Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы



бет1/9
Дата16.06.2016
өлшемі0.64 Mb.
#139722
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
"Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi кейбiр шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы N 1092 Қаулысы


Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 39, 556-құжат

      "Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:


      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақыларды тағайындау және төлеу ережесi;
      2) Балаларға арналған жәрдемақы алуға үмiткер отбасының жиынтық табысын есептеу ережесi;
      3) бала туғанда берiлетiн жәрдемақы және (немесе) бiр жасқа толғанға дейiн бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақы тағайындау үшiн өтiнiштiң нысаны;
      4) он сегiз жасқа дейiнгi балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау үшiн өтiнiштiң нысаны;
      5) мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны тағайындауға арналған өтініштің нысаны бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.30 № 2307 (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
      1) жеке қосалқы шаруашылықтың мөлшерi туралы мәлiметтi куәландыруға уәкілеттi органды белгiленген тәртiппен анықтасын;
      1-1) өтiнiш берушiлерге нысаны осы қаулымен бекiтiлген, он сегiз жасқа дейiнгi балаларға арналған жәрдемақыны тағайындауға арналған өтiнiш бланкiлерiнiң, сондай-ақ Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақыларды тағайындау және төлеу ережесiне 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес мәлiметтердiң тегiн берiлуiн қамтамасыз етсiн;
      2) учаскелiк комиссиялар туралы бұрын қабылданған шешiмдердi осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.12.27 N 1294 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      1) "Бала тууына байланысты берілетiн бiр жолғы мемлекеттiк жәрдемақы төлеудiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 25 ақпандағы N 200 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 9, 100-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 25 ақпандағы N 200 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 1225 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., N 46, 503-құжат).
      4. Осы қаулы 2006 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгізiлетiн Балалы отбасыларға берілетiн мемлекеттiк жәрдемақыларды тағайындау және төлеу ережесiнiң 2-тармағының 5) тармақшасын, 11, 17, 18-тармақтарын қоспағанда, 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 


Yкiметiнiң       
2005 жылғы 2 қарашадағы
N 1092 қаулысымен  
бекiтiлген      

Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды
тағайындау және төлеу
ережесі

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.04.2013 № 435 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Осы Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу тәртібін айқындайды.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:


      1) балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар мынадай түрдегі ақшалай төлемдер:
      бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрi – бала туғанда берілетін жәрдемақы);
      бала бір жасқа толық толғанға дейін оның күтіміне байланысты тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – бала күтімі жөніндегі жәрдемақы);
      он сегіз жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттiк жәрдемақы (бұдан әрі – балаларға арналған жәрдемақы);
      мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қамқоршыға (қорғаншыға) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі – мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы);
      2) бала туғанда берілетін, бала күтімі жөніндегі және мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері;
      3) балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган – республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы;
      4) отбасы - некеден, туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиiстi адамдар тобы;
      5) отбасының жиынтық табысы – отбасының ақшалай да, заттай да нысанда алған табысының жалпы сомасы;
      6) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы – отбасы жиынтық табысының отбасының әрбір мүшесіне ай сайын келетін үлесі;
      7) өтініш беруші – жәрдемақылар тағайындату үшін отбасы атынан өтініш беретін адам;
      8) учаскелiк комиссия – әлеуметтiк көмек алуға өтініш жасаған отбасылардың материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнайы комиссия;
      9) уәкілетті ұйым (бұдан әрі – Орталық) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;
      10) жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйым – банктік операциялардың тиісті түрлеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, «Қазпошта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері;
      11) Орталық филиалы – уәкілетті ұйымның облыстық, Астана және Алматы қалаларындағы филиалдары;
      12) Орталық бөлімшесі – уәкілетті ұйымның қалалық, аудандық бөлiмшелерi;
      13) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиыны;
      14) ақпараттық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешенді қолданумен ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздеуге, таратуға, тапсыруға және беруге арналған жүйе;
      15) электрондық құжат – ақпарат электрондық цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
      16) электрондық өтініш – электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
      17) электрондық өтінім – бала туғанда берілетін жәрдемақы, бала күтімі жөніндегі жәрдемақы, мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы және балаларға арналған жәрдемақыны тағайындауға қажетті Халыққа қызмет көрсету орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы мәліметтер;
      18) бірінші бөлім – жәрдемақының мөлшерін тағайындаумен, жаңартумен, өзгерту және қайта қараумен және ағымдағы қажеттілікті қалыптастырғаннан кейін өтініш берушінің тұрғылықты жерін ауыстыруымен байланысты төлемнің ағымдағы айға қажеттілігі енгізілмеген жәрдемақы сомасы;
      19) бала туғанда берілетін жәрдемақы, бала күтімі жөніндегі жәрдемақы және (немесе) мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақыны алушы (бұдан әрі – алушы) – бала туғанда берілетін жәрдемақы, бала күтімі жөніндегі жәрдемақы және (немесе) мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы тағайындалған өтініш беруші;
      20) дәйексіз құжат (қолдан жасалған) – дәйексіз (жалған) мәліметтерден тұратын түпнұсқадағы құжаттардың үлгілері бойынша жасалған құжат.

2. Бала туғанда берілетін жәрдемақыға, бала күтімі жөніндегі
жәрдемақыға өтініш беру, оны тағайындау және төлеу тәртібі

      2. Бала туғанда берілетін жәрдемақыны, бала күтімі жөніндегі жәрдемақыны (бұдан әрі – жәрдемақы) тағайындау үшін жәрдемақы алуға құқығы бар адамдар тұрғылықты жері бойынша Орталық бөлімшесіне немесе Халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш жасайды.


      Бала күтімі жөніндегі жәрдемақы бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылу жағдайына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем алуға құқығы жоқ адамдарға тағайындалады.
      Адамдар жәрдемақыларды тағайындауға «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүгінуге құқылы.
      3. Жәрдемақыларды тағайындау үшін өтініш беру мерзімі бала туған күннен бастап он екі айдан аспауы тиіс.
      4. Бала күтімі жөніндегі жәрдемақы бала туған күннен бастап бір жасқа толық толған күнге дейін тағайындалады.
      Отбасы құрамында ата-анасы ата-ана құқығынан айырылған немесе ата-ана құқығы шектелген балаларды қоспағанда, туған, асырап алынған, сондай-ақ қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) алынған балалар ескеріледі, сондай-ақ отбасы құрамында егер басқа ата-ананың отбасында ескерілмесе, өгей балалар да ескеріледі.
      Оралмандарға бала күтімі жөніндегі жәрдемақы бала туған күннен бастап, бірақ оралман мәртебесі белгіленген күннен кейін тағайындалады.
      5. Жәрдемақы баланың отбасының табысына қарамастан тағайындалады.
      6. Өтініш беруші жәрдемақыларды тағайындауға өтініш берген кезде Орталық бөлімшесінің немесе Халыққа қызмет көрсету орталығының маманы Орталықтың ақпараттық жүйесіне өтініш берушіде жәрдемақыларды тағайындау, төлеу немесе тағайындауға өтініш беру фактісінің болуына сұрау салуды жүзеге асырады.
      Орталықтан жәрдемақы тағайындау, төлеу немесе өтініш беру фактісін растайтын ақпарат алу кезінде Орталық бөлімшесі немесе Халыққа қызмет көрсету орталығы өтініш берушіге осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы хабарлайды.
      Хабарламаға Орталық бөлімшесінің немесе Халыққа қызмет көрсету орталығы маманының ЭЦҚ-сы қойылады.
      7. Жәрдемақылар тағайындау үшін өтiнiшке жәрдемақы тағайындауға құқығы бар адамдар жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) болған кезде мынадай құжаттарды қоса ұсынады:
      1) көріп тексеру үшін өтiнiш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктің тұруға ықтиярхаты);
      сондай-ақ оралмандар үшін – оралман куәлігі;
      2) баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) не туу туралы акті жазбасынан үзінді;
      3) өтініш берушінің деректері баланың туу туралы куәлігіндегі деректермен сәйкес келмеген жағдайда неке қию (бұзу) туралы куәлік;
      4) балаға немесе бала асырап алушыға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуді растайтын құжат;
      Жәрдемақылар тағайындау үшін тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттарды, жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік шот нөмірі туралы мәліметтерді, Қазақстан Республикасының аумағында 2007 жылғы 13 тамыздан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша баланың (балалардың) тууы туралы куәлігі (куәліктері) не туу туралы акті жазбасынан үзіндіні, Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін жүргізілген тіркеулер бойынша неке қию (бұзу) туралы куәлікті, сондай-ақ осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген құжатты ұсыну олардағы ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелерден осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес алу мүмкін болған жағдайда талап етілмейді.
      Түпнұсқада ұсынылған құжаттар сканерден өткізіледі және құжаттардың электрондық көшірмелері Орталық бөлімшесінің немесе Халыққа қызмет көрсету орталығы маманының ЭЦҚ-мен куәландырылады, содан кейін өтініш берушіге қайтарылады.
      8. Жәрдемақылар тағайындау үшін өтінішті және қажетті құжаттарды үшінші тұлғалардың беруі тиісті жәрдемақыны алуға құқығы бар адамның нотариат куәландырған сенімхаты бойынша жүзеге асырылады.
      Нотариат куәландырған сенімхат сканерден өткізіледі, Орталық бөлімшесінің немесе Халыққа қызмет көрсету орталығы маманының ЭЦҚ-мен куәландырылады, содан кейін өтініш берушіге қайтарылады.
      9. Өтініш беруші жәрдемақылар тағайындау үшін тиісті құжаттарды бергеннен кейін оның қатысуымен Орталық бөлімшесінің немесе Халыққа қызмет көрсету орталығының маманы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес сұрау салу қалыптастырады.
      Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар сұратылған мәліметтерді растайтын электрондық құжаттарды ұсынған кезде сұрау салуды жүзеге асырған Орталық бөлімшесі немесе Халыққа қызмет көрсету орталығы өтініш берушіге құжаттарды қабылдағаны туралы белгісі бар үзбелі талон береді.
      Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар ақпараттық жүйелерде өтініш беруші туралы сұратылып отырған мәліметтердің жоқ екенін немесе өтініш беруші берген мәліметтермен сәйкессіздігін растайтын электрондық құжаттарды ұсынған кезде сұрау салуды жүзеге асырған Орталық бөлімшесі немесе Халыққа қызмет көрсету орталығы өтініш берушіге құжаттардың түпнұсқаларын және мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріндегі ол туралы мәліметтерді сәйкестікке келтіру үшін келісу туралы өтініш ұсыну қажеттігі туралы хабардар етеді.
      10. Өтініш беруші құжаттардың түпнұсқасын және келісу туралы өтініш берген кезде Орталық бөлімшесі немесе Халыққа қызмет көрсету орталығының маманы құжаттардың түпнұсқасын сканерден өткізеді, оларды ЭЦҚ-мен куәландырады және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен және мерзімдерде жеке тұлға туралы мәліметтерді сәйкестікке келтіру үшін мемлекеттік органдарға және (немесе ұйымдарға) жібереді.
      Егер өтініш беруші Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен және мерзімдерде хабарламада көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда Орталық бөлімшесі не Халыққа қызмет көрсету орталығы өтініш берушіні осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жәрдемақыларды тағайындауға өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы (себебін көрсете отырып) хабардар етеді.
      11. Орталық бөлімшесі немесе Халыққа қызмет көрсету орталығы тиісті жәрдемақыны тағайындау үшін өтініш берушіден қабылданатын және мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған құжаттар пакетінің толықтығын тексереді, құжаттардың сапасын және электрондық көшірмелерінің осы Ереженің 7-тармағына сәйкес ұсынған түпнұсқаларға сәйкестігін қамтамасыз етеді.
      12. Орталық бөлімшесі өтініш беруші құжаттардың толық пакетін берген кезде осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті жәрдемақыны тағайындау туралы өтінішті журналға тіркейді.
      13. Халыққа қызмет көрсету орталығы жәрдемақы тағайындауға өтінішті қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш беруші түпнұсқада ұсынған өтініштің, құжаттардың электрондық көшірмелерін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтерді электрондық өтініммен Орталық бөлімшесіне жібереді. Электрондық өтінім Халыққа қызмет көрсету орталығы маманының ЭЦҚ-мен куәландырылады.
      14. Халыққа қызмет көрсету орталығынан электрондық өтінім түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде Орталық бөлімшесі келіп түскен құжаттар пакетін тексереді. Құжаттар тізбесінің толық түспегені анықталған жағдайда Халыққа қызмет көрсету орталығына осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жоқ құжат көрсетілген хабарламамен қоса құжаттардың пакетін электрондық өтінімді қарамастан қайтарады. Хабарлама Орталық бөлімшесі маманының ЭЦҚ-мен куәландырылады.
      Халыққа қызмет көрсету орталығы Орталықтан хабарлама келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде анықталған қатені жояды және өтініш беруші түпнұсқада ұсынған өтініштің, құжаттардың және мәліметтердің электрондық көшірмелерін қамтитын құжаттарды қоса, Орталық бөлімшесіне электрондық өтінімді, сондай-ақ мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған электрондық құжаттар мен мәліметтерді жібереді.
      15. Жәрдемақыларды тағайындау үшін өтініш беруші «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүгінген кезде мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне өтініш нысанында көзделген ұсынылған мәліметтерді растау және қажетті мәліметтерді алу үшін осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.
      16. Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар сұратылған мәліметтерді растайтын электрондық құжаттарды ұсынған кезде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы сұрау салуды жүзеге асырған электрондық өтінішті өзінің ЭЦҚ-мен куәландырады және Орталықтың автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне жібереді.
      17. «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы келіп түскен жәрдемақылар тағайындау үшін ұсынылған электрондық өтініш мынадай параметрлер бойынша тексеруден өтеді:
      1) ұсынылған мәліметтердің толықтығы;
      2) жәрдемақылар тағайындау, төлеу, сондай-ақ жәрдемақы тағайындауға өтініш беру фактісінің болмауы;
      3) жәрдемақы тағайындалатын баланың бір жасқа толмауы;
      4) отбасы мүшелерінің мекенжай мәліметтерінің өтініш берушінің мәліметтеріне сәйкестігі.
      Жоғарыда келтірілген параметрлер бойынша тексерудің оң нәтижесі болған жағдайда өтінішті өңдеуге арналған кіріс хабарламалары журналына орналастыру жүргізіледі.
      18. «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жіберілген электрондық өтінішті қабылдау кезінде өтініш берушіге осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес электрондық өтінішті қабылдағаны туралы хабарлама жіберіледі. Хабарлама Орталық бөлімшесі маманының ЭЦҚ-мен куәландырылады.
      19. Орталық бөлімшесі өтініш тіркелген күні осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналда іске нөмір береді және өтініш берушінің мыналарды қамтитын электрондық іс макетін қалыптастырады:
      өтініш беруші түпнұсқада ұсынған өтініштің және құжаттардың, электрондық көшірмелері, сондай-ақ мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтер, не өтініш беруші түпнұсқада ұсынған және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және мерзімдерде мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйесіне жіберілген жеке тұлға туралы мәліметтерді сәйкестікке келтіру үшін құжаттар мен мәліметтердің электрондық көшірмелері.
      Жәрдемақылар үшін электрондық іс макеті Орталық бөлімшесінде өтінішті тіркеген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қалыптастырылады және ЭЦҚ арқылы куәландырылады.
      Орталық бөлімшесінің маманы осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша шешім жобасын қалыптастырады, жәрдемақылардың мөлшерін есептеуді жүргізеді және оларды ЭЦҚ-мен куәландырады.
      Шешімнің жобасы жәрдемақы тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық - цифрлық нысандағы құжатты (бұдан әрі – шешім жобасы) білдіреді.
      Орталық бөлімшесінің басшысы жәрдемақылар мөлшерін есептеудің, шешім жобасының ресімделу дұрыстығын тексереді және оны ЭЦҚ-мен куәландырады, содан кейін Орталық бөлімшесі істің электрондық макетін Орталықтың филиалына жібереді.
      20. Орталық филиалы келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде электрондық іс макеті мен шешімнің жобасын қарайды, есептің және шешім жобасының ресімделу дұрыстығын тексереді, содан кейін оны уәкілетті органға жібереді. Бұл ретте шешімнің жобасы Орталық филиалы маманының және басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылады.
      21. Уәкілетті орган келіп түскен электрондық іс макетін шешім жобасымен қарайды, үш жұмыс күні ішінде жәрдемақыларды тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.
      22. Шешім басқарма (бөлім) маманының, басшысының және уәкілетті орган басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылған, жәрдемақы тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы электрондық-цифрлық нысандағы құжатты (бұдан әрі – шешім) білдіреді. Шешімнің нөмірі мен күні автоматты режимде беріледі.
      Автоматты режимде шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде осы Ережеге 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жәрдемақыларды тағайындау туралы хабарлама Орталық бөлімшесіне немесе Халыққа қызмет көрсету орталығына немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтініш берушінің жеке кабинетіне жіберіледі. Хабарлама уәкілетті орган басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылады.
      23. Уәкілетті органның маманы шешімді осы Ережеге 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жәрдемақыларды тағайындау туралы шешімдерді тіркеу журналында тіркейді.
      Уәкілетті орган Орталықтың бөлімшесіне шешіммен қоса электрондық іс макетін жібереді.
      24. Егер уәкілетті орган ұсынылған электрондық іс макетінде шешім қабылдауға қажетті құжаттың (құжаттардың) жоқтығын анықтаса, электрондық іс макеті шешім жобасымен Орталық бөлімшесіне қайтарылады. Осы Ережеге 11-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша себептері көрсетілген құжатты (құжаттарды) қайта рәсімдеу қажеттігі туралы уәкілетті органның ЭЦҚ-мен куәландырылған хабарламасы Орталық бөлімшесіне немесе Халыққа қызмет көрсету орталығына жіберіледі.
      Орталық бөлімшесі және (немесе) Халыққа қызмет көрсету орталығы бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіні осы Ережеге 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламада көрсетілген қосымша құжаттарды жиырма бес жұмыс күні ішінде ұсыну қажеттігі туралы хабардар етеді.
      Орталық бөлімшесі өтініш беруші және (немесе) Халыққа қызмет көрсету орталығы қосымша құжаттар ұсынған кезде осы Ереженің 19, 20-тармақтарында көзделген тәртіппен электрондық іс макетін дайындайды.
      Орталық бөлімшесіне электрондық іс макеті келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде құжаттар қайта ресімделмесе, уәкілетті орган қолдағы бар құжаттар бойынша тиісті жәрдемақы тағайындау туралы немесе тағайындаудан бас тарту туралы электрондық шешім шығарады.
      Егер уәкілетті орган ұсынылған электрондық іс макетінен және (немесе) шешім жобасынан қате тапқан жағдайда, электрондық iс макеті шешім жобасымен бірге қателерді жою үшін Орталық бөлімшесіне электрондық байланыс арқылы қайтарылады.
      25. Орталық бөлімшесі қайтарылған электрондық іс макеті келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде анықталған қателерді жояды, осы Ереженің 19, 20-тармақтарында көзделген тәртіппен электрондық іс макетін қайта ресімдейді.
      26. Жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда уәкілетті орган шешімде бас тарту негіздемесін көрсетеді.
      Бұл ретте осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жәрдемақы тағайындаудан бас тарту себептері көрсетілген уәкiлеттi органның шешімімен электрондық іс макеті Орталық бөлімшесіне қайтарылады. Уәкiлеттi органның жәрдемақыны тағайындаудан бас тарту себептері көрсетілген электрондық хабарламасы осы Ережеге 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Орталық бөлімшесіне, Халыққа қызмет көрсету орталығына және (немесе) «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтініш берушінің жеке кабинетіне қайтарылады.
      Хабарлама уәкілетті орган басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылады.
      27. Мемлекеттік органнан және (немесе) ұйымнан ақпараттық жүйелердегі жеке тұлға туралы мәліметтерді өтініш берушінің дәйексіз құжаттарын ұсыну себебі бойынша сәйкестікке келтіруден бас тартуды растайтын электрондық құжат келіп түскен жағдайда уәкілетті орган жоба шешімін Орталық бөлімшесіне қайта ресімдеуге жібереді.
      Орталық бөлімшесінің маманы осы Ереженің 19, 20-тармақтарында көзделген тәртіппен өтініш берушінің дәйексіз құжаттарын ұсыну туралы мемлекеттік органның және (немесе) ұйымдардың ақпаратына сәйкес дәлелді бас тартуды көрсете отырып, осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жәрдемақыларды тағайындаудан бас тарту туралы шешім жобасын қалыптастырады.
      Үкімет қаулысында белгіленген мерзім ішінде мемлекеттік орган және (немесе) ұйым уәкілетті органға ақпараттық жүйелердегі жеке тұлғалар туралы мәліметтерді сәйкестікке келтіруден бас тартылған электрондық құжатты ұсынбаса, жәрдемақылар тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді Орталық бөлімшесінің маманы сканерленген өтініш беруші ұсынған құжаттардың түпнұсқаларының негізінде қабылдайды.
      28. Орталық бөлімшесі және (немесе) Халыққа қызмет көрсету орталығы жәрдемақыны тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны өтініш берушіге береді.
      29. Жәрдемақылар төлеуді уәкілетті ұйым өтініш берушінің таңдауы бойынша жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйымдар арқылы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.
      30. Жәрдемақылар облыстар, Астана және Алматы қалалары бөлiнiсiнде Орталық жасаған кестеге сәйкес уәкілетті орган қабылдаған шешім негізінде төленедi.
      31. Бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақы ағымдағы ай үшiн ай сайын төленедi.
      Жәрдемақыны тағайындауға, қалпына келтіруге, өзгертуге, мөлшерін қайта қарауға және тұрғылықты жерін өзгертуіне байланысты төлеу айының ағымдағы қажеттілігіне енгізілмеген жәрдемақы сомалары ағымдағы қажеттілікті қалыптастырғаннан кейін, бірінші бөлім сомалары ретінде, келесі айдың қажеттілігіне енгізілуге жатады және бір рет төленеді.
      Төлем тағайындайтын немесе оны жүзеге асыратын органның кінәсінен уақытында алынбаған жәрдемақы сомалары өткен уақыт үшін мерзімі шектелмей бір уақытта төленеді.
      32. Айлық есептiк көрсеткiш мөлшерi өзгерген жағдайда Орталық бөлiмшесi осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шешiмнiң жобасын дайындайды және оны осы Ереженің 19, 20-тармақтарында көзделген тәртiппен уәкiлеттi органға бекiтуге жiбередi.
      33. Бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақының мөлшерiне әсер ететін негiз болып табылатын мән-жайлар туындаған, алушы ауысқан жағдайда, Орталық бөлiмшесi осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шешiм жобасын дайындайды және оны жаңадан ұсынылған құжаттармен (олар бар болса) толықтырылған электрондық iс макетiмен бiрге осы Ереженің 19, 20-тармақтарында көзделген тәртiппен уәкiлеттi органға бекiтуге жiбередi.
      34. Артық төленген сомалар ерiктi тәртіппен, ал бас тартылған жағдайда – сот шешімінің негізінде сот тәртiбiмен қайтарылуға жатады, бұл жөнiнде Орталық бөлiмшесi жәрдемақы алушыны хабардар ету үшiн хат дайындайды.
      35. Бала күтiмi жөнiндегi көрсетiлген жәрдемақыны алушылар құқығына және (немесе) олардың мөлшерiне әсер ететiн мән-жайлардың өзгергендiгi туралы Орталық бөлiмшесiн күнтiзбелiк он күн iшiнде хабардар етуге мiндеттi.
      Алушы бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақының мөлшерiне әсер ететiн мән-жайлар туралы уақытында хабарламаған жағдайларда, жәрдемақы мөлшерi көрсетiлген мән-жайлар туындаған сәттен бастап, бiрақ оның тағайындалған сәтiнен асырмай қайта қаралады.
      36. Орталық уәкiлеттi орган қабылдаған шешiмдердiң негiзiнде жәрдемақыларды төлеуге қаражат қажеттiлiгi туралы өтiнiм жасайды.
      Орталық ай сайын 25-күнi Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне (бұдан әрi – Министрлiк) жәрдемақыларды төлеуге қаражат қажеттiлiгi туралы өтiнiмдi ұсынады.
      37. Министрлiк қаражатты тиiстi қаржы жылына арналған мiндеттемелер мен төлемдер жөнiндегi қаржыландыру жоспарларына сәйкес бөлiнген сомалар шегiнде Орталықтың есеп айырысу шотына аударады.
      38. Орталық облыстар, Астана және Алматы қалалары бөлiнiсiнде жәрдемақыларды төлеу жөнiндегi кестенi жасайды және белгiленген тәртiппен алушылардың ағымдағы шоттарына аудару жолымен жәрдемақыларды беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйымға төлем тапсырыстарымен аударады.
      39. Бөлiнген қаражат бойынша Министрлiк пен уәкiлеттi ұйым арасында ай сайын салыстырып тексеру актiсi жасалады.
      40. Төленген сомалар бойынша Орталық пен жәрдемақыларды беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйымдардың арасында ай сайын салыстырып тексеру актiлерi жасалады.
      41. Жәрдемақыларды беру жөнiндегi қызметтерге ақы төлеу Орталық пен жәрдемақылар беру жөніндегі уәкiлеттi ұйым арасында заңнамада белгiленген тәртiппен жасалған шарт негiзiнде жүргiзiледi.
      42. Бала қайтыс болған, кеткен және (немесе) алушы Қазақстан Республикасы шегiнен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен немесе оған басқа себептер бойынша төлем тоқтатылған жағдайда Орталық бөлімшесі істі жабуды жүргізеді және оны мұрағатқа жібереді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет