Банкроттық туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы №67-1 Заңы



бет1/13
Дата25.02.2016
өлшемі0.68 Mb.
#21531
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 23.08.2012 14:56:27
Банкроттық туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы № 67-1 Заңы

(2012.10.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)



 

1-тарау. Жалпы ережелер

(1 - 10 баптар)

2-тарау. Кредиторлар комитеті

(11 - 14 баптар)

2-1-тарау. Жеделдетілген оңалту рәсімі

(14-1 - 14-9-баптар)

3-тарау. Банкроттық немесе оңалту туралы істерді сот тәртібімен қарау

(15 - 41 баптар)

4-тарау. Оңалту рәсімі

(42 - 64 баптар)

5-тарау Алып тасталды

 

6-тарау. Дәрменсіз борышкерді тарату (конкурс жүргізу)

(65 - 88 баптар)

7-тарау. Банкроттықтың оңайлатылған рәсімдері

(89 - 95 баптар)

8-тарау Алып тасталды

 

9-тарау. Қала салушы заңды тұлғалардың банкротқа ұшырау ерекшеліктері

(100 - 103 баптар)

9-1-тарау. Ауыл шаруашылық ұйымдары банкроттығының ерекшеліктері

(103-1 - 103-5 баптар)

10-тарау Алып тасталды

 

11-тарау. Қорытынды ережелер

(106 бап)

Түпнұсқада мазмұны жоқ

 

ҚР 11.07.01 ж. № 239-II Заңымен Заңның бүкіл мәтіні бойынша сөздер ауыстырылды



 

ҚР 01.07.98 ж. № 256-1 Заңымен; 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) кiрiспе өзгертiлдi; 2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен  кiрiспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара )



Осы Заң жеделдетілген оңалту, оңалту рәсiмдерiн өткiзудiң, борышкерді банкрот деп танудың және оны таратудың, сондай-ақ сырттай байқау рәсiмiнiң шарттары мен тәртiбiн айқындайды.

 

1-тарау. Жалпы ережелер



 

ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 01.07.98 ж. № 256-1; 11.07.01 ж. № 239-II; 08.04.04 ж. № 542-II; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 1-бап өзгертiлдi; 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) ақшалай міндеттеме - борышкердің кредиторлар жеткізген (беріп жіберген) тауарлардың (орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің) құнын төлеуге, пайдаланғаны үшін сыйақы (мүдде) төлей отырып, қарыз сомасын қайтаруға, сондай-ақ ақшалай сипаттағы өзге де талаптар бойынша төлемдерді жүзеге асыруға міндеттілігі;

2) ауыл шаруашылығы ұйымы - жерді пайдалана отырып ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін; мал шаруашылығының, құс шаруашылығының (оның ішінде төлді өсіруден бастап толық циклды асыл тұқымды шаруашылықтардың), бал ара шаруашылығының ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін, осы өнімді, оның ішінде ұқсатылған өнімді өткізуден түсетін табысы жылдық табыстың жалпы сомасының елу процентінен асатын ұйым;

3) әдейі банкроттық - коммерциялық ұйым басшысының немесе меншік иесінің, сол сияқты дара кәсіпкердің жеке өз мүдделерін немесе өзге тұлғалардың мүдделерін көздей отырып жасаған төлем қабілетсіздігін қасақана жасауы немесе ұлғайтуы;

2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен  4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара )



4) әкімшілік шығыстар - осы Заңда белгіленген тәртіппен кредиторлар таныған, төленуі жөніндегі міндет банкроттық, оңалту немесе сырттай байқау рәсімі туралы іс қозғалған сәттен бастап және қозғалғаннан кейінгі кезең ішінде туындайтын, тартылатын мамандардың қызмет көрсетуіне ақы төлеу бойынша шығындарды, оңалтушы және конкурстық басқарушыларға, сондай-ақ сырттай байқау әкімшісіне ағымдағы төлемдер сомасын қоса алғанда, сырттай байқау рәсіміне, оңалту рәсiмiне, конкурстық iс жүргiзу рәсіміне, борышкердi конкурстық iс қозғамай тарату рәсiмiне бастамашылық жасаумен және оларды өткiзумен байланысты шығыстар.

Оңалту рәсімі, конкурстық іс жүргізу рәсімі қолданылған салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдері үшін салық есептілігіне сәйкес салық төлеуші есептеген, салықтық тексерулер нәтижелері бойынша салық қызметі органы есепке жазған салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер де әкімшілік шығыстарға жатады;

5) банкрот - дәрменсіздігін сот белгілеген борышкер;

6) банкроттық - борышкердің сот шешімімен танылған оны таратуға негіз болатын дәрменсіздігі;

7) банкроттық саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі -уәкілетті орган) - банкроттық саласында (банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен  8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара )

8) борышкер - төлемге қабілетсіздігі немесе дәрменсіздігі оған осы Заңда көзделген рәсімдерді қолдануға негіз болып табылатын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;

9) борышкерді мәжбүрлеп тарату - кредиторлардың, прокурордың өтініштері негізінде сот шешімі бойынша жүзеге асырылатын дәрменсіз борышкердің қызметін тоқтату;

2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен  9-1) тармақшамен толықтырылды

9-1) біртекті кредиторлар тобы - борышкерге қоятын бірдей талаптары бар және оларды қанағаттандыруда бір-бірінің алдында артықшылығы жоқ кредиторлар тобы.

Біртекті кредиторлар топтарын:

өмiрге немесе денсаулыққа келтiрiлген зиянды өтету туралы талаптар бойынша кредиторлар;

еңбек шарттары бойынша еңбекақы және өтемақылар төлеу, сондай-ақ Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар мен жалақыдан ұсталған міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешектерді төлеу бойынша кредиторлар;

кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша кредиторлар;

салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредиторлар;

тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізу шарттарынан туындайтын талаптар бойынша кредиторлар;

кепілмен қамтамасыз етілмеген кредит (микрокредит) алуға арналған шарттардан туындайтын талаптар бойынша кредитор - қаржылық ұйымдар құрауы мүмкін;

10) дәрменсіздік - ақшалай міндеттемелер бойынша кредиторлардың талабын толық көлемде қанағаттандыруға, еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін тұлғалармен еңбекақы төлеу бойынша есеп айырысуды жүргізуге, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын төлеуді қамтамасыз етуге борышкердің сот белгілеген қабілетсіздігі;

11) жалған банкроттық - коммерциялық ұйым басшысының немесе меншік иесінің, сол сияқты дара кәсіпкердің кредиторларға тиесілі төлемдерді кейінге қалдыру немесе ұзарту немесе борыштардан шегерім жасатқызу үшін, сол сияқты борыштарды төлемеуі үшін кредиторларды жаңылыстыру мақсатында өзінің дәрменсіздігі туралы көрінеу жалған хабарлауы;

2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен  11-1) тармақшамен толықтырылды

11-1) жеделдетілген оңалту рәсімі - сотқа дейінгі тәртіппен кредиторлармен келісілген оңалту жоспары негізінде борышкерге қолданылатын сот рәсімі;

12) жоқ борышкер - тұрақты органының, сондай-ақ заңды тұлға оларсыз өз қызметін жүзеге асыра алмайтын құрылтайшыларының, қатысушыларының, менеджерлері мен лауазымды адамдарының тұрғылықты жерін немесе тұрған жерін алты ай ішінде анықтау мүмкін емес борышкер;

13) кепілді кредитор - талаптары борышкердің мүлкін кепілге салумен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша кредитор;

14) конкурстық басқарушы - конкурстық іс жүргізуді жүзеге асыру үшін белгіленген тәртіппен тағайындалған адам;

15) конкурстық кредитор - өзінің мүліктік талаптарын қанағаттандыруда заңнаманың күшімен де, кепіл туралы келісімнің күшімен де артықшылығы жоқ кредитор;

16) конкурстық масса - борышкердің конкурстық іс жүргізу процесінде шығынды өндіріп алуға болатын мүлкі, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда, өзге де тұлғалардың мүлкі;

17) конкурстық іс жүргізу - кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру және банкротты (дәрменсіз борышкерді) борыштардан босатылған деп жариялау мақсатында жүзеге асырылатын рәсім;

18) кредитор - еңбекке ақы төлеу, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды төлеу, авторлық сыйақы төлеу, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша міндеттемелерді қоса алғанда, борышкерге азаматтық-құқықтық және өзінің өзге де міндеттемелерінен туындайтын мүліктік талаптары бар тұлға;

2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен  18-1) тармақшамен толықтырылды

18-1) кәдімгі коммерциялық операциялар - борышкердің күнделікті жұмыс істеуін сақтап тұру мақсатында өндірілетін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің айналымымен байланысты, тұрақты сипаты бар іс-әрекеттер;

19) лауазымды адам - дәрменсіз борышкер - заңды тұлғаның басшысы (басшысының орынбасары), сондай-ақ заңды тұлғаны басқару жөніндегі өкілеттік берілген, заңды тұлғаның алқалы атқарушы органына кіретін өзге де адам;

2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен  19-1) тармақшамен толықтырылды

19-1) мемлекеттік қолдау шаралары - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен ұйымға қатысты қолданылатын, қаржылық сауықтыруға бағытталған шаралар;

20) мониторинг - ақпаратты жинауға, өңдеуге және төлем қабілеті жоқ және дәрменсіз ұйымдарға қаржы-экономикалық сауықтыру шараларын уақтылы қолдану және кредиторлардың мүддесін қорғау мақсатында олардың қаржы-экономикалық жай-күйіне талдау жасауға бағытталған іс-шаралар кешені;

21) оңалтушы басқарушы - осы Заңда белгіленген тәртіппен оңалту рәсімінің кезеңіне дәрменсіз борышкердің мүлкін және істерін басқару жөніндегі өкілеттік берілетін адам;

2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен  21-1) тармақшамен толықтырылды

21-1) оңалту жоспары - оңалту рәсімін, жеделдетілген оңалту рәсімін қолдану кезінде борышкерді сауықтыруға бағытталған және жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның төлемге қабілеттілігін қалпына келтіру және жұмыс орындарын сақтау мақсатында борышкер мен кредиторлардың, біртекті кредиторлар тобының арасындағы өзара келісім негізінде жүзеге асырылатын, кредиторлар талаптарын өтеу кестесін қоса алғанда, іске асырылу мерзімдері, сондай-ақ қол жеткізілетін нәтижелер, пайдаланылатын ресурстар және ықтимал тәуекелдер көрсетілетін өзара байланысты іс-шаралар кешені;

2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен  22) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара )

22) оңалту рәсімі - сот рәсімі, оның шеңберінде төлемге қабілетсіз борышкерге борышкердің таратылуын болғызбау мақсатында оның төлемге қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталған қайта ұйымдастыру, ұйымдастыру-шаруашылық, басқарушылық, инвестициялық, техникалық, қаржылық-экономикалық, құқықтық және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де шаралар қолданылады;

23) санация - оңалту шарасы, оның барысында борышкер мүлкінің иесі (ол уәкілеттік берген орган), кредиторлар немесе өзге де тұлғалар дәрменсіз борышкерге қаржылық көмек көрсетеді, сондай-ақ борышкердің резервтерін жұмылдыру мен оның қаржы-шаруашылық жағдайын жақсарту жөнінде өзге де шаралар кешені іске асырылады;

24) сырттай байқау - борышкер мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету, әдейі және жалған банкроттық белгілерін анықтау, борышкердің қаржылық жай-күйіне, төлем қабілетін қалпына келтіру мүмкіндігін немесе мүмкіндігінің жоқтығын айқындау, сондай-ақ кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындаудан жалтару жөніндегі іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) талдау жүргізу, кредиторлар тарапынан борышкердің қаржы-шаруашылық қызметінің жай-күйіне, оларды қайта ұйымдастыруды жүргізуіне бақылау жасау, негізгі құралдарды иеліктен айыру, мүлікті кепілге немесе жалға беру бойынша мәмілелер, сондай-ақ орындалуы борышкерге залал келтіруі мүмкін нарықтық бағадан айтарлықтай төмен бағамен не жеткіліксіз негіздер бойынша өзге де мәмілелер жасалуына банкроттық туралы іс қозғалғанға дейін сот енгізетін рәсім;

25) сырттай байқау әкімшісі - сырттай байқау рәсімін жүргізу үшін белгіленген тәртіппен тағайындалған тұлға;

2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен  25-1) тармақшамен толықтырылды

25-1) сырттай дауыс беру - дауыс беру тәсілі, онда кредиторлар жиналысы уақытында оның өткізілу орнынан тыс жерде болған кредиторлар жиналысының қатысушысы қаралатын мәселе (мәселелер) бойынша хаттар, факсимильді немесе электрондық хабарламалар алмасу арқылы немесе жіберілетін хабарламалардың тең түпнұсқалығын қамтамасыз ететін өзге байланыс құралдарын пайдалана отырып, жазбаша дауыс беруге құқылы;

26) төлем қабілетсіздігі - борышкердің ақшалай міндеттемелерін және өзге де ақшалай сипаттағы талаптарды орындау мерзімі басталған кезден бастап үш ай ішінде оларды орындауға қабілетсіздігі.

 

ҚР 01.07.98 ж. № 256-1 Заңымен 1-1-баппен толықтырылды; 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен 1-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



1-1-бап. Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасы

Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.



 

01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 18.12.00 ж. № 128-II ҚР Заңымен; 02.03.01 ж. № 162-II ҚР Заңымен; 11.07.01 ж. № 239-II ҚР Заңымен; 2005.08.07. № 71-III ҚР Заңымен; 2006.10.01 № 115-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 60-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.13.02. № 135-IV (бұр.ред.қара) 2-бап өзгертілді



2-бап. Заңның қолданылу ерекшелiктерi

2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен  1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара )



1. Осы Заң қазыналық кәсiпорындардан және мекемелерден, зейнетақы қорларынан, банктерден, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарынан басқа, заңды тұлғалардың банкроттығы, оларды жеделдетілген оңалту және оңалту туралы iстерге қолданылады.

Осы Заңда көзделген банкроттық немесе оңалту рәсімдерін үздіксіз өндіріс циклі бар ұйымдарға, сондай-ақ табиғи монополия субъектілері немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілері болып табылатын ұйымдарға қатысты қолдану ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленуі мүмкін.

Зейнетақы қорларына, банктерге, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және басқа кейбір заңды тұлғаларға қатысты осы Заңда көзделген банкроттық рәсiмдерiн қолдану ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгiленуi мүмкiн.

Сот банкті банкрот деп тану туралы шешім қабылдаған жағдайда, оны тарату банк заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

Сот сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын банкрот деп тану туралы шешiм қабылдаған жағдайда оны тарату сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.

2. Осы Заң Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасымен реттелмеген бөлігінде жеке кәсіпкерлердің банкроттығына қолданылады.

2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен  3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара )



3. Банкроттық, оңалту немесе жеделдетілген оңалту туралы iстердi сот банкроттық туралы заңнамада белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, азаматтық сот ісін жүргізудің жалпы қағидалары бойынша қарайды.

4. Табиғи монополиялар субъектілері немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие болған нарық субъектілері болып табылатын, не Республиканың экономикасы үшін зор стратегиялық маңызы бар, азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға ықпал ете алатын ұйымдар банкрот болған, сондай-ақ мемлекеттің бастамашылығымен банкрот деп танылған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі азаматтар мен мемлекеттің мүдделерін қорғау мақсатында конкурстық массаны өткізудің ерекше шарттары мен тәртібін және конкурстық масса объектілерін сатып алушыларға қосымша талаптар белгілеуге, сондай-ақ акцияларының пакеттері (қатысу үлестері) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық объектілерге жатқызылған ұйымдардың немесе Республиканың экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар ұйымдардың банкроттығы кезінде конкурстық массаны ұлттық басқарушы холдингтің сатып алуы туралы шешім қабылдауға құқылы.

5. Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлғалар банкрот болған кезде Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес олардың қызметіне міндетті экологиялық аудит жүргізіледі.

 

01.07.98 ж. № 256-1 ҚР Заңымен; 11.07.01 ж.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет