Ойынның ережесі: Сынып оқушылары қатармен екі командаға бөлінеді. Тақта алдына екі магниттік тақта ілінеді. Әр командадан бір оқушы шығып допты қақпаға кіргізеді, егер доптың артындағы мысалды шығара алса, белгілеп салынған мысалдар “гол” болып шығарылады. Кіргізген доп сандары саналып, жеңген команда айтылады.
“Ойлап тап” ойыны.
Ойынның ережесі:Сынып 4 оқушыдан топтарға бөлінеді. Әр оқушыда цифр кассасы бар. І топ-1, ІІ-2, ІІІ-3, ІҮ-4 мысалды алады. Әр топ бір мысалдан тағы үш мысал ойлап шығарады.Топ басшысы тапсырма береді, амалдың нәтижесін ең алдымен табасыз, сосын осы сандармен “сен+сен+сен+”деп айтып өтеді. Қай топ (әр оқушыға жолақтар бар) берілген тапсырма бойынша бірінші орынды алады, сол женді. Сандарды өзгертіп ойынды келесі сыныптарда өткізуге болады.
“Орын тап” ойыны.
Ойынның ережесі: Сынып оқушыларын екі командаға бөлу керек. Біріншісі ондықтар командасы, екіншісі бірліктер командасы. Әр командада 10 оқушыдан болған жақсы. Олардың әрқайсысында 0-ден 10-ға дейін сандар жазылған бір-бір карточка болады. Алдымен ойынға қатысушылар орындарын белгілеп алады. Тақта алдында екі орындық болады. Мұғалім 5*5 дегенде әр командадан ондық командасынан 2 саны бірлік командасынан 5 саны жазылған карточкалары бар оқушылар тез орындыққа отырады. Қай команда шапшандық көрсетсе, соған ұпай тиеді. Егер оқушылар саны 10-ға толмаса бір карточкаға екі жағынан да сан жазылады.
“Өз орнынды тап” ойыны
Оқушыларға құстардың суретін үлестіріп бердім. Әр құстың өз нөмірі бар. Содан соң 1,2,3 деген бұйрықпен келіп олар шапшаң өздеріндегі құстарға қарап өз орындарына тез тұра қалады. Құстардың нөмірі бойынша 1-5 дейін және кері санау жұмысы жүргізілді.
“Поезд” ойыны.
Ойынның ережесі: Мұғалімнің сөзі:
- Бұл поезд жүргізуші үшін кім керек?
Жүргізуші машинист керек?
Ендеше машинист болу үшін, еңбек туралы бір мақал ойластыру керек. Әйтпесе поезд жүрмейді. Қане, кім болғысы келеді?
(бірінші айтқан оқушы болады), Поезд вагондардан тұрады, вагондардың орнына өздеріңіз болыңыздар. Кім берілген карточка бойынша өрнектің мәнін дұрыс таба алады, сол поезға міне алады, жауап бере алмаған оқушы қалып қояды.
“Орнына қойып жаз” ойыны.
Мақсаты: Орнына қойып жаз ойыны арқылы оқушылар сөздердің айтылуы мен жазылуы туралы білімдерін тереңдете түседі.
Ойынның тәртібі: Сынып 3 топқа бөлінеді. Плакатқа 3 қатар етіп сөздер дайындалады. Әр қатардан шыққан үш оқушы тақтаға сөздерді дұрыс жазып шығады. Әрі тез, әрі дұрыс орындаған топ жеңімпаз атанады.
Фонетикадан алған білімдерін еске түсіру мақсатында жұмбақтар жасырып, шештіру де оқушылардың білімін тиянақты, жүйелі өтуге өз септігін тигізеді. Төмендегідей жұмбақтарды пайдалануға болады.
Дыбыс емес таңба
Оқылмайды жазылады
Әйтсе де бұл екеуі
Біраз сөзден табылады. (ь;ъ)
“Кім көп біледі?” ойыны
Ойынның мақсаты: Кім көп біледі? Ойыны арқылы сөздердің мағынасын ажыратқызуға болады. Ойын тәртібі. Оқушылар “мұғалімдер” және “оқушылар” болып екіге бөлінеді. Мұғалімдер “әр түрлі” мағынасы бар сөздерді атайды. Ал “оқушылар” осы сөздердің мағынасын түсіндіреді. Орнына қойып жаз” ойыны.
Мақсаты: Орнына қойып жаз ойыны арқылы оқушылар сөздердің айтылуы мен жазылуы туралы білімдерін тереңдете түседі.
Ойынның тәртібі: Сынып 3 топқа бөлінеді. Плакатқа 3 қатар етіп сөздер дайындалады. Әр қатардан шыққан үш оқушы тақтаға сөздерді дұрыс жазып шығады. Әрі тез, әрі дұрыс орындаған топ жеңімпаз атанады.
Фонетикадан алған білімдерін еске түсіру мақсатында жұмбақтар жасырып, шештіру де оқушылардың білімін тиянақты, жүйелі өтуге өз септігін тигізеді. Төмендегідей жұмбақтарды пайдалануға болады.
Дыбыс емес таңба
Оқылмайды жазылады
Әйтсе де бұл екеуі
Біраз сөзден табылады. (ь;ъ)
“Кім көп біледі?” ойыны
Ойынның мақсаты: Кім көп біледі? Ойыны арқылы сөздердің мағынасын ажыратқызуға болады. Ойын тәртібі. Оқушылар “мұғалімдер” және “оқушылар” болып екіге бөлінеді. Мұғалімдер “әр түрлі” мағынасы бар сөздерді атайды. Ал “оқушылар” осы сөздердің мағынасын түсіндіреді.
“Мұғалімдер” мен “оқушылар” өз рөльдерін ауыстырып отырады.
Мәселен: ара-жәндік алма-жеміс
ара-құрал алма-қимыл
“Әр әріптен бір сөз” ойыны.
Мақсаты: Оқушылардың сөздік қорын дамыту.
Ойынның тәртібі: Сынып 3 топқа бөлінеді.Әр топтан бір оқушыдан шығып, әрбір әріптің астына сөз жазады. Сөйтіп соңғы әріпке дейін бір топтың сөзі екінші опқа қайталанбауы керек. Қай топ ойынды тез аяқтаса, солар жеңіске жетеді.
“Топтай біл” ойыны.
Мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, заттарды белгілі бір тақырып бойынша топтай білуге, олардың не үшін қажеттілігін ажыратуға, қатесіз жазуға дағдыландырады.
Мәселен: сәбіз, қияр, алма, түйе, жылқы, жүзім, картоп т.б. сөздер беріледі. Оқушылар бұл сөздерді топтап жазады: Сәбіз, қияр, картоп-көкөністер.
“Не өзгерді?” ойыны.
Мақсаты: Оқушыларға түбір мен қосымшаның ерекшеліктерін таныту.
Ойынның ережесі: Тақтаға, плакатқа жазылған сөздер ілінеді.
Үй би Алма кеме Қой тәртіп
Осы сөздерге балалар қосымша жалғап, сөйлем құрап жазады. Тапсырма орындалғаннан кейін оқушылар сөздерді оқып талдайды. М: үй не? Деген сұраққа жауап береді. Бұл сөздің түбір, осы түбір сөзге қосымшасын жалғасаң неге? деген сұраққа жауап береді. Түбірге жалғанатын қосымшаны тапқан оқушы жеңімпаз болады. Яғни бұл ойында тек қосымшалар өзгертіледі.

Балалардың таным іс-әрекетін дамытуына арналған ойындар
“ Әр түрлі етіп көрсет”
Бұл ойын баланың зейінін дамытуға арналған. Оған бірнеше адам қатысады. Балалар антоним-сөздермен танысады.
БИІК-АЛАСА. Балалар шеңбердің бойымен жүреді. Жүргізуші былай дейді. “Қазір сендер қақпа арқылы өтесіңдер. Егер мен қақпа биік деп айтсам, осы қалыппен жүріп кете бересіңдер, ал егер аласа десем, еңкейесіңдер. Кім еңкеймесе, ойыннан шығады”.
ЖЫЛДАМ-БАЯУ. Ойынның барысы алдыңғы ойындарға ұқсас құрылады. Балалар не жылдам, не баяу жүреді.
Ойынды мағынасы қарама-қарсы қос сөздерді қолдана отырып жалғастыруға болады: КӨҢІЛДІ-МҰНДЫ, ЫСТЫҚ-СУЫҚ, ҚАРАҢҒЫ-ЖАРЫҚ және т.с.с. Содан кейін балаларға нақты нысаналардың қарама-қарсылықтарын табуды ұсынып көріңіз: мысалы, уйді сала бастаған кезде ол қандай болады (аласа), және оны салып болғаннан кейін ол қандай болады (биік) және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |