Банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы



Дата05.07.2016
өлшемі159.75 Kb.





Қазақстан Республикасы

Президентiнiң

2011 жылғы

14 желтоқсандағы № 196

Жарлығымен

БЕКIТIЛГЕН





«Банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы

мәртебесін иеленуге келісім беру»

мемлекеттік қызметтер

СТАНДАРТЫ

1. Жалпы ережелер
 

1. Мемлекеттік қызметтерді 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би


көшесі, 67 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті (бұдан әрі – Комитет) көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызметтер «Қазақстан Республикасындағы
банктер және банк қызметтері туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 17-1-бабының, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісімді беру, беруден бас тарту, қайтарып алу ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 7 қаулысының
(бұдан әрі – Ереже) негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызметтер стандарты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің: www.nationalbank.kz интернет-ресурсында («Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтері» бөлімі) орналастырылады, сондай-ақ ол Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған. Қосымша ақпаратты 8 (727) 2619-226,


2788-104 телефондар арқылы алуға болады.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нәтижесі – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру (беруден бас тарту) туралы қаулысы.

6. Мемлекеттік қызметтер жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – өтініш беруші) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызметтер өтініш беруші осы Стандарттың 11-тармағында белгіленген құжаттар пакетін ұсынған күннен бастап үш ай ішінде көрсетіледі.

8. Мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

9. Өтініш берушілердің банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру туралы өтініш түрінде жіберілген жазбаша нысандағы өтініштері бойынша мемлекеттік қызметтер сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін көрсетіледі.

Осы мемлекеттік қызметтер бойынша алдын-ала жазылу, сондай-ақ жедел қызметтер көрсету болмайды.

10. Мемлекеттік қызметтер Комитеттің ғимаратында көрсетіледі. Комитет ғимаратының кіреберісі дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қолжетімді болуы үшін пандустармен жабдықталған.

Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде кезектілік болмайтындықтан күту залы қарастырылмаған.

  
2. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі

 

11. Мемлекеттік қызметтерді алу үшін Комитетке:



1) жеке тұлға:

 Ережеде көзделген мәліметтер көрсетілген өтінішті;

банктің акцияларын сатып алуға пайдаланылатын қаржы көздері мен қаражаттардың сипаттамасын қоса алғанда, растайтын құжаттарды қоса бере отырып, банктің акцияларын, оның ішінде бұрын сатып алынғандарын сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді;

өтініш берушінің мүдделерін білдіру тапсырылатын өтініш берушінің өкіліне берілген сенімхатты (бар болса);

өтініш беруші ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың тізімін және олардың құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін;

банктің қаржылық ахуалының нашарлауы ықтимал болған жағдайда банкті қайта капиталдандыру жоспарын;

растайтын құжаттардың көшірмелері қоса берілген өтініш берушінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді;

 кірістері мен мүлкі туралы мәліметтерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде көзделген жағдайларда салық органдарына тапсырылатын жеке табыс салығы жөніндегі декларацияның көшірмесін және жеке тұлға тұратын елдің уәкілетті тұлғалары растаған өзге құжаттарды;

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша, білімі, еңбек қызметтері туралы мәліметтерді қоса алғанда, өтініш беруші туралы қысқаша деректерді;

Қазақстан Республикасының резиденті емес – жеке тұлғасы тұратын елдің тиісті мемлекеттік органының Қазақстан Республикасының резидент банкінің акцияларын сатып алу осы елдің заңнамасымен рұқсат етілгендігі туралы жазбаша растауы не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының көрсетілген құрылтайшы мемлекетінің заңнамасы бойынша осындай рұқсат талап етілмейтіні туралы мәлімдемесін;

2) Қазақстан Республикасының резиденті – заңды тұлғасы:

еркін нысанда жасалған өтінішті;

өтініш берушінің жоғарғы органының банктің акцияларын сатып алу туралы шешімінің көшірмесін;

банктің акцияларын сатып алуға пайдаланылатын қаржы көздері мен қаражаттардың сипаттамасын қоса алғанда, растайтын құжаттарды қоса бере отырып, банктің акцияларын, оның ішінде бұрын сатып алынғандарын сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді;

өтініш берушінің мүдделерін білдіру тапсырылатын өтініш берушінің өкіліне берілген сенімхатты (бар болса);

өтініш беруші ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың тізімін және олардың құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін;

банктің қаржылық ахуалының нашарлауы ықтимал болған жағдайда банкті қайта капиталдандыру жоспарын;

өтініш берушінің басшы қызметкерлерінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді;

 құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін, өтініш берушінің ірі қатысушылары туралы, сондай-ақ өтініш берушінің ірі қатысушыларының ірі қатысушылары туралы қысқаша деректерді;

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша, білімі, еңбек қызметтері туралы мәліметтерді қоса алғанда, өтініш берушінің басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректерді;

аудиторлық ұйым куәландырған соңғы аяқталған екі қаржы жылына жылдық қаржылық есептілікті, сондай-ақ тиісті өтінішті ұсынар алдындағы соңғы аяқталған тоқсанға қаржылық есептілікті;

өтініш берушінің және банктің мәртебені алғаннан кейінгі болжамдалатын есептеу балансын қоса алғанда, банктің ірі қатысушысы мәртебесін иеленудің қаржылық салдарының талдауын, егер бар болса,


іс-шаралар жоспары мен ұйымдық құрылымын қоса алғанда, өтініш берушінің банктің активтерін сату, қайта ұйымдастыру немесе банктің қызметтеріне немесе басқаруына елеулі өзгерістер енгізу жөніндегі жоспарлары мен ұсыныстарын;

3) Қазақстан Республикасының резиденті емес – заңды тұлғасы:

еркін нысанда жасалған өтінішті;

банктің акцияларын сатып алуға пайдаланылатын қаржы көздері мен қаражаттардың сипаттамасын қоса алғанда, растайтын құжаттарды қоса бере отырып, банктің акцияларын, оның ішінде бұрын сатып алынғандарын сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді;

өтініш берушінің мүдделерін білдіру тапсырылатын өтініш берушінің өкіліне берілген сенімхатты (бар болса);

өтініш беруші ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың тізімін және олардың құрылтайшы құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін;

банктің қаржылық ахуалының нашарлауы ықтимал болған жағдайда банкті қайта капиталдандыру жоспарын;

өтініш берушінің жоғарғы органының банктің акцияларын сатып алу туралы шешімінің көшірмесін;

өтініш берушінің басшы қызметкерлерінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді;

құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін, өтініш берушінің ірі қатысушылары туралы, сондай-ақ өтініш берушінің ірі қатысушыларының ірі қатысушылары туралы қысқаша деректерді;

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша, білімі, еңбек қызметтері туралы мәліметтерді қоса алғанда, өтініш берушінің басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректерді;

аудиторлық ұйым куәландырған соңғы аяқталған екі қаржы жылына жылдық қаржылық есептілікті, сондай-ақ тиісті өтінішті ұсынар алдындағы соңғы аяқталған тоқсанға қаржылық есептілікті;

өтініш берушінің және банктің мәртебені алғаннан кейінгі болжамдалатын есептеу балансын қоса алғандағы банктің ірі қатысушысы мәртебесін иеленудің қаржылық салдарының талдауын, егер бар болса,
іс-шаралар жоспары мен ұйымдық құрылымын қоса алғанда, өтініш берушінің банктің активтерін сату, қайта ұйымдастыру немесе банктің қызметтеріне немесе басқаруына елеулі өзгерістер енгізу жөніндегі жоспарлары мен ұсыныстарын;

Банктер туралы заңның 17-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі тағайындаған заңды тұлғаның кредиттік рейтингісі туралы мәліметтерді;

4) Қазақстан Республикасының резиденті емес – қаржы ұйымы:

еркін нысанда жасалған өтінішті;

банктің акцияларын сатып алуға пайдаланылатын қаржы көздері мен қаражаттардың сипаттамасын қоса алғанда, растайтын құжаттарды қоса бере отырып, банктің акцияларын, оның ішінде бұрын сатып алынғандарын сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді;

өтініш берушінің мүдделерін білдіру тапсырылатын өтініш берушінің өкіліне берілген сенімхатты (бар болса);

өтініш беруші ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың тізімін және олардың құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін;

банктің қаржылық ахуалының нашарлауы ықтимал болған жағдайда банкті қайта капиталдандыру жоспарын;

өтініш берушінің жоғарғы органының банктің акцияларын сатып алу туралы шешімінің көшірмесін;

өтініш берушінің басшы қызметкерлерінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді;

құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін, өтініш берушінің ірі қатысушылары туралы, сондай-ақ өтініш берушінің ірі қатысушыларының ірі қатысушылары туралы қысқаша деректерді;

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша, білімі, еңбек қызметтері туралы мәліметтерді қоса алғанда, өтініш берушінің басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректерді;

аудиторлық ұйым куәландырған соңғы аяқталған екі қаржы жылына жылдық қаржылық есептілікті, сондай-ақ тиісті өтінішті ұсынар алдындағы соңғы аяқталған тоқсанға қаржылық есептілікті;

өтініш берушінің және банктің мәртебені алғаннан кейінгі болжамдалатын есептеу балансын қоса алғанда, банктің ірі қатысушысы мәртебесін иеленудің қаржылық салдарының талдауын, егер бар болса,


іс-шаралар жоспары мен ұйымдық құрылымын қоса алғанда, өтініш берушінің банктің активтерін сату, қайта ұйымдастыру немесе банктің қызметтеріне немесе басқаруына елеулі өзгерістер енгізу жөніндегі жоспарлары мен ұсыныстарын;

өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органының өтініш беруші осы елдің заңнамасы аясында қаржылық қызметтерді жүзеге асыруға уәкілетті болғаны туралы жазбаша растауы не өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органының осы елдің заңнамасы бойынша осындай рұқсат талап етілмейтіні туралы мәлімдемесін;

5) өзі тұрған елде шоғырландырылған қадағалауға жататын Қазақстан Республикасының резиденті емес – қаржы ұйымы:

еркін нысанда жасалған өтінішті;

Банктер туралы заңның 17-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төменгі рейтингісінің болуын растайтын құжатты;

өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының резиденті емес – қаржы ұйымының шоғырландырылған қадағалауға жататыны туралы жазбаша растауын;

өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының резиденті емес – қаржы ұйымының банк холдингі мәртебесін иеленуіне жазбаша рұқсатын (келісімін) не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының аталған мемлекеттің заңнамасы бойынша осындай рұқсат талап етілмейтіні туралы мәлімдемесін беруі тиіс.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банк холдингі мәртебесін алуға ниет білдірген өтініш берушілерге келісім беру банктің ірі қатысушысы үшін белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

 Банк холдингі мәртебесін иеленуге ниет білдірген өтініш беруші Банктер туралы заңның 17-1-бабының 5-7-тармақтарында көзделген құжаттар мен мәліметтерден басқа, тәуекелдерді және ішкі бақылауды, оның ішінде еншілес ұйымның қызметтеріне байланысты тәуекелдерге қатысты басқару жүйелерінің болуын растайтын құжаттарды ұсынады.

12. Банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру жөніндегі өтініш Ережеде көзделген мәліметтерді көрсете отырып, еркін нысанда ұсынылады.

13. Қажетті құжаттар пакеті 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайы бойынша құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті жауапты адамға кезек күтпестен тапсырылады (немесе хат-хабарды қабылдау үшін арнайы жабдықталған жәшікке салынады).

14. Өтініш беруші құжаттар пакетін қолма-қол табыс еткен жағдайда, құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті жауапты адам өтініштің екінші данасына не оның көшірмесіне мөртабанмен «Қабылданды» деген белгі қояды.

Құжаттар пакеті хат-хабарды қабылдау үшін арнайы жабдықталған жәшік арқылы тапсырылған жағдайда мөртабанмен «Қабылданды» деген белгі қойылмайды және құжаттардың алынғаны туралы талон берілмейді.

Хат-хабарды қабылдауға арналған жәшіктен құжаттар күніне кемінде төрт рет (сағат 9.00-де, 11.00-де, 15.00-де және 18.00-де) алынады.

15. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің нәтижесі пошта арқылы жіберіледі немесе Комитет бөлімшесінің жауапты орындаушысы тікелей өтініш берушіге тиісті түрде ресімделген сенімхатты ұсынғанда оның уәкілетті өкіліне береді.

16. Банктің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беруден бас тарту:

1) Банктер туралы заңның 20-бабының 2-тармағының
3)-5) тармақшаларының талаптарын орындамаған (жеке тұлғаға немесе өтініш берушінің-заңды тұлғаның басшы қызметкерлеріне қатысты);

2) өтініш берушінің қаржылық жағдайы тұрақсыз болған;

3) осы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбаған;

4) өтініш беруші банктің ірі қатысушысы мәртебесін иелену нәтижесінде монополияға қарсы заңнаманың талаптарын бұзған;

5) банктің ірі қатысушысы мәртебесін иелену бойынша мәміледе тараптардың бірі тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін оффшорлық аймақта тіркелген тұлға (оның аффилиирленген тұлғасы) немесе оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғалардың қатысушысы (құрылтайшысы, акционері) болып табылатын жеке тұлға болған;

6) өтініш беруші Банктер туралы заңда құрылтайшыларға және банктердің акционерлеріне белгіленген өзге талаптарды сақтамаған;

7) егер өтініш берушінің банктің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуінің қаржылық салдарын талдау банктің қаржылық жағдайының нашарлауын болжаған;

8) өтініш беруші Қазақстан Республикасының резиденті емес - қаржы ұйымында шыққан елінің заңнамасы аясында қаржылық қызметтерді жүзеге асыру бойынша өкілеттіктері болмаған;

9) өтініш беруші Қазақстан Республикасының резиденті емес - заңды тұлғада Банктер туралы заңның 17-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тізбедегі халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төменгі рейтингісі болмаған;

10) ұсынылған банктің қаржылық ахуалы ықтимал нашарлауы жағдайында банкті қайта капиталдандыру жоспары тиімсіз болған;

11) өтініш беруші жеке тұлғада, өтініш беруші заңды тұлғаның басшы қызметкерінде мінсіз іскерлік беделі болмаған;

12) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешімдер қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде өтініш беруші ірі қатысушы жеке тұлға не ірі қатысушы заңды тұлғаның бірінші басшысы және (немесе) қаржы ұйымының басшы қызметкері болып табылған не болып табылатын жағдайда жүзеге асырылады. Аталған талап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл ішінде қолданылады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген негіздемелерден басқа, банк холдингі мәртебесін иеленуге келісім беруден бас тарту:

1) өтініш беруші қаржы ұйымы өзі орналасқан елде шоғырландырылған негізде қадағалауға жатпайтын кезде;

2) Қазақстан Республикасының резиденті емес – банк конгломератының қатысушылары орналасқан елдерінің заңнамасы олардың және банк конгломератының Банктер туралы заңда көзделген талаптарды орындауына мүмкіндік бермейтініне байланысты банк конгломератына шоғырландырылған қадағалауды жүргізуге мүмкіндік болмаған жағдайларда жүзеге асырылады.

Осы мемлекеттік қызметтер бойынша оны тоқтата тұру үшін негіздемелер жоқ.



3. Жұмыс қағидаттары

      


17. Комитет осы қызметтерді көрсеткен кезде басшылыққа алатын негізгі жұмыс қағидаттары:

1) әдептілік;

2) көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы толық ақпарат;

3) жауап ақпаратының сапасы және уақтылылығы;

4) Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексінің сақталуы;

5) мемлекеттік қызметтер көрсету барысында өтініш берушінің құжаттарындағы ақпараттың қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;

6) өтініш беруші құжаттарды алу үшін келмеген жағдайда олардың сақталуы болып табылады.

 

 



4. Жұмыс нәтижелері

 

18. Өтініш берушілерге мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелері осы Стандарттың қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.



19. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жұмысы бағаланатын осы мемлекеттік қызметтердің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының бұйрығымен бекітіледі. 

 
5. Шағымдану тәртібі


 20. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру және шағымды дайындауға көмектесу
050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайы бойынша,
№ 317, 413 кабинетте не 8 (727) 2619-226, 2788-104 телефондары бойынша жүзеге асырылады.

21. Өтініш беруші мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым Комитет төрағасының немесе оның орынбасарының атына жазбаша нысанда пошта арқылы (электронды


түрде – kfn@nationalbank.kz) немесе 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі,
67 мекенжайы бойынша қолма-қол тапсырылады, Комитет Төрағасының қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (727) 2788-000, Комитет Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарының қабылдау бөлмесінің
телефоны: 8 (727) 2788-004.

Жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, күн сайын сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен,


сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
Егер тұтынушы қабылданған шараларға қанағаттанбайтын болса
немесе мәселенi жоғары тұрған сатының қарауы талап етiлсе, онда
тұтынушы шағымды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi
төрағасының атына не оның орнындағы адамға жазбаша түрде жолдай
алады. Шағымдар 050040, Алматы қаласы, «Көктем-3» шағынауданы,
21-үй мекенжайы бойынша поштамен жіберіле немесе қолма-қол
беріле отырып, жазбаша түрде қабылданады.
22. Мемлекеттік қызметтерді Комитет көрсетеді.
Қызметтер дұрыс көрсетілмеген жағдайдағы шағым беру тәртібі
осы Стандарттың 21-тармағында көзделген тәртіпке сәйкес келеді.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің нәтижесімен
келіспеген жағдайда өтініш беруші Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
24. Шағымды берген кезде қажетті ресми құжаттардың тізбесі жоқ. Шағым еркін нысанда жасалады.
25. Шағым Комитеттің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданған
кезде, оның өтініш беруші үшін көшірмесі түсіріледі, оған
қабылданғаны туралы (қабылдау күнін, оны қабылдаған адамның тегін,
атын, әкесінің атын және тіркеу нөмірін көрсете отырып)
белгі қойылады.
Шағымдарды тіркеу, есепке алу және қарау «Жеке және
заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы
12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен
және мерзімде жүзеге асырылады.
Шағымды қарау нәтижелері туралы өтініш берушіге жазбаша түрде хабарланады.
26. Комитеттің байланыс деректері:
1) заңды мекенжайы: 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67;
2) интернет-ресурсы: www.afn.kz;
3) электрондық пошта мекенжайы: kfn@nationalbank.kz;
4) жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;
5) Комитет төрағасының және оның орынбасарларының
азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі: айдың бірінші және екінші бейсенбісі (сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін);
6) Комитет төрағасының қабылдау бөлмесінің телефоны:
8 (727) 2788-000;
7) Комитет төрағасының жетекшілік ететін орынбасарының қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (727) 2788-004.

Комитеттің сенім телефоны: 8 (727) 2788-100.

_______________

«Банктің немесе банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру» мемлекеттік қызметтер

стандартына

ҚОСЫМША


Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәндері

 


Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы мақсатты мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну жағдайларының пайызы (үлесі)

100%

 

 

2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну процесінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың пайызы (үлесі)

90%

 

 

3. Қол жетімділік

3.1. Қызметтің сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың пайызы (үлесі)

90%

 

 

3.2. Электронды форматта қолжетімді болатын ақпарат қызметтерінің пайызы (үлесі)


80%

 

 

4. Шағымдану процесі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың пайызы (үлесі)

90%

 

 

1

2

3

4

5. Әдептілік

5.1. Қызметкерлердің әдептілігіне қанағаттанған тұтынушылардың пайызы (үлесі)

90%

 

 

_______________




Каталог: cont
cont -> Мазмұны мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері
cont -> Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты «Сот кабинеті»
cont -> Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғалары (филиалдар мен өкілдіктер) үшін Банкке ақпарат берудің қажеттігі және бсн алу бойынша жадынама
cont -> Акционерлік қоғамның акционерлерінің құқықтары туралы
cont -> Сұрақ: Акционерлік қоғам қызметіне қатысты ақпаратты қалай алуға болады? Қоғам акционер үшін қандай құжаттар тізбесін және қандай ақпаратты бере алады? Жауап
cont -> «Қазпочта» АҚ АҚпараттық саясаты бекітілді
cont -> Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің 2012 ж мәжілісінің
cont -> Справка тоо «Қазақ энциклопедиясы» включен в Перечень объектов организаций республиканской собственности, подлежащих приватизации
cont -> Конкурс красоты «Миссис Стройкомплекс 2014»


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет