2.2.6.Дәріс тақырыбы. Антропогендік стрессорлар арқылы пайда болатын хорологиялық және популяция – динамикалық өзгерістер.
Дәріс тезистері.
Ағзаға өнеркәсіптік қалдықтардың әсері бойынша соңғы он жылда көптеген зерттеулер жүргізілді, себебі атмосфералыњ ластануы мен өсімдіктердің таралуының арасында нақты корреляция дәлелденген. Бірақ , осы салада жинақталған мәліметтер жеткіліксіз және модельдік сипаттаумен ерекшеленеді.
Көптеген зерттеулерде жануарлар қосымша индикатор түрінде қарастырылады және микроэкотопқа әр түрлі фитофизиологиялық , фитоәлеуметтік , микроклиматтық және құрылымдық факторлардың жиынтығы түрінде әсер етеді. Әр жануарлардың түрінің ерекшелігін , қоршаған ортаның тәуелділігін анықтайтын белгілі бір жерді мекендейтін жануарлардың болу және болмау факторы.
Популяция қоршаған ортаның өзгерістеріне бейімделу процесстерімен сипатталады. Осындай биологиялық реакциялар ареалдың көлеміне , популяцияның құрылымына, немесе өлуіне әр түрлі әсер етеді. Мысалы, қоршаған ортаның күрт антропогендік өзгерістері кезінде жоғары генетикалық өзгеруімен пайда болу жылдамдығымен сипатталатын жануарлар селекциялық өзгешелігімен және өмір сүру қабілетімен ерекшеленеді.
Биоиндикация мақсатымен әр түрлі түрлердің популяциялық – генетикалық талдау жүргізіледі. Оның нәтижесі мынандай: полиморфизмнің географиялық өзгеруімен мекен – жайдың ластану деңгейінің арасында маңызды корреляциялар пайда болады. Қоршаған ортаның өзгеруіне бейімделу реакциялары күшейеді және жоғарғы генетикалық полиморфизм, гетерозиготаның жоғарғы бөлігі белгіленеді.
Қоршаған ортаның ауыр металлдарымен ластануын биоиндикациялық бақылау үшін омыртқасыздарды зерттеу жүргізілді. Жергілікті экожүйеде ауыр металлдардың аккумулятивті индикаторы болып әр түрлі тірі ағзалар, олардың тамақтану стратегиясы және консументтік деңгейі табылды.
Металлдарды сіңіру тамақтану, тыныс алу түрінде немесе тері арқылы болады. Сіңіру түрі, тамақтану тізбегіндегі орны және ағзаның ішінде болу ұзақтылығы, керексіз заттардың жинақталу көлемін анықтайды, яғни бір түрдің биоиндикаторлық әсерін белгілейді.
Микроағзаларға стрессорлардың әсерін таксономикалық және физиологиялық топтардан , олардың тіршілік әрекетінің нәтижесін анықтайтын көлемді бақылау жүргізіледі. Осы параметрлер уақыт факторымен байланысып, топырақта микробиологиялық процесстерінің өтуіне байланысты нәтижелер шығаруға болады. Осы кезде топырақтың құнарлығына көп көңіл бөлінеді.
Топырақтағы микробтар популяциясының жоғары динамикасы, олардың өсу мен әрекеттесу процесстерінің кинетикасына көп көңіл бөлу қажет. Көптеген стресс факторлар микробиологиялық процестердің тербелісін біраз уақыт өткеннен кейін қамтиды.
Негізгі әдебиеттер
1.Смирнов Н.Н. Биологические методы оценки природной среды. М.: Наука.-1978.-278 с.
2. Стадницкий Г.В., Родионов А.И. Экология.- Санкт-Петербург,1996,-24 с.
3. Биоиндикация загрязнений наземных экосистем / Под ред. Шуберта Р. М., 1998.-35 с.
4. Общая токсикология / Под ред.Курляндского Б.А., Филатова В.А. М.,2002.-6080с.
5. Основы промышленной токсикологии / Под ред. Толоконцева Н.А. М., 1976.-304 с.
Қосымша әдебиеттер
1.Ковда В.А. Керженцев А.С. Экологический мониторинг: концепция, принципы организации. В кн.: Региональный экологический мониторинг. М., 1983,- 115 с.
2. Одум Ю. Экология Т.1.- М., 1986.- 328 с.
3. Ақбасова А, Саинова Г. Экология.Алматы, 2003 ж.-290 б.
4. Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы.- Алматы: Ғылым,1997.-192 б
Достарыңызбен бөлісу: |