6. Әрбір құсқаннан кейін науқастың
ауызын таза сумен шайғызып, бетін
және аузын салфеткамен сүртіңіз.
7. Науқасқа физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз етіңіз.
8. Егер бала әлсіріген немесе ессіз күйде
жатқан жағдайда болса
9.
Баланы бір қырына жатқызыңыз, (құсық тыныс жолдарына түспеу үшін)
басын қырына қарай бұрыңыз.
10. Баланың мойнын және кеудесін сүлгімен жауып, ауыз бұрышына
құсыққа арналған бүйрек тәрізді лотокті қойыңыз.
11. Ауыз және мұрын қуысынан құсықты электросорғышпен немесе резин
баллонмен сорыңыз немесе ауыз қуысындағы
құсық қалдықтарын
салфеткамен сүртіңіз.
12. Әрбір құсқаннан кейін, салфеткамен ауызын, иегін сүртіңіз.
13. Қолғапты шешіңіз. Салфетканы, қолғапты
қауіпсіз жоюға арналған
контейнерге салыңыз.
14. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз
Ескерту:
Бала қан құсса, тез дәрігерді шақыр! Мейірбике құсықты дәрігер
келгенше
сақтап қой, дәрігердің тағайындауы бойынша жолдама жазып
лабораторияға жібер.
Іш кебу кезінде (метиоризм) көмек көрсету
Мақсаты: жедел көмек
Керекті құрал-жабдықтар: жел шығаратын түтікше, прозерин, резенке
қолғап.
Іс- әрекеттер алгоритмі
9.
Гигиеналық деңгейде
қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.
10. Баланы шалқасынан жатқызып,белінен төмен шешіндіріңіз.
11. Ішіне сағат тілі бағытымен массаж жасаңыз.
12. Нәтиже бермесе, жел шығаратын түтікше қойыңыз
13. Олда нәтижесіз болса, прозерин 1мг/кг дене салмағына есеппен б/е егіңіз.
14. Рационнан газ жинамайтын тамақтарды қабылдамау
керектігін айтуымыз
керек (газдалған сусындыр, бұршақ тұқымдастар, көкөністер, қара нан).
Достарыңызбен бөлісу: