп келсең қорғанысқа және жәрдем алуға құқығың бар. Сен осы елдің балаларымен теңдей құқықтарға ие боласың. 

23-бап. Мүгедек балалар.

Ақыл-есің немесе денсаулығыңа қатысты жарымжан болсаң, қадір-қасиетің қамтамасыз

етіліп, өзіңе деген сенімділігіңді арттырып және қоғамдық өмірге белсене араласуыңа жәрдемдесетін жағдайларда толыққанды және лайықты өмір сүруге құқылысың. 

24-бап. Денсаулық және денсаулық сақтау. 

Сен өз денсаулығыңды сақтауға құқығың бар (мысалы, дәрі-дәрмекке, ауруханаларға және білікті медициналық қызметкерлерге қол жетімділік). Сен денің сау болу үшін ауыз суға, құнарлы тағамға, таза экологияға және аурудың алдын алуға құқылысың. Бай елдер кедей елдерге осындай стандарттарға жетуге қол ұшын берулері тиіс. 

25-бап. Қамқорлыққа алу жағдайындағы кезеңдік бағалау. 

Егер сен қамқорлыққа алынған болсаң және саған ата-анаң емес, жергілікті өкімет немесе мекемелер қарайтын болса, онда мемлекет тарапынан сол қамқорлықтың тұрақты тексеріліп тұруына құқылысың. 

26-бап. Әлеуметтәк қамтамасыз ету.

Сен тұрып жатқан қоғамыңның сенің дамуыңа және лайықты өмір сүруіңе (мысалы, білім алу, мәдениет, тамақтану, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету) көмектесетін игіліктерін пайдалануға құқылысың. Мұқтаж отбасы балаларына арнап мемлекет қосымша қаражат беруі тиіс. 

27-бап. Өмір денгейі.

Сен дене бітіміңнің, ақыл-есіңнің, рухани, имандылық және әлеуметтік дамуыңа қажетті өмір денгейіне құқылысың. Балаларына қажетті өмір жағдайын қамтамасыз ете алмаған ата-анаға мемлекет тарапынан көмек берілуі тиіс.

28-бап. Білім алу құқығы.

Сенің білім алуға құқығың бар. Мектептерде балалардың құқықтары сақталып, олардың ар-намысы кұрметтелуі тиіс. Бастапқы білім міндетті және тегін болуы керек. Бай елдер кедей елдерге осындай стандарттарға жетуге қол ұшын берулері тиіс. 

29-бап. Білім алудың мақсаттары. 

Білім беру мекемелері сенің жеке тұлға ретінде дамуыңа, бойыңдағы дарыныңды және ақыл-есіңді, дене бітімдік қабілеттеріңді барынша толық ашуы тиіс. Олар сені ересек өмірге дайындауы және ата-анаңды сыйлауға, өз еліңнің, басқа елдердің мәдени құндылықтары мен дәстүрлерін құрметтеуге үйретулері тиіс. Сенің өз құқығыңды дұрыс пайдалануды үйренуге құқың бар. 

30-бап. Аз ұлттар мен жергілікті халықтың балалары.

Сен ана тіліңде сөйлеуге, туған жеріңнің салт-жораларын ұстануға және еліңде көпшілік ұстанбаса да өз дініңді дәріптеуге құқылысың. 

31-бап. Демалыс, бос уақыт және мәдени өмір.

Сен демалуға және ойын ойнауға, сондай-ақ мәдени және творчествалық өмірге қатысуға құқылысың. 

32-бап. Балалар еңбегі.

Мемлекет сені қауіпті, зиянды және ауыр жұмыстан, сондай-ақ білім алуыңа кедергі келтіретін және басқалардың қанауына мүмкіндік беретін жұмыстан қорғауы тиіс. 

33-бап. Балалар және есірткі заттарды заңсыз қолдану.

Мемлекет сені есірткі заттарды заңсыз қолданудан, сондай-ақ осындай заттарды өндіру мен сату жұмыстарына тартылудан қорғауға қажет барлық шаралар қолдануы тиіс.

34-бап. Балаларды сексуалды қаналудан қорғау.

Мемлекет сені кез келген сексуалды қанау түрлерінен қорғауы тиіс.

35-бап. Балаларды сатудан, контрабандадан және ұрлаудан қорғау.

Мемлекет барлық күш-жігерін балаларды ұрлаудан, сатудан, және оларды контрабандалаудан қорғауға жұмсауы тиіс.

36-бап. Қанаудың басқа түрлерінен қорғау.

Сен дамуыңа және әл-ауқатыңа залал келтіретін кез келген әрекеттерден қорғалуға құқылысың.

37-бап. Азаптаудан, қатыгез қараудан және бас бостандығынан айырудан қорғау. 

Сен заң бұзсаң да қатыгездік жолмен жазаланбауға тиіссің. Сені ересектермен бір абақтыға жаппаулары тиіс, сенің отбасыңмен байланыс жасап тұруға мүмкіндігің болуы тиіс. 

38-бап. Қарулы қақтығыстардан зардап шеккен балаларды қорғау.

Егерде сен 15 жасқа толмасаң (еуропаның көптеген елдерінде 18), мемлекет сені әскерге қосылуға немесе қарулы қақтығыстарға қатысуға тыйым салу қажет. Қарулы қақтығыстар жүріп жатқан аймақтардағы балалар ерекше қорғалуы мен күтім алуы тиіс.

39-бап. Қайта қалпына келтіру.

Егер сен кез келген кемсітудің, қиянат көрсету мен қанаудың, қарулы қақтығыстың құрбаны болсаң мемлекет саған жан-тәнің мен психологияңды сауықтыруға қажетті шаралардың бәрін қолдануы тиіс 

40-бап. Кәмелетке толмаған заңбұзушыларға қатысты сот үкімін қолдану.

Егерде сені заң бұзды деп айыптаса, абыройыңа нұқсан келтірмейтіндей қатынас жасаулары тиіс. Сен құқықтық көмекке құқылысың және саған ауыр қылмыс үшін ғана абақтыға жабу туралы үкім шығарылуы мүмкін. 

41-бап. Ең жоғарғы нормаларды қолдану.

Егер сенің еліңдегі заң осы Конвенцияның ережелері қарағанда бала құқықтарын жақсы қорғаса, осы елдің заңын қолдану қажет. 

42-бап. Конвенция туралы ақпарат тарату.

Мемлекет Конвенция туралы ақпаратты ересек адамдар, мекемелер және балалар арасында таратуы тиіс.

43-54-баптар. Мемлекеттердің міндеттемелері

Осы баптар бала құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету үшін ересектердің және мемлекеттердің қалай бірге жұмыс істеуі керектігін түсіндіреді.

Ескерту: Бала құқықтары туралы Конвенцияны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1989 жылы қабылдап, ол 1990 жылы күшіне енді. Конвенцияда балалардың құқықтарын анықтайтын және осы құқықтарды мемлекеттер қалай қамтамасыз етіп, қолдауы тиіс екендігі туралы 54 бап бар. Осы Конвенция дүниежүзінің барлық елдерінде дерлік ратификацияланды, олар осы Конвенцияның барлық құқықтары мен еркіндіктерін сақтауға сөз берді. Қазақстанда Бала құқықтары туралы Конвенция 1994 жылы ратификацияланды.

2-ҚОСЫМША


«ҚАЗАҚСТАН рЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ»
^ ҚР ЗАҢЫНЫҢ БАПТАРЫ 

(балаларға арналған нұсқасы)




1-тарау. Жалпы ережелер 

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар. Бала - он сегiз жасқа (кәмелетке) толмаған адам.


2-бап. Осы заңның қолданылуы. Осы Заң Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады. 


3-бап. Қазақстан Республикасының баланың құқықтары туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi


4-бап. Балалардың тең құқықтылығы. Тегiне, нәсiлiне және қай ұлтқа жататындығына, әлеуметтiк және мүлiктiк жағдайына, жынысына, тiлiне, бiлiмiне, дiнге көзқарасына, тұрғылықты жерiне, денсаулық жағдайына қарамастан, барлық бала тең құқыққа ие.  


5-бап. Баланың құқықтарын шектеуге тыйым салу. Заңсыз әрекеттерді қоспағанда, баланың құқықтарын шектеуге болмайды




^ 2-тарау. Балалар мүддесін көздейтін мемлекеттік саяса�� 

6-бап. Балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк саясаттың мақсаттары. Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету, оларды кемсiтушiлiкке жол бермеу; дамуына және тәрбие алуына жәрдемдесу 


7-бап. Қазақстан Республикасы орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекетте баланың құқықтарын қорғау мәселелерi жөнiндегi             өкiлеттiктерi. 




^ 3-тарау. Баланың негізгі құқықтары мен міндеттер�� 

8-бап. Баланың денсаулық сақтауға құқығы. Әрбiр баланың денсаулық сақтауға бұлжымас құқығы бар


9-бап. Баланың даралық ерекшелiкке және оны сақтауға құқығы. Әрбiр бала туған сәтiнен бастап аты, әкесiнiң аты, тегi, ұлты және азаматтығы болуына құқылы.


10-бап. Баланың өмiр сүруге, жеке басының бостандығына, қадiр-қасиетiне және жеке өмiрiне қол сұғылмауға құқығы. Мемлекет баланың жеке басына ешкiмнiң тиiспеуiн қамтамасыз етедi, оны тәнiн және (немесе) жанын жәбiрлеуден, адамдық қадiр-қасиетiн қатыгездiкпен, дөрекiлiкпен қорлаудан, кемсiтуден, жыныстық қатынас сипатындағы әрекеттерден, баланы қылмыстық iс-әрекетке және қоғамға жат әрекеттер жасауға тартудан қорғауды жүзеге асырады. 


11-бап. Баланың сөз және ар-ождан бостандығына, ақпаратқа, қоғамдық өмiрге араласуға құқығы. Әрбiр баланың жасына сәйкес ақпарат алуға және оны таратуға, қоғамдық бiрлестiктерге өз еркiмен қатысуға құқығы бар. 


12-бап. Баланың қажеттi тұрмыс деңгейiне құқығы. Әрбiр баланың дене бiтiмiнiң, психикасы мен жан дүниесiнiң толымды дамуы үшiн қажеттi тұрмыс деңгейi мен жағдайы болуға құқығы бар.


13-бап. Баланың мүлiктiк құқықтары. Әрбiр баланың өз ата-анасынан және отбасының басқа да мүшелерiнен қаражат алуға, мәмiлелер жасауға, банктерде салымы болуға құқылы.


14-бап. Баланың тұрғын үйге құқығы. Әрбiр баланың Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңдарына сәйкес тұрғын үйге құқығы бар. 


15-бап. Баланың бiлiм алуға құқығы. Әрбiр бала бiлiм алуға және конкурстық негiзде тегiн орта кәсiби және жоғары кәсiби бiлiм алуға құқылы. Мемлекет балалардың бiлiм алу кезеңiнде әлеуметтiк қорғауды қажет ететiндерiне көмектеседі.


16-бап. Баланың еңбек бостандығына құқығы. Әрбiр баланың еңбек бостандығына, қызмет және кәсiп түрлерiн еркiн таңдауға құқығы бар. Балалар он төрт жастан бастап, ата-аналарының рұқсатымен оқудан бос кезiнде өзіне зиян келтiрмейтiн қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуға құқығы бар. 


17-бап. Баланың мемлекеттiк көмекке құқығы. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, оның iшiнде жетiм балалар толық мемлекеттiк қамсыздандырылуда болады.


18-бап. Мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтiк стандарттарды белгiлеу. Білім беру, медициналық қызмет көрсету, әлеуметтік қорғау саласында ең төменгі әлеуметтік қызмет көрсету көлемі белгіленді. 


19-бап. Баланың дем алуға және бос уақытын пайдалануға  құқығы. Әрбiр бала өзiнiң жасына, денсаулығына және қажеттерiне қарай демалуға және бос уақытын пайдалануға құқылы. Балалардың сауықтыру, спорт, шығармашылық ұйымдар құрылды және оларға қолдау көрсетіледі. 


20-бап. Баланың мiндеттерi.       Әрбiр бала басқа адамдардың құқықтарын, бостандығын, ар-ожданы мен қадiр-қасиетiн, Республиканың мемлекеттiк нышандарын құрметтеуге, еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға, тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қам-қарекет жасауға, тарих және мәдениет ескерткiштерiн сақтауға, табиғатты сақтауға және табиғи байлықтарға ұқыпты қарауға мiндеттi. 




4-тарау. Бала және отбасы

21-бап. Баланың отбасында өмiр сүру және тәрбиелену құқығы. Бала өзiнiң ата-анасын бiлуге, олардың қамқорлығы мен тәрбиесiн алуға құқылы.


22-бап. Баланың отбасындағы құқықтары.


23-бап. Бала тәрбиелеп отырған отбасыларына мемлекеттiк қолдау


24-бап. Ата-анасының баланы тәрбиелеу, күтiп-бағу және асырау жөнiндегi мiндетi. Ата-анасы баланың жан-жақты дамуы үшiн қажеттi жағдай жасауға мiндеттi. 


25-бап. Баланың ықтиярынсыз оныата-анасынан айыруға тыйым салынады. Баланың кіммен тұратыны туралы шешiмдi ерекше жағдайларда және баланы қорғау мақсатында сот қана қабылдайды. Сот баланың мүдделерi мен пiкiрiн ескередi


26-бап. Баланың өзiнен бөлек тұратын ата-анасымен қарым-қатынас жасау құқығы.Баланың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн жағдайлардың болуын қоспағанда, баланың өзiнен бөлек тұратын ата-анасы туралы ақпарат алуға, олармен кездесiп, араласып тұруға құқығы бар. 


5-тарау. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың құқықтары.

27-бап. Қорғаншылық, қамқоршылық және патронат. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға оның мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтарын қорғау мақсатында, он төрт жасқа толмаған балаларға қорғаншылық, он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандарға қамқоршылық немесе тәрбиелеушi, емдеушi мекемедегi балаға патронат белгiленедi.

28-бап. Заңнамаға сәйкес бала асырап алу.


29-бап. Баланы тәрбиелейтiн, емдейтiн және сол сияқты өзге де мекемелерде күтiп-бағу мен тәрбиелеу. Бала алмиент және жәрдемақы алуға құқылы. Баланың күтiп-бағуды пайдалануға, тәрбие, бiлiм алуға, жан-жақты дамуға, ар-ожданы мен қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, өз мүдделерiнiң қамтамасыз етiлуiне, ана тiлiнiң, мәдениетiнiң, ұлттық әдет-ғұрпы мен дәстүрiнiң сақталуына құқығы бар. Ата-анасынан айрылған жетiм балаларға кәмелеттік жасқа толғанша тұрғын үй берiледi.


30-бап. Баланың құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияны жүзеге асыратын ұйымдар: Балалар үйлері, интернаттық ұйымдар, отбасы үлгісіндегі балалар ауылы, Жасөспiрiмдер үйлерi, Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейiмдеу және оңалту орталықтары




6-бап. Мүгедек баланың құқықтары

31-бап. Мүгедек баланың толымды өмiрге құқықтары. Мүгедек бала бiлiм алуға, жұмыс істеуге, мамандандырылған балалар үйлерінде медициналық-әлеуметтік көмек алуға құқылы. 


32-бап. Мүгедек баланы жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк кепiлдiктер.Жеңілдіктер бар.


33-бап. Мүгедек балаларға мемлекеттiк көмек. 




^ 7-тарау. Бала және қоғам

34-бап. Ұлттық және әлемдiк мәдениетке баулу. Мемлекет балаларға арналған газеттер, журналдар, кiтаптар басып шығаруды көтермелейдi, порнографияны, қатыгездiк пен зорлық-зомбылықты дәрiптейтiн, балаларға зиянды әсер ететiн әдебиеттi, фильмдерді шығаруды заң бойынша қудалайды. 


35-бап. Бала және дiн. Мемлекет баланың өмiрi мен денсаулығына қатер төнбеген, оның құқығын бұзатын және жауапкершiлiгiн шектейтiн жағдайлар орын алмаған жағдайда дiни дүниетанымға негiзделген тәрбиеге араласпауға, кепiлдiк бередi. Дiни жоралар ата-анасының келiсiмiмен жасалады.


36-бап. Баланы әлеуметтiк ортаның терiс ықпалынан қорғау. Қылмыстың, зорлық-зомбылықтың немесе өзге де заңсыз әрекеттiң салдарынан тән немесе жан жарақатын алған балаға денсаулығын қалпына келтiру және әлеуметтiк бейiмделу үшiн қажеттi көмек көрсетiлуге тиiс. 


37-бап. Баланы алкогольдi өнiмдер мен темекi бұйымдарының зиянды әсерiнен қорғау.Баланың ата-анасы, мемлекеттiк органдар салауатты өмiр салтын және алкогольдi өнiмдер мен темекi бұйымдарының зиянды екенiн насихаттауға мiндеттi. Балаға жүз метр радиустегi аумақта алкогольдi iшiмдiктердi, темекiнi және темекi бұйымдарын сатуға тыйым салынады. 


38-бап. Баланы есiрткi, психотроптық, күштi әсер ететiн немесе улы заттардан қорғау


39-бап. Бала және қоғамдық ақпарат құралдары. Нәсiлдiк, ұлттық, әлеуметтiк және дiни өшпендiлiктi өршiтуді насихаттайтын кез келген ақпаратты таратуға тыйым салынады. 


40-бап. Баланы жезөкшелiк пен порнографиядан қорғау.


41-бап. Баланы соғыс қимылдарына қатыстыруға тыйым салу.




^ 8-тарау. Баланың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау 

42-бап. Баланы заңсыз алып кетуден қорғау


43-бап. Баланың заңды өкiлдерi.


44-бап. Мемлекеттiк органдар және баланың құқықтарын қорғау.


45-бап. Осы Заңды орындау кезiнде дауларды шешудiң сот тәртiбi.


46-бап. Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы мемлекеттiк баяндама.


47-бап. Босқын және амалсыз қоныс аударушы балалардың құқықтарын қорғау.




^ 9-бап. Бала жауапкершілігінің және оның мінез-құлқына әсер етудің ерекшеліктері 

48-бап. Бала жауапкершiлiгiнiң ерекшелiктерi


49-бап. Баланың мiнез-құлқына әсер етудiң ерекшелiктерi. Баланы тәрбиелеу тәсiлдерiнде баланың адамдық қадiр-қасиетiне менсiнбей, қатал, дөрекi қарау, оны қорлау немесе қанау болмауға тиiс. 




10-бап. Қорытынды ережелер

50-бап. Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк. Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жауапты болады. Ата-ананың балаларды тәрбиелеу мен күтiп-бағу мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы, балаларды қадағалаусыз қалдыруы, оларға қатыгездiкпен қарауы, оларды қанауы ата-аналық құқықтарынан айыруға әкеп соғады. 


51-бап. Уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңдарының сақталуын iске асыруды үйлестiруi.


52-бап. Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңнамасының сақталуына бақылау жасау.


53-бап. Баланың құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың қызметiн үйлестiру



3-ҚОСЫМША

^ Бала құқықтары декларациясы

(жеңілдетілген мәтін)

1-қағидат 

Барлық балалар нәсіліне, түр-түсіне, жынысына, тіліне, дініне, саяси немесе өзге наным-сенімдеріне, қай жерде туғанына немесе кімде туғанына қарамастан төменде келтірілгендерге құқылы. 

2-қағидат

Сіз бостандығыңыз бен қадір-қасиетіңіз сақталып, денелік және рухани салауатты, қалыпты жолмен өсіп-дамуға құқылысыз. 

3-қағидат 

Сіз есім алуға және қандай да бір елдің азаматы болуға құқылысыз. 

4-қағидат 

Сіз ерекше қамқорлық пен қорғанысқа, жақсы тамақтануға, тұрғын үйге және медициналық қызмет алуға құқылысыз. 

5-қағидат

Егер дене бітіміңізде немесе басқа да кемістіктеріңіз болса ерекше қамқорлыққа ие болуға құқылысыз 

6-қағидат  

Сіз ең алдымен отбасыңыз тарапынан, олар болмаған жағдайда үкімет тарапынан махаббат пен түсіністікке ие болуға құқылысыз

7-қағидат

Сіз мектепке тегін баруға, ойнауға және дамуға теңдей мүмкіндіктер алуға, сондай-ақ жауапты және пайдалуға, болуға, үйренуге құқылысыз.  

Ата-анаңыз сіздің білім алуңызға және оқуыңызға ерекше жауап береді. 

8-қағидат 

Сіз үнемі бірінші болып көмек алатын адамдар арасында болуға құқылысыз

9-қағидат 

Сіз барлық қатыгез әрекеттерден немесе қаналудан қорғалуға құқылысыз, мысалы, сіз дене бітіміміздің және ақыл-есіңіздің дамуына кедергі келтіретін жұмысты жасауға міндетті емессіз.  

Жасыңыз кішкентай болса сізге жұмыс істеуге болмайды, денсаулығыңызға зиян келтіретін немесе рухани жетілуге және дене бітіміміңіздің дамуына кедергі келетін болса тіпті болмайды. 

10-қағидат 

Сізді барлық адамдармен бейбіт және тату тұруға, түсінушілік пен төзімділік танытуға үйрету қажет.

4-ҚОСЫМША
Каталог: content -> files
files -> Мазмұны мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері
files -> Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты «Сот кабинеті»
files -> «Қазпочта» АҚ АҚпараттық саясаты бекітілді
files -> Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің 2012 ж мәжілісінің
files -> Справка тоо «Қазақ энциклопедиясы» включен в Перечень объектов организаций республиканской собственности, подлежащих приватизации
files -> 1 есеп. “Фишкалар”
files -> Журнал экономической теории, 2012, №1 Аннотации статей / Abstracts
files -> ЗАҢды тұЛҒаларғА, жеке кәсіпкерлерге, шаруа қожалықтарына, жеке сот орындаушыларына, жеке нотариустерге және адвокаттарға есептік-кассалық Қызмет көрсету бойынша тарифтер
files -> ЗАҢды тұЛҒалар мен жеке кәсіпкерлер үшін қызмет тарифтері


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет