Балғабаева, Г. З



Pdf көрінісі
бет3/11
Дата29.09.2023
өлшемі0.72 Mb.
#479133
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ БИЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ ТАРИХИ БАСТАУЛАРЫ МЕН ЭВОЛЮЦИЯСЫ

МОЛОДЫХ ИССЛЕДОВАТЕЛЕЙ 
91 
беруде сол кезеңнің тарихын және жағдайларын зерттемей, білмей ынта білдіретін фактілер-
мен де кездесіп қаламыз. Осыдан мәселелерді ашуда субъективизм және догматика туындай-
ды» (С.З. Зиманов, А.А. Атишев, 1996, 5 б.). 
Міне, бұл баға жетпес құнды пікір қазақ қоғамындағы «билер институтын» зерттеуде 
басты қағида болып табылады. 
Жалпы билер институтының пайда болуы белгілі бір қоғамның қалыптасуымен, да -
муымен байланысты. Қазақ рулары мен ұлыстары қалыптасқаннан бері, өз замандастарынан 
озған озат ойлы, шебер тілді адамдар болғаны күдік туғызбайды. Сондықтан да билер ннсти -
тутының пайда болуы мен қалыптасуы қоғамның белгілі бір даму сатысымен, шешендердің 
шығуымен, олардың сөздерімен байланысты. 
Жалпы «би» термині бірнеше мағынада болады. Мәселен, В. Радлов өзінің зерттеуле-
рінде «би» сөзінің үш түрлі мағынасын келтіреді. Яғни, біріншіден, «би» – князь, патша, қо-
жайын; екіншіден, «би» – сот (судья); үшіншіден, «би» – «өзінің шешімдерінде ақылды, дана 
адам» , – деген анықтама береді (В.В. Радлов, 1971, 109-110 б.). 
Көрсетілген терминнің этимологиясына байланысты Л.А. Словоохотовта ерекше көз-
қарас ұстанды. Оның айтуышна: «Бий – мудрый в решениях, краснобой; по Будагову – князь, 
господин. От бий пройзошли бойк – высокый, бойле – управлять», – дей келе, әрі қарай «И 
хотя термин бий указываеть на лицо судебной профессии, а аксакал на переклоннасть воз-
раста, но в существе дела эти названия, взаймно дополняя друг друга, Айтылған ойды әрі қа -
рай дамытқан Т. Сұлтанов: «...билерді ру мен тайпалардың жетекшілері», – дей келе, – «би» 
сөзі ежелгі түркінің байырғы «бек» деген сөзінің кейінірек өзгерген түрі және бұл орайда 
терминнің XV ғасырға дейінгі деректерден мүлдем ұшыраспайтындығын айтады» (С.Г. 
Кляшторный, Т.М. Султанов, 1992, 51 б.). 
Өз кезегімізде біздің пайымдауымыз бойынша, «би» сөзінің бастауы түркі дәуірінен 
де ертерек заманға келеді. Мысалға алсақ, б.з.д. III ғасырдағы үйсіндердің ел билеушісін 
«Күнби» деп атаған. Мұнда «би» деген сөз – әрі билеуші, әрі «бір» деген мағына ретінде қол-
данылды (Ғ.С. Сапарғалиев, Ғ. Ғаббасұлы, 2001, 19 б.). 
Кейбір деректер бойынша, осы Үйсін елінің басшысы «Күн-мо» деп те аталады. Оны 
біз Қойшығара Салғариннің еңбектерінен кездестіре аламыз. Мысалы: «у-сұнның» билеушісі 
өзін «күн-мо (ми)» деп атаған. Бұл түрік тілінде «күн» (кум) деген ұғымды білдіреді, «ми» – 
«бимен» дыбыстық жақындығы бар, оның мағынасы билеуші немесе елбасы дегенге келеді. 
Сондықтан «күн-мо» мен «кун-ми» деген «күнби» яғни күн сияқты билеуші деген мағынада» 
(Қ. Салғараұлы, 1998, 92 б.). 
Осындай пікірді Жапония ғалымы Бәй-ниау-кужи өзінің «у-сұндар ж-өнінде дерек» 
атты мақаласында да келтіреді: «ол у-сұн мемлекетінің билік атауында «ми» иероглифі көп 
кезігетінін айтады. Мысалы, Нәндыу-ми, Ле-жиау-ми, Ниән-шүй-ми, Ни-ми, Вінжиу-ми, 
Иуәнгуй-ми, Шиң-ми, Цы-су-ми, Иші-ми, Әнли-ми және т.б. Біріншіден, «ми» иероглифі тү-
рік тіліндегі «би» мағынасында , бұл-ел басы деген ұғымды білдіреді» (Қ. Салғараұлы 1998, 
92 б.). 
Айтылған пікірлерді саралап қарасақ, «би» сөзінің пайда болу кезеңі ерте кездегі 
үйсіндердің заманына тірелетінін көреміз. Бұл дәуірде «би» термині ел басы, билеуші деген 
мағынада қолданылған. 
Құқықтық мәдениетіміздегі осы ұғым-түсініктер, терминдерге келетін болсақ, бұлар-
ды зерттеуде, мәнін ашуда оқиғалар жиынтығына сүйене отырып, мәселені шешіп алу керек, 
өйткені оқиғаларды сипаттау үстінде осынау қиын да күрделі сөздер әртүрлі үйлесімде кез-
десіп отырады. 
Мысалы, V-VІ ғасырларға жататын көне түркі жазбаларын зерттеген ғалымдарға «би» 
сөзі кездеспегенімен, «бек» сөзі жиі кездеседі. Мысалға алсақ, «Білге қағанға» қойылған 
ескерткіштің үлкен жазуында: «Барс бег ерті», «қаған ат бунта», – деп жазылған. Аударған-
да: «Барс бег болды. Біз оған қаған (хан) лауазымын бердік» – деген (В.В. Радлов, 1971, 294 
б.). Осыдан көріп отырғанымыздай, бұл жерде «бек» қағаннан кейінгі лауазымды білдіріп 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет