Балалар жасында жақ-бет аймағының ақауларының профилактикасы, клиникалық көрінісі,консервативті және хирургиялық жолмен емдеу


Филатовтың сабақшалы қиығымен пластика жасау



бет4/6
Дата08.01.2023
өлшемі326.73 Kb.
#468207
1   2   3   4   5   6
Балалар жасында жа -бет айма ыны а ауларыны профилактикасы, кл

Филатовтың сабақшалы қиығымен пластика жасау
1916 жылы бет тіндерінің ақауын жамау кезінде В. П. Филатов пластикалық хирургияда теріасты клетчаткасына қоса алынған тері қиындысын түтік тәрізді орап теріні көшіру әдісін ұсынды.
Ақау аумағында бұл түтікшені жазып беттің ақауын қалыпқа келтіреді. Алғашқы рет В. П. Филатов мойында жоғарыда аталған тері түтігін жерілікті жансыздандыру арқылы бүгіп, қабақ ақауын жамау үшін қолданған.
Филатов сабақшысын жетілдіру үшін В. П. Филатовтың өзінің, Б. Е. Франкенбергтің, А. А Лимбергтің, М. П. Шефтельдің 20 жуық әртүрлі модификациялары ұсынылды. Сонымен қазір Филатов сабақшасының түрі: 1) Екі аяқшасы бар кәдімгі сабақша (чемодан тұтқасы секілді);
Қазіргі уақытта Филатов сабақшалары іштің бүйір бөлігінен, немесе көкіректің бүйір бетінің төменгі бөлігінен қалыптастырылады. Себебі бұл жердегі тіндердің көлемі жеткілікті болғандықтан функциональды, эстети-калық өзгерістер болмайды Содан кейін операцияның кезеңдері, сонымен қатар жүргізілетін басқа ем жоспарлары жасалады, Сабақша көлденең немесе аздап тік бағытта орналасу керек. Сол кезде дайындалған жеріне жанаспайды.
Балалардың тіс жақ ауытқуларының алдын алу кезеңдері:
1 кезең. Жатырішілік кезең 2 кезең. Туылғаннан 6-айға дейінгі кезең 3 кезең. 6-айдан 3 жасқа дейінгі кезең. 4 кезең. 3-6 жас. Сүт тістердің қалыптасу кезеңі 5 кезең. 6-9 жас. Аралас тістемнің алғашқы кезеңі 6 кезең. 9-12 жас. Аралас тістемнің соңғы кезеңі.

1 кезең. Жатырішілік кезең.

  • Еңбек етудің рационалды тәртібі және жүкті әйел демалысы.
  • Жүкті әйелдің дұрыс тамақтануы.
  • Ауыз қуысының санациясы және жеке бас гигиенасын сақтау.
  • Тіс-жақ жүйесінің аномалиясы мен деформациясын алдын алуға арналған санитарлық ағарту жұмыстары.
  • Тіс-жақ жүйесінің аномалиясы мен деформациясы және басқа аурулардың әйелі мен күйеуі туысқандарында бар жоқтығын анықтау.

2 кезең . Туылғаннан 6-айға дейінгі кезең.

  • Қысқарған тіл жүгеншесін кесу.
  • Туа пайда болған бет-жақ аймағының ақаулары, Робин синдромы, ангидротикалық эктодермальді дисплазия және басқа патологиялар анықталғанда дәрігер-ортодонттың бақылауында болып, диспансерлік есепте тұрады.
  • Біржақты және екіжақты ерін жырығы, таңдай жырықтарын дұрыстау.
  • Рационалды тәртіппен ана мен баланың тамақтануы.Баланы табиғи тамақтандыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет