«Банк операцияларын жүргізуге арналған үй-жайлардың дайындық дәрежесі туралы қорытындылар беру» мемлекеттiк қызмет стандарты



жүктеу 286.5 Kb.
Дата17.06.2016
өлшемі286.5 Kb.




Қазақстан Республикасы

Президентiнiң

2010 жылғы

Жарлығымен



БЕКIТIЛГЕН



«Банк операцияларын жүргізуге арналған үй-жайлардың

дайындық дәрежесі туралы қорытындылар беру»

мемлекеттiк қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Банк операцияларын жүргізуге арналған үй-жайлардың дайын болу дәрежесі туралы қорытынды беру жөніндегі мемлекеттiк қызметті (бұдан әрi – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары көрсетеді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі аумақтық филиалының мемлекеттік қызмет көрсететін бөлімшелерінің мекенжайлары мен байланыс деректері осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.

2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттiк қызмет «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңы 8-бабының л-4) тармақшасы және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4817 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзету мен жайластыруды ұйымдастыру жөніндегі талаптарды бекіту туралы» 2007 жылғы 28 мамырдағы № 56 қаулысы негiзiнде көрсетiледi.

4. Мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат және осы Стандарттың мәтіні Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдарында тұтынушылар үшiн қолжетiмдi орында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң интернет-ресурсында (www.nationalbank.kz) орналастырылған.

5. Банк операцияларын жүргізуге арналған үй-жайлардың дайын екендігі туралы қорытынды (бұдан әрі – қорытынды) беру не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз тасымалдауыштағы дәлелді жауап көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғалар: екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға (бұдан әрі – тұтынушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:

1) мемлекеттiк қызмет тұтынушы өтініш жасаған және осы Стандарттың 11-тармағында белгiленген құжаттардың толық пакетi ұсынылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнi iшiнде көрсетiледi;

2) қажеттi құжаттар пакетi кезек күтпестен осы Стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi аумақтық филиалының хат-хабар қабылдауға және тіркеуге уәкілетті бөлімшесіне/жауапты тұлғасына тапсырылады (немесе хат-хабар қабылдауға арналған арнайы жабдықталған жәшiкке салынады);

3) қорытындыны не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұтынушыға не оның сенiм бiлдiрiлген тұлғасына (сенiмхат негiзiнде) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi аумақтық филиалының жауапты орындаушысы кезек күтпестен бередi.

8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.

9. Құжаттарды қабылдау және беру, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiнгi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн күн сайын жүзеге асырылады.

Құжаттарды қабылдау және беру кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдарының ғимараттарында көрсетiледi. Аумақтық филиалдардың ғимараттары мүмкiндiктерi шектеулi адамдарға қолжетiмдi болуы үшiн пандустары бар кiру есiктерiмен жабдықталған.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi
11. Тұтынушының қорытындыны алуы үшiн талап етiлетiн құжаттар:

1) өтiнiш хат;

2) үй-жайларды жалдау туралы шарттың немесе меншік құқығын растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесi.

Қорытындыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалы тұтынушының үй-жайларын қарап шығу нәтижелері негізінде береді. Үй-жайларды қарау нәтижелері бойынша Қарап шығу актісі жасалады.

Үй-жайларды қарап шығу барысында қосымша мынадай құжаттар тексеріледі:

1) осы Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша арнайы техникалық күзет құралдарын пайдалануға қабылдау актісі;

2) күзет қызметін көрсетуге арналған шарт;

3) техникалық нығайтуы көзбен қарап шығуға мүмкіндік бермейтін үй-жайлар (қойма, сейф бөлмесі, депозитарий) болған жағдайда ғана жасырын жұмыстарға арналған акт.

12. Мемлекеттік қызметті алуға арналған өтініш хат еркін нысанда толтырылады. Өтініш хатта міндетті түрде тұтынушының байланыс телефонының нөмірі көрсетіледі. Шет тiлiнде жасалған құжаттар Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкiне мемлекеттiк тiлдегi немесе орыс тiлiндегi аудармасымен ұсынылады.

13. Құжаттар қабылдауды және тіркеуді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi аумақтық филиалының хат-хабар қабылдауға және тіркеуге уәкілетті бөлімшесі/жауапты тұлғасы осы Стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша жүзеге асырады (немесе хат-хабар қабылдауға арналған арнайы жабдықталған жәшiкке салынады).

Хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті бөлімше/жауапты тұлға сағат 09.00-ден бастап сағат 18.00 аралығындағы кезеңде әрбір екі сағат сайын арнайы жабдықталған жәшіктен құжаттарды алады. Алынғаннан кейін құжаттарды хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті бөлімше/жауапты тұлға тіркейді және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi аумақтық филиалының басшылығына бұдан әрi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi аумақтық филиалының жауапты бөлiмшесiнің қарауы үшін жібереді.

14. Құжаттар пакетiн қолына тапсырған жағдайда тұтынушының қолына осы Стандарттың 4-қосымшасына сәйкес құжаттардың алынғаны туралы талон берiледi.

Талонды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi аумақтық филиалының құжаттарды қабылдауға уәкілетті бөлімшесі/жауапты тұлғасы осы Стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген мекенжайлар бойынша жазады.

Тұтынушы құжаттарды почта арқылы жіберген немесе хат-хабар қабылдауға арналған арнайы жабдықталған жәшiк арқылы құжаттар пакетін тапсырған жағдайда құжаттардың алынғаны туралы талон берiлмейдi.

15. Қорытындыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi аумақтық филиалының жауапты орындаушысы тұтынушыға не оның сенiм бiлдiрiлген тұлғасына (сенiмхат негiзiнде) жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде қорытындыларды берудi есепке алу журналына қол қойғыза отырып бередi. Тұтынушының уақтылы келмеуі себебінен қорытындының 10 (он) жұмыс күнінен асатын мерзімде берілуі мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзу болып табылмайды.

16. Мынадай жағдайларда:

1) ұсынылған құжаттардың пакетi осы Стандарттың 11-тармағында белгiленген талаптарға сәйкес келмесе;

2) тұтынушы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына осы Стандарттың 11-тармағында белгіленген құжаттардың толық пакеті ұсынылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде үй-жайларды тексеріп қарауға мүмкіндік бермесе;

3) тұтынушының үй-жайлары Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4817 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзету мен жайластыруды ұйымдастыру жөніндегі талаптарды бекіту туралы» 2007 жылғы 28 мамырдағы № 56 қаулысымен белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, қорытынды беруден бас тартылады.

Қорытынды алу үшiн құжаттарды қайта тапсырған кезде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалына оларды соңғы берген сәттен бастап өзгермеген құжаттар ұсынылмайды. Бұл ретте құжаттар жалпы негiзде қаралады және мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi тұтынушының өтiнiштi және қажеттi құжаттардың пакетін қайта берген күнiнен бастап есептеледi.

Қорытынды беруден бас тарту себептерi жазылған дәлелдi жазбаша жауап осы Стандарттың 11-тармағында айқындалған құжаттарды ұсынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнi iшiнде берiледi. Жауап почтамен жiберiледi не тұтынушыға, не оның сенiм бiлдiрiлген тұлғасына (сенiмхат негiзiнде) берiледi.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалы тұтынушыға қатысты басшылыққа алатын жұмыс қағидаттары:

1) әдептiлiк;

2) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет туралы толық ақпарат;

3) мемлекеттiк қызметтiң уақтылы көрсетiлуi;

4) тұтынушының қарауға ұсынған құжаттарының сақталуы;

5) тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың қорғалуы және конфиденциалдылығы;

6) тұтынушы құжаттарды алу үшiн келмеген жағдайда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң құжаттарды сақтау мәселелерін реттейтін нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген мерзiмде олардың сақталуы.
4. Жұмыс нәтижелерi
18. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы Стандарттың 5-қосымшасына сәйкес сапа және тиімдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.

19. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалының жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапа және қолжетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мақсатты мәндерi жыл сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бұйрығымен бекiтіледi.



5. Шағымдану тәртiбi
20. Тұтынушы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалы уәкiлеттi лауазымды тұлғаларының iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) байланыс деректерi осы Стандарттың 6-қосымшасында көрсетiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң тиiстi аумақтық филиалының басшысына шағым жасай алады.

21. Егер тұтынушы қабылданған шараларға қанағаттанбайтын болса немесе мәселенi жоғары тұрған сатының қарауы талап етiлсе, онда тұтынушы шағымды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының атына не оның орнындағы тұлғаға жазбаша түрде жолдай алады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының не оның орнындағы тұлғаның атына берiлетiн мемлекеттiк қызметтi көрсету жөнiндегi шағымдар 050040, Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21-үй мекенжайы бойынша почтамен жіберіле немесе қолмен беріле отырып, жазбаша түрде қабылданады.

22. Іс-әрекетке (әрекетсiздiкке) шағымдану және шағымды дайындауға көмек көрсету тәртібін түсіндіруді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тиісті аумақтық филиалының жауапты орындаушысы осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша жүзеге асырады.

23. Шағымдарды тiркеу, есепке алу және қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртiппен және мерзiмде жүзеге асырылады.

Шағымды беру кезінде іс-әрекетіне шағым жасалатын субъектінің атауы немесе лауазымды тұлғалардың қызметі, аты-жөні, өтініш жасау себебі мен талаптары көрсетіледі.

Шағымды қарау нәтижелерi туралы тұтынушыға жазбаша түрде хабарланады.

Қолмен қабылданған шағым жеке тұлғалардың өтiнiштерiн есепке алу журналында немесе заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналында тiркеледi.

24. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

25. Өтініштің қабылданған күні мен уақыты, қабылдаған қызметкердің аты-жөні көрсетілген талон шағымның қолмен қабылданғанын растайтын құжат болып табылады.

26. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалы басшылығының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауы осы Стандарттың 6-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тиісті аумақтық филиалында тұтынушылар үшін қолжетімді орында орналастырылатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі аумақтық филиалы басшылығының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауы мына мекенжайда: 050040, Алматы қаласы, «Көктем-3» ықшам ауданы, 21-үйдегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының үйінде тұтынушылар үшін қолжетімді орында орналастырылатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

______________________

«Банк операцияларын жүргізуге арналған

үй-жайлардың дайындық дәрежесі туралы қорытындылар

беру» мемлекеттiк қызмет стандартына

1-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi аумақтық филиалдарының мемлекеттiк қызмет көрсететiн бөлiмшелерiнiң мекенжайлары
және байланыс деректерi


р/с



Аумақтық филиалдың атауы

Заңды мекенжайы

Кабинет нөмiрi

Коды, телефоны

1

2

3

4

5

1.

Орталық филиал

010000, Астана қаласы,

Бейбiтшiлiк к-сі, 21












Қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімі




111, 110

8 (7172) 703354,

703378

2.

Ақмола филиалы

020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Әуезов

к-сі, 214










Қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімі




2-қабат

8 (7162) 250753

3.

Ақтөбе филиалы

030006, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Асау-Барақ к-сі, 45










Қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімі




4

8 (7132) 210723

4.

Алматы қалалық филиалы

050000, Алматы қаласы,

Панфилов к-сі, 98










Қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімі




101

8 (727) 2443625,

2443626

5.

Алматы облыстық филиалы

040008, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Төлебаев к-сі, 58/64










Қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімі




3-қабат

8 (7282) 245199

6.

Атырау филиалы

060002, Атырау облысы, Атырау қаласы, Уәлиханов

к-сі, 2










Қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімі




209

8 (7122) 328495

7.

Шығыс Қазақстан филиалы

070019, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан к-сі, 3










Қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімі




501

8 (7232) 254496

8.

Жамбыл филиалы

080000, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Қазыбек би

к-сі, 137










Қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімі




220

8 (7262) 451809

9.

Батыс Қазақстан филиалы

090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы,

Ж. Досмұхамедов к-сі, 16










Қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімі




103

8 (7112) 509768

10.

Қарағанды филиалы

100000, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Бұқар жырау д-лы, 19










Қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімі




32

8 (7212) 419393

11.

Қостанай филиалы

110000, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Баймағамбетов к-сі,195










Қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімі




310

8 (7142) 542212

12.

Қызылорда филиалы

120019, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы,

Жақаев к-сі, 20










Қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімі




207

8 (7242) 278434

13.

Маңғыстау филиалы

130000, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,

23-ықшам аудан










Қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімі




319

8 (7292) 430523

14.

Павлодар филиалы

140000, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Ак. Сәтбаев к-сі, 44










Қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімі




311, 316

8 (7182) 323053

15.

Солтүстік Қазақстан филиалы

150000, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы,

Қазақстан Конституциясы

к-сі, 6










Қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімі




313

8 (7152) 469892

16.

Оңтүстік Қазақстан филиалы

160012, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Төреқұлов к-сі, 2










Қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімі




317

8 (7252) 212073

____________________

«Банк операцияларын жүргізуге арналған

үй-жайлардың дайындық дәрежесі туралы қорытындылар

беру» мемлекеттiк қызмет стандартына

2-ҚОСЫМША


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi аумақтық филиалдарының келіп түсетін хат-хабарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асыратын бөлiмшелерiнiң мекенжайлары және байланыс деректерi


Р/с №

Аумақтық филиалдың атауы

Заңды мекенжайы

Кабинет нөмiрi

Коды, телефоны

1

2

3

4

5

1.

Орталық филиал

010000, Астана қаласы, Бейбiтшiлiк к-сі, 21










Әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiм




103

8 (7172) 703325

2.

Ақмола филиалы

020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Әуезов к-сі, 214










Әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiм




32

8 (7162) 250710

3.

Ақтөбе филиалы

030006, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Асау- Барақ к-сі, 45










Әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiм




14

8 (7132) 210753

4.

Алматы қалалық филиалы

050000, Алматы қаласы, Панфилов к-сі, 98




8 (727) 2443620

5.

Алматы облыстық филиалы

040008, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Төлебаев к-сі, 58/64










Әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiм




3-қабат

8 (7282) 244671

6.

Атырау филиалы

060002, Атырау облысы, Атырау қаласы, Уәлиханов к-сі, 2










Әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiм




101

8 (7122) 322036

7.

Шығыс Қазақстан филиалы

070019, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан к-сі, 3










Әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiм




303

8 (7232) 254717

8.

Жамбыл филиалы

080000, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Қазыбек би к-сі, 137










Әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiм




221

8 (7262) 450970

9.

Батыс Қазақстан филиалы

090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы,

Ж. Досмұхамедов к-сі, 16












Әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiм




101

8 (7112) 500515

10.

Қарағанды филиалы

100000, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Бұқар жырау

д-лы, 19










Әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiм




1

8 (7212) 419181

11.

Қостанай филиалы

110000, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Баймағамбетов к-сі, 195










Әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiм




306

8 (7142) 546483

12.

Қызылорда филиалы

120019, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Жақаев к-сі, 20










Әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiм




102

8 (7242) 261365

13.

Маңғыстау филиалы

130000, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 23-ықшам аудан










Әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiм




309, 310

8 (7292) 428232

14.

Павлодар филиалы

140000, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Ак. Сәтбаев

к-сі, 44











Әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiм




313

8 (7182) 320281

15.

Солтүстiк Қазақстан филиалы

150000, Солтүстiк Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы к-сі, 6










Әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiм




214

8 (7152) 462966

16.

Оңтүстiк Қазақстан филиалы

160012, Оңтүстiк Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Төреқұлов к-сі, 2










Әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiм




320

8 (7252) 212081

____________________

«Банк операцияларын жүргізуге арналған

үй-жайлардың дайындық дәрежесі туралы қорытындылар

беру» мемлекеттiк қызмет стандартына

3-ҚОСЫМША


Бекітемін

Мемлекеттік күзет қызметі

аумақтық бөлімшесінің

бастығы


____________________________

20___ жылғы «___» __________


Мөр орны

Бекітемін

Объект басшысы

_______________________

20___ жылғы «___» __________


Мөр орны


Арнайы техникалық күзет құралдарын пайдалануға қабылдау

актісі
2___ жылғы «___» _________ ______________________

(елді мекен)

Құрамында:

1. Төраға _____________________________________________________________

2. Күзет субъектісінің өкілі ______________________________________________

3. Мемлекеттік күзет қызметінің өкілі _____________________________________

4. Монтаждау ұйымының өкілі ____________________________________________

5. Объектінің өкілі ______________________________________________________

________________________________________ басқа да комиссия мүшелері бар комиссия

____________________________________________________________________________ орнатылған арнайы техникалық күзет құралдарын техникалық қабылдады.

Күзет және дабыл сигнализациясы құралдарының барлық режимдерде жұмыс істеуін қарап, сынақтан өткізу арқылы:

1. Барлық құрастыру жұмыстары Тапсырыс берушінің жобасына (_____жылғы «___» __________ № ____ қарап шығу актісіне) сәйкес орындалғандығы.

2. Объектіде ___________________________________________________________ арнайы техникалық күзет құралдарының орнатылғандығы анықталды.

Сигнализация құралдарын сынақтан өткізу кезінде орнатылған сигнализацияның барлық берілген режимдерде қалыпты жұмыс істейтіндігі анықталды (сигнализация, монтаждау және ретке келтіру сапасының жұмысы бойынша болған ескертулерді, сынақтар нәтижелерін және т.б. осы актіде көрсету қажет).

Комиссия қаулы етеді:

Орнатылған арнайы техникалық күзет құралдары пайдалануға енгізуге толығымен дайын деп саналсын және _____ жылғы «___» __________ бастап пайдалануға енгізілсін.

Осы акт ____ дана етіп жасалды.

Комиссия мүшелерінің қолдары: __________________________________________

Арнайы техникалық күзет құралдарын пайдалануға тапсырған: ___________________________________________ _____ жылғы «___» __________.

(монтаждау ұйымының өкілі, қолы, мөрі)

Арнайы техникалық күзет құралдарын пайдалануға қабылдаған: ___________________________________________ жылғы «___» __________.

(ұйым-оператордың өкілі)

____________________

«Банк операцияларын жүргізуге арналған

үй-жайлардың дайындық дәрежесі туралы қорытындылар

беру» мемлекеттiк қызмет стандартына

4-ҚОСЫМША

Құжаттардың алынғаны туралы талон
_______________________________________________
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалы
бөлiмшесiнiң атауы

1. Банк операцияларын жүргізуге арналған үй-жайлардың дайын екендігі туралы қорытынды беру не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап



(Мемлекеттiк қызметтiң атауы)

2. __________________________________________________________________________________



Қабылданған құжаттардың парақ саны

3. __________________________________________________________________________________



Құжаттардың қабылданған күнi

4. __________________________________________________________________________________



         Құжат (қорытынды не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап) берiлген күн
                     

_______________________________________           

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi аумақтық филиалының

құжаттарды қабылдауға уәкілетті жауапты тұлғасының қолы


_______________________________________


Тұтынушының қолы
____________________
«Банк операцияларын жүргізуге арналған

үй-жайлардың дайындық дәрежесі туралы қорытындылар

беру» мемлекеттiк қызмет стандартына

5-ҚОСЫМША


Сапа және тиімдiлiк көрсеткiштерiнiң мәндерi



Сапа және тиімділік көрсеткiштерi


Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң ______ жылғы мақсатты мәнi

Көрсеткiштiң ______ жылғы ағымдағы мәнi

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызметтi ұсыну жағдайларының пайызы (үлесi)

100 %







2. Сапасы

2.1. Қызметтi ұсыну процесiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың пайызы (үлесi)

90 %







3. Қолжетімділік

3.1. Қызметтi ұсыну сапасына және тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың пайызы (үлесi)

90 %







3.2. Электронды форматта қолжетiмдi болатын қызметтердің пайызы (үлесi)

50 %







4. Шағымдану процесі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың пайызы (үлесi)

90 %







5. Әдептілік

5.1. Қызметкерлердiң әдептiлiгiне қанағаттанған тұтынушылардың пайызы (үлесi)

90 %






____________________


«Банк операцияларын жүргізуге арналған

үй-жайлардың дайындық дәрежесі туралы қорытындылар

беру» мемлекеттiк қызмет стандартына

6-ҚОСЫМША


Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық
филиалдары басшыларының байланыс деректерi


Р/с




Филиалдың атауы

Филиалдың мекенжайы

Коды, телефоны

1.

Орталық филиал

010000, Астана қаласы, Бейбітшілік к-сі, 21

8 (7172) 703313

қабылдау бөлмесі



2.

Ақмола филиалы

020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Әуезов к-сі, 214

8 (7162) 256973

қабылдау бөлмесі

3.

Ақтөбе филиалы

030006, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Асау-Барақ к-сі, 45

8 (7132) 210751

қабылдау бөлмесі



4.

Алматы қалалық филиалы

050000, Алматы қаласы, Панфилов к-сі, 98

8 (727) 2443620

қабылдау бөлмесі



5.

Алматы облыстық филиалы

040008, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Төлебаев к-сі, 58/64

8 (7282) 271025

қабылдау бөлмесі



6.

Атырау филиалы

060002, Атырау облысы, Атырау қаласы, Уәлиханов к-сі, 2

8 (7122) 322310

қабылдау бөлмесі



7.

Шығыс Қазақстан филиалы

070019, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан к-сі, 3

8 (7232) 254321

қабылдау бөлмесі



8.

Жамбыл филиалы

080000, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Қазыбек би к-сі, 137

8 (7262) 454511

қабылдау бөлмесі



9.

Батыс Қазақстан филиалы

090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж. Досмұхамедов к-сі, 16

8 (7112) 504438

қабылдау бөлмесі



10.

Қарағанды филиалы

100000, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Бұқар жырау д-лы, 19

8 (7212) 419186

қабылдау бөлмесі



11.

Қостанай филиалы

110000, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Баймағамбетов к-сі,195

8 (7142) 544424

қабылдау бөлмесі



12.

Қызылорда филиалы

120019, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Жақаев к-сі, 20

8 (7242) 261421

қабылдау бөлмесі



13.

Маңғыстау филиалы

130000, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 23-ықшам аудан

8 (7292) 436258

қабылдау бөлмесі



14.

Павлодар филиалы

140000, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Ак. Сәтбаев к-сі, 44

8 (7182) 322076

қабылдау бөлмесі



15.

Солтүстiк Қазақстан филиалы

150000, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы к-сі, 6

8 (7152) 465034

қабылдау бөлмесі



16.

Оңтүстiк Қазақстан филиалы

160012, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Төреқұлов к-сі, 2

8 (7252) 534811

қабылдау бөлмесі




____________________


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет