Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары: 1. Ұзындығы 2,5-2 м, ені 25 см (2 жаста), 20 см (3 жаста) тақтай бойымен жүру, жіптен немесе таяқтан аттап өту.
Ойын: «Ненің жүрісі?» ойынын ойнау.
Қорытынды:Балаларды жалпы мадақтау. Тыныс алу жаттығуын жасау.
Тақырыбы:Домалату, лақтыру. Мақсаты: Допты шағын төбешіктен домалату; допты тәрбиешіге, балаға домалату және лақтыру; допты алға, жоғары лақтыру, бала кеудесінің деңгейінде тартылған лентадан допты асыра лақтыру.
Достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
ЖДЖ: Тізені бүгіп жазу (екіншісіне тұрып), еденде отырған қалпында, таяныштан ұстап отырып аяқтың ұшымен тұру, алға, жанына, артқа қадам жасау, аяқты алға, өкшеге қою.
Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары: 1.Бірнеше доға астынан еңбектеу.
2. Допты қақпа арқылы домалатуды қайталау.
Ойын: «Апандағы аю» ойынын ойнау.
Қорытынды: «Денені еркін ұста» баяу әуен ырғағымен демалу.
Тақырыбы:Сауықтыру-шынықтыру шаралары. Мақсаты: Жауын-шашынды күндері балалармен жабық қысқы бақта қимылды ойындар ұйымдастыру, жылдың жылы мезгілінде серуенде балалардың күн сәулесінің астында (3-5 минут) болуын қамтамасыз ету. Серуенде жылы құмның үстімен жалаң аяқ 2-3 минут жүргізу (алдын ала оның тазалығы мен қауіпсіздігіне көз жеткізу).