Балалар аурулары пәні


Мұрын қуысына тамшы тамызу



Pdf көрінісі
бет37/65
Дата15.03.2024
өлшемі3.24 Mb.
#495630
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   65
СТАНДАРТТАР жинағы балалар аурулары

 
Мұрын қуысына тамшы тамызу 
Қажетті заттар: Залалсыздандырылған тамызғыш, мақта шариктері, дәрі 
құйылған флакон (протаргол, галазолин, альбуцид, нафтизин, санорин 
ерітінділері) 
 
Есіңде сақта! Дәрі тамызу алдында баланың мұрнын тазалап ал. 
Тамызатын дәрінің атауын, сақталу мерзімін сыртқы этикеткасынан мұқият 
оқы.
1. Баланы жөргектеу үстеліне жатқыз. 
2. Тамызғышқа дәрі жинап ал. 
3. Сол қолдың 4 саусағын баланың маңдайына қойып, үлкен саусақпен 
мұрынның ұшын сәл көтеріп, басын дәрі тамызатын жағына бұр. 
4. Дәріні мұрынның сыртқы қабырғасының шырышты қабығына еппен 
тамыз. 
5. 1-2 минуттан кейін жаңағы ережелерді сақтап, дәріні мұрынның екінші 
жағына тамыз. 
Құлақ қуысына дәрі тамызу 
Мақсаты: емдік. 
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша. 
Ресурстар: залалсыздандырылған: лотокті, тамызғышты, мақта 
тампондарын, дәрілік ерітіндіні (дәрігердің тағайындауы бойынша), 
колғапты, ыстық суы бар лоток 50-60
0
С, қауіпсіз жоюға арналған 
контейнерді. 
 
Іс-әрекет алгоритмі: 
15. Баланың анасына емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның 
келісімін алыңыз. 


16. Дәрігердің тағайындауына сәйкес, дәрінің жарамдылығын тексеріңіз 
(атын, қоюлық дәрежесін, сақталу мерзімін оқыңыз, флаконның бүтіндігін 
анықтаңыз, дәрінің сыртқы түрін бағалаңыз). ыстық суы бар лотокқа 
салып, 36-37
0
С температурасына дейін дәрілік ерітіндіні жылытыңыз. 
17. Тамызғыштың бүтіндігін тексеріңіз. 
18. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз. 
19. Баламен қарым қатынас орнатыңыз (баланыны жүргізетін процедураға 
психологиялық дайындау). 
20. Баланы сау құлағын төмен қаратып, жөргектеу столына жатқызыңыз, 
ауру құлағы жоғары жағында болуы керек (ересек баланы отырғызуға 
болады). 
21. Құлағынан қабыршақтар, бөліністер болса турундымен тазалаңыз. 
22. Оң қолыңызбен тамызғышты алып, дәріні сорыңыз да білезік буынының 
сыртқы жағына тамызып, ертіндінің температурсын тексеріңіз. 
23. 1 жасқа дейінгі баланың құлақ сырғалағын артқа төмен, жастан үлкен 
баланың құлақ қалқанын артқа жоғары тартыңыз. 
24. Ерітіндінің 5-6 тамшысын есту жолының сыртқы қабырғасымен 
тамызып, козелогынан бірнеше рет басыңыз. 
25. Баланың құлағына 15-20 минутқа мақта тампон салып қойыңыз. Одан 
кейін құлағын құрғатыңыз. 
26. Тамызғышты дезерітіндісі бар ыдысқа, пайдаланған дәке тампондарын 
қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. 
27. Қолғапты шешіңіз, қолыңызды жуып, құрғатыңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет