Балаларды жан-жақты тәрбиелеудеп ойынның маңызы


Дидактикалық ойындардың рөлі



бет6/9
Дата14.06.2022
өлшемі111.33 Kb.
#459206
1   2   3   4   5   6   7   8   9
. Балаларды жан-жақты тәрбиелеудеп ойынның маңызы

2.2 Дидактикалық ойындардың рөлі


Дидактикалық ойындар – балалар үшін өзіне тән жүру барысы, мақсаты маңызы бар әрекет. Мұндай ойындарды ұйымдастыру қашанда төмендегідей екі мақсатты көздейді:
- танымдық, яғни балада тану, іздену әрекетін дамыту;
- тәрбиелік, яғни үлкендермен немесе өз тұрғыластарымен қарам-қатынас жасағанда қажетті негізгі дағдыларды, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
Дидактикалық ойындарды құру мына негіздерге сүйенеді:

  1. Балалардың іс-әрекеттерінде ойын түрлерімен оқуды байланыстыру және біртіндеп қызықты, жеңіл ойындардан ойын тапсырмалары арқылы оқу тәрбие мәселесіне көшу.

  2. Ойынның шарты мен міндеттерінің біртіндеп күрделенуі.

  3. Берілген тапсырмаларды шешуде баланың ақыл-ой белсенділігінің кеңеюі.

  4. Оқу мен тәрбие мақсатының бірлігі.

Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді:

  1. Заттық дидактикалық ойындар-дидактикалық

ойыншықтармен және түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.

  1. Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар: «Лото»,»Домино» және т.б.

  2. Сөздік дидактикалық ойындар.

Дидактикалық ойынның маңызы мынада:

  1. Дидактикалық ойын оқушылардың қоршаған дүние туралы түсінігін кеңейтеді, оны бекітіп нақтылай түседі.

  2. Әрбір дидактикалық ойын оқушыны ойнай білуге баулып, сөздік қорын молайтады, ақыл-ой қызметін қалыптастырады.

  3. Дидактикалық ойын адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады. Дидактикалық ойын ережелері балалардан ұстамдылықты, тәртіптілікті қажет етеді.

Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жақсы меңгереді. Балалар тез сергіп, тапсырманы жылдам, дұрыс орындайтын болады.
Дидактикалық ойындардың тиімділігі олардың сабақтың әр кезеңіндегі орны мен міндетін, мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын бастауыш сынып мұғалімнің жетік меңгеруіне, шеберлік танытуға, ойынға қажетті материалдарды алдын ала дайындап алуға, ойын үрдісіне оқушыларды белсенді қатыстыруға байланысты.
Төмендегі шарттар орындалған жағдайда дидактикалық ойындарды пайдалану тиімділігі артады:
- егер бастауыш сынып мұғалімі балалардың ойын әрекетін ұйымдастыру жолдарын меңгерсе;
-егер ойынның түрлі типтерінің өзара әрекеті қамтамасыз етілсе;
-егер бастауыш сыныптарда қолданылатын ойындар жүйесінде басымдылық дидактикалық ойындарға берілсе.
« Бұл қай кезде болады? » дидактикадық ойыны.
Мақсаты: балаларды белгілі бір жыл мезгіліне байланысты білімдерін анықтау және әрі қарай дамыту.
Ойынның шарты: жауап берген балаға сақина беріледі. Жүргізушінің сұрағына қарай жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін атау.
Осының барысы: Жүргізушінің қойған сұрақтарына балалар ойланып дұрыс жауап береді.
1.Балалар, қай кезде қызыл, сары жапырақтар көп болады?
/балалардың жауабы/
2. Қай кезде жеміс-жидектер жиналады? /балалардың жауабы/
Балалардың жауаптарынан табиғат құбылыстарымен адам еңбегінің қай жыл мезгіліне байланысты екеннін анықтауға болады.
Жүргізуші: Енді мен жыл мезгілдерін айтамын. Ал, сендер соған байланысты бұл кезде не болатынын, адамдар немен айналасатынын айтасыңдар. Мысалы көктем деймінде, сақинаны Ақботаға беремін. Ақбота тез ойланып, көктемде не болатынын айтады. Ақботаның жауабы: Көктемде қар ериді. Ақбота сақинаны қасында отырған балаға береді.Олда көктемнің бір белгісін айтады. Осылайша ойын жалғаса береді. Ойын шартын бала толық меңгергенде ғана ойын басталады.Қиналған балаға тәрбиеші бағыттаушы сұрақтармен көмектесіп отырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет