Барлығы – 90 сағат


ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ



бет3/5
Дата24.02.2016
өлшемі410.5 Kb.
#14828
1   2   3   4   5

5. ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ

Дәріс №3-4. XVII ғасырдағы Батыс Европа өнеріне жалпы сипаттама.

XVII ғасырдың Европалық қоғам тарихының ең маңызды кезеңдері дамуы мен оның мәдениетінен тұрады. Бұл феодалдық қоғам жер қойнауларында капиталистік жүйеге көңіл аудару сатысының аяқталу кезеңі. Шаруалардың сауда дамуы, сауда капиталы және базар шаруашылықтары феодалдардың көңілін аударды. Барлық жерде жер сатылу өте үлкен дәрежеде болды. Жерден айырылған шаруалар жалдаушыларға берілді. Коллониялардың қанауы америка байлықтары қатынастары орталықтандырылған мануфактура қалалық және ауылдық қол өнершілер жалдама қызметкерлерінен тұрды. XVII ғасырда әлеуметтік- демократиялық өмір сызықтары «алғашқыны» анық көретін Европаның көптеген елдерінің қатарына қосылды. Капиталистер мектебі, қоғамдық өмірден көрінетін рөл барлық сауда, несие және өнеркәсіпті кәсіпорындардан бастайды.

Европалық елдердің әркелкі дамуы болды. XVII ғасырға лайықты түр – басқарулар абсолютизм континентінің үлкен бөлімдері қоғамдық феодалдық қатынастарға үстем болды. 17 жүзжылдық басында діни соғыстан кейінгі заманда Францияда бекітілді. Екі жүзжылдық аралығында абсолюттік мемлекет үлгісімен, затпен Еуропаның ірі және ұсақ абсолютистік әміршілерінің еліктеулерінің жиыны болады. 1648 жылы отыз жылға созылған соғыстан кейін Вестфальский әлемі Орталық Еуропаға ірі және ұсақ монархиялардың бар болуын ресми түрде жариялады. Абсолюттік тәртіптер скандинавиялық елдерде, орыс мемлекеттерінде, абсолютизм басқару түрімен барлық континентте қолданылды.

XVII ғасыр тарихына жаңа өте жарық фаза сияқты Батыс Европалық өнер кірді. Сонымен қатар Италияның ұлттық көркем мектептері гүлденді. Бұл мектептердің гүлденуіне Фландрия, Испания, Франция, Голландия елдері үлесін қосты. Бұлардың әр қайсысының өзгеше жарық ұлттық өзіндік маңызы зор. Олар басқа елге қарағанда мінез-құлықпен, қоғамдық өмірдің, көркем дәстүрлерімен, тарихи және мәдени тілі дамуымен ерекшеленеді.

Осы XVII ғасыр өнері, дәл сол кезеңнің мәдениетімен, жалпы осы кезең сызығымен сипатталады. Жаңа заман жаңа дүниеге көзқараспен барлығының рухани өмір сфераларында көрсетілген. Нақты мен ақиқат арасындағы байланыс әр түрлілігімен, оның тереңдік аспектілерімен және құбылыстармен өлшеусіз алдыңғы дәуірмен салыстыруға тұрды.

Питер Рубенс. Ұлы суретші, 1577 жылы туған. Оның ұстаздары Тобиас Верхахт, Адам Ваннорд шеберханаларында тәлім алған. Рубенс Рим Флоренция, Гинуя сияқты қалаларды аралап, біраз жұмыстар жасаған. Ол осы сапарларында Ремисанстың ғажайып мұралары мен бұрын тек атын естіген Леонардо до Винчи, Рафаэль, Караваджо тағы басқаларының шығармаларымен танысады. Осылай көптеген елдерді аралап, өмір тәжірибесін байытқан Рубенс 1609 жылы Фландрияға қайта оралып, барлық шығармаларының уақытын сурет өнеріне арнады. Питердің жастық шағын бейнелейтін автопортреті 1609-1610 жылдары жазылған. Онда саялы бақтың ішінде бейнеленген екі жас Рубенстің өзі оның зайыбы. Суретші көптеген басқа суретшілер сияқты алғашқы жұмыстарын мифология тақырыптарына арнады. («Крест орнату», «Крестен түсіру» Питер Рубенстің көптеген шығармалары бар. Италияның кластық көркем өнерінің әсерін байқаймыз. Мысалы: «Венера және Адонис» (1610ж.). Бұл туынды көркемдік және шеберлік жағынан Леонарда до Винчи, Рафаэль шығармаларымен тепе-тең тұр. Антикалық миф кейіпкерлері - әлемдік құдайы Венера, оның сүйген жары, аңшы Адонис шығармаларында Қайта өрлеу дәуірі өнерінің үлгісімен бейнеленген. Венера – нәзік, сымбатты, жарқын жүзді, әлдебірдеңе айтамын дегендей жігіт үңіле қарайды. Кейіпкерлердің дене қимылы олардың сарқылмас күшін айқын да шебер көрсетіп ұр.

Шығарма композиция жағынан атақты «Лаокоон» деп аталатын антикалық туындыға көп ұқсайды. Бірақ қайталау болған жоқ.

Ел аузындағы аңыз бойынша бейнеленген тағы бір көрнекті шығарма – «Левкипп қыздарын ұрлау» (1615 жылы, Моюхен музейі). Қандай қиындықтарды болса да жеңбей қоймайтын сүйіспеншілік күші, ерлік, өжеттік, адам көркі мен сымбаты – Рубенс туындысының басты идеясы. Түн пердесі сырылып, рауандап атып келе жатқан таң алдындағы табиғат көрінісі, әлдебір тосын жайдан секем алып ауыздықпен алысқан қос тұлпар, алпамса денелі ағайынды Диоскурлер асқан шеберлікпен бейнеленген. Бұл жай ғана көрініс емес, полотнолық кесек жаратылыс сияқты әсерде қаласыз. Сондықтан да болар, Рубенс творчествосымен жан-жақты танысып, қайран қалған өнер сүйген қауым гректің ұлы ақыны Гомермен қатар қойып, оны «Корольдер суретшісі ғана емес, суретшілер корольі» деп атады.

Антверпен Фландриядағы ірі қалалардың бірі өндіріс, мәдениет орталығы. Рубенс өмірінің көп жылдары, ең бақытты жылдары осы қалада еді. «Рубенсхьюз» деп аталатын оның тұрған үйі күндіз, түнде дамыл таппайтын, таңның атысы, түннің батысы абыр – сабыр болатын да жататын. Үй иелері қонақжайлылығымен аты шыққан. «Кел демегі бар, кет демегі жоқ» қала халқының сүйікті демалыс орнына айналады. Осы дәстүр біздің заманымызға дейін сақталған. Антверпенде өнер сүйген жандардың «Рубенс үйінің достары» қоғамын құруы соның айғағы.

Рубенс қалдырған мұра ұшан-теңіз. Ол басқарған шеберханадан 3 мыңнан астам шығарма шықты. Суретшінің барлық туындыларын талдап, не шолып үлгеру мүмкін емес. Сондықтан біз әңгіме соңында тағы да Ленинград қаласына Эрмитаж залдарына қайта оралайық.

Эрмитаждан «суретшілер корольінің» қылқаламынан шыққан 22 туындыны, 19 эскизді көруге болады. Олардың ішінен тұтас бір қабырғаны алып жатқан «Жер мен су одағы» (1612-1615) деп аталатын палотно ерекше.

Рубенстің басқа да шеберханаларында 3000 нан астам жұмыс жазылды.

Рубенстің пейзажы оның 2 шығармасынан көрінеді. Олар «Тас тасушылар» (1620), «Кемпірқосақ» (1630).



Джованни Лоренцо Бернини (1589-1680) Рим папасының тапсырысы бойынша бірнеше сәулет және безендіру жұмыстарын жасаған. Ватикан сарайындағы король баспалдағын, сондай-ақ бірнеше статуя Релив құлыптастар жасаған. Бернини өз заманына белгілі болған шебер. Ол Ренесанс шеберлерінен нәр алған сияқты. Себебі оның жұмыстары сюжет жағынан, болмаса антикалық діни жағынан ұқсату келеді. Бернинидің де «Давид» атты жұмысы бар, бірақ олардан Донотелло, Верокио, Микеланджело жұмыстарына ұқсас қарапайымдық сезіледі. Бернинидің «Давиді» жұқа еріндері жымқырылып, ашу-ызаға толы, көздері қысыңқы, денесі барынша қозғалыста бейнеленген.

Сонымен қатар Бернини Римдегі басты-басты алаңдарды, оларды сәулет ортасына сай көркемдей білген шебер.



Хармес ван Рейн Рембрант 1616 жылы Лейденде туған. Латын мектебін бітіргеннен кейін аздаған уақыт Лейден университетінде оқиды. Бірақ живопиське назар аударған бала оны тастап жергілікті шеберден дәріс алады. Кейіннен Амстердам суретшісі Питер Ластманнан дәріс алады. Мұнда да көп тұрақтамайды, өзінің туған қаласына барып, өзінің жеке шеберханасында өз бетінше живописьпен шұғылданады. Сондықтан да 1625-1632 жылдары оның шығармашылығында «Лейден кезеңі» деп аталып жүр. 1632 жылы Рембрант Амстердамға барады. Себебі, Голландияның көркем мәдениет орталығы оны қатты қызықтырады. 30 -жылдар оның есте қаларлықтай жылдарының бірі болды, өйткені 1632 жылы тапсырыс бойынша жазған шығармасы оның даңқын шығарды. («Анатомия сабағы»,1634) Ол бай жанұядан шыққан Саския ван Эйлинборхқа үйленді. Содан бастап оның өмірінде ең бақытты жылдар басталды. Үлкен шеберханада бірнеше шәкірттерімен жұмыс істейтін оған белгілі-белгілі деген ақсүйектер болмаса бай тапсырысшылар жиі келетін. Арман алысқа тартқан ол күнделікті өмірінің тіршілігін бейнелеуден әрі кетіп, өзін және Саскияны жазды. Қиын да күрделі композицияларды жазуды өзіне мақсат етті. Бұған мысал ретінде «Саския мен салынған автопортрет» т.б. алуға болады. Антикалық –мифологияға құштар болған ол сол кезден бері нәрестелі болған ана Флора ретінде жазды.

Шебердің көркемдік ізденіс кезеңін біз 1630 жылдар деп айтамыз, өйткені сол жылдары «Даная» жұмысы дүниеге келген болатын. Бұл картинада Рембрант библиялық сюжетті негізге алады. Данаяның ішкі күйзелісін беруге тырысады. Жалпы картина Рим ақыны Овидейдің метаморфоза ежелгі грек аңызы бойынша жазылған.

1642 жылы Рембрант кішігірім жұмыстарды жаза бастайды. (Мысалы « Давид және Ионафон» лирикалық повесть)

1642 жылы ол амстердамдықтардың тапсырысы бойынша «атқыштар ротасының капитаны Баннинг Коктың топталған портретін» салып бітірді. Бұл өте үлкен шығарма. Рембрант бұл шығармаға үлкен тер төкті, бірақ тапсырыс берушілерге бұл шығарма ұнамай, келіспеушілік болғаннан кейін, Рембрант буржуазиялық қоғам өкілдерімен достығын доғаруға тура келеді. Сонымен қатар 1642 жылы оның әйелі Саския қайтыс болады. Содан коп жылдарға оның басынан бақытсыздық кетпей қояды. Тек өмірінің соңғы жылдарында «Артаксерке, Аман және эсорирь» деген шағын палатно жазады.

Творчествоның соңғы 10 жылында бірнеше портрет жазды.

Эрмитаждағы «Адасқан ұлдың оралуы» оның өмірінің соңғы жылында жазған жұмысы болатын. «Бұнда трагедиялық жалғыздық, жесірлік тақырыбы арқау болады. Кездесудің драмалық күші, әке махаббаты тағы сол сияқты қарт кісінің қолынан екені ап-анық сезіліп тұр.



Барокко – XV-XVII ғасырлардағы ақсүйектік мәдениеті дамуына байланысты. Еуропа өнерінде қалыптасқан негізгі стильдегі бағыт. Бароккаға мынадай сипаттар тән. Ұлылық пен молдылыққа ұмтылу; көркемдеу элементінің байлығы, динализм, күрделірек, контрастылық монументалдық өнер синтезі.

Барокко – ұғымын әртүрлі түсіндіруге болады. Біріншілер – стлого деп, екіншілері – көркем бағыт, үшіншілер – поэтикалық жүйе, төртіншілер – мәдени кезең деп атаған. Оны Швейцариядағы мәдениеттанушы Вельфмен (1864-1945) енгізген. Оның өкілдері Аристо, Паско, Сакс, Джонсон.

Классицизм – (көрнекті үлгілі) XVII-XІX ғасырлар өнерінде қаланған бағыт. Классицизмге рационалдық шығармашылық қалыпқа түскен түрі, монархиялық стиль айқындығы, композициялық тепе-теңдік форма үндестігі тән. Классицизмге үлгілі схема мен идеалдылық тән болып келеді. Классицизмнің бейнелері эстетикалық тұрғыдан көп түсті, түрлі құбылысты бола алмайды: оған көпқырлылық, әсемдік, интеллектуалдық және эмоциялық жағынан тығыздық тән емес. Классицизмде дүниенің көркемдік концепциясы рационалды және тарихи кезеңіне тәуелді емес. Сондықтан классицизм туындылары антиктік пе, римдік пе қай дәуірдікі екендігіне қарамастан үздік көрнекті үлгі ретінде қабылдады. Классицизмде дидактикалық сарын, ғибрат айту, азаматтық пафос мемлекеттік концепция. Классицизм қуатына сену моральдік пен айқындылық басым. Ол өнердің барлық түрінде белес алады.

Барокко – бүкіл күшті бағыттардан XVII ғасыр бароккосы бұрынғы бағыттармен араласып алға шыға бастайды. Ол стиль ескі сенімге бағынған жаңа ғана шіркеу босатылған, босаған елдерде дами бастады.

Итальян қоғамында барокко жақсы дамыды. Сыртқы әсемпаздық, күшті баурап алатын контрастты қозғалыстар және ләззатқа құштарлық живописьте де, скульптурада да көрсетілген.

Микеланджелоны барокконың әкесі ретінде мақтай отырып, біз одан барокконы ешқашан ұмытпағанын көреміз.



Дәріс №5. ХVІІ ғасырдағы Голландия өнері.

Нидерланды қайта өркендеу дәуірі бейнелеу өнерінің дамуына солтүстік Провенция шеберлері Гертген тот Синт – Янс және Бохс, Ян ван Скорея және Лука Лейденский, Питер Артсер және Ян ван Амсел, Дирк Якобс пен Дирк Баренс елеулі үлес қосты. Бұл тұста тұрмыстық жанр мен натюрмортқа, лирика мен сатираға, көрініс пен реңкті әсерді жеткізуге деген құштарлық ерекше басым болды. Осының бәрі 17-ғасырдағы Голландия бейнелеу өнерінің басты ерекшелігіне әкелер дайындық сатысы еді.

16 - ғасырдағы революция нәтижесінде саяси беті айқындалған буржуазиялық Нидерландия мемлекетінде Голландия Ұлттық сурет өнері мектебі тез қалыптаса бастады. Архитектура саласында кеме қатынасы мен теңіз саудасына байланысты салынған. Үйлердің рөлі мейлінше ұлғайды, сонымен бірге қоғамдық, сауда және өндірістік ғимараттар тұрғызу етек алды. Ғимараттарды өрнекті ақ таспен нақыштау 17-ғасырдағы сәулет өнерінің негізгі ерекшелігіне айналды. 17-ғасырдың ортасында Голландия классицизмнің өзіндік үлгісі пайда болып, күнделікті тұрмысқа тиімді, композициясы айқын қарапайымдылығымен көз тартатын ғимататтар салу өріс алды. (арх. Я.Ван Кашпен, П.Пост т.б.)

17-ғасырда бейнелеу өнері кеңінен тарап, қазу сауданың көзіне айналды. Кейіннен бүкіл Европа өнеріне айрықша әсер еткен реалистік бейнелеу өнерінде жетекші орын алды. Голландия реалистерінің творчествосы өз елінің өмірін сүйіспеншілікпен бейнелей білуімен, өміршеңдігімен, образдарының шыншылдығымен, қарапайым құбылыстың ішкі мәнін нақ көрсетіп, жай адамның өмірін жан-жақты таныта білумен ерекшеленеді. Оларөз шығармаларында бояу реңін шебер де нәзік құбылтып, бейнелеп отырған көрііс пен олардың ар жағындағы кеңістікті мейлінше нақты, тұнық күйде жеткізді. Нидерландия бейнелеу өнері портретін (Ф.Хальс) кедейлер өмірін бейнелеуге арналған тұрмыстық жанрда (А.Ван Остаде), пейзаж (Я.Поселис, Я.Ван Гойен, Х.Сегерс т.б.) анималистік жанр (П.Поттер) мен натюрморттық саласында (Т.Клас, В.Хеда) толық қалыптасып, зор табыстарға жетті. 17-ғасыр ортасына таман голланд бейнелеу өнерінде енжарлық, буржуазиялық тоғышарлық, күнделікті тіршіліктің сүреңсіз көріністерін бейнелеуге құштарлық белгілер пайда бола бастады. Сонымен бірге буржуазиялық шындыққа деген наразылық сезім аса ірі голланд суретшілері Хальстің, әсіресе, Рембрандттың творчествосында ерте көрініс тапты. Рембрандттың аса көрнекті шәкірттерінің бірі – К.Фабрициус шығармалары заман тынысын кең танытуға арналған сол кездегі Делф шеберлерінің (Л.Вермер – Э. Де Витте) негізгі бағытын айқындап берді.

17-ғасырдың 2-ші жартысында Голланд бейнелеу өнерінде болмысты жалаң баяндау, сыртқы сұлулыққа бой ұрып, өнерді ақшаға айырбастау бағдары белең алды. Реалист шеберлер (Рембрандт, Я.Ван Рейсдаль т.б.) буржуазиялық қоғам мүддесіне қарсы оппазицияда болды. Эпигондық бағдар алып, 18-ғасырда құлдырауға түскен Нидерландия өнердің ішінен К.Тростың буржуазиялық әдет-ғұрыпты дәл танытатын еңбектері көзге түседі.

Живопись өнердің дамуы онымен үйлерін әсемдеушілердің сұранысымен ғана емес, көркем өнердің шығармаларының тауар немесе табыс пайда табуымен ғана түсіндіреді. Голланд суретшілері негізгі суреттеу, бейнелеу объектілері немесе нысандары бұрын басқа ешқандай ұлттық мектептер суретшілердің шығармаларынан толық көрініс тауып көрмеген қоршаған орта шындығы болды. Өмірдің әр түрлі салаларына тоқталу бейнелеу өнеріндегі реалистік тенденцияны нығайтты. Онда негізгі орынды тұрмыстық жанр портрет, пейзаж және натюрморт иеленді. Суретшілер ақиқат әлемді шынайы бейнелесе, соншалықты олардың шығармалары маңызды болды. Голландық реалистік бейнелеу оның құрылуы итальяндық бағытпен монолизммен күрес үстінде өті. Бұл бағыт өнерлерінің әрқайсысы голланд ұлттық живопись өнеріне жататын итальян суретшілерінің тәсілдерін пайдаланды. Солардан үйренді. 1609-1640 жылдарды қамтитын голландық бейнелеу өнерінің қалыптасуы ерте батысында реалистік негізгі бағыттағы портрет және тұрмыстық жанр болды.

Голландық портрет негізін салушы Франс Хальс (1570-1606) болды. Оның шығармашылық мұралары өзінің өткірлігі және әсер ету күштілігімен ұлттық мәлениеттің шегінен алысқа шығады. Ол 16-ғасырда дворяндық портреттің өзіне дейін қалыптасқан. Ол өзінің қоғамдық орнына сай емес, адам емес, өзінің бар табиғи мінезімен, эмоциясымен, сезімімен адамдарды қызықтырды.

Франс Хальс портреттерінде қоғамның барлық бөліктері берілген бюргерлер, қолөнершілер, төменгі тап өкілдері т.б.

Голландықтардың ең негізгі жетістіктері сурет өнерінде архитектура емес, мүсін өнрі емес живопись өнері болды. Станокты живопись голландықтардың сүйікті өнері болды. Голландықтар картинадан өдеріне таныс өздерінің табиғатын, теңізін, кемені, ғимараттарын, үйлерін, тұрмысын, заттарын көргісі келді.

Әлемді тануға оларда құлшыныс болды. Мұнда портрет және пейзаж, натюрморт және тұрмыстық жанр болды.



Дәріс №6. XVII ғасырдағы Испания өнері. Ұлттық көркем мәдениеттің ерекшеліктері.

Испания (Espano)-Европаның қиыр оңтүстік батыс шетіндегі мемлекет. Пиреней түбегінің 5\6 бөлігін алып жатыр. Құрамына Жерорта теңізіндегі Белиер, Питиус және Атлант мұхитындағы Канор аралдары кіреді. Батысында Португалиямен, оңтүстігінде Гибралтормен шектеледі. Солтүстігін Баской шығанағы, солтүстік батысымен оңтүстік батысында-атлант мұхиты, оңтүстігі мен шығысында –Жерорта теңізі, Жері 504,75 мың км2. Халқы 3401 млн. Астанасы-Мадрит қаласы. Әкімшілдік жағынан 50 провинцияға бөлінеді. Биреней түбегі 47 провинциясы 13 тарихи облысқа беріледі. Испанияның Африкада Батыс сахара отары бар және Марокко жағалауындағы бірнеше шағын аралдар да соған қарайды. Италия жеріндегі көне ескірткіштер палеолит дәуіріне салды. Кантабри тауы мен Альтамира үңгіріндегі тасқа қашап түсірген аңдардың суреті осыған дәлел. Неолит дәуірінен қыш ыдыстар, иберлерден тас қамалдардың қалдығы мен өрнектелген құмыралар сақталған. Рим үстемдігінен қалған театрлар мен ғибадатханалардың орны кездеседі. Мавритон өнерінің үлгісімен салынған құрылыстар бар, яғни Кордаведоты мешіт, 10 ғасырдың аяғында салынған. Испания өнерінің өз алдына қалыптасуы Реконкиста кезеңінен (8-9 ғасыр)басталады. Осы кезде Испанияның Италия, Франциямен мәдени байланысы күшейді. Тас қорғандар мен қамалдар салуда француздардың тәжірибесі қолданылды. X- XII ғасыр масарабтар құрылысқа кірпішті пайдаланды. XI ғасырда роман үлгісіне ұқсас 3 нефті қамал- шіркеулер салынды ( Рипалдағы Санта- Мария шіркеуі, 1020-1032 ж.ж.) Осы тұста салынған ең көрнекті деген шіркеулердің өзі ( Сантьяго –де- Компостоладағы шіркеулер) роман үлгісінен ұзап кете алмады. XIII ғасырдың I жартысында Бургос пен Леонда салына бастаған ғибадатханалардың жотағалдығы мен композициялық бөлшектілігі болмаса, француздың готикалық ғибадатханаларының айырмашылығы шамалы болды. X IV ғасырда төркіні мавритен архитектурасынан шыққан «мудехер үлгісі» туды. Ендігі жерде готика осы мудехордың құрамды бір бөлігіне айналды. Сол кездегі Испания бейнелеу өнеріне тән қасиет –тұрмыстық детальдарға ден қою, жалпы пішін мен бет бейненің шынайылығын қадағалау- католик мектебінің негізін салушыФеррер Бассонның творчествосынан айқын көрінеді. XV ғасырдың аяғында испан қайта өркендеу дәірінің ұлттық стилі- « платереско» қалыптасты. Онда готика жәнемудехор стилімен қатар итальян ренесанысының белгілері де болды. (Гранададағы Карл V сарайы, архитектура Б. Мечука) 16 ғасырда итальян өнері ықпалының күшейе түсуі испан суретшілерінің професионалдық машықтануына әсер етті. Осы тұстағы Эль Греко шықты. XII ғасырда Чурригеесно (архитекрура Чурригерлердің есімімен аталған) деген атпен пайда болған испан барахлосы XVIII ғасыр жалпы ұлттық испан кескіндемесі елеулі табысқа жетті. Өмір шындығының рухани мәнін ашуға ұмтылу, қарапайым заттарға назар аудару испан суретшілері Караваджомен жақындастыра түсті. Өмір мәнін шынайы түрде қабылдау, адам мінезіне ерекше көңіл бөлу –сол кездегі суретшілердің, әсіресе Д.Веласкестің шығармаларынан тамаша көрініс тапты. XVII ғасырдың 2 жартысында Италия өнерін сән-салтанатқа тым әуестену жалтылдаққа бой ұру, мистицизм сарыны байқалды. Италия өнерінің XVIII -X Ivғасырлардағы жаңа өрлеу Ф. Гойя творчествосымен байланысты. Гойя шығармалары Испан халқының ұлт-азаттық күрксімен біте қайнасып жатыр. Ол әсемдік пен қарапайым тіршіліктің гуманистік негізін дәріптеу мақсатымен шындықтың тұрпайы жақтарын қазбалаушыларға қарсы шығып, бүкіл Европа өнердің дамуына ықпал жасады. Испаниядан Гойяға еліктеген бірен-саран суретшілер ( Л. Аленса, Э.Лукас) болмаса, оның жолын ұстаған ешкім шықпады. 1830 жылдары испанияда өркендеген романтизм буржуазиялық –демократиялық қозғалыстың сәтсіздікке ұшырауына байланысты біршама бәсеңдеді. Бұл сәтсіздік XIX ғасырдың 2 жартысындағы Испания өнеріне өз табысын қалдырды. Испания архитектурасындағы ала-құлалық 1920жылдың аяғына дейін созылды. Тех «Модерн» стилін қолдаушы архитектор А.Гауди мен «оқтай түзу қала салу» жобасының авторы А.Сорио-\\- Матоның творчествосы қазіргі қала салу өнерін ілгері дамытты. Бірақ бқл да Испания архитектурасының ескішіл бағытын жас алмады. 1914-1918 жылы 1 дүние жүзілік соғыстан кейін « тарихи стильдер» қайта қалыптасып, ғимараттар осы үлгімен салынды. 1931 жылы Испан мемлекетінің құрылуына байланысты қала сару ісі жаңа қарқынмен ілгері дамыды. Испанияда фашистік диктатура орнаған кезде архитектурадағы жаңашыл бағыттар тез өзгеріп, белгілі архитекторлар шетелдерге кетуге мәжбүр болды. (Х.Л. Серт, Л. Локоса, Ф. Кондела т.б.) Құрылысқа « Эскориол» стилі енгізілді, шіркеулермен моностырьлар т.б. қомақты құрылыстар ірге көтерді. Фашистік Германия талқандалған соң «жаңа архитектура» жандана бастады. Функционалдық шешімдермен қоса « органикалы архитектура» және брутолизм принциптері жүзеге асты.

XIXғасырдың аяғымен –XXғасырдың басында Испания бейнелеу өнері дәстүрлі салондық академизмнен қол үзіп, имприссионизмге (Х.Соролья, Д.де Регойос) бой ұрды. XXғасырдың алғашқы 10 жылында Испания өнері француздардың ықпалында болды. Көптеген Кателон мүсіншілері (Х. Клара т.б.) А. Майольға еліктеді. Фашистік террор кезінде көптеген суретшілер өз творчествосымен антифашистік қозғалысқа үн қосты (А. Ибаралла) Осы тұста жер табиғатының дарқандығы мен кеңдігін, еңбекші халықтың сұлулығын паш еткен қылқалам шеберлері туды. ( Б. Боленсия, Г. Ортегия, Ф. Сон-Хосе, А. Дельгодо т.б.)



Дәріс №7. XVI ғасырдың соңы мен XVII ғасырдағы Италия өнері.

Италия Республикасы-Еуропаның оңтүстік бөлігіндегі мемлекет, Жерорта теңізінің жағалауында. Франциямен, Швейцариямен, Австриямен, Югославиямен шектеседі. 16 ғасырда бейнелеу өнері, гравюра, сән және қосалқы өнер ( үй жабдықтары, майолика, шыны) медаль соғу, театр декорация өнері көркемдіктің жоғары дәрежесіне көтерілді. 16 ғасырдың 80 жылдары Италия көркемөнер мәдениетінде маньеризм (мүсінші Б. Челлини, суретші, Я. Понтормо, Ф. Пармиджано,А.Бронзино) секілді тоқыраудың белгісін білдіретін жаңа ағымдардың тууына себепші болды. 16 ғасырдың аяғы мен 17 ғасырда Италия өнерінде бояуы бай, сәндіктің жоғары дәрежесіне көтерілген Барокко өнері (мүсінші Л. Бернини суретші Пьетро да Кортона, Л. Джордано) басты бағыт алды. 16 ғасырдың аяғында болонья мектебінде ( ағайынды Карраччи, Доминикино, Г.Рени.) академизм ағымындағыкескіндеме қалыптасты. Бұл ағымға Караваджо мен оның ізін қуған суретшілердің реалистік бағыттағы батыл демократиялық өнері қарсы күресті. Бұдан кейін де ішінара болғанымен 17-18 ғасырдың суретшілері Б. Строци, Д.Фети, С.Роза, Дж. Креспидің шығармаларынан өмір шындығы көрініс тапты. 17 ғасырдағы Венеция суретшілері ДЖ.Б. Тьеполо, А. Каналетто, Ф. Гварди тартымды әрі сыншыл туындылардың авторы, 17 ғасырда гравюра (Дж. Б. Перанизи) мен театр декорация өнерінде классицизм бой көрсетті. 17 ғасырда мүсінші А. Канавойдың бастауымен негізгі бағытқа айналған классицизм азаматтық профостан қол үзді. Арнайы академизмге қарсы күрес Италия романтизмін ( Ф. Гайцен, Д. Морелли) кейінірек реалистік өнердің тұрмыстық жанырымен табиғат көріністері суреттерін өмірге әкелді.

Итальян живописінің алтын ғасыры туып, (чинквечентоның бас кезеңдері) суретшілер әбден кемелденген шақта олар үшін Пьеро делла Франческаның өнері ескіріп кеткен сияқты болып көрінеді. Себебі Франческа өнері ұлы өрлеу кезеңдегі биліктерге талпыныс нышанындай болса кейінгі толқын суретшілер өздерінен бұрын қол жеткен кемел өнерді одан әрі өркендету бағытында ие болды.

Жарық пен бояулардың үздік жырмысы мен Пьеро делла Франческа советінің аса ірі өнер зерттушісі М.В. Алпатов айтқандай «жол салу мен ғана емес, өздері ұлы суретші болып қадір қасиетке бөлнеген шеберлердің қатарына жатады.

Замандастары «Живопись монарасы» деп атап кеткен Пьеро делла Франческа өз композицияларында айқындылық пен табиғи геометриялықты барынша таза, жеңіл түстермен тамаша үйлестіре білді. Мұндай шеберлікке оған дейін ешкімнің қолы жетпеген еді. Оның Арецодағы Сан Франческа шіркеуінде күш қуат беретін крест айқындаған. Аңыз тақ жасаған монументті фрескалары (1452-1446) ұмытылмастай әсер қалдырды. Онда дүниенің бәрін жайнатарлықтай, жарыққа малынған адамның фигуралары жердегі тірліктің мәңгілік символы ретінде алға тартылады. Олар барынша әсем және асқан ізгі бейнелер сонымен қатар адамның аса терең толғаныстары мен ойларын суретші болмашы ғана штрихтармен жарқырата ашып көрсете алған.

Сәл ғана түйілген қабақ жабырқау көз қарас кейде көңілге түсе қалатын көлеңке ізі... Пьеро делла Франческаның сулетті композициясынан ол салған суреттердің күмістей жарқыраған салт тұнығынан біздің көз алдымызға адам баласының ізгі қасиеттері, парасатты да шабытты өмірі жарқырап ашыла түседі деп бекерге айтылмаса керек. Ұзақ өмірдің соңғы жылдарында, ол 80 аяқ басқанда дүние салды. Көзі көруден қалғандықтан, ұлы суретші живопись саласында өзі ашқан ғылыми тұрғыда баяндаумен байланысты; оның қаламынан «Живописьтік перспектива туралы» және «Дұрыс денелер туралы» деген трактаттары дүниеге келді.

16 ғасырда бүкіл Европаға қанат жайған Қайта өркендеу дәуірінің өнері, әсіресе Жоғары Қайта өркендеу дәуірінде адамгершілікті паш еткен классикалық айқындығымен ерекшеленеді. Бұл дуірдің әйгілі өкілдері: Леонардо да Винчи, Микеланджело, Рафаэль, Джорджоне, Тициан т.б.

Леонардо да Винчи Флоренция мен Пиза Аралығындағы жарты жолда, Албан тауларының етегінде, Винчи қалашығы маңындағы Анкиано селениесіндегі 1452 жылы дүниеге келді. Оның балалық шағы өткен жерінің табиғаты аса ғажайып: Қарақышқыл тау өркештері жүзімдіктердің қаулаған жасыл желекті мен тұманданған шалғайлар. Сол таулардың арғы жағында алыста, Анкианодан көріне қоймайтын теңіз бар. Жарықта қалған мекен бірақ маңында кеңістіктермен шыңдар бар. Леонардо нотариус Пьеро да Винчидің некесіз туған ұлы еді. Пьероның өз ата бабалары да нотариус болатын әкесі, сірә Леонардоның тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген болуы керек.

Болашақ ұлы суреткердің ерекше дарындылығы өте ерте көрінді. Вазаридің айтуы бойынша «Ол бала кезінде өзінде арифметикаға жетік болғаны соншалық, тіпті өзінің сұрақтары оқытушыларды мүдіретіп отыратын болған. Сонымен қатар Леонарда музыкамен шұғылданды, лирикада кереметтей ойнай білді. Алайда сурет салу мүсін жасау оның қиялын бәрінен де көп елегізетін еді. Әкесі салған суреттердің байырғы досы Андреа Веронкиоға алып барады. Ол бұған таң қалып, жас Леонарда өз өмірін түгелдей живописпен арнауы керек деп ақыл қосқан 1466 жылы Леонарда Флоренциядағы Вероки шеберханасына шәкірт болып кірді. Көп ұзамай ол өзінің даңқты ұстазынан асып түскен еді.

Таңғажайып дүниеге құмарлық Леонарда да Винчиге тән сипат, алайда ол фантастиканы өзінің алғыр ойы мен табанды ерік жігеріне бағындырғысы келді. Жасанды қанаттары бар, үсіне сынап құйылған тірі кесіртке- фантастика, бірақ бұл нақтылы шындыққа айналған және өзінің қолға үйреткен фантастикасы. Міне осылайша кейде тіпті болмашы нәрселер арқылы да (өйткені шансқан қалқан мен мүйізді кесіртке қалай дегенде де болмашы нәрсе ғой) Леонардо да Винчи бала жасынан бастап өлгенше өзінің творчестволық күш қуатын қайта-қайта текстеріп отырған. Ал осы кү-қуат оның бүкіл жан дүниесін кернегенде ол ғаламат дүниелер тудыра білген.

Микеланджело жастайынан мүсін өнерімен живописке ғана емес, сонымен бірге оларға қатысты байланысты деген солардың барлығына өз өмірін арнаған еді. Ол мұнымен керемет құштарлықпен айналысқаны соншалық тіпті кейбір кездерде адамдармен араласудан қалды.

Микеланджело өзінің туған халқын жанындай сүйіп, туған жерінің ыстығын терең сезіне білді. Өз отанының қайғылы тағдыры, творчествосының шабыт берген сол кездегі Италян үлкен үміттерінің өшуі Микеланджелоның жанына жара салды. Ол соңғы деміне дейін өзінің сенімі үшін аянбай күресті.

Микеланджело бар өнерін салып, бізге табиғаттағы ең сұлу дүние адам фигурасы екнін, керек десеңіз, оның сұлулығынан тыс нәрсе мүлдем болмайтынын көрсеткісі келді.

Микеланджелоның живописьтік тас туындыларының бір ғана үлгісі сақталған. Ол әйгілі тондо «Құдай ана Дони» (заказ берушінің атымен атаған. Бұл композициясы арқылы отыз жасқа енді келсе де даңқы жер жарған Микеланджело живописьтік тамаша жетістіктері Флоренцияда бұрын соңды болып көрмеген жаңалық ретінде танылған жол бастаушы әріптесі Леонардадан да асып түспек болды.

Микеланджелоның (1504-1505) «Құдай ана Дони» мен Леонардо да Винчидің «Қасиетті анасы» сөз жоқ бір-біріне тең түсетін образдар. Екуіне ортақ мақсатта айқын. Ол мақсат-қимыл құдіретін барынша топтастыру, адуын қуадын, ерікке көндіру, сөйтіп оларды мызғымас тұтас дүниеге айналдыру.

Рафаэль Санти XV-XVI ғасырдағы бүкіл Итальян өнеріне өзінің барлық болмысында үйлесімділікпен, әсемдікпен, қанағатшылдықпен, өрілген ғой. Онда сезімді ақыл мен логика жеңіп ең ұстамсыз деген шабыттың өзін сабасына түсіреді. Міне осы орайда кемел адам идеалынан өзінің ең асқақ мұратына сүйеніш тапқан, бүкіл дүние жүзілік тарихта ең ұлылардың бірінен саналатын суретші бар. Ол суретші –Рафаэль.

Рафаэль-Урбинада туған, өле өлгенше ол Кортеджиано авторымен дос болған. Сірә суретші мен жазушы бір-біріне зор ықпал еткен, бір-біріне қажетті жандар болса керек. Рафаэльдің толыса бастаған кеменгерлігі Кастильоненің мол білімі мен идеяларымен молықты. Портреттің, живописьтің аса үздік шығармаларының қатарына –Рафаэль қылқаламынан туған Кастльоненің атақты портреті жатады.

Онша белгілі емес суретші және гуманист ақынның ұлы Рафаэль Санти жоғары құрметке ие болды. Рим папасы оның бұрын живопысьші жетіп көрмеген биік тұрғыға көтермек еді. Тек мезгілсіз келген ажал ғана Рафаэльдің кардинал болуына кедергі жасады.

Рафаэльдің ол нағыз кемеліне келіп даңқы асып тұрған шағында 37 жасында қайтыс болды.

Рафаэльдің өнері мен дархан талантына табынғысы келіп дүниеге осы сыйын тартты. Рафаэльдің тұла бойында –деп жазады Вазари ең сирек кездесетін ішкі жан сезімді тербейтін дарын жарқырап тұрды, оның бойында әсемдіктің еңбек сүйгіштіктің, сұлулықтың қарапайымдылық пен ізгі өнегеліктің мол үйлесім тапқаны соншалық, олар Рафаэльдің Урбинский сияқты бақытты дарындарды, егер астамшылық болмаса «құдай емес» бірақ құдайдан былай емес деп айтуға болалды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет