2.2.13. Дәріс тақырыбы. Ландшафтық индикацияның принциптері.
Дәріс тезистері.
Геожүйеге техногендік әсері бар информацияны тасымалдайтын индикаторларға табиғи комплекстер және олардың мынандай элементтері жатады: қар, мұз, шым тезек, жер үсті сулар, ауа және т.б. Табиғи әсер етуші индикаторларға негізгі қойылатын талап-зиянды әсерлерді қамтып көрсету және оларды минималдық трансформациясы кезінде «еске сақтап қалу».
Кеңінен пайдаланатын әсер етуші индикаторларға қар және шым тезек жатады.
Қар – атмосфера арқылы геожүйеге техногендік әсерлердің ең негізгі индикаторы. Қардың гидрохимиялық бақылау кезінде атмосфералық ылғалдардың ертілген және ертілмеген құрамы зерттеледі. Осындай зерттеулер қыстың аяғында жүргізіліп,
табиғи және техногендік заттектердің белгілі бір аумақта және уақытта түсуін дәлелдейді.
Индикаторлар мәліметтерін баяулататын ландшафтық факторларға : қарлы борандар, ағаш массасының қар химизіміне әсері, оңтүстік экспозициядағы олардың сублимациясы және т.б. жатады.
Шым тезек кеңістік және уақыттық ластану индикаторы болып табылады, себебі шым тезекті батпақтар ұзақ уақытқа қоршаған ортаның ластануы туралы ақпаратты сақтап қалады.
Ластану динамикасын зерттегенде батпақтың жоғары қабаттарындағы шым тезекті пайдаланады. Себебі, олар төменгі геохимиялық фон және баяу биологиялық айналымымен сипатталады.
Белгілі бір табиғи аумақтағы батпақтар сфагналық мук, бір қалыпты өсуімен, жоғары адсорбциялық ерекшеліктерімен сипатталып, тек аэрозолдар арқылы минералдық қоректік заттарды түсіреді. Олиготрофтық шым тезектер геохимиялық ортаның жоғары қышқылдығымен сипатталады. Осындай ортада техногендік шаңның қышқылануы баяулап, ауыр металдардың тұнуына себеп болады.
Негізгі әдебиеттер
1.Смирнов Н.Н. Биологические методы оценки природной среды. М.: Наука.-1978.-278 с.
2. Стадницкий Г.В., Родионов А.И. Экология.- Санкт-Петербург,1996,-24 с.
3. Биоиндикация загрязнений наземных экосистем / Под ред. Шуберта Р. М., 1998.-35 с.
4. Общая токсикология / Под ред.Курляндского Б.А., Филатова В.А. М.,2002.-6080с.
5. Основы промышленной токсикологии / Под ред. Толоконцева Н.А. М., 1976.-304 с.
Қосымша әдебиеттер
1.Ковда В.А. Керженцев А.С. Экологический мониторинг: концепция, принципы организации. В кн.: Региональный экологический мониторинг. М., 1983,- 115 с.
2. Одум Ю. Экология Т.1.- М., 1986.- 328 с.
3. Ақбасова А, Саинова Г. Экология.Алматы, 2003 ж.-290 б.
4. Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы.- Алматы: Ғылым,1997.-192 б
Достарыңызбен бөлісу: |