Баланың мектепке дайындығы



жүктеу 27.23 Kb.
Дата05.07.2016
өлшемі27.23 Kb.
Баланың мектепке дайындығы

Балалар-еліміздің болашағы.Қоғамымыздың өрлеп дамуы өсіп келе жатқан жеткіншектеріміздің ой-санасына,рухани адамгершілік тәрбие бере білуімізге байланысты.

Балаларды мектепке дайындау білім беру жүйесіндегі педагогика ғылымы мен практикасындағы келелі мәселелердің бірі. Баланы мектепке дайындау-біртұтас құрылым. Бұл кезең ата-аналарға, мектепке дейінгі мекеме қызметкерлеріне жауапты міндеттерді жүктейді. Мектепке бару-бала өміріндегі маңызды кезең. Мектепке дейінгі баланың өмірінде әлеуметтік,психологиялық жағынан және физологиялық жағынан да қиын кезең.

Сондықтан,мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың негізгі мақсаты-баланың жеке басының қалыптасуы мен денсаулығы,физикалық дамуы, сана- сезімі, физиологиялық, әлеуметтік және психологиялық дайындығы, жеке тұлғалық жағдайын қалыптастыру қажет.

А.В.Запорожец мектепке баланың дайындығын былай сипаттаған: «Баланың жеке ерекшеліктерінің біртұтас жүйе ретінде қалыптасуын көздеген. Оның мотивациялық ерекшеліктері,таным қабілеттерінің даму деңгейі,ерік-жігер механизмінің қалыптасу деңгейінің өзара байланысы» Яғни,баланы жан-жақты психологиялық тұрғыдан дайындау болып табылады.

Баланың мектепке психологиялық дайындығын психодиагностикалық жұмыстар арқылы анықтайды.

Баланың таным процессі-зейін,қабылдау.ойлау,ес,қиял,қабілетерін зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл мектепке дейінгі баланың білімі мен біліктілігі. Кез келген бала жазып және санаумен ғана шектеліп қоймау керек, сонымен бірге баланың сөйлеу тілінде кемістігі болмау керек және өз ойын жеткізе алуы қажет.

Баланы мектепке даярлауда сөйлеу тілін дамытудың, қол және көру мүшелерінің қозғалысының,оқыту үрдісіндегі зор рөл атқаратын интеллектуалдық дағдыларының маңызы ерекше. Бала сұрақтарға жауап қайтарып, ортамен өз танымын бөлісе алуы керек.



Баланы мектепке дайындау төрт бағытта жүргізіледі:

1. Мектепте оқуға қажетті нақты іскерліктер мен дағдылардың қалыптасуы

2. Мектеп жасына дейінгі кезеңнің аяғында байқалатын жаңа құрылымдар мен бала психикасындағы өзгерістерді зерттеу

3. Оқу әрекеттерінің алғы шарттары

4. Баланың берілген ережелер мен ересектер талабына саналы түрде бағыну іскерлігі

Кез-келген ата-ана баласының өсіп жетілуін,жан-жақты тәрбиелеу жолында алуан түрлі қуаныш пен қиыншылықтарды бастарынан өткізе отырып,оның рухани және ақыл-ойы мен дене құрылысы жағынан даму дәрежесіне жеткізуге баулиды. Мұғалім баланы мектепке дайындауда баланы ата-анасымен бірлесе отырып жүргізеді. Оларға іс-әрекеттің мазмұны өзгерген кезде баланың мінез-құлқы да ішкі психикалық өмірі де өзгеретінін және осы кезде баласына аса қажет екендігі түсіндірілуі керек.



Баланың мектепке дайындығы біртіндеп қалыптасатын аса күрделі үрдіс және бұл үрдісті жүзеге асырудың бірден бір жолы - ата-ананың,тәрбиешінің және психологтың бірігіп жұмыс істеуі. Мектепке баланың психологиялық даярлығы ақыл-ойының дамуын қажет етеді. Балабақшаның түлегі оқу ісінің мынадай белгілерін меңгерген жөн: үлкендердің нұсқауын бұлжытпай орындау мен тыңғылықты тыңдай білу қабілеті;

Балаларды мектепалды даярлау олардың психологиялық, педагогикалық  және  физиологиялық  талаптарын  ескере  отырып, бастауыш  мектепке оқытудың  даярлық  сапасының   жағдайын  жүзеге  асыруы қажет. Алты  жасар  бала  мектеп  жағдайында  оқуға  дайын. Себебі, ол қимыл-тірек  қозғалысы жағынан  саналы  әрекет  етеді. Ол  үлкендер  ұсынған тілек-талаптарды  өздігінше орындай  алады.  Ойын  барысында  да ойлы  әрекет  ету  арқылы  өзінің  не стегісі  келетінін  біліп,  соны  дұрыс  атқаруға  тырысады,  өз әрекетінен  белгілі  дәрежеде  қорытынды  шығарады. Жақсы- жаман  қылықтарды  алып, нені істеуге, нені істемеу керектігін де  біледі,  яғни  белгілі  дәрежеде өздерінің  мінез-құлықтарын басқара алады. Сондықтан  бұл  кезеңде мұғалімдер мен тәрбиешілер  және  ата-аналар,  бала  дамуына  ерекше  мән беріп,  оның   ары  қарай  жетіліп,  дамуына үлес қосу керек.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет