Балалар ұжымының қалыптасуы мен дамуы Жоспары



бет1/9
Дата20.06.2022
өлшемі174.5 Kb.
#459369
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
kur -balalar-uzhymynyn-qalyptasuy-men-damuy-33


Балалар ұжымының қалыптасуы мен дамуы


Жоспары.
Кіріспе ............................................................................................................3-5
І Тарау Балалар ұжымының қалыптасу жолдары

1.1. Ұжымның қалыптастыру және оның балалар


тұлғасына ықпалы..................................................................................6-16
1.2. Балалар ұжымының даму кезеңдері мен ерекшеліктері...................16-24
1.3. Даму кезеңдерінде балалардың іс - әрекетін мен қарым – қатынасын ұжымдастыру ерекшеліктері.........................................................................24-25


ІІ Тарау . Балалар ұжымымен жұмыстар жүргізудегі мұғалімнің кәсіби шеберлігі
2.1. Балалар ұжымымен жұмыстар жүргізудегі мұғалімнің кәсіби маңызды қасиет – сапалары..........................................................................26-27
2.2.Балалар ұжымының жағдайын зерделеу әдістемесі ...................27-29
ІІІ.Қорытынды бөлім.............................................................................30-31


IV.Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................32


V. Қосымшалар .......................................................................................33-34


І. Кіріспе
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында болашақ, келесі ғасырға, жаңа мыңжылдыққа, қашық болашаққа өтетін құндылықтар туралы айтты: "Біз өзіміздің болашағымызды және балаларымыздың болашағын қандай күйде көргіміз келеді, осыны айқындап алатын уақыт жетті. Біз ненің іргесін тұрғызғымыз келетінін, таңдап алған мақсатымызға алып келетін өз дамуымыздың траекториясы, даңғылы қандай болуға тиіс екенін анық білуге және ұғынуға тиіспіз".
Білім беру- бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интелектуальдық, мәдени дамуыныі жоғары деңгейін және кәсіби біліктігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі. Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы адамзаттық қазыналар, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру және дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау. Мемлекет білім беру жүйесін басым дамытуға , білім беру мекемелерін дүнмежүзілік деңгейге бағдарланған нормативтер бойынша қаржыландыру және материальдық техникалық жағынан жабдықтау жолымен білімділік мәртебесін арттыруға кепілдік береді.
1999 жылы 7 маусымда ҚР “Білім туралы” заңы қабылданды. Заң білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың төмендегідей негізгі қағидаларын орнатты.
1. Қазақстан Республикасының азаматтары – білім алуға тең құқылы.
2. Әрбір азамат үшін интелектуальдық дамуы мен психо-физиологиялық және жеке бастарының қажеттілігіне сәйкес, білімнің барлық саласының қол жетерлік болуы.
3. Білімнің зайырлылығы.
4. Жеке тұлғаның білімінің және дарынының дамуына жағдай жасау.
5. Оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі, білім алу жүйесінің үздіксіздігі.
6. Білім беру ұйымдарының меншік түріне, оқыту мен тәрбиелеу түріне, бағыттарына байланысты әртүрлі болуы.
7. Білім беру ұйымдарының өкілеттігі және оны басқарудың демократиялық бағытта болуы.
8. Білім беру ізгілікті, әрі дамыту бағытын ұстану керек.
9. Білімнің ғылыммен, өндіріспен байланысы.
10. Оқушыларды кәсіптік бағытқа бейімдеу.
11. Білім беру саласының ақпараттандырылуы.
ҚР Білім беру жүйесі өзара іс-қимыл жасайтын:

  1. Меншік нысандарына үлгілерімен түрлеріне қарамастан білім беру ұйымдарының;

  2. Білім берудің түрлі деңгейлеріне арналған сабақтас білім беру бағдарламалары мен білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандарттарының;

  3. Білім беру бағдарламаларының іске асырылуы мен білім беру жүйесінің дамытылуын қамтамасыз ететін білім беруді басқару органдарымен осыларға қарасты ұйымдардың жиынтығы болып табылады.

Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.
Білім беру жүйесінің басым міндеттері мыналар болып табылады:

  • Білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау;

  • Жеке адамның шығармашылық , рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру;

  • Азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны- Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, озық дәстүрлерін қастерлеуге, Конститутцияға қайшы қоғамға қарсы келген кез- келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет