Әліппеге дейінгі кезеңнің басты мақсаттары: Әліппеге дейінгі кезеңнің басты мақсаттары: - оқушылардың жеке медициналық құжаттарымен, отбасы жағдайымен, баланың өзіндік ерекшеліктерімен мұқият танысу; - білім алуға деген ынтасын ояту және қалыптастыру; - қолдың бұлшық еттерін жазуға дайындау; - бала мен ата-аналардың мектепке деген дұрыс көзқарастарын қалыптастыру, сыныпта жағымды аура туғызу; - оқушыларды оқу мен жазудың алғашқы, қарапайым дағдыларын игеруге дайындау; - баланың жалпы және сөйлеу тілі дамуындағы ерекшеліктерін анықтау, есту және көру дағдыларын дамыту; - дыбыстарды дұрыс айтуға және ажырата білуге үйрету; - кеңістікті, уақытты бағдарлауға үйрету; -ауызекі сөйлеу тілін жетілдіру және баланың сөйлеуіне жағдай туғызу Дайындық кезеңіндегі оқушылардың білім-дағдыларына қойылатын негізгі талаптар: Дайындық кезеңіндегі оқушылардың білім-дағдыларына қойылатын негізгі талаптар: Мүмкіндік деңгейлері: - таныс заттарды атау; - негізгі түстерді, формаларды, көлемдерді ажырату; - апта күндерін ажырату (кеше, бүгін, ертең); - тәулік мөлшерін білу (таңертең, түс, кеш, түн), - өзінің құжаттық мәліметтерін білу (аты-жөні, мекен-жайы т.б.); - 2-3 шағын тақпақты жатқа айту; Міндетті деңгейі: Міндетті деңгейі: - сұраққа жауап қайтару; - сюжетті сурет бойынша әңгімелеу; - тіл дыбыстарын дұрыс айту; - сөз басндағы дыбысты дұрыс естіп, ажырата білу; - дәптерді пайдалана білу, қаламды дұрыс ұстау; - дәптерге ою-өрнектер сызу, жолды дұрыс сақтай отырып, әріп элементтерін жазу; Сөйлеу мәдениеті: Сөйлеу мәдениеті: -сөздерді дұрыс айту; -ойын толық жеткізу;
Достарыңызбен бөлісу: |