«Бұқар жырау ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі ботақара кенті 2011 ж. Жалпы ережелер «Бұқар жырау ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»



жүктеу 69.49 Kb.
Дата14.07.2016
өлшемі69.49 Kb.
Қарағанды облысы

Бұқар жырау ауданы әкімдігінің

« ____ » _________ж

№ ______ қаулысымен

бекітілді

«Бұқар жырау ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ

Ботақара кенті

2011 ж.


1. Жалпы ережелер


  1. «Бұқар жырау ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік орган) экономика және бюджеттік жоспарлау саласында мемлекеттік басқару қызметін орындауға, Бұқар жырау ауданының әлеуметтік - экономикалық дамуының негізгі бағыттарын әзірлеуді жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады.

  2. Мемлекеттік орган өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясымен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай- ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

  3. Мемлекеттік орган заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде атауы жазылған мөрі мен мөр табаны, белгілі нұсқадағы ресми құжаты және заңға сәйкес банкіде жеке есеп шоттары болады.

  4. Мемлекеттік орган азаматтық – құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді.

  5. Заңға сәйкес уәкілеттігі бар болса Мемлекеттік орган мемлекет атынан

азаматтық – құқықтық тарапта қатынас жасауға құқылы.

  1. Мемлекеттік орган өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен бұйықтар түрінде тиісті аумақта міндетті күші болатын актілер шығарады

  2. Мемлекеттік органның Ережесін, құрылымын және штаттық санын Бұқар жырау ауданының әкімдігі бекітеді.

  3. Мемлекеттік органның толық атауы:

мемлекеттік тілде – «Бұқар жырау ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде – Государственное Учреждение «Отдел экономики и бюджетного планирования Бухар - Жырауского района».



  1. Мемлекеттік органның құрылтайшысы Қарағанды облысы Бұқар жырау

ауданының әкімдігі. Құрылтайшының занды мекен-жайы: 100400, Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Абылай хан көшесі, 39. СТН 301300000722, 2009 жылғы 12 наурыздағы №147-1930-ММ заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік.

  1. Мемлекеттік органның қызметі жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады.

  2. Мемлекеттік органның занды мекен-жайы: 100400, Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Абылай хан көшесі, 39.

Мемлекеттік органға мемлекеттік органның функциялары болып табылатын міндеттерді орындау нысанына кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер мемлекеттік органға заң актілерімен кіріс әкелетін қызметпен шұғылдану құқығы берілсе, ондай қызметтен түскен табыстар аудандық бюджеттің кірісіне жіберіледі.



2. Мемлекеттік органның әрекет ету түрі мен мақсаты


  1. Мемлекеттік органның әрекет ету түрі:

1) мемлекеттік, салықтық-бюджеттік, инвестициялық саясатты басымдылықты мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуымен өзара әрекетті әзірлеуі мен іске асыруға қатысуы, сонымен қатар экономикалық және қаржылық қатынастар, облыстың әлеуметтік экономикалық дамуының негізгі бағыттарын әзірлеу;

  1. әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын жасау және

ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мониторингін жүзеге асыру, стратегиялық жоспар мен ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамын қалыптастырумен, экономика саласында мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;

3) бюджеттік инвестицияларды жоспарлау барысында стратегиялық мақсаттар мен басымдылықтарды қалыптастыру.

13. Мемлекеттік органның әрекет ету мақсаты:

1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес басым бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастыру;



  1. ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын ауданның

атқарушы органдарының қатысуымен (шығындардың болжамданған көлемдерін әрбір жергілікті бюджеттік бағдарлама әкімшісіне жеткізумен) әзірлеу;

  1. ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеуде, ауданның

атқарушы органдарының жұмыстарын үйлестіру және әдістемелік басшылық жасау;

  1. ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын есепке ала

отырып жоспарлы кезеңге жергілікті бюджеттің болжамды түсімдерін іске асыру;

  1. ауданның бюджеттік комиссиясының жұмыс органы болып

табылатындықтан, бюджеттің жобасын әзірлеуде және бюджетті нақтылау бойынша ұсыныстарды уақытында және сапалы жасауды қамтамасыз ету үшін бюджеттік комиссия белгіленген мерзім мен күн тәртібіне сәйкес бюджеттік комиссияның мәжілісіне құжаттар пакетін даярлайды;

  1. бес жылдық кезеңге аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуыныңь басымдылықтары мен болжамын, тенденциясын анықтайтын, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізінде жоспарлы кезеңге аудандық бюджеттің жобасын әзірлеу;

  2. аудан әкіміне және (немесе) аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына аудан бюджетінің жобасын (шығыс және кіріс бөліктерін, бюджетаралық қатынастарды) қалыптастыру, аудандық бюджеттін нақтылау және түзету енгізу мәселелері бойынша талдау ақпарат, анықтама даярлау, сондай ақ аудан әкімінің немесе аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарының баяндамасына аудандық мәслихат сессиясына, аудандық бюджеттің жобасы туралы ақпарат даярлау;

  3. Аудан әкімдігінің жұмыс регламентімен белгіленген, жоспарлық кезеңге

аудандық бюджет, аудандық мәслихат сессиясының шешімін жүзеге асыру туралы жоба қаулысын әзірлеу және ұсыну;

  1. Мемлекеттік органның құзырына енетін мәселелер бойынша нормативтік –құқықтық актілер жобаларын әзірлеу;

  2. Аудандық аумақтар дамуы бағдарламасының мониторингін әзірлеу;

  3. Ауданның атқарушы органдарының мәліметтерін жинақтау және талдау жолымен ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мониторингін жүргізу, әкімге немесе жетекшілік ететін орынбасарына ақпарат дайындау;

  4. Аудандық бюджет есебінен қаржыландырылатын, атқарушы органдардың штаттық санының талдауын жүргізу;

  5. Инвестициялық ұсыныстарды қарастыру мен іріктеудің сәйкес әдістемелері бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің инвестициялық ұсыныстарын қарастыру, оның ішінде шығындар мен пайда талдауының негізінде (осы әдіснемені қолдану мүмкіндігі жағдайында) және олар бойынша қорытындыларды, сәйкес бюджеттік комиссияның қарастыруына шығару;

  6. Бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелері

бойынша қорытындылар дайындау, олардың негізінде бюджеттік инвестициялардың талдауы жүргізіледі, заңды тұлғалардың жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуымен жүзеге асырылуға жоспарланады.

14. Мемлекеттік орган құқылы:

1) аудан әкімдігіне, әкімге ауданның әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар енгізуге;

2) өз құзыры шегінде, мәселе тиісті аудан әкімі орынбасарының келісімі бойынша, мемлекеттік органдарға ақпараттық-аналитикалық материалдарды дайындауға және ұсынуға;



  1. өз құзыры шегінде аудан әкімдігі мен әкімнің нормативтік-құқықтық

актілерін дайындауға;

4) өз құзыры шегінде мемлекеттік органдардан, заңды тұлғалардан мемлекеттің қатысуымен және басқа ұйымдар мен заңды тұлғалардан қажетті ақпараттар мен құжаттарды сұрап алуға;



  1. мемлекеттік органның балансындағы мүліктің пайдаланылуы мен

сақталуына бақылауды қамтамасыз етуге;

  1. өз құзыры шегінде коммуналдық мүлікті басқару саласында мемлекеттік мүлікті қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеуге;

  2. өкілетті органға мемлекеттік мүлік бойынша алу мен қайта бөлуге келісім беруге

  3. Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталған басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асыруға.


3. Мемлекеттік органның мүлкі


  1. Мемлекеттік органның оралымды басқару құқығында негізделген мүлкі бар.

Мемлекеттік органның мүлкі оған аудан әкімдігімен берілген мүлік есебінен қалыптасады және негізгі қорлар мен айналымдағы қаражаттар есебінен тұрады, сондай-ақ мемлекеттік органның балансында құны көрсетілген, басқа да мүліктерден тұрады.

Мемлекеттік органға бекітілген мүлік, коммуналдық меншікке жатады.



  1. Мемлекеттік органның өзіне бекітілген мүлікті өз бетімен есептен шығаруға немесе басқа амалмен пайдалануға құқығы жоқ. Мемлекеттік органға мүлікті пайдалану құқығы заңнамамен қарастырылған жағдайлармен ұсынылады.

  2. Мемлекеттік орган жойылған жағдайда, мүлікті пайдалану тәртібі,

қолданыстағы заңнамаға сәйкес құрылтайшымен анықталады.
4. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру


  1. Мемлекеттік органды бөлім бастығы басқарады, ол Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес қызметтік лауазымға тағайындалады және қызметтен босатылады.

  2. Мемлекеттiк органның бөлім бастығы мемлекеттiк органның жұмысын ұйымдастырады және басқарады және мемлекеттiк мекемеге жүктелген тапсырмалардың орындалуына және міндеттерінің жүзеге асырылуына жеке жауап бередi.

  3. Мемлекеттiк орган бөлімінің бастығы:

1) мамандардың міндеттері мен өкiлеттiгiн анықтайды;

  1. Заңнамаға сәйкес (кейбiр жағдайларда және уәкiлеттi органмен

бекiтiлген, қызметтер номенклатурасымен) мемлекеттiк органның жұмыскерлерiн қызметке алады және қызметтен босатады;

  1. мемлекеттiк органның қызметкерлерiн заңнамамен бекітілген тәртіпте

тәртіптік жазаға тартады;

4) мемлекеттiк органның бұйықтарына қол қояды;

5) мемлекеттiк органның мүддесін мемлекеттiк органдарда және басқа

ұйымдарда ұсынады;

6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс

кодексінің талаптарын орындауды, осы Кодекстің мәтіндерін мемлекеттік орган ғимараттарында және көпшіліктің жалпы көруіне болатын жерлерде орналасуын қамтамасыз етеді;

7) Заңнамаға сәйкес басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

21. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелері, оның қызметін қамтамасыз ететін лауазымды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері, бөлімдердің құзыреті мен өкілеттіктері белгіленген тәртіпте бекітілген мемлекеттік органның Регламентімен, бөлімдердің ережелерімен, қызметкерлердің функционалдық міндеттерімен анықталады.



22. Қызметтік автокөліктің лимиті, штаттық саны, құрылысы, құзыреттілігі, тізімдік бағынушылығы және мемлекеттік органның функцияларын ұйымдастыруымен байланысты басқа да сұрақтар Бұқар жырау ауданы әкімдігімен бекітілген ережесімен анықталады.


5. Жұмыс режимі
23. Мемлекеттік органның жұмыс режимі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.
6. Мемлекеттік органның қайта құрылуы мен таралуы
24. Мемлекеттік органның қайта құрылуы мен таралуы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


Бөлім бастығы А.Нуркенова


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет