Балалар фольклоры



бет2/4
Дата15.04.2023
өлшемі31.67 Kb.
#472275
1   2   3   4
Балалар фольклоры

Тұсаукесер сәби бесіктен шығып, еңбектеуден өткен соң, қаз тұрып, тәй-тәй басқанда жасалатын дәстүр. Бала екі табанымен тұрып, алғашқы қадам жасауға талпына бастаған сәтте дана қазақ “баламыз тез жүріп кетсін” деген ниетпен, сәбидің тұсауын кестіріп, думандатын той жасайды.

Ырымшыл қазақ тұсауы кесілмеген бала сүріншек, болашақта жығылғыш болады деп пайымдайды. Ал тұсауы кесілген бала біреудің ала жібін аттамайтын адал, жолы ашық азамат болады деп санаған. Сондықтан, қаз тұрып, тәй-тәй басып келе жатқан баланың тұсауын кесу бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатқан ескі дәстүр. Тіпті, бұл күнге орай кішігім думанды той жасалады.


Қаз-қаз, балам, қаз, балам,
Қадам бассаң мәз болам.
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін.
Қаз-қаз, балам, қаз, балам,
Тақымыңды жаз, балам,
Қадамыңды қарайық,
Басқаныңды санайық.
Қаз-қаз,балам, жүре гой,
Балтырыңды түре ғой.
Тай-құлын боп шаба ғой,
Озып бәйге ала ғой.
Қаз баса ғой, қарағым,
Құтты болсын қадамың.
Өмірге аяқ баса бер,
Асулардан аса бер.
Жүгіре қойшы құлыным,
Желбіресін тұлымың,
Елгезек бол, ерінбе.
Ілгері бас, шегінбе,- деп өлеңдете отырып, тұсауын пышақпен кеседі.


Мәпелеу жырлары. Нәрестенiң денi сау, ауыру-сырқаудан аман, әбден шыныққан, ел армандаған мықты азамат болып өсуi үшiн туған сағаттан бастап-ақ қам жейтiн ата-ана халық тәжiрибесiнде әбден қалыптасқан дәстүрлi әрекеттердi бұлжытпай орындайды.
Мәпелеу жырларының негізіндегі дене жаттығулары өмірлік қажеттіктен туған. Ана бала құлағына жағымды сөзбен жаттығу әрекеттерін сүйемелдей өлеңдетеді. Бұл өлеңдердің ырғағы жаттығу әрекетіне лайық болса, мазмұны:
Өс, өс балам, өсе бер,
Батыр бол балуан білекті.
Батыл бол таймас жүректі!
Аяғыңды созайық,
Саусағыңды жазайық,
Етті болсын балтырың,
Епті боп өс, жарқыным!
Өс, өс, өс, - деген сияқты балаға жақсы тілектер тілеу сипатында болып келеді. Бұл сияқты өлеңдер баланы шомылдырған кезде де айтылады. Баланы шомылдырып болған соң, денесін байлап, сылап жатқызады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет