Барлық мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс



Дата14.06.2016
өлшемі179.1 Kb.
#136103


Барлық мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:


С-1 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-2, B-2, C-2, C-O-1, D-1, D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; 2) мемлекеттік қызмет өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың аға басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; 3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес, оның ішінде ұйымдардың басшылары және олардың орынбасарлары лауазымдарында жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; 4) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс негізінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-2, B-2, C-2, C-O-1, D-1, D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; 5) ғылыми дәрежесі болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.

С-3 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, С-4, C-O-3, D-3, D-O-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; 2) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;


3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес; 4) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 5) ғылыми дәрежесінің болуы.

С-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-5, С-5, C-O-4, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;


2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; 3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес; 4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 5) ғылыми дәрежесінің болуы.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
2015 жылы 30 желтоқсанда № 12639 болып тіркелді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы


Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-1*

383097

518014

С-3

154071

208205

С-4


138248

186551


I. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, Министрліктер үйі, 15-кіреберіс, 3-қабат, 318 бөлме, анықтама үшін телефоны: 8(7172) 74-06-20, 74-04-17, электронды пошта: b.karibaeva@mks.gov.kz, «Б» корпусы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

1. Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары, 1 бірлік, С-1* санаты.

Функционалды міндеттері: Ішкі саясат саласындағы қызметті қамтамасыз ету, ішкі саяси тұрақтылық пен этносаралық келісімді нығайту, азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл бойынша ақпараттық-әдістемелік және сараптамалық-талдамалық материалдар әзірлеу, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, азаматтық қоғам институттарымен өзара ықпалдасуды ұйымдастыру, ішкі саясат саласындағы тұжырымдамаларды және тәжірибелік ұсынымдарды әзірлеу; министрліктің даму стратегиясын іске асыру, әлеуметтік және коммуникативтік технологияларды қолдану мен жетілдіру, Комитеттің тиімді инфрақұрылымын құру, этномәдени бірлестіктермен өзара ықпалдасу, Мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдаулары мен өзге де стратегиялық құжаттарды насихаттау; мемлекеттік символдар бойынша заңнаманың қолданылуын бақылау және үгіттеу жөнінде жұмыстар жүргізу; елдегі қоғамдық-саяси ахуалына мониторинг жүргізу, республикалық деңгейде іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу; жетекшілік ететін салалар шеңберінде нормативтік құқықтық актілердің жобасын әзірлеуді ұйымдастыру; жоғары тұрған органдармен, министрліктермен және ведомстволармен, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен, азаматтық қоғам өкілдерімен өзара ықпалдасуын ұйымдастыру; саяси партиялармен, ведомствоға қарасты ұйымдармен өз құзыреті шегінде жұмыстарды үйлестіру; жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелердің қызметіне, нормативтік құқықтық және құқықтық актілер мен тапсырмалардың орындалуына бақылау жүргізу; мемлекеттік сатып алу шеңберінде іс-шараларды іске асыру, мемлекеттік сатып алу шеңберінде көрсетілген қызметтерді қабылдау және сапасына бақылау жүргізу; азаматтарды қабылдау мәселелерін реттеу, ішкі саясаттың өзекті мәселелері жөніндегі ақпараттық-талдау материалдарды, басшылық баяндамаларының тезистерін әзірлеу, бюджеттік өтінім құру, сондай-ақ жетекшілік ететін салалар шеңберінде тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің мемлекеттік сатып алуын, ұйымдастыру, соның ішінде жетекшілік ететін салалар шеңберінде тауарлар, жұмыстар, қызметтер, орындалған жұмыстар актілері мен өзге де мемлекеттік сатып алу келісімшарттары бойынша келісімшарттарға қол қою; жетекшілік ететін салалар шеңберінде қатынастарды реттеу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; өз құзыреті шегінде гендерлік тепе-теңдік қағидаларын сақтауды қамтамасыз ету; өз құзыреті шегінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім. Гуманитарлық ғылымдар (филология, лингвистика), құқық (заңтану), білім (казақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, журналистика). Кәсіби біліктілігі: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағыты стратегиясын білу. Тіл саясаты қатынастарын реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін білу.

2. Әкімшілік департаменті мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы, 1 бірлік, С-3 санаты.

Функционалды міндеттері: Басқарма қызметінің жұмысын ұйымдастыру және жалпы басшылық жасау; басқарманың құзыретіне қатысты мәселелер бойынша басқа бөлімшелерімен басқарма қызметін үйлестіру; мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру, өткізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру және оған әдістемелік басшылық жасау; мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету; Министрліктің операциялық жоспарын және стратегиялық жоспарын әзірлеуге қатысу; шарттарды дайындау және қазынашылық органдарында тіркеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; өнім берушілермен шарттық міндеттемелердің орындалуын бақылау; өнім берушілермен берілген есептерді тексеру, қызметтердің орындалуы жөніндегі актілерге қол қою, мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды орындаушылардың сандық көрсеткіштерді орындау мониторингін жүргізу; республикалық бюджеттен бөлінген қаржының мақсатты пайдаланылуына және мемлекеттік тапсырыстың орындалуын бақылау; мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі бойынша жұмыс жүргізу; мемлекеттік орган бюджетінің қаражатын басқару тиімділігін бағалау жұмыстарын ұйымдастыру, басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ҚР Президенті Әкімшілігіне, Үкіметке, орталық мемлекеттік органдарға және басқа ұйымдарға жіберілетін ақпараттың уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету, Басқарма қызметкерлерінің міндеттерін бөлу; департамент басшылығына басқарма қызметкерлерін тағайындау және қызметтен босату, көтермелеу және оларға тәртіптік жазалау шараларын қолдану жөнінде ұсыныстар енгізу; басқарма қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы бойынша және шетелдерге іссапарлары туралы ұсыныстар енгізу; мемлекеттік сатып алу саласын реттейтін заң жобаларын әзірлеуге қатысу; өз құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім. Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару); құқық (заңтану, халықаралық құқық). Кәсіби біліктілігі: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Қаржылық-экономикалық қызмет, мемлекеттік сатып алу саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін білу.

3. Заң қызметі департаменті Нормативтiк-құқықтық жұмыстар сараптамасы басқармасының басшысы, 1 бірлік, С-3 санаты (негізгі қызметкердің оқу демалысында болу кезеңінде).

Функционалды міндеттері: Басқарма бойынша жалпы қызметтің, министрліктің департаменттері және ведомстволарымен басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасауды, Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңнамасына сәйкес Министрліктің департаменттері және ведомстволарымен әзірленетін нормативтік құқықтық актілерге сараптама жасаудың, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен, Премьер-Министр Кеңсесімен, министрліктермен, ведомстволармен бірлесіп жұмыс жүргізу бойынша және басқарманың қызметкерлері арасында міндеттемелерді бөлу жұмыстарын, Департамент басшысына қызметшілерді тағайындау және жұмыстан босату бойынша, қызметшілерге сыйлық ақы беру туралы, оларға тәртіптік жаза қолдану және Қазақстан Республикасы шеңберінде немесе шетелдерге іссапарларға жіберу бойынша ұсыныстар енгізіп, департаменттерге және ведомстволарға басқарма құзыретіне жататын мәселелер шегінде консультациялар жүргізуді ұйымдастырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім. Құқық (заңтану, халықаралық құқық, құқық қорғау органдар). Кәсіби біліктілігі: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағыты стратегиясын білу. Мемлекеттік қызмет, еңбек заңнамасы, азаматтық, қылмыстық, әкімшілік құқық, халықаралық қатынастар, сот тәжірибесі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін білу.

4. Білім, ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаменті Халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы, 1 бірлік, С-3 санаты.

Функционалды міндеттері: Басқарма қызметін ұйымдастыру және жалпы басшылық жасау, басқарманың функциялары және міндеттерін уақтылы және сапалы орындалуына бақылауды қамтамасыз ету; тиісті кезеңге арналған республикалық бюджетті және 005 «Шетелдік іссапарлар» және 006 «Өкілдік шығыстар» бюджеттік бағдарламалары бойынша өтінімдерді қалыптастыруға қатысу; министрліктің құзыретіне жататын салалардағы халықаралық шарттар мен келісімдерді әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; Министрліктің құрылымдық бөлімшелері әзірлеген, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардан келіп түскен халықаралық шарттардың жобаларына сараптама жүргізу; министрліктің құзыретіне жататын салалардағы қатынастарды реттейтін халықаралық шарттарға қорытынды жасау, оларды орындау және денонсациялау бойынша ұсынымдар әзірлеу, министрдің қатысуымен өткізілетін іс-шараларды ұйымдастыру және хаттамалық қамтамасыз ету; мемлекеттік басқарудың жоғарғы органдарымен қарым-қатынас жасау; басқарма қызметін жетілдіру бойынша Департамент басшылығына ұсыныстар жасау; еңбек тәртібін ұстануды бақылауға алу және басқарманың материалдық-техникалық және басқа да ресурстарының қолданылуын жоспарлау; басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен олардың жауапкершілік деңгейін бөлу; басқарма қызметкерлерінің жұмыс тиімділігін бағалау бойынша айлық есептерін дайындау; Департамент басшылығына басқарма қызметкерлерін тағайындау және қызметтен босату туралы ұсыныс енгізу; басқарма қызметкерлерін марапаттау және оларға қатысты тәртіптік шаралар қолдану бойынша Департамент басшылығына ұсыныс енгізу; Департамент басшылығына басқарма қызметкерлерін Қазақстан Республикасына және шет елдерге іссапарға жіберу туралы ұсыныс енгізу; өз құзыреті аясында басқа да функцияларды жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім. Білім беру (шетел тілі: екі шетел тілі); Гуманитарлық ғылым (философия, халықаралық қатынастар, тарих, мәдениеттану, филология, аударма ісі, археология және этнология, шығыстану, шетел филиологиясы, түркітану); Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, саясаттану, психология, журналистика, аймақтану, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика, қоғамдық байланыс, мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету, еңбекті ұйымдастыру және нормалау); Құқық (заңтану, халықаралық құқық) шеңберіндегі жоғарғы білім. Кәсіби біліктілігі: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағыты стратегиясын білу. Халықаралық ынтымақтастық саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін білу.

5. Экономика және қаржы департаменті мемлекеттік активтер мониторингі және бюджеттің атқарылуы басқармасының бас сарапшысы, 1 бірлік, С-4 санаты.

Функционалды міндеттері: Министрліктің қарауына берілген мемлекеттік активтерді басқару бойынша жиынтық-талдамалық қызметті жүзеге асырады, сондай-ақ Министрліктің ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының қызметіне мониторингті жүргізеді. Мемлекеттік активтерді тиімді басқару мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерді әзірлейді. Министрлікке ведомстволық бағыныстағы акционерлік қоғамдардың жалпы жиналысының және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мүшелерінің құзыретіне кіретін мәселелерді қарайды, сондай-ақ Министрлікке ведомстволық бағыныстағы акционерлік қоғамдардың Директорлар кеңестерінің, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің Бақылау кеңестерінің қарауына шығарылатын мәселелерді қарауға қатысады. Ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қаржылық-шаруашылық қызметіне талдау жүргізу, бекіту үшін мемлекеттік мекемелердің ақылы қызметтерді жүзеге асырғанынан кірістердің жоспарлары мен шығыстардың сметаларын қарау; барлық бюджеттік бағдарламалар бойынша республикалық бюджеттің орындалуына мониторинг бойынша есептіліктерді дайындау. Ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың даму жоспарларын, қызметтің стратегиялық бағыттарын, мақсаттарын, қызметтің басты көрсеткіштерін, сондай-ақ ағымдағы қызметін реттейтін құжаттарды қарайды және талдайды. Мемлекеттік активтерді тиімді және сапалы басқару мәселелері бойынша ұсыныстарды енгізеді. Министрлікке ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың ішкі құжаттарын (жарғы, Министрлікке ведомстволық бағыныстағы акционерлік қоғамдардың Директорлар кеңесі туралы ереже, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің Бақылау кеңесі туралы ереже) әзірлейді, келісімдейді және өзгерістер енгізеді. Бюджеттік бағдарламаларды іске асыруды мониторингілеу бойынша жиынтық есептіліктерді жасау және белгіленген мерзімдерде ұсыну. Министрлікке ведомстволық бағынысты акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің басшыларын сайлау, лауазымдық жалақысының көлемін анықтау және еңбегін төлеу мен сыйақы беру шарттары мәселесі бойынша жалғыз акционер шешімінің жобаларын әзірлеуге қатысады. Министрлікке есепті акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қызметіне қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекеттеседі. Министрлікке келісімдеуге енгізілген АҚ, ЖШС және РМК қызметіне қатысты Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімдерінің жобаларын қарайды. Басқарманың құжат айналымын жүргізуге қатысады. Басқармамен нормативтік құқықтық актілерге, әзірлеушісі Басқарма болған, сондай-ақ Басқарманың құзыретіне кіретін актілерге құқықтық мониторинг жүргізуге қатысады, нормативтік-құқықтық актілердің сәйкессіздіктері анықталған жағдайда өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу, немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте күшін жойған деп тану бойынша шаралар қабылдайды. Құжаттарды электрондық нысанда қалыптастырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім. Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару). Кәсіби біліктілігі: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Қаржылық-экономикалық қызмет саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін білу.

6. Мәдениет және өнер істері департаменті кинематография және театр өнері басқармасының басшысы, 1 бірлік, С-3 санаты.

Функционалды міндеттері: Басқарманың жалпы жұмысына жетекшілік етеді. Басқарманың орындауына жүктелген мақсаттар мен міндеттерге жауапкершілік, театр өнері және кинематография салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға, театр өнері және кинематография салаларындағы нормативтік құқықтық актілер әзірлеуге, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың жобаларын дайындауға жауапты болады. Бюджеттік бағдарламаларды қалыптастыруға және орындауға қатысады. Мемлекеттік мәдениет ұйымдарының жанрлық бейімділігін және қызмет тегін айқындауға қатысады. Өнер туындыларын жасауға арналған мемлекеттік тапсырыстарды қалыптастыруға қатысады. Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия қызметін қамтамасыз етуге қатысады. Республикалық мәдениет ұйымдары басшыларын, ұйымдарын аттестаттаудан өткізуге қатысады. Белгіленген мерзімге сәйкес, Басқармаға берілген тапсырмалардың сапалы орындалуына дербес жауап береді. Басқарманың құзіретіне кіретін мәселелер бойынша шығармашылық одақтармен, мәдениет және өнер қайраткерлерімен, бағынысты ұйымдармен жұмысты үйлестіреді. Бағыныстағы республикалық театрлар мен киноұйымының жетекшілерін іріктеу мен тағайындау, олармен келісімшартқа отыру жөнінде ұсыныс енгізеді. Фильмге прокаттау куәлігін беру қызметін үйлестіреді. Театр өнері және кинематография саласы қайраткерлеріне мемлекеттік, салалық наградалар беру туралы ұсыныстар енгізеді. Әлеуметтік маңызы бар және мәдени іс-шараларды дайындау мен өткізуді ұйымдастырады. ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚР Үкіметі, Министрлік пен Департамент басшылығының тапсырмаларының орындайды. Басқарманың жұмыс жоспарын қалыптастырады, Басқарманың есептік жылын қорытындылайды. «Ұлттық фильмдер шығару» бюджеттік бағдарламасы есебінен жарық көрген фильмдерінің қабылдануын ұйымдастыруға қатысады. Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарастыру, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен, бағыныстағы және басқа ұйымдармен өз құзыреті шегінде қызметтік хат алмасуды жүргізеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім. Өнер (өнертану, театртану, арт-менеджмент, режиссура, актерлік өнер, операторлық өнер, кинотану, кинотеледраматургия, драматургия, кинооператорлық, продюсерлік, хореография, сценография, вокалдық өнер, аспаптық орындаушылық, дәстүрлі музыкалық өнері, дирижерлеу, орындаушылық өнер, музыкалық білім); гуманитарлық ғылымдар (филология, мәдениеттану); құқық (құқықтану); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, журналистика, қоғаммен байланыс, мемлекеттік және жергілікті басқару, менеджмент), шетел жоғары оқу орындарының салалас мамандықтар топтары. Кәсіби біліктілігі: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Мәдениет саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін білуі.


Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш; 2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім. Құжаттар, конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет