Барлық қызмет салалары үшін бірыңғай (салааралық) еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтері



бет2/5
Дата09.07.2016
өлшемі0.58 Mb.
#187423
1   2   3   4   5

3.2. Қызмет көрсету нормалары
Қызметтік үй-жайларды тазалаушылардың қызмет көрсету нормалары.
52. Еңбекті ұйымдастыру

Қызметтік үй-жайлар санатына мыналар жатқызылған: қызметкерлердің жұмысына арналған бөлмелер, басшылардың кабинеттері, қабылдау бөлмелері, қоғамдық ұйымдар үй-жайлары, келушілерді күту және қабылдау үй-жайлары, медициналық пункттер.

53. Жұмыс орындарына күтім жасауға ауысым басталмас бұрын жинау құралдары мен құрылғыларды (швабра, шаңсорғыш, сыпырғыш, мәуесек, шүберек, шелек, қалақша, жуу құралдары) жеткізуге кеткен уақыт жатқызылған. Тазалаушы жуу құралдарынан жасалған ерітіндіні дайындайды. Су мен жуу ерітіндісі кезең-кезеңімен ауыстырылады.

54. Жиһазды (стационарлық орнатылғаннан басқа) жылжыту керек. Еденді жуып, жиһазды орнына қою керек. Жиһаз, панельдер, терезе алдындағы кертіктер, батареялар, есіктер, қабырғалар сүртіледі. Жұмыстарды орындауға байланысты орнынан жылжытулар уақыты нормативтермен есепке алынған.

55. Еденді жинауға арналған уақыт нормалары үй-жайдың мақсатына, жинау тәсіліне, үй-жайдың заттармен толтырылуына, сондай-ақ жиһазды жылжытуға және оны жылжытпауға байланысты сараланып белгіленген.

56. Заттармен толтырылу коэффициенті көлемнің (метр, бұдан әрі - мІ.) бір мақсаттағы үй-жайларда орналасқан заттарға, осы үй-жайлардың барлық алаңына қатысты белгіленеді.

57. Үй-жайларды жинау кезінде арнайы тараға қағаз салынған себет босатылады. Жинаған кезде жинақталған қоқыс арнайы бөлінген жерге шелекпен, қаппен шығарылады.

58. Үй-жайларды жинағанда қолмен жинау құралдары қолданылады. Кілем жабындыларын, алашаларды, жұмсақ дивандарды, креслолар мен орындықтарды тазалағанда шаңсорғыштар қолданылады.

59. Қызметтік үй-жайларды тазалаушылар қызмет көрсету нормалары үй-жайлардың мақсатына және олардың заттармен толтырылуына байланысты сараланып жасалған.

Қызмет көрсету нормалары (әрі қарай - Но) мына 10-формула бойынша есептелген:

Но =, (10)

мұндағы Тсм – жұмыс уақытының ауысымдық қоры;

Тно – негізгі жұмыстар көлемінің бірлігі бойынша қызмет көрсету уақытының нормасы.

Қызмет көрсету уақытының нормасы (Тно) мына 11 формула бойынша белгіленеді:

Тно = (Тн1н2 + Тн3нп) х К, (11)

мұндағы Тн1, Тн2, Тн3 … Тнп – жекелеген жинау жұмыстарын орындауға жұмсалатын уақыт және мына 12 формула бойынша белгіленеді:

Тн1 = t х V х q, (12)

мұндағы t – жұмыстар көлемінің бірлігіне шаққандағы оперативтік уақыт нормативі;

V – қызмет көрсетілетін объектідегі атауы бір жұмыстар бірлігінің саны;

q – осы жұмыстың ауысымда қайталануы;

К – жұмыс орнында күтім жасауға, сол сияқты демалыс пен жеке мұқтаждыққа жұмсалатын уақыт шығындары ескерілетін коэффициент, ол мына 13 формула бойынша белгіленеді:

К= 1+, (13)

мұндағы, а1 – оперативтік уақытқа қатысты %-пен жұмыс орнына күтім жасауға кеткен уақыт

а2 - оперативтік уақытқа қатысты процентпен (бұдан әрі - %) демалыс пен жеке мұқтаждыққа кеткен уақыт.

Қызметтік үй-жайларды тазалаушылардың нормативтік келулер саны (Ск) үй-жайлардың типтеріне, олардағы жиналатын алаңдарға және олардың толтырылуына орай мына 14-формула бойынша есептеледі:

Ск = + + + , (14)

мұндағы, N1, N2, N3 – олар бойынша әртүрлі нормалар белгіленетін әр түрлі үй-жайлардағы жиналатын алаңның көлемі;

Но1, Но2, Но3; Ноn;- еңбек жөніндегі салааралық үлгілік нормативтердің 2-қосымшасы бойынша белгіленетін тиісті типтегі үй-жайлар алаңдарына күтім жасау нормалары.

60. Үлгілік жұмыс құрамы:

Тазалаушының міндетіне ғимараттың қызметтік үй-жайларын жинау кіреді. Үй-жайларда тазалықты ұстау үшін мынадай тазалап жинау түрлері орындалады: құрғақ және ылғалды сыпыру, еден жуу, сумен сүрту және қабырғаларды, терезе рамалары мен әйнектерді, есік блоктарын жуу және басқа да жұмыстар.

61. Қажетті тазалау құралдары мен құрылғылары – сыпырғыш, мәуесек, шүберек, шелек, қалақша, жуу құралдары – ауысым басталар алдында оларды тазалаушы жұмыс орнына жеткізеді және жинап болғаннан кейін оларды сақтау орнына апарады.

62. Жуу құралдарынан жасалған ерітіндіні тазалаушы дайындайды. Су мен жуу ерітіндісі кезең-кезеңімен ауыстырылады.

63. Еденді жуғанда жиһазды (стационарлық орнатылғаннан басқа) жылжытып, ол жердегі еденді жуып, жиһазды орнына қою керек.

64. Жинау кезінде жиналған қоқысты арнайы белгіленген жерге шығарады.

Тазалаушылардың қызмет көрсету нормалары барлық қызмет салалары үшін бірыңғай (салааралық) еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтердің 1-қосымшасында көрсетілген.

Механикалық тазалау тазалаушылар қызмет көрсету нормалары


65. Үлгілік жұмыс тізбесі:

Ленолиум жабындысы бар алаңдарды машинамен тазарту, машинаға су және жуу ерітіндісін құю. Еденді машинамен жуу.

Ескертпе: Уақыт нормаларында машинаға жуу ерітіндісін құю уақытының шығындары ескерілген.

Механикалық тазалау тазалаушылар қызмет көрсету нормалары барлық қызмет салалары үшін бірыңғай (салааралық) еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтердің 1-қосымшасында көрсетілген.

Аумақты тазалаушылар (аула сыпырушылар) қызмет көрсету нормалары.
66. Жылдың екі мезгілі (салқын және жылы) үшін жауын-шашын болған күндердің санын ескере отырып, аумақтың сыныбы мен жабындылар түрлері бойынша белгіленген қызмет көрсету ірілендірілген нормалары. Атмосфералық жауын-шашынға байланысты жылды екі мезгілге бөлу Қазақстан Республикасының барлық аумағы үшін бірыңғай қабылданды: салқын мезгіл (қараша - наурыз, 152 күн), бұл кезде жауын-шашын көбіне қатты күйінде түседі және жылы мезгіл (сәуір - қазан, 213 күн), бұл жауын-шашын көбіне сұйық күйінде түседі.

67. Жабындылары жетік жасалған (асфальтталған, тасты), жетік жасалмаған (ұсақталған, жұмыр тасты) және жабындысы жоқ аумақтар үшін нормалар аумақтардың сыныбына байланысты сараланып белгіленген.

Аумақтар жолаушы қозғалысының қарқындылығына байланысты жіктелген:

1 сынып – 50-ге дейін адам – сағатына (бұдан әрі – ад/сағ);

2 сынып – 50-ден 100-ге дейін ад/сағ;

3 сынып – 100-ден астам ад/сағ.

68. Жолаушы қозғалысының қарқындылығы таңертең және кешке (жолаушылардың екі жаққа да қозғалысын ескере отырып жиынтық түрде) шекті жүктемемен 0,75 м тротуар жолағында белгіленеді.

Аумақты тазалаушылар (аула сыпырушылар) қызмет көрсету нормалары барлық қызмет салалары үшін бірыңғай (салааралық) еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтердің 1-қосымшасында көрсетілген.

А. Салқын жыл мезгілі үшін белгіленген қызметтердің нормалары
69. Үлгілік жұмыс құрамы:

Қалыңдығы 2 сантиметрге (бұдан әрі - см) дейін жаңадан түскен қарды сыпыру және үйме немесе үйінді етіп жинау. Қабат қалыңдығы 2 см астам қарды үймеге немесе үйіндіге жиып жылжыту. Тайғақ кезінде аулаға құм немесе құм мен хлорид қоспасын себу. Су тарту құбырларының астындағы, кәріз қақпаларынан, газды және өрт сөндіру құдықтарынан мұздақтарды опырып алу. Ауланы қоқыс қардан тазалау (немесе қар болмаған ауланы сыпыру). Урналарды, ауладағы қоқыс салатын ыдыстар мен олардың тұрған орындарын тазалау және санитарлық өңдеу. Нөмірлік шамдар мен нұсқау белгілерін сүрту.

Б. Жылы жыл мезгіліне арналған қызметтер көрсету нормалары.
70. Үлгілік жұмыс құрамы:

Ауланы сыпыру және қоқысты жинау. Қоқысты 100 м дейінгі қашықтықта белгіленген жерге тасымалдау. Тротуар тақтайшаларының арасындағы шөпті алып тастау. Ауладағы қоқыс салатын ыдыстар мен олардың тұрған орындарын тазалау және санитарлық өңдеу. Нөмірлік шамдар мен нұсқау белгілерін, орындықтарды сүрту. Тасқын су құйылатын кәріз торшасын, кәріз қақпаларын, газды және өрт сөндіру құдықтарын тазалау.


Жинақта қамтылған басқарма ғимараттарына жататын ғимараттардың сипаттамасы барлық қызмет салалары үшін бірыңғай (салааралық) еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтердің 3-қосымшасында көрсетілген.
Ғимаратты техникалық пайдалану және ағымдағы жөндеу жөніндегі қызмет көрсету нормалары барлық қызмет салалары үшін бірыңғай (салааралық) еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтердің 4-қосымшасында көрсетілген.
Ұйымның ғимаратында қызмет көрсету үшін жұмысшылар санын есептеу мысалы барлық қызмет салалары үшін бірыңғай (салааралық) еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтердің 5-қосымшасында көрсетілген.
Қолданылған әдебиеттер тізімі барлық қызмет салалары үшін бірыңғай (салааралық) еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтердің 6-қосымшасында көрсетілген.
Барлық қызмет салалары үшін бірыңғай (салааралық)

еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтерінің

1-қосымшасы

Гардеробшылар санының нормативтері




Гардеробтағы орындар саны

Сандық нормативтер

(ауысымда 1 гардеробқа келетін адам )



100-ге дейін

0,86

101-200

0,97

201-300

1,18

301-400

1,39

401-500

1,60

501-600

1,81

601-700

2,02

701-800

2,23

801-900

2,44

901-1000

2,65

1001-1100

2,86

Рұқсаттама бюросының меңгерушілері және кезекшілер санының нормативтері




Операциялардың атауы

Өлшем бірлігі

Уақыт нормасы,

сағат


Бір реттік рұқсат қағаздарын толтыру және беру

Рұқсат қағазының

бір бланкісі



0,05

Телефон байланысы мен радиофикацияның желілік құралымдарының

электромонтерлер санының нормативтері


Жабдықтардың атауы

Жұмысшылар санының нормативі, адам

Радио- және радио реттегіш байланыс аппаратурасы Электрмен қоректендіру қондырғылары

Диспетчерлік байланыс аппаратурасы

Дауыс күшейткіш байланыс аппаратурасы

Автоматика және сигнализация аппаратурасы

Өндірістік байланыс аппаратурасы

Телевизиялық өнеркәсіптік қондырғылар



0,254

0,277


0,460

0,602


0,164

0,20


0,730

Ғимараттың инженерлік жабдықтарына күтім жасау және жөндеумен айналысатын

жұмысшылар санының нормативтері


р/с№

Кәсіптердің атауы

Өлшем бірлігі

Сан нормативі

1.

Слесарь - сантехник

ғимараттың жалпы алаңының 1000 мІ

0,2

2.

Электр жабдықтарын жөндеу және күтім жасау жөніндегі электромонтер

ғимараттың жалпы алаңының 1000 мІ

0,37

3.

Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика слесарі

(бұдан әрі -БӨАА слесарі)



ғимараттың жалпы алаңының 1000 мІ

0,18

4.

Электр-газбен пісіруші

ғимараттың жалпы алаңының 1000 мІ

0,01

5.

Слесарь –жөндеуші

ғимараттың жалпы алаңының 1000 мІ

0,01

Желдеткіш және ауа баптау жүйелерін жөндеу және оларға күтім жасау жөніндегі

слесарь санының нормативтері


Жабдықтардың атауы

Жабдықтың бір бірлігіне шаққандағы жұмысшылар санының нормативі, адам

Электр желдеткіштердің өнімділігі

900 - 3500

6000 - 9000

9000 - 11000

14000 -16000

текше метр/сағат (бұдан әрі - текше м/с) болғанда


0,007


0,013

0,025


0,032

Осьті желдеткіштердің өнімділігі

3800 - 8000

9000 - 14000

12000 - 21000

21000 - 30000

30000-41000

41000-65000

текше м/с болғанда


0,001


0,002

0,003


0,004

0,005


0,006

Ауа-жылу агрегаттарының ауа бойынша өнімділігі

3400-ге дейін

3900 - 7000

8400 - 13900

14000 - 25000

текше м/с болғанда


0,008


0,009

0,012


0,015

Ауа баптағыштардың ауа бойынша автономды өнімділігі

3000-ге дейін

5000

7500


10000

15000 текше м/с болғанда



0,030


0,042

0,062


0,078

0,095


Орталық ауа баптағыштардың ауа бойынша өнімділігі

20

40



63

80

125 мың текше м/с болғанда



0,145


0,162

0,180


0,200

0,235


Калориферлер, қыздырылған жердің

10 шаршы метрге (бұдан әрі – шаршы м)



0,001

Өздігінен тазаратын майлы сүзгілер:

бір панельді

екі панельді

үш панельді


0,012


0,022

0,032


Торшамен, сақиналармен, металл ұнтақтарымен толтырылған майлы сүзгілер (бір кассетаға) ауаның берілуі:

1500 – 2000 текше м/с болғанда


0,002


Мата, қағаз сүзгілер (бір кассетаға) ауаның берілуі:

1500 - 2000 текше м/с болғанда


0,003


Фасонды бөліктері бар дөңгелек қиынды ауа өткізгіштердің ұзындығы 10 м болғанда диаметрі

150-ге дейін

300

500


750

1000


1250

1500 миллиметр (бұдан әрі – мм) болады



0,002


0,003

0,004


0,006

0,007


0,008

0,009


Қазандық операторлары санының нормативтері




Қазан

дықтар


саны

Қазандықтардың жиынтық өнімділігі, гикокалорий/сағат (бұдан әрі - Гкал/с)

0,1-5

5,1-10

10,1-25

25,1-60

60,1-100

100,1-150

150,1-200

200,1-300

300,1-500

500,1-700

Ауысымдағы сан нормативтері, адам

1

1,0

1,0

1,2

1,3

1,5

-

-

-

-

-

2

1,2

1,5

1,6

2,0

2,2

2,25

-

-

-

-

3

1,3

1,6

2,0

2,0

2,2

2,25

2,4

2,5

2,7

2,9

4

1,5

2,0

2,0

2,0

2,2

2,4

2,5

2,6

2,9

3,0

5

1,6

2,0

2,0

2,25

2,25

2,5

2,6

2,7

3,0

3,1

6

2,0

2,0

2,0

2,25

2,3

2,6

2,7

2,8

3,0

3,1

7

2,0

2,0

2,0

2,25

2,4

2,7

2,8

2,9

3,1

3,2

8-9

2,0

2,25

2,25

2,4

2,5

2,8

2,9

3,0

3,1

3,2

10-11

2,0

2,25

2,3

2,5

2,6

2,9

3,0

3,0

3,2

3,3

11-ден астам




2,3

2,5

2,6

2,7

3,0

3,0

3,0

3,2

3,3


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет