Балалардың жасы 2-3 жас Жоспардың құрылу кезеңі



бет57/114
Дата28.03.2023
өлшемі244.54 Kb.
#471305
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   114
ҚЫС ЖОСПАР

Көркем әдебиет
Е.Өтетілеуұлы . «Бағдаршам»
Мақсаты: Бағдаршаммен таныстыру. Жолда жүру ережелерін түсіндіру.
«Бағдаршам»
Сақта көше тәртібін
Бағдаршамның ал «тілін»
Біліп алдым мен де:
Жасыл жанса, демде
Алға кетем лезде.
Сары жанса , сабыр
Сақтай тұрам әзір.
Жанса қызыл шоқтай,
Қаламын кілт тоқтай.



Серуеннен оралу

Балалардың киімін ретімен шешу, дербес және ойын әрекеті. «Айсұлу мен Қанат» әңгімелер желісі. Мақсаты: балабақшадағы іс−әрекетті қорытып, саралауға үйрету.

Балалардың дербес іс-әрекеті

Сурет салу.
«Түрлі түсті шарлар»
Балаларға дөңгелек, сопақша пішіндерді салуға жаттықтыру, оларды әдемі етіп әр түспен бояу арқылы ой - қиялын дамыту.

Мүсіндеу
«Алма жемісі»
Мақсаты: қол ептілігін қалыптастыру, саты туралы түсінік беру.

Сенсорика «Түстер»
Мақсаты: түстер туралы білімдері мен сызу жұмысын жақсарту.

«Мені қайтала»
дидактикалық ойын
Мақсаты:
ересектердің сөзін қайталай отырып, сөздік қорын молайту, тілін жаттықтыру.

Моншақты тіземіз» дидактикалық ойын.
Мақсаты: Алақанына сиятын көлемдегі сақиналарды көлденеңінен жіпке тізу арқылы қол қимылын, саусақ бұлшық етін дамыту.

Балалардың үйіне қайтуы

Балалардың жетістіктері туралы әңгімелесу, ата-аналардың балаларды тәрбиелеу мен дамыту бойынша сұрақтарына жауап беру, кеңес беру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет