«Банктердің биржадан тыс операциялары туралы есеп» ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (коды 7541208, индексі 9-сб, күн сайын) толтыру жөніндегі нұсқаулық Бұл Нұсқаулық «Мемлекеттік статистика туралы»



Дата29.02.2016
өлшемі27.5 Kb.
#32225


Қазақстан Республикасы

Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушының

2010 жылғы 21желтоқсандағы
№351 бұйрығына 12-қосымша

«Банктердің биржадан тыс операциялары туралы есеп»

ведомстволық статистикалық байқаудың статистикалық нысанын

(коды 7541208, индексі 9-СБ, күн сайын) толтыру жөніндегі нұсқаулық
1. Бұл Нұсқаулық «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы
19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 7) тармақшасына сәйкес әзірленген және ведомстволық статистикалық байқаудың «Банктердің биржадан тыс операциялары туралы есеп» нысанын (коды 7541208, индексі
9-СБ, кезеңділігі күн сайын) толтыру тәртібін нақтылайды.

2. Статистикалық нысанды толтыру мақсатында келесі анықтамалар қолданылады:

1) банктердің биржадан тыс операциялары – банкаралық валюта нарығының қатысушысы және Қазақстан Республикасы территориясында валюталық опрецияларды жүзеге асыруға құқығы бар басқа резидент банктер және резидент емес банктермен биржадан тыс валюталық нарығындағы мәмілелер;

2) резидент банктер – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жері бар барлық банктар, сондай-ақ Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде тұрғылықты жері бар олардың филиалдары мен өкілдіктері;

3) резидент емес банктер – Қазақстан Республикасынан тыс жерде құрылған және өздері тіркелген мемлекеттердің заңнамасы бойынша банк операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар банктер және өзге де қаржы институттары;

4) USD – АҚШ доллары;

5) EURO – Еуропалық одақ елдерінің ақша бірлігі;

6) RUB – Ресей рублі;

3. Бұл статистикалық нысанды шетел валютасын сатып алу (сату) бойынша биржадан тыс мәмілелерді жүзеге асыратын барлық банктер күн сайын жасайды. Есеп мың шетел валютасымен ұсынылады. Бес жүз валютадан аз сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүзге тең және жоғары сома мың шетел валютасына дейін дөңгелектенеді.

Есеп тұтастай алғанда банк бойынша және филиалдар бойынша ұсынылады.

Егер есепті беру мерзімі демалыс күнге келсе одан кейінгі жұмыс күні есепті ұсыну күні болып саналады.

Есеп Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – ҚР ҰБ) криптографиялық қорғау құралдарын пайдаланумен VIDO электрондық байланыс арқылы электрондық түрде ұсынылады.

ҚР ҰБ-не ұсынылғаннан кейін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігі болған жағдайда, есептіліктің субъектілері ҚР ҰБ-не бұл туралы қолда бар кез келген байланыс түрі бойынша хабардар етуге және есепті ҚР ҰБ-не өзгерістерімен және (немесе) толықтыруларымен бірге электрондық түрде ұсынуға міндетті.

Есепке тек ұлттық валютада, яғни теңге/АҚШ долларында, теңге/ЕУРО-да, теңге/ресей рублінде немесе АҚШ доллары/теңгемен, ЕУРО/теңгемен, ресей рублі/теңгемен жасалған операциялар кіреді.

Есепте жалпы алғанда қолма-қол ақшамен сондай-ақ қолма-қол ақшасыз валютадағы мәмілелер көрсетіледі. Есепте «Своп» операциялары көрсетілмейді.

Валютаның әрбір түрі бойынша мәмілелердің көлемін мәмілелердің орташа алынған, ең төменгі және ең жоғары бағамдарын көрсете отырып резиденттермен (Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері) және резидент еместермен (шетелдік банктермен) операцияларға бөле отырып көрсету қажет. Мәмілелердің орташа алынған бағамы былайша айқындалады:


, мұнда
- n- мәмілесі бойынша бағамы,

- n- мәмілесі бойынша көлемі.
Есепте банктер шетел валютасын сатып алу (сату) туралы мәмілелерді жасаған сәттен бастап операциялар көрсетіледі.

4. Арифметикалық-логикалық бақылау:

1, 3, 4, 5, 6, 7, 8 символдар бойынша 01 шифр мынаған тең: сол символдар бойынша 02 шифры плюс 03 шифры;

1, 3, 4, 5, 6, 7, 8 символдар бойынша 04 шифр мынаған тең: сол символдар бойынша 05 шифры плюс 06 шифры;



1, 3, 4, 5, 6, 7, 8 символдар бойынша 07 шифр мынаған тең: сол символдар бойынша 08 шифры плюс 09 шифры.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет