Күн тәртібінің үлгісі
|
Дүйсенбі 07.11
|
Сейсенбі 08.11
|
Сәрсенбі 09.11
|
Бейсенбі 10.11
|
Жұма11.11
|
Балаларды қабылдау
|
Қоршаған ортамен танысу
«Күн бізде қонақта»
Мақсаты:
балаларды қабылдау: балаларды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алу. Ауа-райы жайлы әңгімелесу
Тәрбиешімен амандасуды үйрету.
Дұрыс шешіну дағдыларын қадағалау.
|
Сөйлеуді дамыту
«Балабақша»
Мақсаты:
балаларды қабылдау: балаларды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алу.
Әр баланың белсенділігіне назар аудару.
|
Құрастыру
үстел-үсті ойыны
Мақсаты: конструкторларды бір-біріне үстінен және жанынан біріктіре білуге үйрету.
Балалардың өзіне өзі қызмет көрсету дағдыларын қадағалау.
|
«Түстесін тап» дидактикалық ойын
Мақсаты: екі түрлі түстегі дөңгелектерді ажыратып, топтастыруға үйрету.
|
Жапсыру
«Әйгерімге арналған түрлі - түсті моншақтар»
Мақсаты: Ұсақ бөлшектерді түсі бойынша кезектестіріп, орналастыруға және жапсыруға, үйрету, қағаздың ерекшеліктерін нақтылау, жырту, бүктеуге үйрету.
|
Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру
|
Ата-аналармен бала денсаулығы, баланың үйдегі күн тәртібі, жетістіктері туралы әңгімелесу, баланы дамыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша (жыл мезгіліне байланысты балаларды киіндіру) кеңес беру.
|
Балалардың дербес іс-әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа іс-әрекеттер)
|
«Сақинаны кигізу» үстел-үсті ойыны
Мақсаты: сақиналарды тұғырға кигізу арқылы саусақ қимылын, көзбен бағдарлай алуын дамыту.
|
Сөйлеуді дамыту «Қуыршақ Әйгерім мен Динара балаларда қонақта»
Ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту, ойыншықтардың аттарын атай білуге, оларды сипаттап айтуға үйрету, (ы-і) дыбысын қайталату, дұрыс айтылуын жаттықтыру.
|
|