Банк қызметінің тиімділігін бағалаудың нысаны ретіндегі кешенді талдау мәселелері



жүктеу 145.4 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі145.4 Kb.
БАНК ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУДЫҢ НЫСАНЫ РЕТІНДЕГІ КЕШЕНДІ ТАЛДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Кешенді бағалау күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың заңдылықтарын ғылыми тұрғыда тану құралы ретінде көрініс табады. Қаржылық нәтижені, қаржылық жағдайды талдау объектісінің тиімділігі мен іскерлік белсенділігін объективті түрде бағалау қаржылық талдаудың негізгі функциясының бірі болып табылады. Коммерциялық банктің қызметін бағалау және талдау, басқару тапсырмаларын тиімді түрде шешу, банк қызметінің табыстылыққа және тұрақтылыққа жетуі үшін қажет

Осылайша, банк қызметін кешенді түрде бағалауды талдау функциясы, банктің займдық, меншікті және тартылған қаражаттарын тиімді пайдалану жолдары және табыстылық резервтерін анықтауға мүмкіндік беретін қаржылық басқару құралдары ретінде қарастыруға болады.

Банк қызметін тиімді түрде бағалау көбінесе ақпаратпен қамсыздандыру сапасына байланысты. Банк қызметін бағалау және талдау ақпараттық қамсыздандыруға жатады. Бағалаудың ақпараттық қорын банк қызметімен байланысты болатын сыртқы және ішкі ақпараттар құрайды. Бағалаудың барлық субъектілерін қол жеткізе алатын сыртқы ақпарат жүйесіне ҚР ҰБ инструктивті материалдары, ҚР-ң нормативті актілері, заңнамалары, статистикалық есептеулер, басқа да ақпараттар кіреді. Банк істерін ішкі жағынан сипаттайтын ішкі ақпарат жүйесі қаржылық есептеулер мен есептік және есептік емес ақпараттармен көрсетіледі.

Банктік есептеулердің мақсаты – ақша қаражаттарының қозғалысы және жағдайы туралы мәліметтерді өңдеу және талдау, жинау негізінде болған өзгерістерді көрсету болып табылады. Мұнда банктік есептеулер белгілі бір талаптарға сәйкес келуі керек.

Алға қойылған міндеттер мен мақсаттарға сәйкес несие ұйымдарының алған қаржылық жағдайын бағалауды экономикалық талдау теориясында әртүрлі әдістерді қолдана жүргізу, яғни жүйені кешенді ұйымдастырылған зерттеу объектілері бір-бірімен тығыз байланысты математикалық, статистикалық, есептік және ақпараттарды өңдеу тәсілдерінің басқа да түрлерін пайдалану болып табылады.

Талдаудың дәстүрлі әдістеріне жатқызылады: топтастыру, салыстыру, орташа және шамалас көлемдерін анықтау, талдау нәтижелерін анықтау, индексті әдіс, оңтайландыру әдіс, баланстық әдіс.

Соңғы кездері дәстүрлі әдістерден өзге сараптама кезінде экономика-математикалық және статистикалық әдістер жиірек қолданыла бастады: корреляция, регрессия, дисперсия, кластер әдісі, факторлық, аналитикалық теңдестіру, трендтерді анықтау үшін орташа жылжымалы банк қызметі көрсеткіштерін болжау.

«AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ 1992 жылғы қаңтарда Қазақстанда құрылды. 2009 жылы ребрендинг жүргізілгенге дейін банк нарықта «Лариба Банк»бірлескен банкі» АҚ деген атаумен белгілі болды. Бүгіндері «AsiaCredit Bank» АҚ өзін қазіргі заманғы, бәсекеге қабілетті банктік қызметтер мен өнімдерді ұсынатын әмбебап банк ретінде танытып отыр.

Келесі кестеде «AsiaCredit Bank» АҚ-ның активтерінің құрамы мен құрылымына талдау жасалған (1-кесте).


Кесте 1

«AsiaCredit Bank» АҚ-ның активтерінің құрамы мен құрылымы




Баптардың атауы

31.12.2011 ж.

31.12.2012 ж.

31.12.2013 ж.

Өзгерістер, %

сомасы

үлесі %

сомасы

үлесі %

сомасы

үлесі %

2012ж/

2011ж


2013ж./

2011ж


Ақша қаражаттары мен олардың баламалары

2 281,0

22,29

6 731,3

46,04

1 832,4

6,78

2,9 есе

-19,7

Банктер мен өзге қаржылық мекемелердегі шоттар мен депозиттер

141,0

1,38

200,3

1,37

813,9

3,01

42,1

5,8 есе

Сату үшін қолда бар қаржылық активтер

2 481,5

24,25

818,0

5,59

5 106,6

18,89

-3,0 есе

2,1 есе

Туынды қаржылық құралдар

275,6

2,69

255,6

1,75

242,2

0,90

-7,3

-12,1

Клиенттерге берілген несиелер

3 877,6

37,89

5 269,4

36,04

17 665,6

65,34

35,9

4,6 есе

Ағымдағы салықтық активтер

30,8

0,30

31,8

0,22

47,2

0,17

3,2

53,2

Негізгі құралдар және маткриалдық емес активтер

1 056,5

10,32

1 099,8

7,52

1 171,1

4,33

4,1

10,8

Өзге активтер

88,4

0,86

213,7

1,46

158,8

0,59

2,4 есе

79,6

Активтер жиынтығы

10 232,5

100,0

14 619,9

100,0

27 037,7

100,0

42,9

2,6 есе

Кесте мәліметтеріне талдау жасайтын болсақ, банк активтерінің жиынтығында басым үлес салмақты 2011 және 2013 жылдары клиенттерге берілген несиелер сәйкесінше 37,89% және 65,34%-бен иеленсе, 2012 жылы басым үлесті 46,04% үлеспен ақша қаражаттары мен олардың баламалары орналасқан. Ақша қаражаттары мен олардың баламалары 2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 2,9 есеге артқанымен, 2013 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 19,7%-ға азайған. Ал клиенттерге берілген несиелердің көлемі 2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 35,9%-ға, 2013 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 4,6 есеге ұлғайған.

Екінші жайғасымда 2011 және 2013 жылдары сәйкесінше 24,25% және 18,89% үлес салмақпен сату үшін қолда бар қаржылық активтер орналасқан. Аталмыш көрсеткіш 2012 жылы өткен кезеңмен салыстырғанда 3,0 есеге азайып, үлесі небәрі 5,59%-ды немесе 818,0 млн. теңгені құраса, 2013 жылы 2,1 есеге ұлғайып, екінші жайғасымға ауысқан. Ал 2012 жылы екінші жайғасымда клиенттерге берілген несиелер 36,04% үлес салмақпен ораналасты.

«AsiaCredit Bank» АҚ міндеттемелерінің құрамы мен құрылымын талдау 2-кестеде берілген.


Кесте 2

«AsiaCredit Bank» АҚ міндеттемелерінің құрамы мен құрылымы, млн. теңге




Баптардың атауы

31.12.2011 ж.

31.12.2012 ж.

31.12.2013 ж.

Өзгерістер, %

сомасы

үлесі %

сомасы

үлесі %

сомасы

үлесі %

2012ж/

2011ж


2013ж./

2011ж


Банктер шоттары мен депозиттері

5,2

0,12

6,5

0,08

408,5

2,66

25,0

78,5 есе

РЕПО келісімі бойынша алынған қарыздар

-

-

-

-

234,0

1,52

-

-

Клиенттердің ағымдағы шоттары мен депозиттері

4208,6

94,02

8204,0

96,51

14239,6

92,78

1,9 есе

3,4 есе

Кейінге қалдырылған салықтық міндеттеме

192,6

4,30

201,2

2,37

193,1

1,26

4,5

0,2

Өзге міндеттемелер

69,7

1,56

88,9

1,04

117,3

0,76

27,5

68,3

Шартты міндеттемелер бойынша резервтер

-

-

-

-

155,1

1,01

-

-

Міндеттемелер жиынтығы

4476,2

100,00

8500,6

100,00

15347,7

100,00

1,9 есе

3,4 есе

Кестеден көріп отырғанымыздай, Банк міндеттемелерінің жиынтық көлемінде басым үлесті клиенттердің ағымдағы шоттары мен депозиттер иеленіп отыр. Яғни олардың үлес салмағы 2011 жылы 94,02% (немесе 4208,6 млн. теңге), 2012 жылы 96,51% (немесе 8204,0 млн. теңге) және 2013 жылы 92,78% (немесе 14239,6 млн. теңге). Аталмыш көрсеткіш 2012 жылы 1,9 есеге, 2013 жылы 3,4 есеге дейін ұлғайған. Сонымен қатар міндеттемелер құрамында банктер шоттары мен депозиттері көрсеткіші де 2012 жылы небәрі 25%-ға өсіп, 6,5 млн. теңгені құраса, 2013 жылы 78,5 есеге дейін артып, 408,5 млн. теңге болған. Жалпы міндеттемелер жиынтығының өсімі 2012 жылы 1,9 есені құраса, 2013 жылы 3,4 есені құрап отыр. Яғни міндеттемелер жиынтығының өсуіне ең алдымен талданып отырған кезеңдердегі клиенттердің ағымдағы шоттары мен депозиттерінің өсімі себепші болып отыр.

Келесі кестеде Банк капиталының құрылымына талдау жасалынған (3-кесте).

Кесте 3


«AsiaCredit Bank» АҚ капиталының құрамы мен құрылымы, млн. теңге


Баптардың атауы

31.12.2011 ж.


31.12.2012 ж.

31.12.2013 ж.

Өзгерістер, %

сомасы

үлесі %

сомасы

үлесі %

сомасы

үлесі %

2012ж/

2011ж


2013ж./

2011ж


Акционерлік капитал

3383,1

58,77

3676,7

60,08

8904,1

76,17

8,7

2,4 есе

Эмиссиялық табыс

2,3

0,04

2,3

0,04

2,3

0,02

-

-

Қаржылық активтерді қайта бағалау бойынша резерв

(10,8)

(0,19)

7,9

0,13

243,0

2,08

26,8

30,7 есе

Ғимарат пен жер телімдерін қайта бағалаудан пайда

644,0

11,19

666,8

10,90

655,7

5,61

3,5

-1,7

Жалпы банктік тәуекелдер бойынша резервтер

167,4

2,91

209,4

3,42

270,0

2,31

25,1

28,9

Арнайы резерв

-

-

-

-

531,8

4,55

-

-

Бөлінбеген пайда

1570,3

27,28

1556,1

25,43

1083,0

9,26

-0,9

-30,4

Капитал жиынтығы

5756,3

100,00

6119,2

100,0

11689,9

100,00

6,3

1,9 есе

Кесте мәліметтеріне талдау жасайтын болсақ, Банк капиталының жиынтығында көшбасшылық жайғасымда талданып отырған кезеңдерде акционерлік капитал 2011 жылы 58,77% (немесе 3383,1 млн. теңге), 2012 жылы 60,08% (немесе 3676,1 млн. теңге) және 2013 жылы 76,17% (немесе 8904,1 млн. теңге) көлемінде орналасқан. Аталмыш көрсеткіш базистік кезеңмен салыстырғанда 2012 жылы 8,7%-ға ғана артса, 2013 жылы 2,4 есеге дейін ұлғайған. Сонымен қатар Банк капиталының көлемінің ұлғаюына сату үшін қолда бар қаржылық активтерді қайта бағалау бойынша резервтер көлемінің 2013 жылы 30,7 есеге дейін немесе 243 млн. теңге көлемінде артуы, және де есепті кезеңде 531,8 млн. теңге көлемінде арнайы резервтердің қалыптасуы әсерін тигізіп отыр. Жалпы капитал жиынтығы 2012 жылы 6,3%-ға артса, 2013 жылы 1,9 есеге дейін ұлғайған.

«AsiaCredit Bank» акционерлік қоғамының қаржылық жағдайы туралы есептемесіне жасалған талдаудың негізінде банк активтерінің жиынтық көлемінің есепті кезеңде 2,6 есеге артып, 27,0 млрд. теңгеге, міндеттемелердің көлемі 2012 жылы 1,9 есеге, 2013 жылы 3,4 есеге ұлғайып, 15 347,7 млн. теңгеге, банк капиталы 2012 жылы 6,3%-ға, 2013 жылы 1,9 есеге ұлғайып, 11 689,9 млн. теңгеге тең болған. Активтердің өсуіне клиенттерге берілген несиелер көлемінің өсуі, міндеттемелер көлемінің өсуіне клиенттердің ағымдағы шоттары мен депозиттерінің өсуі, капитал көлемінің ұлғаюына акционерлік капиталдың өсуі әсерін тигізген.

Банктің табыстар мен шығындар құрылымын талдау негізінде банк жұмысының тиімділігінің бірқатар көрсеткіштерін анықтауға болады.

Пайда табыстардың шығындардан асып түсуі түрінде банктің қарыжылық қызметінің нәтижесін білдіреді. Бұл нәтиже мәнінің теріс болуы жағдайында оны залал деп атайды. Қазақстандық коммерциялық банктердің есептілігінде қазіргі уақытта пайданың екі көрсеткіші, яғни баланстық және таза пайда қалыптастырылады.

Қаржылық жағдайдың тұрақтылығы мен баланс өтімділігін кеплідендіретін, дивидендтердің сәйкес деңгейін қамтамасыз ететін, банктік қызмет көрсетулердің дамуын және сапасын арттыруды қамтамасыз ететін банктің меншікті капиталының негізгі көзі ретіндегі пайданың маңыздылығын атап өткен жөн.

Келесі суретте «AsiaCredit Bank» АҚ талданып отырған кезеңдердегі жылдық пайдасының динамикасы берілген (1-сурет).

Сурет 1. «AsiaCredit Bank» АҚ жылдық пайдасының динамикасы, млн. теңге
Суреттен көріп отырғанымыздай, Банк пайдасының жоғары көрсеткіші 2011 жылы 597,6 млн. теңге көлемінде тіркелген, ал төменгі мөлшері 2012 жылы небәрі 24,4 млн. теңге көлемінде тіркеліп отыр. Банк пайдасы 2012 жылы біршама азайған. Ал 2013 жылы Банктің жылдық пайдасы 2011 жылмен салыстытрғанда 481 млн. теңгеге қысқарып, 2012 жылмен салыстырғанда 92,2 млн. теңгеге артып, 116,6 млн. теңгені құрап отыр.

Сонымен, «AsiaCredit Bank» акционерлік қоғамының қызметіне жүргізілген кешенді талдаудың негізінде банктің 2012 жылы жоғалтып алған табысты жайғасымы 2013 жылы оның қызметінің жандануымен жалғасты. Осы орайда, банктің 2013 жылы ұстанған қызметін жүзеге асыру стратегияларының негізгі бағыттарын әрі қарай жалғастыру қажет деп ойлаймын.



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:


  1. «AsiaCredit Bank» акционерлік қоғамының 2011-2013 жылдардағы қаржылық есептемелері // www.kase.kz





©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет