«Бала тууға және бала күтімі бойынша жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



жүктеу 236.69 Kb.
Дата05.07.2016
өлшемі236.69 Kb.


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген


«Бала тууға және бала күтімі бойынша жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Бала тууға және бала күтімі бойынша жәрдемақылар тағайындау».

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлеген орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелері.

4. Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдардың атауы:



  1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының қалалық, аудандық бөлімшелері (бұдан әрі – уәкілетті ұйымның бөлімшесі);

  2. халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – орталық) – бала тууға және бала күтімі бойынша жәрдемақылар тағайындауға бірінші рет өтініш білдірген жағдайда;

  3. «электрондық үкімет» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал).

5 Бала тууға және бала күтімі бойынша жәрдемақы алуға құқығы бар Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтар және оралмандар көрсетілетін қызметті алушылар болып табылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
6. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

уәкілетті ұйымның бөлімшесінде немесе орталықта:

1) көрсетілетін қызметті алушының өтінішін (орталықтың электрондық өтінімін) уәкілетті ұйымның бөлімшесінде тіркеген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

мемлекеттік қызмет көрсету туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттың (құжаттардың) жоқтығы анықталған жағдайларда - 30 жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады, бұл ретте, егер құжаттар қайта ресімделсе, көрсетілетін қызметті алушы жоқ құжатты (құжаттарды) ұсынған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсетіледі;

қызметті беруші ұсынылған құжаттарда қате анықтаған жағдайларда – 5 жұмыс күнге ұзартылады, бұл ретте егер құжаттар қайта ресімделсе, мемлекеттік қызмет уәкілетті ұйымның бөлімшелері қатені жойған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

2) өтініш білдірген күні сол жерде көрсетілетін (тіркеу, талон алу кезінде) қажетті құжаттардың толық пакетін тапсыруға мемлекеттік қызмет алуға дейін күтудің ең ұзақ шекті уақыты бір көрсетілетін қызметті алушыға 30 минуттан есептегенде кезектегі адамдардың санына байланысты;

3) көрсетілетін қызметті алушы өтініш білдірген күні көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең ұзақ шекті уақыты – 30 минуттан аспайды;

порталда:

электрондық өтінішті уәкілетті ұйымның бөлімшелерінде тіркеген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде.

7. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

8. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі:

1) уәкілетті ұйымның бөлімшесінде немесе орталықта:

бала тууға және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды (бұдан әрі – жәрдемақылар) тағайындау туралы осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша не жәрдемақыларды тағайындаудан бас тарту туралы осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз жеткізгіштегі хабарлама болып табылады;

Жәрдемақыларды тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы хабарламаны беру тұрғылықты жері бойынша уәкілетті ұйым бөлімшесіне немесе орталыққа көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі барған кезде жүзеге асырылады.

Егер көрсетілетін қызметті алушы қызметтің нәтижесін алу үшін көрсетілген мерзімде келмеген жағдайларда:

уәкілетті ұйымның бөлімшесі оның электрондық түрде сақталуын қамтамасыз етеді;

орталық оның бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді.

2) порталда:

жауапты адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған жәрдемақыларды тағайындау не себебін көрсете отырып, жәрдемақыларды тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама болып табылады.

Портал арқылы өтініш білдірген кезде жәрдемақыларды тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберіледі.

9. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

10. Жұмыс кестесі:

1) уәкілетті ұйымның бөлімшелерінде:

демалыс және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Көрсетілетін қызметті алушыларды қабылдау: дүйсенбіден сенбіні қоса алғанда сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін. Бұл ретте азаматтарды қабылдауды сенбіде 13.00-ден-14.00-ге дейін кезекші мамандар жүргізеді.

Алдын ала жазылу және қызметті жеделдетіп көрсету көзделмеген.

2) орталықта:

демалыс және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мереке күндерін қоспағанда, түскі үзіліссіз дүйсенбіден сенбіні қоса алғанда белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес күн сайын сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

Қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібімен жүзеге асырылады.

3) порталда – тәулік бойы.

11. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы:

уәкілетті ұйымның бөлімшесіне немесе орталықта:

осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті мынадай құжаттармен бірге:

1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктің тұруға ықтиярхаты),

сондай-ақ оралмандар үшін – оралман куәлігін;

2) баланың (балалардың) туу туралы куәлігін (куәліктері) не туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірмені;

3) көрсетілетін қызметті алушының деректері баланың туу туралы куәлігіндегі деректермен сәйкес келмеген жағдайда неке қию (бұзу) туралы куәлікті;

4) балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуді немесе бала асырап алуды растайтын құжатты;

5) өтініш беруші отбасы мүшелерінің, асырап алынған, өгей және қорғаншылыққа алынған балаларын қоса алғанда тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін және бірге тұратын жерін растайтын құжатты;

6) жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік шоттың нөмірі туралы мәліметтерді;

7) өтінішті және қажетті құжаттарды басқа адам берген жағдайда сенімхатты.

Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша баланың (балалардың) туу туралы куәлігін не туу туралы акті жазбасынан үзінді көшірмесі, Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін жүргізілген неке қию (бұзу) туралы куәлікті, сондай-ақ осы тармақтың 4), 5), 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсыну олардағы ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған жағдайда талап етілмейді.

Құжаттар түпнұсқада ұсынылады, уәкілетті ұйымның бөлімшесі немесе орталық сканерден өткізеді, содан кейін мемлекеттік қызмет алушыға қайтарылады;

портал арқылы өтініш білдірген кезде – осы тармақта көзделген құжаттардың негізінде толтырылған электрондық өтінімде көрсетілген мәліметтерді растау үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды жүзеге асырады.

12. Мыналар:



  1. уәкілетті ұйымның бөлімшесіне немесе орталыққа өтініш білдірген кезде – мемлекеттік көрсетілетін қызметті тіркеген күні және алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талоны;

  2. портал арқылы өтініш білдірген кезде – көрсетілетін қызметті алушылардың жеке кабинетіне жіберілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметті тағайындауға электрондық өтінімді қабылдау туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттар пакеті қабылданғанын растайтын құжат болып табылады.

13. Уәкілетті орган бөлімшесінің маманы немесе орталықтың қызметкері:

1) осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат бере отырып, көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсынбаған жағдайда;

2) осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама бере отырып, көрсетілетін қызметті алушыда жәрдемақы тағайындау, төлеу немесе тағайындауға өтініш беру фактісі болғаны анықталған жағдайда, өтінішті қабылдаудан бас тартады.

14. Мемлекеттік қызмет көрсетуден:

1) жәрдемақы тағайындауға бала күтімін жүзеге асыратын, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылатын адам бала күтімі бойынша өтініш білдірген кезде;

2) жәрдемақы тағайындауға бала туған күннен бастап он екі ай өткеннен кейін өтініш білдірген кезде;

3) балалар толық мемлекеттік қарауында болған кезде бас тартылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, уәкілетті ұйымдар бөлімшелерінің, орталықтардың және олардың қызметкерлерінің шешіміне, әрекетіне (әрекетссіздігіне) шағымдану тәртібі
15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарын, қызметкерлерінің шешіміне, әрекетіне (әрекетссіздігіне) шағымдану:

1) көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті ұйымдар бөлімшелерінің, орталықтардың басшыларына және (немесе) олардың лауазымды адамдарына, және (немесе) олардың қызметшілеріне тікелей. Азаматтарды қабылдау кестесі http:/www.enbek.gov.kz; www.gcvp.kz; www.con.gov.kz. интернет-ресурстарында орналастырылған;

2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 8 (7172) 74-37-23, 74-33-65, 74-28-41 нөмірлері бойынша «сенім телефонына»;

3) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурсының «сұрақ-жауап» бөліміне;

4) Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің блогына (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурсының «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің блогы» беті);

5) 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8-үй, 6-кіреберіс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде орналасқан шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшік арқылы;

6) жазбаша шағыммен 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8-үй, 6-кіреберіс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңсесіне жүгіну арқылы жүзеге асырылады.

16. Шағымда көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс. Шағым берген кезде шағым жасалатын субъектінің атауы немесе лауазымды адамның лауазымы, тегі, аты-жөні, өтініш беру себебі мен талаптары көрсетіледі.

17. Жазбаша шағыммен жүгінген көрсетілетін қызметті алушыға шағымды қабылдау күні мен уақыты және шағымды қабылдаған адамның, тегі, аты-жөні көрсетілген талон беріледі.

18. Қабылданған шағым «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерде қаралады.

19. Шағымның қаралу нәтижесі жөнінде көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша түрде хабарланады.

20. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.



4. Мемлекеттік қызметтер көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
21. Жеке сәйкестендіру нөмірі мен ЭЦҚ болған жағдайда жәрдемақыны тағайындау туралы ақпаратты «электрондық үкімет» веб-порталы www.e.gov.kz арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.

22. Мемлекеттік қызметтердің көрсетілу орындарының мекежайлары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурсында орналастырылады.

23. Консультативтік қызметтер сall-орталықтың (1414) телефоны арқылы және уәкілетті органның сall-орталығының (1411) телефоны бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы көрсетіледі.

«Бала тууға және бала күтімі бойынша

жәрдемақылар тағайындау»

мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына

1-қосымша


Бала тууға және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша біржолғы жәрдемақылар тағайындау туралы хабарлама

«_____»__________________20___ж.


Азамат ______________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты)


Туған күні: «________»_________________ 19___ж.

Тағайындау шешімі № ____________ «_____»____________20___ж.


Бала тууға тағайындалған жәрдемақы мөлшері:

________________(____________________) _________20__ж.

(жазбаша

Бала күтімі бойынша тағайындалған жәрдемақы мөлшері:

______________________(_________________) _______ _________20__ж.

(жазбаша)


Хабарлама жауапты тұлғаның ЭЦҚ куәландырылған:

______________________________________________________________

(жауапты адамның лауазымы және ТАӘ)

___________________

«Бала тууға және бала күтімі бойынша

жәрдемақылар тағайындау»

мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына

2-қосымша


Бала тууға және/ немесе бала бір жасқа толғанға дейін

оның күтімі бойынша біржолғы жәрдемақылар тағайындаудан

бас тарту туралы

№ ________хабарлама







«____» _________ 20___жылы

 

Азамат ______________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты)
Туған күні «_______» ________________ 19 ___жылы

ТАӘ және баланың туған күні _______________________________________




Бала тууға және/ немесе бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша біржолғы жәрдемақылар тағайындаудан бас тартылды:

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

(негіздеме (себебін көрсету)
Хабарлама жауапты тұлғаның ЭЦҚ куәландырылған:
______________________________________________________________

(жауапты адамның лауазымы және ТАӘ)


_______________________________

«Бала тууға және бала күтімі бойынша

жәрдемақылар тағайындау»

мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына

3-қосымша



Бала тууға және (немесе) бала бір жасқа толғанға дейін

оның күтімі бойынша жәрдемақылар тағайындауға арналған

өтініштің нысаны

Қазақстан Республикасы

_________________ облысы (қаласы) бойынша

Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті

Бөлімше коды:________
Өтініш беруші туралы мәліметтер (белгі қою): ата-ана __ қорғаншы қамқоршы)__
ЖСН: ________________________________

Өтініш берушінің ТАӘ: ______________________________________________

Туған күні: _____ ж. «___» _____________

Жеке басын куәландыратын құжат түрі: ____________________

Құжаттың сериясы: ________ Құжаттың нөмірі: _______ Кім берген: _________

Берілген күні: ____ ж. «___» _____________

Тұрғылықты тұратын мекенжайы:
Облыс______________________________________
қала (аудан) ____________ауыл: ________________
көше (шағын аудан)________________ ____ үй ___ пәтер

Бала тууға және (немесе) бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша берілетін біржолғы жәрдемақы тағайындалатын бала туралы мәліметтер

Баланың ЖСН: _____________________

Баланың ТАӘ:______________________

Баланың туған күні: 20___ж. «____»_____________

Баланың туу кезектілігі:____

Өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәлімет

Р/с №

ЖСН

Отбасы мүшелерінің ТАӘ

Өтініш берушіге туыстық қатынасы

Туған күні,

жылы


1













2













3













Банктік деректемелер:

Банктің атауы _____________________________________________________

Банктік шоттың №_______________________

Шоттың түрі: ағымдық ____ карточкалық шот _____

Маған бала тууға байланысты берілетін  жәрдемақы және (немесе) бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жәрдемақыны республикалық бюджет қаражаты есебінен тағайындауды өтінемін:
(керегін сызыңыз)
Бала тууға және (немесе) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жәрдемақыны тағайындау үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісімімді беремін.

Төленетін жәрдемақы мөлшеріне әсер ететін барлық өзгерістер туралы, сондай-ақ тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерге кету), сауалнама мәліметтерінің, банктік деректемелердің өзгеруі туралы Орталық бөлімшесіне он жұмыс күні ішінде хабарлауға міндеттенемін.

Жалған мәліметтер мен жасанды құжаттарды бергенім үшін жауапкершілік туралы ескертілді.
Өтінішке қоса берілген құжаттар тізбесі:

Р/с



Құжат атауы

Құжаттағы парақтар саны

Ескертпе

1










2









Өтініш берушінің байланыс деректері:

телефоны _________________ ұялы _______________ Е-маіl ______________
20___ж. «____»_____________ Өтініш иесінің қолы _____________________

-------------------------------------------------------------------------------------------------------(қию сызығы)

Қоса берілген құжаттармен өтініш берушінің ТАӘ ____________ өтініші 20___ ж. «___» ________ қабылданды, өтінішті тіркеу күні: 20___ ж. «___» ________ қызметті алу күні (Орталық бөлімшесінде өтінішті және (немесе) электрондық өтінімді тіркеген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні): 20___ ж. «___» ________

Жәрдемақыны тағайындауға қажетті құжаттың (құжаттардың) жоқтығы анықталған жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 2 қарашадағы № 1092 қаулысының 24, 25-тармақтарына сәйкес ұзартылады

________________________________________________________________

Құжатты қабылдаған адамның ТАӘ, лауазымы және қолы


Төленетін жәрдемақы мөлшерінің өзгеруіне әкелетін барлық өзгерістер туралы, сондай-ақ тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерге кету), сауалнама мәліметтерінің, банктік деректемелердің өзгеруі туралы Орталық бөлімшесіне хабарлауға міндеттенемін.
Жалған мәліметтер мен жасанды құжаттарды бергенім үшін жауапкершілік туралы ескертілді.

_________________________

«Бала тууға және бала күтімі бойынша

жәрдемақылар тағайындау»

мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына

4-қосымша
___________________________________

көрсетілетін қызметті алушының

ТАӘ не ұйымының атауы)

_________________________________

(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы

қолхат

«Бала тууға және бала күтімі бойынша жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын басшылыққа ала отырып уәкілетті ұйымның бөлімшесі немесе «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының №____ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген құжаттардың толық пакетін ұсынбағандықтан ___________________________ мемлекеттік қызмет көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес көрсету) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

Жоқ құжаттардың атауы:

1) ________________________________________;

2) ________________________________________;

3) ….


ұсынбауыңызға байланысты бас тартады.

Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалған.

____________________________ _____________

(Орталық қызметкерінің ТАӘ) (қолы)


Тел.__________

Алдым: ТАӘ / көрсетілетін қызметті алушының қолы
20__ ж. «___» _______

«Бала тууға және бала күтімі бойынша

жәрдемақылар тағайындау»

мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына

5-қосымша


Бала тууға және/ немесе бала бір жасқа толғанға дейін

оның күтімі бойынша біржолғы жәрдемақылар тағайындау үшін өтініш қабылдаудан бас тарту туралы

______хабарлама











«_____» _______________20____ ж.




Азамат__________________________________________________________ (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)

Туған күні «____» ____________________ж.


ТАӘ және баланың туған күні __________________«____» __________жылы
Өтініш беру күні «___» ________________ 20_____ ж.

Бала тууға және/ немесе бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша бір реттік жәрдемақыны тағайындау өтінішін қабылдаудан бас тарту себебі:

______________________________________________________________________________________________(себебін көрсету)

Хабарлама жауапты тұлғаның ЭЦҚ куәландырылған:


_______________________________________________________________________________

(уәкілетті органдағы жауапты адамның лауазымы ( ТАӘ)

_______________________________________


К
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелері.

Жұмыс кестесі: 1) уәкілетті ұйымның бөлімшелерінде: демалыс және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Көрсетілетін қызметті алушыларды қабылдау: дүйсенбіден сенбіні қоса алғанда сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін. Бұл ретте азаматтарды қабылдауды сенбіде 13.00-ден-14.00-ге дейін кезекші мамандар жүргізеді.

2) орталықта: демалыс және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мереке күндерін қоспағанда, түскі үзіліссіз дүйсенбіден сенбіні қоса алғанда белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес күн сайын сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурстарының мекен-жайы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурсын орналастырылған.
өрсетілетін қызметті алушыға «Бала тууға және бала күтімі бойынша жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу тәртібі туралы жадынама







Өтініштерді қабылдауды жүзеге асыратын және мемлекттік қызмет көрсету нәтижелерін беретін ұйымдардың атауы: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының қалалық, аудандық бөлімшелері (бұдан әрі – уәкілетті ұйымның бөлімшесі); халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – орталық);





«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет алу жолдары туралы ақпарат:«электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) - жеке сәйкестендіру нөмірі және ЭЦҚ болған кезде



Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

уәкілетті ұйымның бөлімшесінде немесе орталықта:

1) көрсетілетін қызметті алушының өтінішін (орталықтың электрондық өтінімін) және осы стандарттың 2.6-тармағында айқындаған қажетті құжаттарды уәкілетті ұйымның бөлімшесінде тіркеген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде.

2) өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін (тіркеу, талон алу кезінде) қажетті толық құжаттар пакетін тапсыруға мемлекеттік қызмет алуға дейін күтудің ең ұзақ шекті бір көрсетілетін қызметті алушыға 30 минуттай есептегенде кезектегі адамдардың санына байланысты;

3) көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген күні көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің шекті ең ұзақ шекті уақыты – 30 минуттан аспайды;

порталда:

электрондық өтінішті уәкілетті ұйымның бөлімшелерінде тіркеген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде.




Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажет құжаттардың тізбесі:

уәкілетті ұйымның бөлімшесіне немесе орталықта:

көрсетілетін қызметті алушының осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берген кезде өтінішіне қоса:

1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктің тұруға ықтиярхаты),

сондай-ақ оралмандар үшін – оралман куәлігі;

2) баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) не туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме;

3) мемлекеттік қызмет алушының деректері баланың туу туралы куәлігіндегі деректермен сәйкес келмеген жағдайда неке қию (бұзу) туралы куәлік;

4) балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуді немесе бала асырап алуды растайтын құжат;

5) өтініш беруші отбасы мүшелерінің, асырап алынған, өгей және қорғаншылыққа алынған балаларын қоса алғанда тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін және бірге тұратын жерін растайтын құжат;

6) жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік шоттың нөмірі туралы мәліметтерді;

7) өтінішті және қажетті құжаттарды басқа адам берген жағдайда сенімхат;

8) көрсетілетін қызметті алушының осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысанда дербес деректерді жинақтау мен өңдеуге келісімі;






Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері:

1) уәкілетті ұйымның бөлімшесінде немесе орталықта: бала тууға және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды (бұдан әрі – жәрдемақылар) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойыншане тағайындау туралы жәрдемақыларды тағайындаудан бас тарту туралы осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз жеткізгіштегі хабарлама болып табылады;

2) порталда:

жәрдемақыларды тағайындау не себебін көрсете отырып, жәрдемақыларды тағайындаудан бас тарту туралы жауапты адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы хабарлама.





Қосымша ақпарат

Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекежайлары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурсын орналастырылады.

Консультативтік қызметтер мемлекеттік қызметтеркөрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы call-орталықтың: (1414) телефоны және уәкілетті ұйымның call-орталығының: (1414) телефоны бойынша көрсетіледі.



«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартының

4 Қосымшасы
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу схемасы
көрсетілетін қызметті беруші жүгінген кезде
















Белгіленген Белгіленген



талаптарға талаптарға

сәйкес келуі сәйкес келмеуі








мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетудің нәтижесі қанағаттанарлықсыз болған кезде











Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу схемасы
Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінген кезде

















Белгіленген Белгіленген

талаптарға талаптарға

сәйкес келуі сәйкес келмеуі






Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетудің нәтижесі

қанағаттанарлықсыз болған кезде









Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу схемасы
«электроды үкімет» веб-порталы арқылы





















Бекітілген талаптарға бекітілген талаптарға

сәйкес келуі сәйкес келмеуі






Көрсетілген қызмет

нәтижесімен

қанағаттанбаған



жағдайда









©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет