Тапсырма: «Қыс» тақырыбына символдар арқылы суреттер салуды ұсыну.
(қоршаған ортамен таныстыру)
Көркем сөз:
Тазалашы мұз болған,
Есік алды тайғанақ жата берсін.
Біз оған теуіп жүрміз сырғанақ,
Шыға беріп жалтақтай,
Ұшып түсті қалпақтай.
(Сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)
Қимылды ойын: «Аңшы мен қояндар»
Мақсаты: жылжымалы лақтырған нысанға затты тигізу, жүгіруге өрмелеп шығуға жаттықтыру.
Еңбек: Тәрбиеші жұмысты әркімге бөліп беруге көмектеседі. Бірі қарды жинаса, енді бірі оны тасиды, шанаға артады, ұжым болып бәрі қарды тазалауға қатысады.
Мақсаты: жұмысты бірігіп атқаруға бағыт беру.
Жеке жұмыс: «Адасқан қар қиыршықтары» тақырыбына шығармашылқ әңгіме құрастыру.
Жұмбақ: Құм сияқты ұсақ болғанымен,
Жер бетін жауып үлгереді. (қар)
(дене шынықтыру)
Еркін ойын
|
№2 Қырауды бақылау
Мақсаты: балаларға қыраудың қалай болатынын айтып кету. Қырау түскен ағаштарды бақылау. Темір затқа үрлеп көрейік. Оған қырау түсті, біздің буымыз суықтан қырауға айналды. Сонымен қырау бұл кәдімгі бу, ол әйнек шынысына, ағаш бұтақтарында, бұтақтарында, басқа заттарда қатып, қырауға айналған. Қырау әдетте күннің ашығында пайда болады.
Көркем сөз.
Тазартып бар кір шаңнан,
Қыс өнерін бастады.
Терезеге қыраудан,
Сурет салып тастады.
(Сөйлеуді дамыту,
көркем әдебиет,
қоршаған ортамен
таныстыру)
Еңбек: бір біріне
кедергі жасамай,
жұмыс істеуге
үйрету.
Жеке жұмыс:
тәжірибе жасау:
мұз бу су (заттың
бір түрден басқа
түрге айналуы)
Жорамал:
Ағашқа қырау
түссе, аяз болады.
Тұман болса, күн
жылынады.
Егерде түнде қырау
түссе, күндіз қар
жаумайды.
Жұмбақ:
Қанат сияқты ақ,
Ұлпа боп жерде
жатады.
(Көркем әдебиет)
|
Достарыңызбен бөлісу: |