Балаларды оқуға, жазуға үйрету процесінде талдау-жинақтау әдісін қолдану жолдары



бет13/19
Дата06.07.2022
өлшемі375.5 Kb.
#459622
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19
Балаларды оқуға, жазуға үйрету процесінде талдау-жинақтау әдісін қолдану жолдары

Әріптер тобы
Кіші әріптер:
І . и ш і п т н р у һ ү
ІІ. л м ь ы я
ІІІ. о а ю ф д б
ІV. с е ч ъ в
V. х ж ә з к
VI. й ғ ц щ ұ ң қ э ө
Бас әріптер:
І. И Ш Ц Щ Ч Ұ Ү Л М
ІІ. О Ө С З Х Е Э Ә
ІІІ. Ж У Н К Қ Ю Р В Ф
ІV. Г Ғ П Т Б
V. А Я Д Ы Ч [3./113-115б./]
1. Әріп құрамында тек негізгі немесе қосымша элементі бар, жазылуы оңай кіші и және ш әріптері. Олар сағат тіліне қарсы қозғалыспен жазылады. Бұл әріптерді жазу оңай болғанымен, оқыта бастағана айтарлықтай қате кетеді.
Кейбір оқушылар бұл әріпті жіңішке, басқа элементтерін қысыңқы етіп жазады.
Мұндай қателер әріптің әртүрлі жазылған үлгілерін салыстыру нәтижесінде жойылады.
Тақтаға үш и әріп жазылады:
Екеуі дұрыс емес, біреуі дұрыс.
Балалар үш үлгіге қарап дұрыс жазылған үлгіге көру керек. Осыдан кейін екі дұрыс емес жазылған әріптің қателерін түсіндіреді: « Сызықты жұмыс жолының төменгі сызығына жеткізіп дөңгелектесек – тік сызық болады, егер жұмыс жолының төменгі сызығынан жоғары дөңгелектесек – жалпақ болады». Оқушылар қорытындыға келіп, осы екі нүкте аралығында дөңгелету керектігін түсінеді.
2 . элементтер арасындағы арақашықтық сақталмауы; Бұл қате дөңгелекшені төменгі жолға өте жақын қайырғанынан болады.Мұндай қателер сирек кездеседі. Сондықтан оқушылармен жеке жұмыс барысында қатені түзету жолдарын түсіндіруге болады.
3 . әріпті жазуда элементтерді әр түрлі бағытта жазады
Бұл қатені жою үшін мынадай жаттығу беруге болады:

Үлкен И және Ш әріптері бір – біріне ұқсас келеді.
Мынадай қателер кетеді: а)
дұрыс бағытта жазылмаған. Бұл қатені жою үшін қозғалыстың бағытына талдау жасау керек – негізгі және қосымша элементтін, өзімізге қарай немесе өзімізден жазғанда бағыты қандай болу керектігін түсіндіру керек;

б ) элементтер арасындағы қашықтықтың біркелкі емес;


Қатені түзету кезінде элементтер арасындағы қашықтықтың бірдей болу керектігін айту керек.
4 . элементтер арасындағыорын қалдырылмаған: бұл қате дәл кіші ш немесе и әріптегідей болғандықтан, сол жолмен түзетіледі.
Мынадай әріптерде: п, Т, Р көбінесе ұқсас қателер кетеді.

Бұл қате әріптің негізгі немесе қосымша элемент талдау жасағанда жойылады.

Сонымен қатар мынадай жаттуғылар : соңғы элементі жазылмайды, те дөңгелектейтін жерге дейін жазылады.

Осыдан кейін оқушылар элементті сақтайды.
Мынадый жаттығулар да ------- :

Мұдай жаттығулар қатені түсінуге көмектеседі немесе әріпті дұрыс жазуды бекітеді.
Кіші р және п әріптерінде де ұқсас қателер кетеді:

Қатені қосатын элементті ----- ерте бас---дықтан болады.

Қатені түзеу үшін мұғалім тақтаға әріпті жазып көрсетеді.Оқушылар қайталайды.
Бір – біріне ұқсас қателер үлкен немесе кіші л мен м әріптерден кетеді.

Қатені түзеу үшін мынадай жаттығулар беріледі:

Кейде бұл әріптердің жоғарғы жағы дөңгелектеп жазады:

Оқушыларға жоғарғы жағы дөңгелетеу қажет емес екенін түсіндіру керек:

Үлкен немесе кіші Я, я әріптерінің жазуларында қате сирек кетеді.Тек, тез жазу кезінде егер я әріпі сөздің соңында келсе мынадай қателер кетер мүмкін:

Мұндай қате жіберген балаға өз қатесін өзіне табуды талап ету керек. Тақтаға мұғалім қате әріпті жазып, оны барлық оқушыға ----- қажет. Мұндай қате кімнен кетсе --- оны қалай түзету керектігін сұрау керек.
Келесі топтағы әріптер: у, ц, ч, щ, ш, - жазуда қиыедық тудыратын шиекті жазу.
Мұндай элементтерге терең талдау және арнайы жаттығулар жүргізу барысында қателер жойылады. Мұғалім у, ц, щ әріптерінде шиектің көлеміне назар аудартады. Кіші у әрпінде --- үлкен, ал ц әрпінде өте кішкетай.

Баланың назарын у әрпінің шиегі төменнен, ц әрпінің шиегі ілгекшегі бар сызықтан басталатының айту керек.
1 сыныпта мұғалім көрнекі түрде ілмекшелерден бастап шиекті жазуда көрсетеді:

ескертеті маңызды нәрсе, у әрпі сияқты шиек төменгі сызықта қиылысады.
У және ц әріптерін түсіндіргенде тақтаға негізгі элементтерінің “ ұқ- сасын ” берген жөн:

Бұл әріптің формасынан көрініс береді.
Кіші у, ц, щ әріптерінде ұқсас қателер кетеді:

  • ш иектің солға қарай ауытқып жазылуы;

  • ш иектің формасының дұрыс еместігі;

  • ш иектің көлемі және формасы дұрыс емес;

  • ш иекті жазуды дұрс бастамау.

Мұғалім тағы да дұрыс әріпті жазылған, әріпке талдау жасап көрсетеді:

Осылайша әріптерді топқа бөліп жұмыс жасау бір – біріне ұқсастықтарды
ғана емес, сонымен қатар жазу ерекшелігіндей айырмашылықты түсінуге үлесі зор.
Үлкен Ч әріпінің жазылуында кететін қателер үлкен Ш және И әріптерімен ұқсас келеді. Бұларды жазуда қозғалыс бағытына көбірек назар аудару керек.
Кіші ч әріпінен шапшан жазу барысында қателер кетуі мүмкін. Бастауыш мектеп оқушылары бұл әріпті жазғанда жоғарғы және төменгі бөліктер арасында прапорция сақтамауынан қателер кетеді. Әріптің қателеріне талдау жасау қатені түзеуге көмектеседі.
Бір – біріне ұқсас кіші а және д әріптерінен мынадай қателер кетуі мүмкін:
Әріпте үзіліс пайда болған. Оқушыларға бұл қатенің пайда болу себебін түсіндіру керек. Қаламсапты жоғары қарай жазғанда бастаған жерімізге тигізуіміз қажет.
Кіші д әріпінде сонымен қатар имектің дұрыс емес жазылуы кездеседі. Мұндай қателерді у әріпімен бірдей етіп қателерді түзетеміз.
Кіші б әріпін жазғанда тек 1 сыныпта ғана емес, 2 – 3 сыныптарда да көптеген қателер жібереді. Мынадай қателер кетеді:
1. жұмыс жолының жоғарғы сызығынан шығатын әріп бөлігінің бағыты бұзылған. Бұл қате оқушылардың жоғарғы жағына қарай жазатын жазуының үлкен көлбеулікпен жазуынан болады. Мұғалім оқушыларға б әріпі о әріпі сияқты біркелкі бағытпен жазылатындығын түсіндіру керек. Бұл қатені түзету үшін мынадай жаттығулар беріледі:

2. жоғарғы жақтағы қайыру кезде тік бұрыш жасаған. Мұғалім оқушының назарын бұрышты дөңгелектеу етіп қайыратындығын түсіндіреді.
3. әріпті бұрылыстан кейін қайрып жазған.
4. әріптің дөңгелекшесінің дұрыс емес жазылуынан жоғарғы бөлігі солға қарай көлбеулікпен жазылған. Бұл қате әдетте тез жазу барысында кетеді. Оқушыларға әріпті қай жерден бастап жазуды дұрыстап түсіндіру керек.
Кіші а, д, б әріптері алдынғы әріппен үзіліссіз төменгі жақтан байланысады. Үлкен және кіші О, о әріптерін жазғанда қате өте сирек кездеседі. Әріпті талдау барысында әріп формасының сопақша болыпкелуіне назар аударылады. Әсіресе 6 жасар баланың жазуында қате кетеді. Себебі, олар дөңгелекше жазғанда біркелкі жаза алмайды.[14./65-115б./,15./49-56б./]
Жартылай дөңгелекше әріптердің ішінде үлкен Е әріптерінде көп қате кетеді.
1. жартылай дөңгелекше жазғанда прапорцияның бұзылуы. Мұғалім оқушыларға жоғарғы дөңгелекше төменгі дөңгелекшеден кішірек болатындығын түсіндіру керек.
2. әріп біркелкі жазылған. Оқушыларға төменгі дөңгелекше үлкенірек болатындығын түсіндіреміз.
Кіші және үлкен С, с әріптерін жазу аса қиындық тудырмайды. Тек оқушы назарын әріптің басталуна аудару керек.
Кіші е әріпі жазу қатемен байланысты емес, себебі әріпті жазу заңдылықтарына сай сағат тіліне қарсы жазылады. Кейбір балалар әріптің имекшесін кішкентай етіп жазады. Бұл жағдайда мұғалім оқушымен жеке жұмыс жасайды.
Кіші ы әріпін жазғанда көбінесе прапорция бұзылады. Мынадай қателер кетуі мүмкін:
1 . имектен кейінгі сызық жоғары қарай тік жазылған. Мұғалім дұрыс жазылған әріппен салыстырып көрсеткен жөн.
2 . имек тіпті салынбаған. Бұл қатені түзеу үшін мұғалім тақтаға әріпті дұрыс жазып оқушылардың қатесімен салыстыру керек. Олардың қателері не себептен кеткенін айту міндетті.
3 . екінші элемент бірінші элементке өте жақын жазылған. Бұл қате имектен кейін қосатын штрихты сол бағытпен жазғандықтан болады. Мұғалім оқушы назарын бұл қозғалысты іске асырғанда үлкен көлбеулікпен жазу керектігіне аударады.
4 . дөңгелекшесі үлкен және өте кіші жазылған. Мұндай қателерді әдетте жеке оқушылар кетіреді. Сондықтан оқушымен жеке жұмыс жасау керек.
5 . әріп өте тік немесе дөңгелектелініп жазылған. Бұл қатені түзеу и және ш әріптеріндегідей жүзеге асырылады.
Үлкен және кіші К, к әріптерінің өзіндік ерекшелігі бар. Кіші к әріпі бір үзіліспен жазылады.

Бұл әріпті жазғанда мынадай қателер кетуі мүмкін:
1 . элементтер арасындағы арақашықтық сақталмаған.
2 . соңғы элементі дұрыс жазылмаған. Бұл жағдайда г, р, п әріптер жазылуымен салыстыру қажет.
Үлкен және кіші ж әріптері бірдей жазылады. Айырмашылығы биіктігінде ғана. 1 – 2 сыныпта оң жақтағы жарты дөңгелекше үзіліспен, ал 3 сыныпта үзіліссіз жазу керек. Бұл әріптерден кететін қателерде бірдей болады:
Жартылай дөңгелекшемен ортанғы элемент арасында қашықтық дұрыс сақталмаған. Оқушыларға қосатын штрихтардың көлбеулігі бірдей болатындығын түсіндіру керек.
Үлкен В және З әріптері ұқсас келеді. Келесі әріптерімен үзіліссіз байланысады. В және З әріптерінен мынадай қателер кетуі мүмкін:
Бірінші элементтен екінші элементалыс орналасқан.
Жартылай дөңгелекше жазғанда прапорцияның бұзылуы. Мұғалім жоғарғы дөңгелекше кішкентай болатынын түсіндіреді.
Кіші з әріпі сағат тілінін бағытымен жазылады. Оқушы жартылай дөңгелекшенің төменгі жұмыс жолына жетпей аяқталып, ары қарай имек жазылатынын білу керек.
М ынадай қателері кетуі мүмкін: жартылай дөңгелекше төменгі сызыққа дейін жазылған.
Бұл қатені түзету үшін мұғалім з әріпі жиі кездесетін сөздер беруге болады: Жазира, жаз, жұлдыз т.б.
К іші ф әріпі екі дөңгелекшеден тұрады. Бірақ олар әртүрлі бағытта жазылады. Келесі әріппен үзіліссіз байланысады. Мынадай қате жиі кездеседі: дөңгелекшелрдің көлемі әртүрлі және үзіліспен жазылған. Мұғалім дөңгелекшені жазу қай жерден басталатындығын көрсетеді.
О қушылар кіші ф әріпімен талдау жұмыстарын жүргізгенмен, үлкен Ф әріпін жазу әсіресе 1 – 2 сынып үшін қиын. Қиындық дөңгелекшелерді жазудан туындайды. Дөңгелекше көлемі, прапорциясы бірдей берілген. Сонымен қатар ортаңғы элемент формасы өзгеше келеді. Мынадай қателер кетуі мүмкін: дөңгелекшелер көлемі бірдей емес;
жарты дөңгелкшесі біркелкі емес.
Жарты дөңгелекшенің жазылуын жақсарту үшін ең алдымен оқушыларға дөңгелекшені ажырата білуге, көлемін салыстыра білуге үйретеміз.
Үлкен Ф әріпінің ортаңғы элементі келесіәріптермен У, Г, Р әріптері сияқты байланысады. Бірақ бұл әріптерді жазуда өзіндік қиындықтар бар. Сондықтан У әріпін жазғанда оның ерекшелігіне тоқталу керек.
Мынадай қателер кетуі мүмкін:
бірінші элемент дұрыс емес жазылуы. Негізгі элементпен қосымша элементті бөліп көрсетудің маңызы зор.
Үлкен Д әріпінің формасы күрделі.
М ынадай қателер кетуі мүмкін: толық дәрежеде дөңгелек- телінбеген. Мұғалім Д әріпін жазғанда О әріпін жартылай жазады.
Үлкен Г, П, Т, Р әріпінің жоғарғы элементі оңнан солға қарай жазылады.
Мынадай қателеркетуі мүмкін:
жоғарғы элементі дұрыс емес жазылған;
төменге қарай жазылған элементтер дұрысемес жазылған;
элементтер арақашықтығы сақталмаған;
төменгі элементі дұрыс жазылмаған.
Әріптермен бұлайша талдау жұмыстарын жасау, жазу жұмысын жақсартуда маңызы зор. Кез – келген дағды жаттығу жасау барысында қалыптасады және бекейді. Ол үшін жаттығу оқушылардың жазу дағдысын одан әрі қатайта түсетіндей етіп ұйымдастыруы тиіс. [16./№5/,17./№7./,18./48-112б,-./,19./56-85./]
Жазу барысында қолды дәптерден алмай үзіліссіз жазу ең ыңғайлы тәсіл болып табылады. Бұл әдіс сөзе бірнеше әріптің ( 4 – 5 әріп )үзіліссіз жазылуы нәтижесінде іске асады.
Үзіліссіз жазу бұл жедел жазу үшін үлесі зор үзіліссіз жазуды ерте бастап үйреткен жон. Себебі, элементтен жазып үйренген оқушыға үзіліссіз жазу дағдысын үйрету қиынға соғады.
Әріпті жазбаша түрде жазғанда үзіліссіз байланысуы ескеріледі. Жазбаша түрде әріптердің басым көпшілігі үзіліссіз жазылуы, тек кейбір әріптер үзіліспен жазылады.
Қазақ алфавитіндегі әріптерді жазуда үзіліс жасау – жасалмауына қарай төменгі топтарға бөліп қарауға болады.
Кіші әріптер.
І. Үзіліссіз жазылатын бір элементті кіші әріптер:
ә б в г е о с ь
ІІ. Үзіліссіз жазылатын көп элементті кіші әріптер:
а д з и л м н ң п т у ү һ ц ч ш щ ы ю я ІІІ. Бір үлеспен жазылатын кіші әріптер:
ғ й к қ ө р ұ х і э IV. Екі үзіліспен жазылатын кіші әріптер:
ф ж ё


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет