Барлық мамандықтарға арналған «Қазақ тілі»



бет1/6
Дата16.06.2016
өлшемі0.54 Mb.
#138984
  1   2   3   4   5   6

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3-деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК


ПОӘК 042-14-5-03.01.20.42

/03.2013



ПОӘК

«Қазақ тілі» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар



________2013 жылғы

№ 1 басылым






Барлық мамандықтарға арналған

«Қазақ тілі»

ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей


2013
Мазмұны

1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Практикалық сабақтар

4 Курс жұмысы және диплом жобасы (жұмысы)

5 Студенттің өздік жұмысы



1 ГЛОССАРИЙ

1.1 Агглютинация – қосымшалардың бірінен соң бірінің жалғануы


1.2 Ассимляция – дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуі мен бір-біріне ықпалы
1.3 Грамматика – тілдің грамматикалық құрылысы туралы ілім
1.4.Дивергенция – ажырасу деген сөз бойынша жасалған термин
1.5 Конвергенция – бірдейлесу сөзі бойынша жасалған термин
1.6 Лексикология – тілдің лексикасы және оның тарихи даму заңдылықтары туралы ілім
1.7 Лексика – тілдегі барлық сөздердің жиынтығы
1.8 Лингвистика – тіл туралы ғылым
1.9 Лингвист – тіл маманы
1.10 Морфология – тілдегі сөздің формаларын, өзгеруін, түрленуін зерттейтін ілім
1.11 Морфема – сөз формасының ең қысқа мағыналы бөлшегі
1.12 Ономасиология – заттың аталу себебін, аталуы мен белгіленуін зерттейтін ілім
1.13 Омофон – грек тілінің біркелкі, бірдей және дыбыс деген сөздерінен жасалған термин
1.14 Омограф - грек тілінің біркелкі, бірдей және жазу деген сөздерінен жасалған термин
1.15 Пунктуация – тілдегі тыныс белгілерін зерттейтін сала
1.16 Просодия – сөйлеу легін мүшелеу принциптері мен құралдары туралы ілім
1.17 Проклитика-өзінен кейінгі атауыш сөздердің фразалық екпіні ішіне кіре айту құбылысы
1.18 Семиотика – таңбалар жүйесі
1.19 Семантика – мағына деген ұғымды білдіреді
1.20 Сема – морфеманың семантикалық жағының ең қысқа бөлігі
1.21 Семасиология – сөз мағынасын зерттейтін тіл білімінің саласы
1.22 Синтаксис – сөз тіркестері, сөйлем құрылысы мен жүйесін зерттейтін сала
1.23 Синхрония – гректің бір кездегі
1.24 Супплетивизм – итілдегі грамматикалық мағына білдірудің синтетикалық тәсілі
1.25 Сингармонизм – сөз ішіндегі дауыстылардың бір-бірімен үндесуі
1.26 Фразеология – тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін ілім
1.27 Фонетика – тіл дыбыстарын зерттейтін тіл білімінің саласы
1.28 Фузия – аглютинацияға қарама-қарсы құбылыс
1.29 Этимология – жеке сөздердің шығу тегін, даму жайын зерттейтін ілім
1.30 Энклитика - өзінің алдындағы атауыш сөз екпіні ішіне кіре айту құбылысы

3 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР
Практикалық сабақ 1. Сөз тіркестері, сөздердің байланысу тәсілдері, сөз тіркесінің түрлері, есімді және етістікті сөз тіркестер
Сабақтың мазмұны:

1. Синтаксис. Сөз тіркесі .Сөйлем. Сөздердің байланысу түрлері. Сөздердің байланысу тәсілдері туралы түсінік.

2. Жаттығулармен жұмыс

3. Мәтінмен жұмыс

Сабақтың мақсаты: Синтаксисті, сөз тіркесін практикалық жолмен меңгерту.

1.Синтаксис( грек. «құрастыру, біріктіру, рет)- сөз тіркесі мен сөйлемнің құрылысын қарастыратын грамматиканың бір саласы.



Сөз тіркесі

Сөз тіркесі- кемінде екі сөздің мағыналық әрі тұлғалық жақтан байланысуы.

Сөз тіркесінің айрықша белгілері төмендегідей:

1.Ең кемі толық мағыналы екі сөзден тұрады

2.Өзара грамматикалық тәсілдер арқылы бірі екіншісіне бағына байланысады.

3.Зат, құбылыс жайында кеңірек, нақтылы түсінік береді.

Сөз тіркесінің бірінші сыңары бағыныңқы сөз, ал екінші сыңары басыңқы сөз деп аталады.

Сөз тіркесінің түрлері


Сөз тіркесінің екі түрі бар: есімді сөз тіркесі және етістікті сөз тіркесі.

Есімді сөз тіркесі- басыңқы сыңары есім сөзден болған сөз тіркесі. Мысалы: жаңа киім, айтуға құмар.

Етістікті сөз тіркесі- басыңқы сыңары етістіктен болған сөз тіркесі. Мысалы: жел соқты, сабақ басталды.


Сөздердің байланысу тәсілдері

  




1

2

3

4

түрі

Жалғаулар арқылы

Септеулік және жалғаулық шылаулар арқылы

Орын тәртібі арқылы

Дауыс ырғағы арқылы







Септеулік

жалғаулық







ереже

Сөйлемдегі сөздер жіктік, септік және тәуелдік жалғауларымен байланысады.

Сөйлемдегі сөздер септеулік шылаулармен байланысады.

Сөйлемдегі сөздер жалғаулық шылаулармен байланысады.

Сөйлемдегі сөздер ешбір жалғаусыз қатар тұрып орын тәртібі арқылы байланысады.

Сөйлемдегі сөздер дауыс ырғағы (интонация) арқылы байланысады.

мысал

Мен оқушымын.

Бала-ға берді.

Үйдің есіг-і


Біз сабақ туралы сөйлестік. Отан үшін отқа түс.

Ол ақылдыб бірақ жалкау. Ол шанышқы мен пышақты алды.

алыс жер, атақты адам.

Бұл – біздің ауылдың шамдары. Асан-белгілі ақын.

түсініктемесі

Мен сөзі мен оқушы сөзі мын жіктік жалғауымен байланысқан. Бала мен бер сөздері-ға септік жалғауымен байланысқан.

Сабақ және сөйлесу сөздері туралы септеулік шылаумен байланысқан.

Ақылды және жалқау сөздері бірақ жалғаулық шылауымен байланысқан.

Алыс сөзі мен жер сөзі ешбір жалғаусыз тек орын тәртібі арқылы быйланысқан.

Бұл деген сілтеу есімдігінен кейін сәл кідіріс жасалып, өзінен кейінгі сөзден дауыс ырғағы арқылы бөлініп айтылады.




Сөздердің байланысу түрлері

    

түрі

қиысу

матасу

меңгеру

қабысу

жанасу

ереже

Сөздердің жіктік жалғауы арқылы байланысуы. Немеме басауыш пен баяндауыштың байланысуы

1.Ілік септігіндегі сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің байланысуы.

2. Кейде ілік септігі түсіріліп беріледі.



Сөздердің ілік септігінен басқа септіктердің жалғаулары арқылы байланысуы.

Сөздердің ешбір жалғаусыз тек орын тәртібі арқылы қатар тұрып байланысуы. Олардың арасына басқа сөз енгізуге келмейді.

Сөздердің ешбір жалғаусыз бірде іргелес, бірде алшақ тұрып байланысуы. Негізінен үстеуімен етістік жанаса байланысады.

мысал

I. Мен жазушымын

II. Сен бала-сың.

III. Біз барғанбыз.


Бала-ның үй-і,

Біз-дің гүл-іміз,

Ауыл тұрғындары,

Көрші-нің қызы.



Су-ды төкті.

Ағасы-на берді.

Біз-ден сұрады.


Қара қалам, қызықты оқиға, төрт батыр, алтын сағат, әдемі қыз.

Кеше болды, әдейі келді, сол арқылы білдім.


-жаттығу._Сөйлемдегі_сөз_тіркестерін_ажыратыңыздар.'>2. Жаттығулармен жұмыс

1-жаттығу. Сөйлемдегі сөз тіркестерін ажыратыңыздар.

Жаз ортасының жарық түні. Нұрым ертеңіне Бекейдің ақтабан кер атын мініп, ертеңгі мал өрер шақта ауылдан шығып кетті. Егін жинағанда да, шөп шапқанда да әндетіп, күледі де жүреді.

Жүздерінде әлденендей бір қуаныштың белгісі бар. Жұман оның жалғыз көк шолағын аударып алып үйіне жаяу жіберсе, Байжан ту бие түгіл тышқан мұрнын, қанатпаған болып шықты.

Ақырын ескен майда ескек тұтасқан көк теңізді ақырын ғана қозғайды. Күзбен бірге жайлаудағы ел жетті. Бесағаштың үстінде қыстың қыраулы күнінде шартылдан найзағай ойнады.
2-жаттығу. Сөйлемдерді сөз тіркесіне ажыратыңыздар.

1.Таудың кешкі көлеңкесі ауыл үстіне түсіп, мүйнет сайын қоюланып келеді. 2.Күн кешке айналып бара жатқан кез еді, дала әлі де жарық желсіз түнгі жаз даласын білесің ғой, қандай керемет. 3.Сәлем беріп кірген Ебейсінге елден бұрын Тәңірберген жалт қарады. 4.Мұнысы баласына да, Көпейге де айтқан арызы сияқты шығып еді. 5.Кешке жақындағы бір ауылда ел жігіттері ойын жасады. 6.Шиеттей төрт бала әкесінің ентіге соққан балғасына мәз. 7.Шаңқан боз жиренмен тағы да құйрық тістесіп қалыпты.


3-жаттығу. Сөйлемдерді сөз тіркесіне ажыратыңыздар.

Бірде Кешқұрым қойшының баласы бұны құдыққа апарып суарып қайтты. Түркістанның кіндік қаласы — Ташкентке Фрунзенің өзінен бұрын жер жарып даңқы жеткен. Үйге келген соң әлі күнге қараңғы болып тұрған бөлмесіне шам жағып, бір-екі хат жазды. Мал бағып, ошақтың үш бұтына қарап отырған шаруаға мезгілсіз кезде жауап беруге қалаға бару да оңай ма? Төлеубай менімен жасынан таныс еді. Қырық мыңға жаңа толған халқы бар Омбы қаласы ең әрісі жиырма үйден отыратын қыр қазақтарына ертегіде айтылатын Бағдат шаһарындай ұшы-қиыры жоқ үлкен көрінетін.

Қуатты ойдан бас құрап, еркеленіп шығар. Сергек жатқан жігіттер көзін асығыс уқалап атып-атып тұрды.


4-жаттығу. Сөйлемдерді сөз тіркестеріне ажыратып, көшіріп жазыңдар.
Ү л г і: еқбексіз адам; адам өмір сүре алмайды; бақытты өмір сүре алмайды.
Еңбексіз адам бақытты өмір сүре алмайды. Өзге ештенеден табылмас бақытты еңбектен табасың. Адамдар еркіндік алғанда ғана еңбек сүйгіш бола алады. Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады. Қоянды қамыс өлтіреді, жігітті намыс өлтіреді. Еңбекпен ер өседі, егізден төл өседі. Өзін-өзі билеген ел бақытты.
5-жаттығу. Мына тірек сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құрастырыңыздар,, "Ата-ана" тақырыбына шағын шығарма жазыңдар.

Менің ата-анам, өмір сыйлаған, бақытты болу, шыншыл бол, ата-ананың рұқсатынсыз, ақыл-кеңес, қадірлеу, ана жүрегі, еңбек сүйгіш, адал, қайырымды, еңбектегі табысы, оқу озаты, әдепті болу.


6-жаттығу. Мәтінді оқып шығып, сөз тіркесінің түрлеріне қарай ажыратыңдар.

География оқулығынан бала кезден аты мәлім қалалар бірінен соң бірі артта қалып жатыр, қалып жатыр. Көшелерге, үйлерге көз тастасаң, көңілің құлазиды. Әсіресе түнде өткенде тіпті түнеріп тұрады. Үйлердің бірде-бірінің терезесінен не электр жарығы, тіпті жылтылдаған шырақ байқалмайды. Барлығы да бір зор зобалаң күтіп, сақтанып, бұғып, қымтанып қалған. Өстіп отырып, олар Саратовқа жетті. Бұлардан бұрынырақ өткен бірнеше пойыз құрамасын фашистер бомбаның астына алыпты. Мұны осында келгенде естіді.


7-жаттығу. Берілген тіркестерді және сөйлемдерді байланыс түріне қарай топтап, кестеге орналастырыңдар.

1. Алғашқы ай, жинақталған тәжірибе, халықтың еңбегі, білгенге маржан, екі дос, біздің ферма, уақыттан озған, таудай талап, ағылшын машина, күнмен шағылысқан, барлаушылар кеңесі, сылдыраған бұлақ, ауыр күрсіну, көзін жұму, шамның жарығы, малды ауыл, шаруашылықты байыту, айдын шалқар көл.

2. Туған жерге туың тік, Отан оттан да ыстық, Кеңеспен пішілген тон келте болмас, Ақыл көпке жеткізер, өнер көкке жеткізер. Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір, Сөз қадірін білмеген - өз қадірін білмейді.

3. Шаруашылық былтыр мемлекетке алты жүз мың пұт дән тапсырды.

Әр жыл сайын екпе шөбіміз де көбейе береді. Әзірше күніне төрт рет қатынап жүр. Кеше Мәдениет сарайын бәріміз көрдік. Бұлар жаңа басталған көмір разрезіне әдейі сұранып келіп отыр. Ал оны құрғату үшін жаңа шахта керек. Ерлік - табиғат сыйы емес, ұзаққа созылған тәрбиенің жемісі. Мен сендерге келген мұғаліммін. Біз осында оқимыз. Мен жақында ғана ауылдан келген едім. Дәукең Құсмұрын тауының сағасы жаққа ойлана қарап отыр.
8-жаттығу. Мына тірек сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құрастырыңыздар,, "Ата-ана" тақырыбына шағын шығарма жазыңдар.

Менің ата-анам, өмір сыйлаған, бақытты болу, шыншыл бол, ата-ананың рұқсатынсыз, ақыл-кеңес, қадірлеу, ана жүрегі, еңбек сүйгіш, адал, қайырымды, еңбектегі табысы, оқу озаты, әдепті болу.


9-жаттығу. Мәтінді оқып шығып, сөз тіркесінің түрлеріне қарай ажыратыңдар.

География оқулығынан бала кезден аты мәлім қалалар бірінен соң бірі артта қалып жатыр, қалып жатыр. Көшелерге, үйлерге көз тастасаң, көңілің құлазиды. Әсіресе түнде өткенде тіпті түнеріп тұрады. Үйлердің бірде-бірінің терезесінен не электр жарығы, тіпті жылтылдаған шырақ байқалмайды. Барлығы да бір зор зобалаң күтіп, сақтанып, бұғып, қымтанып қалған. Өстіп отырып, олар Саратовқа жетті. Бұлардан бұрынырақ өткен бірнеше пойыз құрамасын фашистер бомбаның астына алыпты. Мұны осында келгенде естіді.


10-жаттығу. Берілген тіркестерді және сөйлемдерді байланыс түріне қарай топтап, кестеге орналастырыңдар.

1. Алғашқы ай, жинақталған тәжірибе, халықтың еңбегі, білгенге маржан, екі дос, біздің ферма, уақыттан озған, таудай талап, ағылшын машина, күнмен шағылысқан, барлаушылар кеңесі, сылдыраған бұлақ, ауыр күрсіну, көзін жұму, шамның жарығы, малды ауыл, шаруашылықты байыту, айдын шалқар көл.

2. Туған жерге туың тік, Отан оттан да ыстық, Кеңеспен пішілген тон келте болмас, Ақыл көпке жеткізер, өнер көкке жеткізер. Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір, Сөз қадірін білмеген - өз қадірін білмейді.


  1. Үлгі:

Мысалы

Матасу

Қабысу

Қиысу

Меңгеру

Жанасу

алғашқы ай




+


















































































1. Шаруашылық былтыр мемлекетке алты жүз мың пұт дән тапсырды.

2.Әр жыл сайын екпе шөбіміз де көбейе береді. Әзірше күніне төрт рет қатынап жүр. Кеше Мәдениет сарайын бәріміз көрдік. Бұлар жаңа басталған көмір разрезіне әдейі сұранып келіп отыр. Ал оны құрғату үшін жаңа шахта керек. Ерлік - табиғат сыйы емес, ұзаққа созылған тәрбиенің жемісі. Мен сендерге келген мұғаліммін. Біз осында оқимыз. Мен жақында ғана ауылдан келген едім. Дәукең Құсмұрын тауының сағасы жаққа ойлана қарап отыр.





  1. Үлгі:

Мысалы

Қабысу

Жанасу

Былтыр тапсырды




+

Алты жүз мың пұт дән

+























3.Мәтінмен жұмыс

1. Мәтін бойынша сұраулы сөйлем құрыңыз. Мәтіннің негізгі


мақсатын анықтаңыздар.

2. Мәтінді аударыңыз.

Қазақстан хайуанаттары

Қазір дүние жүзінде 850-ден астам, ТМД елдерінде 33, Қазақстанда 3 хайуанаттар бағы бар. Алматы зообағы 1937 жылы құрылған. Жер көлемі 54 га. 7 секцияда хайуанаттардың 530-дан аса түрінің 5900-дей данасы тіршілік етеді. 77 түр Халықаралық табиғат қорғау одағының, ТМД және Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

Қазақстан фаунасында кездеспейтін сүтқоректілер: барибал (Америка қара аюы), Африка арыстаны, Австралия кенгуруі, Жапон макакасы, Үнді тырнасы, Мысыр кобрасы, Қытай аллигаторы; құстардың 70-тен астам сирек кездесетін түрлері: эму, нанду, тағы басқа. өсіріледі. Бақта ақ аю, парсы ірбісі, сервал мысығы, қызыл қасқыр, бегемот, Амур жолбарысы, т.б. жануарлар қоршауда көбейіп, ұрпақтарын жалғастыруда. Олар дүние жүзіндегі басқа хайуанаттар бағында өсірілетін түрлермен алмастырылады не сатылады. Кейбір түрлер, мысалы, тоғай бұғысы, ителгі табиғи мекендеріне жіберіледі. Бақта «Теңіз аквариумы» павильоны жұмыс істейді, онда әлемдік фаунада сирек кездесетін балықтардың, шаянтәрізділер мен қосмекенділердің бірнеше түрін тамашалауға болады.

Алматы хайуанаттар бағы сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жабайы жануарларды қорғау жөніндегі көптеген халықараралық бағдарламаларға қатысады. Қарағанды зообағы 1938 ж. құрылған. Жер көлмі 14 га. Зообақта балықтардан: тұқылар, тұқытістілер, алабұғалар; құйрықты және құйрықсыз қосмекенділердің бірнеше түрі; бауырымен жорғалаушылардан: тасбақа, ешкіемер, ұршықсап кесіртке, жармасқы, нағыз кесіртке, сұр кесел; жыландардан: айдаһар, торлы жыландар, сұр жыландар; құстардан: қоқиқаз, құтан, ақ дегелек, қыран, сұңқар, тырна, балықшы тұйғын, шағала, жапалақ, т.б.; сүтқоректілерден: лемур, лори, мартышка, піл, қызыл қасқыр, Бұқар бұғысы, аю, кәмшат, т.б. аңдар бар.



Шымкент зообағы 1980 жылы құрылған. Жер көлемі 54 га, оның 34 га аумағында экспозиция орналасқан, жануарлардың саны – 1000 бас. Зообақта 6 секция жұмыс істейді, онда жануарлардың 165 түрі ұсталады, олардың 20 түрі Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
Бақылау сұрақтары:

  1. Қазақ тілінің бір саласы синтаксис бөлімі нені зерттейді?

  2. Жай тіркес және тұрақты тіркес дегеніміз не?

  3. Сөйлемнің түрлеріне тоқталыңыз.

  4. Сөздердің байланысу түрлерін және байланысу тәсілдеріне тоқталыңыз.

  5. Сөзердің байланысу тәсіліне мысал келтіріңіз.

Әдістемелік нұсқаулар:

1. Семинар тиімділігі мақсат қоя білу, мәселелерді шешу, түсінік беру, орындау әрекетін қадағалау, ережені еске салуы.

2. Семинардың алдында терминдерді және түсінікті нақтылауы,

3. Семинар сабағындағы пікір-таласта қатысушылардың ойларының бір пікірге келуі тиіс.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Т.Т Аяпова. Қазақ тілі. Негізгі оқулық

2. Ш.Б.Бектұров. Т.Ш. Бектұрова. Қазақ тілі. А. 2002.

3. З.Күзекова . Практикалық курс. Қазақ тілі –Алматы: 2002

5. Ш.Бектұров. Серғалиев М. Қазақ тілі А-1994
Практикалық сабақ 2. Сөйлемдердің құрылысына қарай бөлінетін түрлері, сөйлемдердің айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрлері, жай сөйлем

Сабақтың мазмұны:

1.Сөйлемнің түрлері туралы жалпы түсінік

2. Жаттығулармен жұмыс

3. Мәтінмен жұмыс



Сабақтың мақсаты: Сөйлемдерді және сөйлем түрлерін практикалық жолмен меңгерту.
Сөйлем дегеніміз- біршама тиянақты ойды білдіретін сөз тобы. Сөйлем айтылу мақсатына қарай төрт топқа бөлінеді.



Айтылу мақсатына қарай:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет