Тақырыбы:Домалату, лақтыру.
Мақсаты: Допты шағын төбешіктен домалату; допты тәрбиешіге, балаға домалату және лақтыру; допты алға, жоғары лақтыру, бала кеудесінің деңгейінде тартылған лентадан допты асыра лақтыру.
Достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
ЖДЖ: Тізені бүгіп жазу (екіншісіне тұрып), еденде отырған қалпында, таяныштан ұстап отырып аяқтың ұшымен тұру, алға, жанына, артқа қадам жасау, аяқты алға, өкшеге қою.
Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары:
1.Бірнеше доға астынан еңбектеу.
2. Допты қақпа арқылы домалатуды қайталау.
Ойын: «Апандағы аю» ойынын ойнау.
Қорытынды: «Денені еркін ұста» баяу әуен ырғағымен демалу.
|
Тақырыбы:Жүру және тепе-теңдік сақтау жаттығулары.
Мақсаты:Құрсаудан құрсауға өтуге үйрету;модульге немесе гимнастикалық скамейкаға көтерілуге және одан түсуге үйрету. Еденнен 12–18 см жоғары көтерілген арқаннан немесе таяқтан аттап жүру.
ЖДЖ: Бұрылу (оңға-солға), қолды кеуде тұсында айқастыру және екі жағына жазу, қолды шапалақтау; қолды алға, жоғары, жан-жаққа көтеру, оларды бүгіп, жазу, саусақтарын ашып жұму.
|