Барлығы – 135 сағат



бет1/5
Дата24.02.2016
өлшемі466 Kb.
#14822
  1   2   3   4   5


М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

«Бекітемін»

Институт директоры

______Маулетова С.А. қолы аты-жөні

«__»__________ 2009 ж.



«Көркем-қолданбалы өнер және кәсіби білім беру» кафедрасы






050107 Бейнелеу өнері және сызу

мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын

студенттерге арналған
Бейнелеу өнері тарихы мен теориясы

(пәннің атауы)

ПӘННІҢ - ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


Курс – 2

Семестр – 3-4

Кредит саны – 3

Дәріс – 30 сағат

Практикалық сабақ (лаб., сем. және т.б.) – 15 сағат

Оқытушының жетекшілігімен

студенттің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ) – 45 сағат

СӨЖ – 45 сағат

Емтихан – 4-ші семестрде

Барлығы – 135 сағат

Орал-2009 ж.

Курс бағдарламасы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен 11.05.05. Бұйрық № 298 МОСУ-не сәйкес 050107 «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша «Бейнелеу өнері тарихы мен теориясы » пәнінен типтік бағдарлама негізінде құрастырылды.
Құрастырушы: «Көркем-қолданбалы өнер және кәсіби білім беру» кафедрасының доценті Қ.Н.Мәдіров
«Көркем-қолданбалы өнер және кәсіптік білім беру» кафедрасының отырысында қарастырылды.

“____” ________________200__ ж. № ___хаттама.


Кафедра меңгерушісі ___________ А.Ғ.Сейтимов

(қолы) (аты-жөні)

Келісілді ОҮҰ және ОӘЖБ

жетекшісі ___________________ А.А. Какимова


Институттың оқу-әдістемелік

кеңесінің төрағасы _______________ С.С.Гусманов

(қолы) (аты-жөні)

1. Қазақстан Республикасы білім беру мемлекеттік стандарты-Алматы,11.05.05. Бұйрық №298 типтік бағдарлама негізінде құрастырылды.

2. ПӘН БОЙЫНШАОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ –SILLABUS

Оқытушы туралы мәлімет

Қуандық Насихатұлы Мәдіров, доцент, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі

Офис: кафедра атауы: «Көркем-қолданбалы өнер және кәсіби білім беру»

Жұмыс мекен-жайы: Студенттер көшесі,2

Жұмыс телефоны: 50-53-46

Е-mail: kuandyk_Madir@mail.ru

Пән туралы мәлімет

Пән атауы: «Бейнелеу өнері тарихы мен теориясы»

Семестр 15 оқу аптадан және 2 апта сессиядан тұрады.

Бір аптада (3 семестр) 2 кредит сағат, 4 семестрде 1 кредит сағат әр кредит-сағат бір байланыс сағаттан (дәріс немесе практика) және екі сағат оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысынан (ОЖСӨЖ), студенттің өзіндік жұмысынан (СӨЖ) тұрады.
Кредиттің атпаға бөліну кестесІ: 3 семестр


Сабақтар

Өткізу уақыты

Сабақтар

Өткізу уақыты

Байланыс сағаты 1

(1 дәріс)

50 мин.

ОЖСӨЖ, СӨЖ

50+50 мин.

Байланыс сағаты 2

(2 дәріс)

50 мин.

ОЖСӨЖ, СӨЖ

50+50 мин.

4 семестр

Сабақтар

Өткізу уақыты

Сабақтар

Өткізу уақыты

Байланыс сағаты 1

(1 семинар)

50 мин.

ОЖСӨЖ, СӨЖ

50+50 мин.

Кредит саны – 3

Өту орны: № 7 оқу ғимараты, сабақ кестесі бойынша


Оқу жоспарынан көшірме:


Курс

Семестр

Кредит саны

Дәрістер

Семинарлар

ОЖСӨЖ

СӨЖ

Барлығы

Бақылау

түрі


2

3

1

30

-

30

30

90




2

4

1

15

-

15

15

45

Емтих.


2.3 Кіріспе

Пән бойынша мағлұмат: Өнер тарихы мен теориясы пәнінің міндеті бейнелеу өнерінің кеңстік пен уақыт аралығындағы, көркемдік ырғағындағы форма мен образдың көріну сипатын ашу. Кеңістік – біз үшін геобиологиялық, әлеуметтік, рухани және мәдени орын. Уақыт – тарихи кезең. Берілген пәннің міндеті – заманның әлеуметтік және рухани талап-тілектерінен туындайтын мәселелер, өнер шығармасы, көркемдік образ және образды сомдаушы суреткер жөнінде, көркем құбылыстар мен стильдік бағыттар туралы мағлұматтар беріп, осылардың ішкі бірлігі мен үндестігіне, өзара қатынасы мен табиғи байланыстарына деген теориялық танымды тереңдету болып табылады.

Курс мақсаты: Өнер тарихы пәнінің басты мақсаты студенттердің білім қорын молайту ғана емес, оны көркем шығармамен өзбетінше жұмыс істеуге, талдауға және баға беруге үйрету. Сонымен бірге сабақтың мақсаты өмірден алшақ кетпеуге тиіс. Студенттердің бойында кәсіптік қасиеттерді қалыптастырумен бірге өзін қоршаған ортаны, эстетикалық талағаммен өзіне ыңғайлы етіп мүмкіндігінше көркемдей білуге үйрету.

Курс міндеті: Көркем шығарманы толық мәнді (қабылдай) түйсіне білуге тәрбиеленетін пәндердің бірі өнер тарихы және теориясы. Себебі осы өнер тарихы сабағында ғана студенттер бейнелеу өнерінің тарихи және теориялық даму процесі жөнінде тереңірек білім алып, көркем шығарманы талдауға және ол туралы өз пікірін сауатты жеткізе білуге үйренеді.

Курс мазмұны: Студенттер өнер тарихынан информациялық білім алумен бірге, олар бейнелеу өнерінің ажыратылуы және жіктелу ерешеліктері жөнінде жалпы теориялық білім алады. Сонымен бірге осы кезеңде бейнелей өнерінің әдіс – тәсілдермен, технологиясымен, материалдарымен, түзілімдік сипатымен танысады. Лекция ежелгі, антикалық дәуірді және ортағасырлық кезеңдерін қамтиды. Соданкейін оқыту барысында оңтүстік Шығыс Азия елдері өнерін және 17-20 ғасырлардағы Орыс өнері, сондай-ақ Қазақстан өнері қарастырылады.

Оқыту әдістемесі: Оқыту негізінен дәріс, семинар және практикалық сабақтар түрінде жүргізіледі. Студенттердің білімін қадағалау негізінен бекітілген оқу материалдыра арқылы әрдайым бақылауда болады. 3-ші курста берілген тақырыптар бойынша курстық жұмыстар жазу қарастырылыған. Сабақ жүргізу формасы мен әдістері әртүрлі бағытта өтеді. Сабақ материалы түсіндіру (лекция, әңгіме), рефераттар, ауызша және жазбаша салыстырмалы талдаулар. Иллюстрациялық альбомдарды, жеке репродукццияларды, диапозитив мен диафильмдерді, таблицаларды қарастыру. Көркемөнер қайраткерлерімен кездесу. Мүмкіндігінше көрмелерді, музейлерді, шеберханаларды аралау арқылы түпнұсқалармен тікелей танысу.

Пререквизиттер: Әрбір пәннің өзіндік ерекшеліктеріне мән бере отырып, бейнелеу өнерінің түрлі заңдылықтарына меңгеруге дағдыландыру.

Постреквизиттер: Бұл бағдарламаның мақсаты студенттердің Бейнелеу өнері тарихы мен теориясы пәнінен алған білімдерін болашақта жетілдіруге және бейнелеу өнері мен сәулет өнерінің заңдылықтарынан хабардар болады және кәсіби өнертанушы болуына жол ашады.

Сабақ мазмұны мен кестесі
1 Апта

1 Кредит сағат

Тақырып: “Бейнелеу өнеріне теориялық кіріспе”.

Дәрістің мазмұны: Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары. Алғашқы қауымдық кезеңдегі бейнелеу өнері.

СӨЖ мазмұны: Берілген тақырыптар бойынша семинар сабақтарына дайындалу. Облыстық және Университет кітапханаларына барып өз беттерінше иллюстрациялық материалдармен танысу.

ОСӨЖ мазмұны: Дәріс тақырыбы бойынша конспектілер жазу тақырыпқа қатысты материалдармен толықтыру.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5.
2 Кредит сағат

Дәрістің тақырыбы: Мифология мен өнердің өзара байланысы.

Мазмұны:



  1. Алғашқы қауым өнерінің кезеңдерге бөлінуі.

  2. Палеолит кезеңі

  3. Мезолит өнері

  4. Неолит кезеңіндегі өнер

ОСӨЖ мазмұны: Көркемөнер термин сөздігімен жұмыс жасау.

СӨЖ мазмұны: Өз беттерімен кітапханаларға бару. Иллюстрациялық материалдармен танысу.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,12,13,14,15,16
2 Апта

3 Кредит сағат

Тақырып: “Ежелгі Египет өнері”.

Дәрістің мазмұны:



  1. Египет өнерінің кезеңдерге бөлінуі

  2. Ежелгі патшалық өнері. Сәулет өнері: пирамида және ғибадатхана. Джосер пирамидасы және Гизедегі кешен.

  3. Мүсін өнері мен живопистегі канондық жүйенің қалыптасуы.

  4. Орта патшалық кезеңіндегі ғибадатхананың жаңа типтері. Дейр - әл- Бахридегі Ментухотеп ғибадатханасы.

  5. Жаңа патшалық кезеңіндегі ғибадатхана типтері: Дейр - әл- Бахридегі жартасқа салынған Хатгиепсут ғибадатханасы. Карнак пен Луксордегі ғибадатханалар кешені. Абу – Симбелдегі ғибадатхана.

СӨЖ мазмұны: Семинар сабақтарына дайындалу және материалдарды конспектілеу. Өз беттерімен кітапханаларға бару. Иллюстрациялық материалдармен танысу.

ОСӨЖ мазмұны: Дәріс тақырыбына қатысып материалдарын конспектілеу. Карнактағы ғибадатханалар кешенінің жоспарымен аксонометриясын салу.

Ұсынылатын әдебиеттер: 6,7,8,9,10
4 Кредит сағат

Дәрістің тақырыбы: Алғашқы қауымдық кезеңдегі өнермен Ежелгі Египет өнерінің өзіндік ерекшеліктері.

Мазмұны:



  1. Қола дәуіріндегі өнер

  2. Египеттегі канондық жүйенің қалыптасуы

  3. Эхнатон реформасы

ОСӨЖ мазмұны: Көркемөнер термин сөздігімен жұмыс жасау.

СӨЖ мазмұны: Өз беттерімен кітапханаларға бару. Иллюстрациялық материалдармен танысу.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,12,13,14,15,16
3 Апта

5 Кредит сағат

Тақырып: “Месопотами өнері”.

Дәрістің мазмұны: Б.ж.с. дейінгі 4-мыңыншы жылдардағы Шумер және Аккад қалаларының ежелгі мәдениеті. Сәулет өнерінің жетекші рөлі. Мүсіндік және бедерлік бейнелер. Б.ж.с.д. 2-мыңыншы – 6 ғ. Вавилон және Б.ж.с.д. 1 мыңыншы жылдардағы Ассирия

мәдениеті. Сарайлар мен зиккураттар.

СӨЖ мазмұны: Кітапханаларға барып иллюстрациялық материалдармен жұмыс жасау.

ОСӨЖ мазмұны: Көркемөнер термин сөздігімен және тарихи ескеткіштер атауларымен танысу.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,12,13,14,15,16


6 Кредит сағат

Дәрістің тақырыбы: Ежелгі Грекия өнері мен мәдениетінің дамуы.

Мазмұны:



  1. Ежелгі Грекия қыш құмыралардағы, вазалардағы сәндік жазулар және оларды сәндеудің ерекшеліктері.

  2. Крит өнері

  3. Ассириялық бедерлер

ОСӨЖ мазмұны: Ежелгі Грекия сәулет өнерінің көркемөнер терминологиялық сөздіктерінде кездесетін атаулардың мазмұнын түсіну және оларды жазып алу.
4 Апта

7 Кредит сағат

Дәрістің мазмұны: Эгей өнері.

Грек өнерінің қалыптасуына Эгей көркем мәдениеті мен Египет, Месопотами өнерінің тигізген әсері. Кносс сарайы. Архаика өнері. Мүсін типтері: құдайлар, курс және коралар. Архаикалық мүсіннің стилистикалық ерекшеліктері.

СӨЖ мазмұны: Тақырыпқа қатысты иллюстрациялық материалдар жинақтау және альбомдар құрастыру. Ежелгі Грециядағы ордерлік жүйенің суретін салу.

ОСӨЖ мазмұны: Термин сөздіктермен жұмыс және осы сөздердің мазмұнын түсіну, ұсыну.

Ұсынылатын әдебиеттер: 17,18,19,20,21


8 Кредит сағат

Дәрістің мазмұны: Грек архаикасы.

Грек сәулет өнерінде үш ордерлік жүйенің қалыптасуы.

СӨЖ мазмұны: Тақырыпқа қатысты иллюстрациялық материалдар жинақтау және альбомдар құрастыру. Ежелгі Грециядағы ордерлік жүйенің суретін салу.

ОСӨЖ мазмұны: Термин сөздіктермен жұмыс және осы сөздердің мазмұнын түсіну, ұсыну.

Ұсынылатын әдебиеттер: 17,18,19,20,21


5 Апта

9 Кредит сағат

Дәрістің тақырыбы: Цивилизация – қоғамның мәдени дамуы.

Мазмұны:



  1. Жаңа Вавилон жобасы

  2. Грек ордерлері

  3. Грек ғибадатханаларының түрлі ерекшеліктері

  4. Архаикалық мүсіндер.

ОСӨЖ мазмұны: Ежелгі Грекия сәулет өнерінің көркемөнер терминологиялық сөздіктерінде кездесетін атаулардың мазмұнын түсіну және оларды жазып алу.

СӨЖ мазмұны: Кітапханаларға барып иллюстрациялық материалдармен жұмыс жасау.

Ұсынылатын әдебиеттер: 17,18,19,20,21
10 Кредит сағат

Тақырып: “Грекиялық классикалық өнері”.

Дәрістің мазмұны: Асқақтаған классика; Афиндегі Акрополь кешені. Фидий шығармаларындағы сәулет және мүсін өнерінің байланыстылығы. Классикалық мүсін өнері: Поликлет, Скопас, Пракситель, Леохар, Лиссип. Александрия мектебі, Пергам, Родос мектебі.

СӨЖ мазмұны: Кітапханаларға барып өз беттерінше иллюстрациялық материалдармен танысу.

ОСӨЖ мазмұны: Тақырып бойынша семинарға дайындық және материалдарды конспектілеу.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,10,12,22,23
6 Апта

11 Кредит сағат

Тақырып: “Эллинизм өнері”.

Дәрістің мазмұны: Эллиндік Грекия өнері.

СӨЖ мазмұны: Кітапханаларға барып өз беттерінше иллюстрациялық материалдармен танысу.

ОСӨЖ мазмұны: Тақырып бойынша семинарға дайындық және материалдарды конспектілеу.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,10,12,22,23

12 Кредит сағат


Тақырып: Этрустар өнері. Антик мәдениетінің дағдарысы.

Дәрістің мазмұны:



  1. Этрус көркем шығармашылығының Республикалық Рим өнеріне тигізген әсері. Азаматтық, тұрмыстық сәулет өнерінің жетекші ролі (көпірлер, Акведуктер, қоғамдық ғимараттар). Грек құрылыстарынан айырмашылықтары. Ежелгі Римдіктердің негізгі архитектуралық идеяларыжәне жаңа құрылыс техникасы.

  2. Республикалық кезеңнің діни ғимараттары. Псевдопериптер және рим ордерлері.

ОСӨЖ мазмұны: Тақырыпқа қатысты көркемөнер термин сөздіктерінің мазмұнынын оқып түсіну.

СӨЖ мазмұны: Өз беттерінше кітапханаларға барып иллюстрациялық материалдармен жұмыс жасау. Тақырыпқа қатысты термин сөздерді жазып алу және эллиндік мүсіндердің суреттемелерін жасау.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,22,24,26,33,34
7 Апта

13 Кредит сағат

Тақырып: Византия өнері.


Дәрістің мазмұны:

  1. Республикалық кезеңдегі мүсіндік портреттер.

  2. Рим портретінің эволюциясы. Портрет өнеріндегі ұқсастық проблемасы және оның идеалды абстракциялық қағидаға жақындауы.

  3. Рим мозайкасы.

ОСӨЖ мазмұны: Тақырыпқа қатысты көркемөнер термин сөздіктерінің мазмұнынын оқып түсіну.

СӨЖ мазмұны: ӨЗ беттерінше кітапханаларға барып иллюстрациялық материалдармен жұмыс жасау. Тақырыпқа қатысты термин сөздерді жазып алу және эллиндік мүсіндердің суреттемелерін жасау.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,22,24,26,33,34
14 Кредит сағат

Тақырып: “Ежелгі Рим өнері ”.

Дәрістің мазмұны: Республика кезеңіндегі өнер: Империя кезеңіндегі Рим өнері. Қала құрылысының оптимальді шешімі: идеология, эстетика комфорт. Колизей, Пантеон, форумдер салтанатты Арка құрылыстары. Рим сәулет өнерінің принциптері: пайдалылық, сұлулық, беріктілік. Республикалық кезеңдегі мүсіндік портреттер. Адриан дәуіріндегі өнер.

СӨЖ мазмұны: Өз беттерінше кітапханаларға барып иллюстрациялық материалдармен танысу және тақырып бойынша семинар сабақтарына дайындалу.

ОСӨЖ мазмұны: Колизей, форумдер жобасының күмбез тәрізді үйлесімдерінің суретін салу.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,3,12,22,26

8 Апта

15 Кредит сағат

Тақырып: “Орта ғасыр Батыс Еуропа өнері”.

Дәрістің мазмұны: Роман өнері. (10-12 ғ.ғ.) Роман архитектурасының құрылыс принциптері мен стильдік ерекшеліктері. Қорғандар мен ғибадатханалар Батыс Еуропа елдеріндегі негізгі құрылыс принциптерінің жалпылығы мен көркем мектептердің ұқсастығы. Пизедегі комплекс.

СӨЖ мазмұны: Өз беттерімен кітапханаларға бару. Иллюстрациялық және термин сөздіктермен жұмыс жасау.

ОСӨЖ мазмұны: Готикалық ғибадатханалардың кескендегі көрінісін (разрез) және түзілімінің жобаларын сызу және суретін салу.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,22,24,26,33,34
16 Кредит сағат

Тақырып: “Орта ғасыр Батыс Еуропа өнері”.

Дәрістің мазмұны: Мүсін өнері: Отенедегі ғибадатханалар бедерлері. Готикалық өнер. (13-14 ғ.ғ.) Готикалық түзілімнің негізгі принциптері. Сәулет және мүсін өнерінің синтездік сипаты. Готика стилінің эволюциясы. Витраждар. Франция: Париж ғибадатханалары, Реймдегі және Аменьдегі ғибадатханалар. Неміс және италяндық ғибадатханалар.

СӨЖ мазмұны: Өз беттерімен кітапханаларға бару. Иллюстрациялық және термин сөздіктермен жұмыс жасау.

ОСӨЖ мазмұны: Готикалық ғибадатханалардың кескендегі көрінісін (разрез) және түзілімінің жобаларын сызу және суретін салу.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,22,24,26,33,34

9 Апта

17 Кредит сағат

Тақырыбы: Орта ғасыр Батыс Еуропа . Романдық өнер. Мүсін өнері.


Дәрістің мазмұны:

  1. Роман сәулет өнерінің құрылыс принциптері мен стильдік ерекшеліктері.

  2. Пизедегі комплекс.

  3. Франция:Париж ғибадатханалары; т.б.

ОСӨЖ мазмұны: Тақырыпқа қатысты көркемөнер термин сөздіктерінің мазмұнынын оқып түсіну.

СӨЖ мазмұны: Өз беттерінше кітапханаларға барып иллюстрациялық материалдармен жұмыс жасау. Тақырыпқа қатысты термин сөздерді жазып алу және эллиндік мүсіндердің суреттемелерін жасау.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,22,24,26,33,34
18 Кредит сағат

Тақырып: “Ежелгі орыс өнері (9-17 ғ.ғ.) ”.

Дәрістің мазмұны: Ежелгі Киев өнері. Владимир – Суздаль княздығының сәулет өнері. Әсемдігі, сәнділігі, асқақтылығы. Новгород архитектурасы және живопись мектебі. Живопись 14-15 ғ.ғ. Москва Кремлінің ансамблі. 14-16 ғ.ғ. Успен, Архангель ғибадатханалары.

СӨЖ мазмұны: Кітапханаларға бару иллюстрациялық материалдармен танысу. Тақырып бойынша семинар сабақтарына дайындалу және материалдар конспектілеу.

ОСӨЖ мазмұны: Ежелгі орыс ғибадатханаларының кешендегі көрінісінің (разрез) жобасын сызу және суретін салу.

Ұсынылатын әдебиеттер: 27,28,29,30,31,32
10 Апта

19 Кредит сағат

Тақырып: “Ежелгі орыс өнері (9-17 ғ.ғ.) ”.

Дәрістің мазмұны: Василий Блаженный соборы. Халықтың ағаш сәулет өнері. Шатырлы архитектура, ағаш сәулет үлгісіндегі салынған 16 ғасыр архитектурасы. Коломенси, Вьяков селоларындағы шіркеулер.

СӨЖ мазмұны: Кітапханаларға бару иллюстрациялық материалдармен танысу. Тақырып бойынша семинар сабақтарына дайындалу және материалдар конспектілеу.

ОСӨЖ мазмұны: Ежелгі орыс ғибадатханаларының кешендегі көрінісінің (разрез) жобасын сызу және суретін салу.

Ұсынылатын әдебиеттер: 27,28,29,30,31,32
20 Кредит сағат

Тақырыбы: Батыс Еуропа готикасының ерекшеліктері.

Мазмұны:


  1. Готиикалық ғибадатханалардың түзілімдері мен концепциясы.

  2. Француз және Неміс готикалық мүсіндері.

  3. Орыс иконасының типологиясы (Икона жазу өнері)

  4. А. Рублевтың шығармашылығы

ОСӨЖ мазмұны: Ортағасырлық Батыс Еуропа және Орыс өнерінің ұқсастары мен ерекшеліктері

СӨЖ мазмұны: Өз беттерімен кітапханаларға бару және иллюстрациялық материалдармен танысу.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,26,33,34,35,36


11 Апта

21 Кредит сағат

Дәрістің тақырыбы: Ежелгі орыс архитектурасы.

Мазмұны:


  1. Феофан Грек шығармашылығы

  2. Дионисия шығармашылығы

  3. С. Ушаковтың шығармашылығы

  4. Ортағасырлық кітап миниатюрасы

ОСӨЖ мазмұны: Ортағасырлық Батыс Еуропа және Орыс өнерінің ұқсастары мен ерекшеліктері

СӨЖ мазмұны: Өз беттерімен кітапханаларға бару және иллюстрациялық материалдармен танысу.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,26,33,34,35,36
22 Кредит сағат

Тақырып: “Қайта өркендеу дәуіріндегі Батыс Еуропа өнері. Италия (15ғ.)”.

Дәрістің мазмұны: Италия Қайта өркендеу дәуіріндегі Ерте кезең.

СӨЖ мазмұны: Брунеллески, Д.А. Браманте ғимараттарының жоспарын сызу және суретін салу. Кітапханаларға бару иллюстрациялық материалдармен жұмыс жасау.

ОСӨЖ мазмұны: С. Боттичелли шығармаларының композициялық схемасын слау. «Весна» және «Рождение Венеры».

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,26,33,34,35,36
12 Апта

23 Кредит сағат

Тақырып: “Қайта өркендеу дәуіріндегі Батыс Еуропа өнері. Италия (15ғ.)”.

Джотто, А.Мантенья, С. Боттичели, Пьеро Делла Франческоның шығармашылықтары.

СӨЖ мазмұны: Брунеллески, Д.А. Браманте ғимараттарының жоспарын сызу және суретін салу. Кітапханаларға бару иллюстрациялық материалдармен жұмыс жасау.

ОСӨЖ мазмұны: С. Боттичелли шығармаларының композициялық схемасын слау. «Весна» және «Рождение Венеры».

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,26,33,34,35,36
24 Кредит сағат

Тақырып: “Қайта өркендеу дәуіріндегі Батыс Еуропа өнері. Италия (15ғ.)”.

Дәрістің мазмұны: Донателло, А. Верронкино, Л. Гиберти. Сәулет және мүсін өнері.

СӨЖ мазмұны: Брунеллески, Д.А. Браманте ғимараттарының жоспарын сызу және суретін салу. Кітапханаларға бару иллюстрациялық материалдармен жұмыс жасау.

ОСӨЖ мазмұны: С. Боттичелли шығармаларының композициялық схемасын слау. «Весна» және «Рождение Венеры».

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,26,33,34,35,36
13 Апта

25 Кредит сағат

Тақырып: “Италиядағы Жоғары Қайта өркендеу дәуірі”.

Дәрістің мазмұны: Жоғарғы Қайта өркендеу: сәулет, мүсін, живопись өнері.

СӨЖ мазмұны: Кітапханаларға бару иллюстрациялық материалдармен жұмыс жасау. Тақырып бойынша семинар сабақтарына дайындалу.

ОСӨЖ мазмұны: Микеланджело, Рафаэль фрескаларының композициялық схемаларын сызу және суретін салу.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,26,33,34,35,36
26 Кредит сағат

Тақырып: “Италиядағы Жоғары Қайта өркендеу дәуірі”.

Дәрістің мазмұны: Леонардо да Винчи, Микеланджело, Рафаэль Санти шығармашылығы.

СӨЖ мазмұны: Кітапханаларға бару иллюстрациялық материалдармен жұмыс жасау. Рафаэль Санти және Леонардо да Винчидің «Мадонна» атты шығармасының типологиялық ерекшеліктеріне байланысты конспект жасау. Тақырып бойынша семинар сабақтарына дайындалу.

ОСӨЖ мазмұны: Микеланджело, Рафаэль фрескаларының композициялық схемаларын сызу және суретін салу.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,26,33,34,35,36
14 Апта

27 Кредит сағат

Дәрістің тақырыбы: Венеция мектебіндегі живпистік бағыттың өзіндік сипаты.

Мазмұны: Солтүстік еуропадағы қайта өркендеу дәуірі.



  1. Д. Беллини, Джорджоне шығармашылығы

  2. Тициан шығармашылығы

  3. П.Вернезе шығармашылығы

  4. Я. Тинторетто шығармашылығы

ОСӨЖ мазмұны: А. Дюрердің гравьюрік шығармаларының біреуінің көшірмесін жасау.

СӨЖ мазмұны: Кітапханаларға бару. Иллюстрациялық материалдармен жұмыс. Леонардо да Винчи және А. Дюрердің адамды бейнелеудегі ережелеріне байланысты жұмыстарынан көшірме жасап суретін салу.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,26,33,34,35,36
28 Кредит сағат

Дәрістің тақырыбы: Венеция мектебіндегі живпистік бағыттың өзіндік сипаты.

Мазмұны: Солтүстік еуропадағы қайта өркендеу дәуірі.



  1. А. Вюрер шығармашылығы

  2. Питер Брейгель және И. Босх шығармашылығы

  3. Губерт және Ян Ван Эйк (Нидерланд) шығармашылығы

  4. Италяндық маньеризм.

ОСӨЖ мазмұны: А. Дюрердің гравьюрік шығармаларының біреуінің көшірмесін жасау.

СӨЖ мазмұны: Кітапханаларға бару. Иллюстрациялық материалдармен жұмыс. Леонардо да Винчи және А. Дюрердің адамды бейнелеудегі ережелеріне байланысты жұмыстарынан көшірме жасап суретін салу.

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,26,33,34,35,36
15 Апта

29 Кредит сағат

Тақырып: “Қайта өркендеу дәуіріндегі Батыс Еуропа өнері. Италия (15ғ.)”.

Дәрістің мазмұны: Италия Қайта өркендеу дәуіріндегі Ерте кезең.

СӨЖ мазмұны: Брунеллески, Д.А. Браманте ғимараттарының жоспарын сызу және суретін салу. Кітапханаларға бару иллюстрациялық материалдармен жұмыс жасау.

ОСӨЖ мазмұны: С. Боттичелли шығармаларының композициялық схемасын салу. «Весна»

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,26,33,34,35,36
30 Кредит сағат

Тақырып: “Қайта өркендеу дәуіріндегі Батыс Еуропа өнері. Италия (15ғ.)”.

Дәрістің мазмұны: Джотто, А.Мантенья, С. Боттичели, Пьеро Делла Франческоның шығармашылықтары.

СӨЖ мазмұны: Брунеллески, Д.А. Браманте ғимараттарының жоспарын сызу және суретін салу. Кітапханаларға бару иллюстрациялық материалдармен жұмыс жасау.

ОСӨЖ мазмұны: С. Боттичелли шығармаларының композициялық схемасын салу. «Рождение Венеры».

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,26,33,34,35,36
4 СЕМЕСТР

Апта 1

1 Кредит

Тақырыбы: Үнді және Таяу Шығыс өнері



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет