Балл қою кестесі


Қолдану, жоғары деңгей дағдылар (10 балл)



бет3/3
Дата16.06.2024
өлшемі15.53 Kb.
#502618
1   2   3
Қаз тарих балл қою кест

Қолдану, жоғары деңгей дағдылар (10 балл)
9-10 балл: берілген оқиғаларға, фактілерге, тарихи құбылыстарға жан-жақты көзқарас тұрғысынан жауап береді. Сұраққа жауап беру барысында қарама-қайшылықты мәселені дұрыс логикалық жүйеде қарастырады, мағыналық бірізділік, басты тезистер мен пайымдаулардың өзара сәйкестілігін анықтайды. Тарихи мәнмәтінде хронология мен тарихи деректерді кең түрде қолданады. Дәйектер мен дәлелдерді келтіруде тарихи білімдер, деректер, мен түрлі статистикалық мәліметтерді толыққанды қолданады. Сұрақты қортындылағанда тарихи маңыздылығын айқындайтындай тың идеяларды ұсынады.
7-8 балл: берілген оқиғаларға, фактілерге, тарихи құбылыстарға бірқатар көзқарас тұрғысынан жауап береді. Сұраққа жауап беру барысында қарама-қайшылықты мәселені дұрыс логикалық жүйеде қарастырады, мағыналық бірізділік, басты тезистер мен пайымдаулардың өзара сәйкестілігін анықтайды. Тарихи мәнмәтінде хронология мен тарихи деректер біршама түрде қолданады. Дәйектер мен дәлелдерді келтіруде тарихи білімдер, деректер, мен түрлі статистикалық мәліметтерді біршама қолданады. Сұрақты қортындылағанда тарихи маңыздылығын айқындайтындай әртүрлі идеяларды ұсынады.
4-6 балл: берілген оқиғаларға, фактілерге, тарихи құбылыстарға әртүрлі көзқарас тұрғысынан жауап береді. Сұраққа жауап беру барысында қарама-қайшылықты мәселенің логикалық бірізділігі, басты тезистер мен пайымдаулардың өзара сәйкестілігі төмен. Тарихи мәнмәтінде хронология мен тарихи деректер аз қолданады. Дәйектер мен дәлелдерді келтіруде тарихи білімдер, деректер, мен түрлі статистикалық мәліметтерді аз қолданады. Сұрақты қортындылағанда тарихи маңыздылығын айқындайтындай әртүрлі идеяларды ұсынуда қиналады.
1-3 балл: берілген оқиғаларға, фактілерге, тарихи құбылыстарға жауап беруге қиналады. Сұраққа жауап беру барысында қарама-қайшылықты мәселенің логикалық бірізділігі жоқ, басты тезистер мен пайымдаулардың өзара сәйкестілігі төмен. Тарихи мәнмәтінде хронология мен тарихи деректерді қолдануда қателер жібереді. Дәйектер мен дәлелдерді келтіруде тарихи білімдер, деректер, мен түрлі статистикалық мәліметтерді қолданбайды. Сұрақты қортындылағанда тарихи маңыздылығын айқындайтындай әртүрлі идеяларды ұсынбайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет