Бала күтімі бойынша жәрдемақы алу үшін ашылған банк шотынан банк қарызы бойынша берешекті өтеу есебінен ақша алу мүмкін бе?



жүктеу 6.63 Kb.
Дата05.07.2016
өлшемі6.63 Kb.
Бала күтімі бойынша жәрдемақы алу үшін ашылған банк шотынан банк қарызы бойынша берешекті өтеу есебінен ақша алу мүмкін бе?
Мемлекеттік бюджеттен не Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды және әлеуметтік төлемдерді алуға арналған банк шотынан ақша алуға, оның ішінде банк қарызы бойынша берешекті өтеу мақсатында ақша алуға жол берілмейді. Осы шара шеңберінде банкте жоғарыда аталған төлемдерді есепке алу және жекелеген есебін жүргізу үшін арнайы банк шотын ашу көзделген.

Егер мемлекеттік жәрдемақыларды не әлеуметтік төлемдерді алушы-қарыз төлеуші банкке өзіне жекелеген банк шотын ашу туралы талаппен өтініш жасамаған жағдайда, оның қарапайым тәртіпте ашылған банк шотына үшінші тұлғалардың талаптары, оның ішінде банк берешегін өтеу жөніндегі кредитор банктің талаптары қойылатын және орындалатын болады.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет