Банктік заемның Үлгілік шарты осы Шарт жылғы қ. мына тараптардың арасында: «Қазақстан Халық Банкі»



Дата23.02.2016
өлшемі128 Kb.
#3044





БАНКТІК ЗАЕМНЫҢ ҮЛГІЛІК ШАРТЫ
Осы Шарт ___________жылғы «____» ____________ _______________қ. мына тараптардың арасында:

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) атынан 20_ жылғы _______ №______ сенімхаттың негізінде әрекет ететін ______________________________________________ және

_______________жылғы №____________ _______________ берілген жеке басын куәландыратын құжаты _________________________________________________________________________

(бұдан әрі –Заемшы) бекітілді, бұдан әрі «Тараптар» деп аталады.

Банк пен Заемшының арасында жасалған Төлем карточкасын шығару және қызмет көрсету шартына сәйкес Заемшыға ағымдағы шот (бұдан әрі – Шот) ашылғандығын және оған қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін төлем карточкасы (бұдан әрі – Карточка) шығарылғандығын назарға алып,

Тараптар төмендегілер туралы осы Шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты:




  1. Шарттың мәні. Заем беру талаптары

    1. Банк шотқа Кредит лимитін (бұдан әрі – Кредит лимиті) белгілейді және оның сомасы мен мерзімі шегінде Шартта көрсетілген талаптарға сәйкес Заемшыға заем (бұдан әрі – Заем) береді.

1.2. Заемның нысаналы мақсаты: тұтынушылық мақсат.

1.3. Заемның жалпы сомасы және валютасы: берілетін және бұрын берілген, бірақ жаңа заем берілетін сәтке өтелмеген Заемның жалпы сомасы Шартқа қол қойылған күнгі Кредит лимитінің ______ (__________________________)_________тең болатын мөлшерінен аспауы тиіс.

1.4. Заем мерзімі: Заемды пайдалану мерзімі Заемшы Шарттың 2.2. тармағында тізілген операциялардың ішінен кез келгенін жүргізген күннен басталады және Банк алдында осы Заем бойынша барлық берешек сомасы өтелген күні аяқталады, бұл ретте Заемның жалпы мерзімі Кредит лимитінің мерзімінен аспауы тиіс, ол Карточка қолданылатын мерзімге - 3 (үш) жылға белгіленеді және бірдей кезеңдерге бөлінеді, оның өтуі тиісті айдың ____күні басталады және одан кейінгі келесі айдың ______ күні (бұдан әрі – Есептік кезең) аяқталады. Бірінші есептік кезең 20__жылғы «__»_______бастап белгіленеді. Карточка шығарылғанда Кредит лимитінің мерзімі қайта шығарылатын Карточканың қолданылу мерзіміне ұзартылады.

1.5. Заемшы Заемды пайдаланғаны үшін Заемшы алған, бірақ Заем берілген валютада Банкке қайтарылмаған Заем сомасына есептелген жылдығы _______ % (__________________ пайыз) мөлшерінде тіркелген сыйақы мөлшерлемесін төлейді, бұл ретте осы Шарт шеңберінде Заемды пайдаланғаны үшін сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі (сыйақының нақты, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептелген мөлшерлемесі) (бұдан әрі – СЖТМ) ___%-ды (_________пайызды) құрайды. СЖТМ мәндерге сәйкес, атап айтқанда, Заемға қызмет көрсетілгені үшін Банк алатын тарифтерге, комиссиялар мен басқа да төлемдерге сәйкес есептеледі. Бұл ретте СЖТМ Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған тәртіппен оны есептеу үшін қажетті деректер өзгерген жағдайда түзетілуі мүмкін.

1.6. Заемды өтеу және Заемды пайдаланғаны үшін сыйақы төлеу тәсілі: Заемды қайтару, Заемды пайдаланғаны үшін сыйақы төлеу және Шарт бойынша өзге берешек сомасының барлығын төлеу қолма-қол ақшамен және/немесе қолма-қол ақшасыз тәсілмен толтырылатын Шоттан қолма-қол ақшасыз тәсілмен акцептсіз алу жолымен жүргізіледі.

1.7. Заемды өтеу әдісі: Заемның және сыйақының бүкіл сомасын Земшының қарастыруымен бөлшектеп немесе біржолғы төлеммен жүргізіледі. Банкке бөлшектеп өтелген кезде төленуі тиіс ең төменгі сома Заем бойынша толық көлемде есептелген сыйақы сомасын және Заем бойынша негізгі борыш қалдығынан ____% (____________), алайда _______(_______________) __________дан (бұдан әрі – Ең төменгі өтелетін сома) аз болмайтын, ал Есептік кезеңнің соңына Заемның жалпы сомасы осы тармақта көрсетілген сомадан аз соманы құраса – нақты берешек мөлшерін құрайды.

1.8. Берешекті өтеу кезектілігі: 1) Карточкаға/Шотқа қызмет көрсетілгені үшін есептелген комиссиялық сыйақы, 2) Заемды пайдаланғаны үшін сыйақы; 3) Заем сомасы. Мерзімі өткен берешек туындаған жағдайда Заем сомасын қайтару және ол бойынша сыйақыны, өсімпұлдарды, комиссияларды, шығыстарды/шығасыларды/шығындарды төлеу мынадай кезектілікпен жүргізіледі: 1) Банктің Заемды, ол бойынша сыйақыны, өсімпұлдарды, айыппұлдарды өтеу міндеттемелерін орындату бойынша шеккен шығыстарының сомасы; 2) Карточкаға/Шотқа қызмет көрсетілгені үшін есептелген комиссиялық сыйақысы; 3) тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімпұл) сомасы; 4) сыйақы сомасы; 5) Заем сомасы. Банк осы тармақта аталған өтеудің өзге кезектілігін өз бетінше анықтауға және жүргізуге құқылы.

1.9. Заемды өтеу және Заемды пайдаланғаны үшін сыйақы төлеу мерзімдерін бұзғаны үшін Заемшы Заем және/немесе оның сыйақысы бойынша мерзімі өткен берешек сомасының және/немесе ол бойынша сыйақының мерзімі өткен әр күні үшін берешек сомасының жылдығы (_____% пайыз) мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді, бұл ретте тұрақсыздық айыбының сомасы осы Шарттың әрекет ететін әр жылына – берілген Заем сомасының 10 %-нан (он пайызынан) аспайды. Банктің есептеген өсімпұлын төлеуден басқа Заемшы Банк шеккен залалдарды (есептелген өсімпұлдың үстінен тыс) толық көлемде өтейді. Өсімпұл төлеу және залалдарды өтеу Заемшыны Заемды өтеу және Заем бойынша сыйақы төлеу міндеттемелерін орындаудан босатпайды.

1.10. Заемды өтеу және ол бойынша сыйақыны төлеу тәртібі мен кезеңділігі:

1.10.1. Заемды қайтаруды, ол бойынша сыйақыны, комиссияларды, тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімпұл), шығасылардың, банктің шығыстарының және Заемшының осы Шарт бойынша Банк алдындағы басқа берешектерінің (бұдан әрі бірге Берешек сомасы деп аталады) сомасын төлеуді қолма-қол ақша сомасын аудару немесе мынадай: 1) Банкке қызмет көрсететін қашықтықтағы арналар; 2) POS-терминалдар; 3) банкоматтар/мультикиоскі құралдарымен; 4) Банк кассалары; 5) Банктің сомаларды Заемшының кез келген Шотынан акцептсіз түрде үнемі алып отыруы арқылы жүргізіледі; __

1.10.2. Заемды және Заемның пайдаланылғаны үшін сыйақы Есептік кезеңнің және есептік кезеңнен кейінгі_____(________) күнтізбелік күнге тең болатын келесі кез келген жұмыс күні (бұдан әрі –Төлем кезеңі) төленуі тиіс, бұл ретте ішінара төлеу ай сайын әр Төлем кезеңінің соңғы күнтізбелік күніне дейінгі мерзімде, Ең төменгі сомадан аз емес мөлшерде ай сайын жүргізіледі;

1.10.3. Карточканы пайдалану арқылы тауарлар мен қызметтердің заемдық қаражатының есебінен төлем нәтижесінде алынған Заем бойынша сыйақы мына жағдайларда:

1) ол алынған Есептік кезең ішінде немесе Төлем кезеңінен кейінгі келесі кезеңде мұндай Заемды толық қайтарғанда; және

2) Шарттың 1.7-тармағында көзделген және Шарттың 1.10.2-тармағында белгіленгеннен кеш болмайтын мерзімде Ең төменгі өтелетін сомадан аз емес мөлшерде Заем шарты бойынша алынған, соның ішінде Шарттың 2.2.1 және 2.2.2-тармақшаларында көзделген операцияларды жасау нәтижесінде алынған басқа барлық Заемдар толық немесе ішінара қайтарылғанда есептелмейді.

1.11. Заемшының Банк берген Заем сомасын қайтару, сондай-ақ сыйақы, тұрақсыздық айыбын Банк шығындарымен шығасыларын төлеу өтеу бойынша міндеттемелерін тиісінше орындауы мыналармен:

1.11.1. осы Шарттың 1.9-тармағына сай тұрақсыздық айыбымен;

1.11.2. ұстап қалу арқылы;

1.11.3. салымдағы және жинақтаушы шотта орналастырылған ақша кепілімен қамтамасыз етіледі.

1.12. Заемшы осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындамағанда немесе тиісінше орындамағанда Банктің қолданатын шаралары:

1.12.1. Заем және сыйақы бойынша мерзімі өткен берешек болған жағдайда Банк Заемшыға осы Шартта көзделген тәсілмен хабарлама жібереді және Заемшы хабарламада көрсетілген мерзімде берешекті өтеу міндеттемелерін орындамаған жағдайда Банк:

1) заемшының мемлекеттік бюджеттен және Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақы түрінде Заемшы шоттарына түсетін ақшалай операциялардан басқа Заемшының кез-келген шоттарындағы шығыс операцияларын тоқтатуға; және/немесе

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Заемшының мемлекеттік бюджеттен және Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақы түрінде алатын Заемшының шоттарындағы ақшадан басқа Заемшының кез-келген шоттарындағы ақшаны даусыз (акцептсіз түрде) алуға. Бұл ретте Заемшы мемлекеттік бюджеттен және Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақы түрінде алатын ақшаны енгізу үшін арнайы арналған банктік шот ашпаған жағдайда, сол ақша Заемшының басқа шоттарына түскен жағдайда Банк әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақы бар банктік шоттардағы шығыс операцияларын тоқтатқандығы немесе көрсетілген әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыны алғаны үшін жауапкершілік арқаламайды.

3) Шартта және/немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да шараларды қолдануға құқылы.

1.12.2. Осы Шарт бойынша басқа міндеттемелердің бұзылғаны үшін Заемшыға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кез келген шаралар қолданылуы мүмкін.

1.13. Осы Шарт оған кіріспеде көрсетілген Тараптар қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және Заемшы осы Шарт бойынша Банк алдындағы барлық міндеттемелерін толығымен орындағанша немесе Шартты тоқтатудың басқа да негіздемелері басталғанға (туындаған) (қайсысы бұрын басталатындығына қарай) дейін қолданылады.

1.14. Тараптар осы Шарттың талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында және Шартта көзделген жауапкершілікті арқалайды.

1.15. Карточка бойынша жылдық қызмет көрсетілгені үшін комиссия бойынша берешек Кредит лимитінің сомасын пайдаланумен танылады және кезекті Ең төменгі өтелетін сомаға қосылады.

1.16. Тараптар Заемшының Банкке:

(і) Банктің Заемшы туралы мәліметтерді беретінін, осы Шарттың жасалғанын, сондай-ақ Банк шарттық қатынастарда тұрған немесе тұратын барлық кредиттік бюроларға Тараптардың осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындаумен байланысты ақпаратты (оның ішінде Заемшының осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету тәсілі мен құрамы туралы) бергенін және (іі) барлық кредиттік бюролардың Заемшы туралы есептерді Банкке беруіне келісімін бергенін растайды.

1.17. Заем бойынша сұрақтар туындаған жағдайда Заемшы мәлімдемелер алу үшін мыналар:



  • Банктің почталық адресі бойынша: Қазақстан Республикасы, 050008, Алматы қ., Абай даңғ., 109 «В»; Банктің электрондық мекен-жайы бойынша: info@ halykbank.kz; Банктің интернет-ресурсы арқылы - www.halykbank.kz; Банктің байланыс орталығының +7(727) 2590777 телефоны бойынша хабарласа алады.

1.18. Тараптар осы арқылы Банктің барлық шығындары мыналарды қоса, бірақ шектелмей: кепілге салынған мүлікті соттан тыс жолмен сатуды іске асыру шығыстарының (бар болса); сот шығасыларының; почталық/курьерлік шығындарды Заемшы өтейтінімен сөзсіз келісті.

1.19. Осы арқылы Заемшы Банкке Заемшының осы Шарт бойынша берешек сомасының барлығын, оған қоса, бірақ шектелмей: Заемды (негізгі борышты өтеу) қайтару бойынша берешектің, Заем бойынша сыйақы төлеудің, комиссиялардың, осы Шарт бойынша басқа төлемдерді төлеудің (Банк шығыстарын өтеудің, тұрақсыздық айыбын төлеудің және т.с.с.) сомасын Заемшының Банкте және Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде ашылған басқа банктердегі және банктік операциялардың жекелеген түрлерін іске асыратын ұйымдарда ашылған барлық банктік шоттарынан тікелей дебеттеу жолымен және Заемшының акцептін талап етпейтін төлем құжаттары негізінде акцептсіз алып алуға сөзсіз және қайтарылып алынбайтын келісімін береді.

1.20. Осы Шарт бойынша Заемды берумен байланысты комиссиялар алынбайды.


  1. Жалпы ережелер

    1. Заем төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық талаптарымен беріледі.

    2. Заем Заемшы мына:

      1. қолма-қол ақшаны беру және/немесе

      2. аудару және/немесе

      3. төлем, соның ішінде Карточкаға/Шотқа қызмет көрсетілгені үшін Банк қызметтеріне төлем жасау операцияларын Заемшының шотындағы жеке ақша сомасының үстінен мұндай операция сомасынан асырып жүргізген сәтте берілген болып саналады.

Заемшыға заемның берілу фактісі аталған операциялардың жүргізілгені туралы куәландыратын кез-келген құжатпен расталуы мүмкін.

    1. Осы Шарттың 2.2. тармағында көрсетілген операцияның жүргізілген күні Заем берілген күн болып табылады. Заемшы осы Шарт бойынша Банк алдындағы берешегін өтеген күн Заемды қайтарған күн болып табылады. Заем сомасы берілген және қайтарылған күн толық көлемде бір күнге қабылданады. Заемның пайдаланылғаны үшін сыйақы есептелгенде, нақты күн (күнтізбелік) саны есепке алынады, бұл ретте бір жыл - 360 күнге тең деп қабылданады. Заемды пайдаланғаны үшін сыйақы есептеу Заемның нақты қалдық сомасына жүргізіледі. Заем немесе оның бір бөлігі өтелген күннен бастап Кредит лимитінің мөлшері өтелген Заем сомасына орны толтырылады.

    2. Заем қайтарылатын және/немесе ол бойынша сыйақы төленетін күн мереке немесе демалыс күніне келетін болса, Заемды қайтару және/немесе сыйақы төлеу тиісті демалыс немесе мереке күнінен кейінгі келесі жуықтағы жұмыс күні жүргізіледі.

    3. Карточкаға қызмет көрсетілгені үшін бірінші жылға сыйақы төлеу Банктің оны Шоттағы Кредит желісі сомасынан есептен шығару арқылы Карточка бойынша бірінші шығыс операциясын жүргізген сәтте жүргізіледі.

Карточкаға қызмет көрсетілгені үшін екінші және одан кейінгі жылдарға сыйақы төлеу Карточкаға қызмет көрсетілетін әрбір келесі жылы Карточка іске қосылған күні Шоттағы Кредит желісі сомасынан есептен шығару арқылы жүргізіледі.


  1. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

3.1. Заемшының:

3.1.1. осы Шарттың талаптарымен мерзімінен бұрын толық өтелгені үшін сыйақы есептелмейтін болса, тұрақсыздық айыбы мен комиссияларды төлеместен, нақты есептелген сыйақыны төлеп немесе мұндайды төлеместен, Заемды толығымен мерзімінен бұрын қайтаруға:

3.1.2. Заемды және/немесе сыйақыны өтеу күніне сәйкес келетін демалыс немесе мерекелік күнге байланысты Заем бойынша төлемдерді өтеу мерзімдерін бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбын төлеместен, Өтеу кестесіне сәйкес Заемды қайтаратын және/немесе сыйақыны төлейтін күні сәйкес келетін мерекелік немесе демалыс күннен кейінгі бірінші жұмыс күні Заемды қайтаруды және/немесе сыйақы төлеуді іске асыруға;

3.1.3. өзінің жазбаша өтініші бойынша осы Шарт бойынша Заемшының осы Шарт бойынша берешегін өтеу есебіне түсетін кезекті ақшаны бөлу (негізгі борышқа, сыйақыға, комиссияларға, тұрақсыздық айыбына, айыппұлдарға және төленуге тиіс басқа сомаларға) туралы ақпаратты айына жиілігіне бір рет, үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жазбаша түрде ақысыз алуға;

3.1.4. осы Шарт бойынша негізгі борыш сомасы толығымен немесе ішінара қайтарылған жағдайда мерзімі өткен төлемдер көрсетілген, негізгі борышқа, сыйақыға, комиссияға, тұрақсыздық айыбына, айыппұлдар мен төленуге тиіс басқа сомаларға бөлінген, қайтаруға жататын Шарт бойынша Заемшы берешегінің мөлшері туралы ақпаратты үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жазбаша түрде ақысыз алуға;

3.1.5. осы Шарт бойынша даулы жағдайлар пайда болғанда жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген мерзімде жазбаша өтініші бойынша жауап алуға;



3.1.6. Кредит лимитінің шегінде кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін операцияларды іске асыруға;

3.2. Банктің құқықтары:

      1. осы Шарттың талаптарын Заемшының пайдасына біржақты тәртіпте өзгерту, оның ішінде Заемды пайдаланғаны үшін сыйақы мөлшерлемесін, Карточка бойынша жылдық қызмет көрсету үшін комиссияның мөлшерін төмендету;

      2. Карточка бойынша жылдық қызмет көрсету үшін кезекті комиссияны төлеуге Кредит лимитінің пайдаланылмаған бөлігі жетіспеген жағдайда Кредит лимитінің мөлшерін ұлғайту;

      3. Заемшы төмендегі жағдайлардың кез келгені бойынша осы Шарттың талаптарын бұзған жағдайда Кредит лимитін жою және Заемшыдан Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Шартпен белгіленген тәртіпте берешектің барлық Сомасын мерзімінен бұрын өтеуді талап ету: 1) Заемшы өзінің қаржылық жай-күйі туралы жалған ақпарат бергендігі анықталғанда; 2) жарғылық капиталда қатысу үлестерінің меншік иеленушісі Заемшы болып табылатын заңды тұлғаның Банк алдында кез келген міндеттемелер бойынша мерзімі өткен берешек болған жағдайда; 3) осы Шартқа сәйкес берілген Заем мен Заемды пайдаланғаны үшін төленетін сыйақы бойынша 40 (қырық) күнтізбелік күннен асатын мерзімі өткен берешек пайда болған жағдайда; 4) Заемшы сот процесіне жауапкер ретінде тартылғанда және /немесе Заемшының мүлкіне, банктік шоттарында орналастырылған ақшаны қосқанда, құн өндірілгенде және /немесе тыйым салынғанда; 5) Заемшының жалақылық жобалар бойынша басқа банктердің қызмет көрсетілуіне ауысуы (жалақыны басқа банктерде ашылған ағымдағы шоттар бойынша алуы);

      4. өз талаптарын қанағаттандыру мақсатында Шотты тікелей дебеттеу арқылы Шоттағы ақшаны өндіру құқығымен Заемшының Шотын оқшаулау (оның ішінде Шот бойынша шығыс операцияларын тоқтату арқылы): 1) Заемшының Банк алдындағы кез келген міндеттемелері бойынша берешегі болғанда; 2) ақшаны Шотқа қате енгізгенде; 3) Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған өзге жағдайларда;

      5. мынадай жағдайлар орын алғанда бір жақты тәртіппен осы Шарттың шеңберінде жаңа Заемдар беруді тоқтату: 1) Заемшының қаржылық жағдайы Банк талаптарына сәйкес келмегенде; 2) Заемшы берешекті уақытында өтеуге қатысты Шарт талаптарын бұзғанда; 3) Қазақстан Республикасының саяси және /немесе экономикалық жағдайы не болмаса Қазақстан Республикасының банктік қызметтер рыногындағы жағдай нашарлағанда 4) жарғылық капиталда қатысу үлестерінің меншік иеленушісі Заемшы болып табылатын заңды тұлғаның Банк алдында кез келген міндеттемелер бойынша мерзімі өткен берешек болған жағдайда;

      6. Заемшыдан осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындауды талап ету;

      7. Шотқа түсіп отырған ақшаны кез келген уақытта осы Шарт бойынша Заемшының Банк алдындағы берешегін өтеуге жіберу;

      8. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Заемшының қосымша келісімінсіз үшінші тұлғаларға осы Шарт бойынша Заемшыға қатысты құқықтардан (талап ету) шегіну, бұған Заемшы өзінің сөзсіз әрі қайтарып алынбайтын келісімін береді. Осы арқылы Заемшы үшінші тұлға Заемшы үшін маңызды мәнге ие еместігін растайды;

      9. Заемшы туралы және осы Шарттың талаптары туралы мәліметті, сондай-ақ Тараптардың осы Шарт міндеттемелерін орындауымен байланысты ақпаратты (оның ішінде банк құпиясы және өзге коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты) үшінші тұлғаларға (Банкпен келісім бекіткен коллекторлық компанияларды қоса) беру, бұған Заемшы өзінің сөзсіз және қайтарылмайтын келісімін береді;

      10. Шоттың валютасынан өзге валютада Банкке түскен ақшаны айырбастау күніне Банкте белгіленген бағам бойынша айырбастауды Заемшының акцептісіз (келісімінсіз) жүргізу, бұған Заемшы өзінің сөзсіз және қайтарылмайтын келісімін береді;

      11. Заемшының акцептін талап етпейтін төлем құжаттарының негізінде және тікелей дебеттеу жолымен Заемшының осы Шарт бойынша Банкте, Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерде банктік операциялардың жекелеген түрлерін іске асыратын басқа банктер мен ұйымдарда ашылған Заемшының барлық банктік шоттарынан берешек Сомаларын акцептсіз алу.

3.3. Банктің міндеттері:

3.3.1. нақты есептелген сыйақыны төлеп, егер осы Шарттың талаптары бойынша сыйақы есептелмесе тұрақсыздық айыбы мен комиссияны төлеместен Заемшыдан осы Шарт бойынша берешек Сомасын Заемға қызмет көрсетудің кез келген кезеңінде мерзімінен бұрын толық өтеуге қабылдау;

3.3.2. Заемшының жазбаша өтініші бойынша, Заемшы осы Шарт бойынша негізгі борыш сомасын мерзімінен бұрын толығымен немесе ішінара қайтарғанда, негізгі борышқа, сыйақыға, комиссияларға, тұрақсыздық айыбына, айыппұлдарға және төленуге тиіс басқа сомаларға бөліп, Шарт бойынша Заемшының қайтарылуға тиіс берешегінің мөлшері туралы ақпаратты, мерзімі өткен төлемдерді көрсете отырып, үш жұмыс күнінен аспайтын мерзім ішінде Заемшыға ақысыз беру;

3.3.3. мерзімі өткен берешек пайда болған күннен 15 (он бес) күнтізбелік күннен кешіктірілмейтін мерзімде осы Шарт бойынша мерзімі өткен төлемдерді енгізу қажеттігі және осы Шарттың 6.1. тармағында қарастырылған амалдармен, бірақ көрсетілген амалдармен шектелмей олардың өз міндеттемелерін орындамаудың салдары туралы Заемшыны хабардар ету;

3.3.4. Шарт бойынша құқығын (талаптарын) үшінші тұлғалар пайдасына берген жағдайда бұл жөнінде Заемшыны берілген талап ету құқығын толық көлемде көрсетіп, ағымдағы және мерзімі өткен берешек сомасының қалдығын негізгі борышқа, сыйақыға, комиссияға, тұрақсыздық айыбына, айыппұлдар мен басқа да төленуге тиіс сомаларға ажыратылған, сондай-ақ заемды өтеу бойынша одан әрі төлем мақсатын Банкке немесе талап құқығы берілген үшінші тұлғаны көрсете отырып үш жұмыс күні ішінде Заемшыны хабардар ету;

3.3.5. Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Шартта қарастырылған жағдайларды қоспағанда, конфиденциалды ақпаратты, сондай-ақ осы Шартқа қатысты коммерциялық және /немесе банктік құпияның мәнін құрайтын мәліметтерді жарияламау;

3.3.6. Заемшы Банкке жазбаша өтінішпен жүгінген жағдайда Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы заң актілерімен белгіленген мерзімде қарастыру және жауабын Заемшыға беру;


      1. Банкке ақша түскен кейінгі және тиісті түрде ресімделген төлем құжаттарының көшірмелерін алған күннен кейінгі келесі банктік күннен кешіктірмей Шотқа ақша енгізу;

      2. Заемшының Шартқа сәйкес берілген ақшаны Банкке ішінара немесе толығымен мерзімнен бұрын қайтару туралы өтініші бойынша, негізгі борышқа, сыйақыға, комиссияға, тұрақсыздық айыбына, айыппұлдар мен басқа да төленуге тиіс сомаларға бөлініп, мерзімі өткен төлем сомасы көрсетілген, қайтарылуға тиіс ақша сомасының мөлшері туралы Заемшыны үш жұмыс күнінен аспайтын мерзім ішінде, ақысыз хабардар ету.

3.4. Банк құқылы емес:

      1. осы Шартты бекіту күніне белгіленген тарифтердің, комисиялардың және Заемға қызмет көрсету бойынша басқа шығыстардың мөлшері мен есептеу тәртібін ұлғайту жағына біржақты тәртіпте өзгертуге;

      2. осы Шарттың шеңберінде комиссиялардың жаңа түрлерін біржақты тәртіпте енгізуге;

      3. Заемшыны сақтандыру ұйым мен тәуелсіз бағалаушыны таңдауда шектеуге;

      4. осы Шарттың шеңберінде жаңа Заемдар беруді біржақты тәртіпте тоқтатуға, мына жағдайларды қоспағанда:

1) Банкте жаңа Заемдар беруді іске асырмау құқығы пайда болатын осы Шартпен қарастырылған жағдай;

2) Заемшы осы Шарт бойынша Банк алдындағы өз міндеттемелерін бұзғанда;

3) Банк жүргізген мониторинг нәтижелері бойынша анықталған, Заемшының қаржылық жағдайы нашарлағанда;

4) Банктің осы Шартты тиісті орындауына ықпал ететін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары өзгергенде;

5) Қазақстан Республикасының саяси және /немесе экономикалық жағдайы не болмаса Қазақстан Республикасының банктік қызметтер рыногындағы жағдай нашарлағанда;


      1. негізгі борышты немесе сыйақыны өтеу күні демалыс немесе мерекелік күнге сәйкес келетін болса және Заемшы сыйақыны немесе негізгі борышты нақты төлеуді мерекелік немесе демалыс күнінен кейінгі бірінші жұмыс күні жүргізген жағдайда тұрақсыздық айыбын немесе айыппұл санкцияларының өзге түрлерін алуға;

      2. осы Шарт бойынша Заемды мерзімінен бұрын өтегені үшін тұрақсыздық айыбын немесе айыппұл санкцияларының өзге түрлерін алуға.

3.5. Заемшының міндеттері:

      1. алынған Заем сомасын уақытында және толық көлемде қайтару және ол бойынша сыйақы төлеу;

      2. Заем уақытында қайтарылмаған және /немесе ол бойынша сыйақы төленбеген жағдайда осы Шартта анықталған мөлшерде және тәртіппен Банкке тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) төлеу;

      3. Банк қызметін тарифтерге сәйкес төлеу;

      4. осы Шарт бойынша Заемшының міндеттемелерін орындауға кедергі келтіретін жағдайлардың басталғаны туралы Банкке дереу хабарлап отыру;

      5. үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша кепілгер болмау, сондай-ақ Заемшының осы Шарт бойынша міндеттемелерін тиісті түрде орындауға кедергі келтіретін өзге мәмілелерді жасамау;

      6. байланыс деректері /деректемелері өзгерген жағдайда осы Шарттың талаптарына сәйкес Банктің талап етуі бойынша тиісті растаушы құжаттарды бере отырып, мұндай өзгерістер енгізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күннен кешіктірмей Банкке хабарлама жіберу;

      7. осы Шартта қарастырылған жағдайларда Заем сомасын және тиесілі сыйақыны, айыппұлдар мен өсімақыны (олар бар болса) қайтару /төлеу.


4. Тараптардың келіспеушіліктері мен даулары

4.1. Осы Шарттан туындайтын немесе онымен байланысты келіспеушіліктер мен дауларды Тараптар алдын-ала келіссөздер жүргізу арқылы қарастырады.

4.2. Жүргізілген келіссөздер нәтижесінде осы Шарт бойынша Тараптардың даулары мен келіспеушіліктері шешілмеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тәртіпте Қазақстан Республикасының құқығын қолданумен, Банктің өз қалауымен – Банктің немесе оның филиалының орналасқан жеріндегі сотта (шарттық соттылық) шешіледі.


  1. Конфиденциалдық

    1. Осы Шарт Тараптарының әрқайсысы басқа Тараптан алынған кез келген ақпараттың (оның ішінде осы Шарт және оның талаптары туралы) конфиденциалдығын сақтауға міндеттенеді. Мұндай ақпаратты үшінші тұлғаларға беру, тек екінші Тараптың жазбаша келісімі арқылы мүмкін болады, осы Шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған жағдайларды қоспағанда.

    2. Осы бап бойынша конфиденциалдық туралы (және банк құпиясы туралы) ереже мынадай жағдайларға таралмайды:

      1. Шарт бойынша құқықтардан және борышты аударудан шегіну;

      2. берешек сомасын Заемшының барлық шоттарынан Банктің акцептсіз тәртіппен алып отыруы және осыған байланысты өзге уәкілетті үшінші тұлғаларға қажетті ақпарат беру жағдайлары;

      3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіп пен талаптарға сәйкес Банк кредиттік бюроның деректер базасына қосу үшін Заемшы туралы және бекітілген осы Шарт туралы мәліметтерді, сондай-ақ Тараптардың Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауына, оның ішінде Заемшының Шарт бойынша міндеттемелерін қамтамасыз ету құрамы мен тәсілдері туралы ақпарат бергенде және Банк кредиттік бюродан Заемшы туралы кредиттік есептер алғанда.



  1. Хабарламалар


    1. Тараптар осы арқылы Банктен Заемшыға жіберілетін кез келген хабарлама, егер мұндай хабарламаны Банк мынадай тәсілдердің біреуі арқылы жіберетін болса, тиісті түрде ресімделген және Заемшы алған деп есептелетіндігімен келіседі және мұны растайды:

курьерлік немесе почталық қызмет арқылы;

электрондық почтамен;

факспен;

мобильдік байланыс және басқа телефон байланысы арқылы;

осы Шарттың 5-бабының талаптарын ескере отырып тиісті ақпаратты филиалдарда /бөлімшелерде /Банктің веб-сайтында www.halykbank.kz электронды мекен-жайы бойынша орналастыру арқылы.


    1. Тараптар осы арқылы Заемшыдан Банкке жіберілетін кез келген хабарлама, егер мұндай хабарламаны Заемшы мынадай тәсілдердің біреуі арқылы жіберетін болса, тиісті түрде ресімделген және Банк алған деп есептелетіндігімен келіседі және мұны растайды:

Банктің уәкілетті қызметкеріне алғандығы туралы қол қойғызып тапсыру арқылы;

курьерлік немесе почталық қызмет арқылы.



    1. Хат алушының хабарлама алған күні мыналар болып есептеледі:

хабарламалар қолма-қол немесе курьерлік қызмет арқылы берілгенде – тиісті тұлғаның қажетті белгісін қою арқылы, алынған күні;

хабарлама Банкке тапсырыс хатпен жіберілгенде – жөнелтілгеннен кейін үшінші күнтізбелік күні (жөнелту кезінде пошта ұйымы берген құжат күні бойынша);

хабарлама факспен жіберілгенде – жөнелтілген күні, егер факсимильдік аппараттың құжатты факс нөмірлеріне жөнелтудің сәтті аяқталғандығы туралы белгісі болса;

хабарлама мобильдік байланысты пайдалану арқылы электрондық почтамен жіберілгенде – хабарлама жөнелтілген күні (егер жөнелту туралы белгі болса);

хабарлама (дауыс арқылы хабарландыру) мобильдік байланыс және басқа телефон байланысы арқылы жіберілгенде – қоңырау шалған уақыты мен күні;

хабарлама филиалдарда /бөлімшелерде /Банктің веб-сайтында орналастырылғанда – хабарлама орналастырылған күні.



    1. Егер Тараптардың бірінде хабарлама жіберу үшін басқа Тарап пайдаланатын және /немесе пайдалануы мүмкін байланыс деректерінде /деректемелерінде қандай-да өзгерістер болса, онда өзгерістер болған Тарап бұл жөнінде, мұндай өзгерістер пайда болған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде екінші Тарапқа хабарлама жіберуге тиіс немесе байланыс деректерінде /деректемелерінде болған өзгерістер туралы клиенттің ауызша хабарламасын Банк жеткілікті деп белгілеген жағдайда қажетті хабарламаны Банктің Байланыс-орталығы қызметіне хабарлауы тиіс.

    2. Осы Шартқа сәйкес Заемшы Банкті жазбаша хабардар етпегендігінен, Заемшының байланыс деректерінің /деректемелерінің өзгеруіне байланысты хабарламаларды Заемшы алмағандығы немесе уақытылы алмағандығы үшін Банк жауапкершілік арқаламайды.

6.6. Осы арқылы Тараптар хабарламаларды жіберу және /немесе алу мақсатында Заемшы жедел байланыстың құралын пайдаланудың тәуекелін (мыналарды қоса, бірақ онымен шектелмей, алаяқтық тәуекелі, жіберілген ақпаратқа заңсыз қол жеткізудің, сондай-ақ хабарламаларды жіберу үшін пайдаланылатын жедел байланыс құралдарының, қызмет көрсетуді жеткізушілердің немесе құрал-жабдықтардың жұмысындағы күрделі мәселелерге байланысты Заемшының /Банктің оны алғанға дейін мұндай ақпаратты жоғалту тәуекелі) өзіне алатындығын растайды.

6.7. Осы Шарттың 6.6. тармағында қарастырылған жағдайларда Заемшы шеккен кез келген залалдары үшін Банк жауапкершілік арқаламайды, егер бұндай залалдар немқұрайдылықтың немесе Банктің өз міндеттемелерін қасақана орындамауының нәтижесі болғандығы дәлелденбеген жағдайда.




  1. Қосымша талаптар

    1. Заемшы қайтыс болған жағдайда оның осы Шарт бойынша құқықтары мен міндеттері сәйкесінше оның құқықтық мирасқорына өтеді.

    2. Заемшы өзінің осы Шарт бойынша құқықтарын Банктің алдын-ала жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаға бере алмайды.

    3. Осы Шартты орындағанда Тараптар осы Шартпен реттелмеген талаптарға қатысты Шартта қарастырылған талаптармен қатар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын да басшылыққа алады.

    4. Осы Шарттың шеңберінде Тараптар қол қойған қосымшалардың барлығы оның ажыратылмас бөлігі болып табылады.

    5. Тараптар осы Шарттың ережелерін өзгертуі немесе толықтыруы мүмкін, бұл ретте Шартта қарастырылған жағдайларды қоспағанда, Тараптардың екі жақты өзара келісімі негізінде жазбаша нысанда жасалып, қолдары қойылған өзгерістер мен толықтырулар ғана Тараптар үшін жарамды және міндетті болып танылады.




  1. Тараптардың орналасқан жері/мекен-жайы, банктік деректемелері мен қолдары





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет