Қылмыстық Кодекс жөнінен қойылатын сұрақтар
Адам қылмыстық жауапкершілікке 12 жасынан бастап тартылатыны рас па?
(жоқ, 16 жасынан бастап, 15 бап)
Қылмыс жасалған уақытта жасы 14-ке келген болса, адамдарды қорқытып айып алған ісі (вымогательство) үшін қылмыстық жауапкершілікке тартыла ала ма?
(иә, 181 бап)
Кәмелетке толмағандарға айыппұл салынады ма?
(иә, егер жауапкер өздігінше жұмыс істейтін болса, 79 бап)
Әкімшілік Кодекс жөнінен қойылатын сұрақтар
1 . Әкімшілік заңды бұзған кезде жасы 16-ға келген, бірақ 18-ге толмаған тұлғалар кәмелетке толмаған болып санала ма ? (иә, 72 бап)
Кәмелетке толмағандарға әкімшілік қамаудан, арест, басқа барлық әкімшілік айыптың түрі салынатыны рас па? (иә, 73 бап)
Тәрбие арқылы әсер ету үшін Заңды түсіндіру, талқылау шаралары қолданыла ма?
(иә, 76 бап)
Ситуациялық жағдайлар
Мектепте сырт киімін тексеру бойынша рейд жүргізілуде. Киімі сәйкес келмеген балаларды үйлеріне қайта киініп келуге жіберіп, кешкі сағат 18-де ата-аналарын сұхбатқа шақыратындығы туралы айтты. Сонымен қатар оқушы талаптарға сай киінбесе сабаққа жіберілмейді деген ескерту болды.
Сыныпқа келіп, балаларға биылғы жылы технология сабағының орнына мына тізімдегі сабақтардың біреуін таңдауға болады деп хабарлама айтты. Бір күннен кейін сынып жетекшісі мектеп директорының бұйрығымен таныстыруға келеді, бірақта бұйрықта балалардың көбісінің таңдауы ескерілмеген.
14 жасар Ербол үйінде жалғыз. Қоңырау соғылды. Есік ашса, Ерболдың Қайрат атты досы екен. Екеуі есік алдында сөйлесіп тұрғанда ерлі-зайыпты кісілер Ерболдан телефон бар болса, біреуге қоңырау шалу керектігін айтты. Ербол ерлі-зайыпты кісілерді телефон тұрған бөлмеге қарай апарды. Сол кезде шақырылмаған қонақтардың біреуі баланы ұрып жіберіп, көзін, аузын байлап тастады да, екіншісі шкафтарды қопарып, бағалы бұйымдар мен компьютерді, т.б. алып есікке қарай ұмтылды. Есік алдында тұрған, қолында жетектеген иті бар Қайратқа соғылды. Ербол итке қылмыскерді ұстау жөнінде бұйрық берді. Қылмыскер ұсталды.
«Ұйымшыл паровоз» — лабиринт жаттығуы. Бір оқушының көзі байланады. Бірнеше орындық ретсіз қойылады. Оқушы арасынан өтуі керек. Екінші қайта өткізу керек, бірақ жанындағы оқушылардың көмегімен ретсіз орналасқан орындықтардың арасынан өтеді.
ІІ. Қамқоршыларды марапаттау. «Сәтбаев қаласы білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» қамқоршы және қорғаншы секторының меңгерушісі Ғ.О.Сейтмағанбетова
ІІІ. Рефлексия
Бір парақ қағазды алып, қолмен адам бейнесі шығатындай етіп қиямыз. Басына – аты-жөніңіз, қолына – не білгіңіз келеді, денесіне – тілек жазыңыз
Достарыңызбен бөлісу: |