6. Ата мен әке тәрбиесі
Жыл өткен сайын қыз шешеге, ұл әкеге үйірсектеп, солардың мінез-құлқын, үнін, қозғалысын қайталайды.
Қыз бала анасынан адалдықты, арлылықты, әдептілікті, тазалықты, шабыттылықты қабылдайды. Анасынан көре жүріп әйел затының табиғатына не тән екендігін біледі. Әсіресе қыз бала шешесінен үй жинау, ас пісіру, кір жууды, іс тігуді, бір сөзбен айтқанда қыруар қабілеттілікті үйренеді.
Ұлағатты ата-ана "Үйренгенің өзіңе жақсы, Істегенің бізге жақсы" деп баланың еңбекке араласуына ыждағаттылықпен көңіл бөледі.
Жанұяның да, баланың да мерейі - әке.Өйткені ол - жанұяның қамқоршысы, мерейі.
Әке - балаға сыншы. Ол бала бойындағы әрбір жақсы ісіне сүйініп, жаман іске күйінеді. Жанұяда әке мен шеше қандай іспен шұғылданса, үйдегі балалар да соған еліктейді.Бұл ,әрине, көрер көзге ашық байқалмағанмен, бірте-бірте бала бойына сіңе береді. Әсіресе, жақсылықтан гөрі жамандық бойға сіңгіш келеді. Ол және күн сайын еселене түседі. Сондықтан бала тәрбиесіне ана да, әке де араласуы керек.
7. Психологиялық зерттеу қорытындысы.
Баланың отбасы мүшелерімен қарым-қатынасын зерттеу мақсатында психолог "Үлкен үй" психологиялық тренингін өткізді. Ата-аналарға
қорытындысын айтып өтті.
Барлық отбасы мүшелерімен жақсы қарым-қатынаста 12оқушы.
Анасымен жақсы қарым-қатынаста 7 оқушы.
Әкесімен жақсы қарым-қатынаста 5 оқушы.
Балалардың көбі үлкен үйге ең алдымен анасын әкеледі екен.
Баланың жерге шырылдап түскеннен - ақ ең бір жақыны,ең бір досы, ең бір ұстазы ол - ана. Қара жерді баспай жатып,есін білмей жатып,тырмысып бауырына жабысатыны, шырылдап қуанбай, жылап іздейтіні ол -ана. Балаға бәрінен қымбат,жалпақ дүниеден де үлкен ол - ана. Ананың жолы басқа. Ана деген сөздің өзі де ыстық. Ана десе толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, сезбейтін сезім болуы мүмкін емес! Ананың жүрегі нәзік,ананың махаббаты балаға тіл жеткісіз биік.
Ана - біздің күніміз,
Ананың біз - гүліміз.
Бізді, ана қуантып,
Аман-есен жүріңіз.
Ендеше бүгінгі тренингке келіп отырған аналарға көптен көп рахмет! Психолог: Ана мен бала арасындағы жағдайларды қарастырды.
8. Қорытынды:
Қазақстан Республикасы Ата Заңының 27 бап 2 тармағында "Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы,әрі парызы"делінген. Балаға дұрыс бағыт беретін үлкен, мықты тәрбие ошағы болып саналатын -Отбасы.Себебі келешек әулеттің білікті азаматтары сонда тәрбиеленеді,адамның жеке басының бастапқы тәрбиесі пайда болады,мінездің негізі қаланады және адами қасиеттер мен әдептілік қалыптасады.Демек баланың келешекте қандай адам болуы өзі туылған отбасында алған тәлім-тәрбиесі,ондағы қарым-қатынасқа байланысты болмағы күмәнсіз.
Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті,саналы,иманды да ибалы,Отанының сүйікті және кішіпейіл азамат болып жетілуін қалайды.Олай болса, әрбір ата-ана өз отбасында балаларын тәрбиелеудің нәзік жақтарын, заңдылықтарын білуі шарт.
"Жапырақ тамырдан нәр алады" дейді халқымыз.Сол айтқандай бабалардың әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін,еңбек сүйгіштік қасиеттерді өзі өскен отбасынан алады.Яғни, олар балаларын еңбекке, жақсылыққа үндейді,адал болуға және Отанын сүюге шақырады.
"Балаға берілген бірінші тәрбие -ата-анасын,туған-туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады"дейді ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин. "Адамға ең бірінші керегі білім емес, тәрбие.Тәрбиесіз берілген білім -адамзаттың қас жауы,ол келешекте оның өміріне апат әкеледі"- деп Әл-Фараби айтқандай, Егеменді елдің ертеңі сол ел ұрпағының білімі мектеп тәрбиесінің тереңдігімен өлшенеді. Мекткептің мақсты - біліми өрісі биік, дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау жүйесі жоғары, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан сегіз қырлы - бір сырлы ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.
Бала тәрбиесі бір күндік іс емес. Сондықтанда бала тәрбиесіне жете мән беріп, "Адамның бір қызығы - бала деген" ұлы аталарымыздың даналық сөзін естен шығармайық.
Ата-аналар "Сиқырлы қалам"арқылы тренигтен алған әсерлерін бір ауыз сөзбен жеткізеді.
Қыс өтіп , көктем келеді. Көктемде ақ жауын көп жауады.Жауын суы жерге сіңіп, жер ананы бусандырады.Сол сияқты сіздер де бүгінгі тренингтен алған әсерлеріңізді жүрек түкпіріне қалдыруларыңызды өтінемін.
Күніміз ашық болсын,
Түніміз тыныш болсын,
Ауамыз таза болсын,
Суымыз мөлдір болсын,
Ұл-қызымыз аман болсын!
Тренинг соңында ата-аналарға жапырақтар үлестіріліп беріледі.Оған ата-ана өзін қызықтыратын сұрақтары немесе ұсыныстары болса жазып кетуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |