Барлығы – 90 сағат



бет6/7
Дата28.06.2016
өлшемі0.6 Mb.
#163722
1   2   3   4   5   6   7

9.Пікірлесу.

Пікірлесу әр топта кесте бойынша жүзеге асады. Студенттердің білімін бақылау тест тапсырмаларын орындату арқылы жүргізілуі мүмкін.




12.8 Студенттердің білімін тақырыптар бойынша тексеру және емтихан сұрақтары

      1. 1-7 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.


Салыстырмалық теориясы сұрақтары


    1. АСТ кіріспе. Майкельсон – Морли, Физо тәжірибелері. Эйнштейн постулаттары.

    2. АСТ-ның негізгі түсініктері. Сағаттар синхронизациясы.

    3. АСТ постулаттарының салдарлары

    4. Лоренц түрлендірулерін қорыту.

    5. Лоренц түрлендірулерінің салдары.

    6. Жылдамдықтар түрленуінің релятивистік формуласы.

    7. Физо тәжірибесін түсіндіру.

    8. Оқиғалардың арасындағы интервал. Интервал түрлері.

    9. Минковский әлемі.

    10. АСТ-ның төрт өлшемді кинематикасы: 4-радиус векторы, 4-импульс.

    11. АСТ-ның төрт өлшемді динамикасы: 4-күш, энергия,импульс, кинетикалық энергия, масса.

    12. 4- векторлардың түрлену заңдары.

    13. Өзара әсердің релятивистік моделі.

    14. Жарық кванты - фотон. Фотон - релятивистік бөлшек.

    15. Допплер эффектісі. 4-толқындық вектордың түрленуі.

Электродинамика cұрақтары


  1. Электродинамика пәні. Электр және магнит құбылыстары жайындағы ғылымның пайда болу және даму тарихы.

  2. Электр заряды және элетромагниттік өріс. Лоренц күші.

  3. Электродинамиканың эксперименттік негіздері. Кулон заңы. Элетростатика заңдары.

  4. Электродинамиканың эксперименттік негіздері. Ампер және Био-Савар-Лаплас заңдары. Электромагниттік индукция заңы. Ығысу тогы жайындағы гипотеза.

      1. 8-15 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.

  1. Вакуумдегі электромагнитік өріс. Максвелл теңдеулерін дифференциалдық және интегралдық түрі.

  2. Электромагниттік өрістің потенциалдары.

  3. Электромагниттік потенциалдар үшін жазылған өріс теңдеулері.

  4. Зарядтарды орын ауыстырғанда өрістің жұмысы.

  5. Электромагниттік өріс энергиясы. Энергияның сақталу заңы.

  6. Электромагниттік өріс импульсі. Электромагниттік толқынның қысымы. Зарядтар жүйесінде импульстің және импульс моментінің сақталу заңының орындалуы.

  7. Ваккумдегі стационарлы электромагниттік өріс.

  8. Зарядтар жүйесінен өте алыс нүктелердегі электростатикалық өрістің мультиполының құраушылары.

  9. Электростатикалық зарядтар жүйесінің энергиясы.

  10. Электр өрісінің тыныштықта тұратын зарядтар жүйесіне әсер күші.

  11. Вакуумдегі магниттік - статикалық өріс.

  12. Қашық нүктелердегі зарядтар жүйенің магнит өрісінің вектор - потенциалы.

  13. Магнит өрісінің қозғалыстағы зарядтар жүйесіне әсер күші.

  14. Магнитостатикалық өріс энергиясы.

  15. Жазық монохроматты толқындар. Электромагниттік толқындардың поляризациясы.

  16. Жазық электромагниттік толқындарының электр өрісінің кернеулігі мен магнит өрісінің индукция векторының потенциалдарымен байланысы.

  17. Кейбір электродинамикалық шамалардың () релятивистік түрі және бір инерциалды санақ жүйесінен екіншісіне көшкенде өзгеруі.

  18. Зарядтың сақталу заңы мен Лоренцтің калибрлеу шартының және Даламбер теңдеулерінің релятивистік ковариантты түрі.

  19. Е және В векторларының бір инерциалды санақ жүйесінен екіншісіне ауысқанда түрленуі. Өріс инварианттары.

  20. Электромагниттік өріс тензоры және Максвелл теңдеулерінің ковариантты түрі.

  21. Электромагниттік толқындардың теңдеулері және олардың шешімдері.

  22. Жазық электромагниттік толқындарының Е және В векторлары мен потенциалдарының арасындағы қатынастар.

  23. Жазық монохроматтағы толқындар электромагниттік толқындардың поляризациясы.

  24. Қозғалыстағы зарядтар жүйесінен қашық нүктелерде электромагниттік өріс потенциалдарының қатарға жіктелуі.

  25. Электрлік дипольдың сәуле шығаруы.

  26. Магниттік дипольдың сәуле шығаруы.

      1. Емтиханға дайындық сұрақтары.




  1. Салыстырмалық теориясына кіріспе. АСТ –нің негізгі принциптері және негізгі түсініктері. Сағаттарды синхрондау. Майкельсон – Морли, Физо тәжірибелері. Эфир гипотезасы. Энштейн постулаттары.

  2. АСТ – постулаттарының салдары: уақыттың салыстырмалығы, ұзындықтар салыстырмалығы.

  3. Лоренц түрлендірулері.

  4. Лоренц түрлендірулерінің салдары. Меншікті уақыт.

  5. Жылдамдықтар түрлендірулерінің релятивистік формуласы. Физо тәжірибесі.

  6. Оқиғалардың арасындағы интервал.

  7. Минковский әлемі.4 өлшемді кеңістік.Векторлардың түрлендіру матрицасы.

  8. АСТ – ның төрт өлшемді кинематикасы 4- жылдамдық, 4- импульс.

  9. АСТ – ның төрт өлшемді динамикасы 4 – күш релятивистік қозғалыс теңдеулері.

  10. Релятивистік механикада бөлшектің энергиясы , импульсы. Олардың арасындағы байланыс. Масса дефектісі.

  11. АСТ – нда 4 – векторлардың түрленуі.

  12. Өзара әсердің релятивистік моделі.

  13. Жарық кванты. Фотон – релятивистік бөлшек.

  14. Допплер эффектісі. 4 – толқындық вектордың түрленуі.

  15. Электродинамика пәні. Электромагнитизм жайында ғылымның пайда болуы және дамуы.

  16. Электр заряды және электромагниттік өріс. Лоренц күші.

  17. Электродинамиканың эксперименттік негіздері. Ампер, Био – Савар – Лаплас және электромагниттік индукция заңдары. Ығысу жайындағы гипотеза.

  18. Электродинамиканың эксперименттік негіздері : Кулон заңы. Электростатика заңдары.

  19. Вакуумдегі электростатикалық өріс. Максвелл теңдеулерінің интегралдық және дифференциалдық формасы.

  20. Электромагниттік өрістің потенциалдары.

  21. Электромагниттік потенциалдар үшін жазылған өріс теңдеулері (Даламбер теңдеулерін қорыту).

  22. Зарядтарды орын ауыстырғанда өрістің жұмысы.

  23. Электромагниттік өріс энергиясы. Энергияның сақталу заңы.

  24. Электромагниттік өрістің импульсы. Жарық қысымы. Зарядтар жүйесінде импульстің және импульс моментінің сақталу заңдары.

  25. Вакуумдегі стационарлы электромагниттік өріс.

  26. Зарядтар жүйесінен қашық нүктелердегі электромагниттік өрістің мультиполдің құраушылары.

  27. Электростатикалық зарядтар жүйесінің энергиясы.

  28. Сыртқы электр өрісінің тыныштықта тұратын зарядтар жүйесінде әсер күші.

  29. Вакуумдегі магнитостатикалық өріс.

  30. Магнит өрісінің қозғалыстағы зарядтардың жүйесіне әсер күші және оның моменті.

  31. Қашық нүктелерде қозғалмайтын зарядтар жүйесінің магнит

өрісінің вектор – потенциалы..

  1. Магнитостатикалық өрістің энергиясы.

  2. Кейбір электродинамикалық шамалардың (q,j,,A) релятивистік түрі. Бір ИСЖ – нен екіншісіне өткенде түрленуі.

  3. Зарядтың сақталу заңы мен Лоренцтің калибрлеу шартының және Даламбер теңдеуінің релятивистік ковариантты түрі.

  4. Е және В векторларының бір ИСЖ – нен екіншісіне ауысқанда түрленуі. Өріс инварианттары.

  5. Электромагниттік өріс тензоры және Максвелл теңдеулерінің ковариантты түрі.

  6. Зарядталған бөлшектің сыртқы электромагниттік өрістегі қозғалыс теңдеулерінің ковариантты түрі.

  7. Электромагниттік толқындардың теңдеулері және олардың шешімдері.

  8. Жазық электромагниттік толқындарының Е және В векторлары мен потенциалда-рының арасындағы қатыстар.

  9. Жазық монохроматтағы толқындар электромагниттік толқындардың поляризациясы.

  10. Қозғалыстағы зарядтар жүйесінен қашық нүктелерде электромагниттік өріс потенциалдарының қатарға жіктелуі.

  11. Электрлік дипольдық сәуле шығаруы.Магниттік дипольдық сәуле шығаруы.







    1. Курс бойынша жазба жұмыстарының тақырыптары (реферат, баяндама, курстық жұмыс т.б.)

Салыстырмалық теориясынан реферат тақырыптары


  1. Релятивистік бөлшектердің соқтығысуы.

  2. Релятивистік бөлшектердің қозғалыс теңдеуін шешудің мысалдары.

  3. Ядролық физикадағы энергия мен импульстің сақталу заңы.

  4. Релятивистік физикадағы Лагранж әдістемесі.

  5. Лоренц түрлендірулерінің геометриялық интерпретациясы.

  6. Электродинамика принциптері мен салыстырмалық теория.

  7. Жарық фотондары – реалитивистік бөлшек. Доплер эффектісі.

  8. Өзара әсердің релятивистік моделі.


Электродинамикадан реферат тақырыптары

  1. Электрдинамиканың пайда болуы және көрнекті ғалымдары.




3. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТЫЛУ КАРТАСЫ

Дәрісханалық (дәріс, практикалық, семинарлық, лабораториялық, сабақтар) және дәрісханадан тыс (ОЖСӨЖ: курстық және дипломдық жұмыстары, СӨЖ тапсырмалары) сабақтардың оқу әдебиеттерімен қамтылуын көрсетеді

Пәннің әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы
Кафедра “Физика”

тьютор Кенжалиев Д.И.



Пән “Электр және магнетизм”

Кредит саны 3





Әдебиет атауы


Барлығы


Ескерту


кітапханада


кафедрада


Студенттердің қамтылу пайызы (%)

Электронды түрі


1

2

3

4

5

6

7

1

Гершензон В.М., Малов Н.Н. Курс теоретич. физики: Электродинамика

105

-

100

-




2

Беллюстин С.В. Классическая электрон. теория.

28













3

Ландау Л.Д. Лифшиц Е.М. Теория поля, Курс теорет. физики т.ІІ

17













4

Угаров В.А. Спе-циальная теория относительности

33













5

ПеннерД.И. Лекции по электродинамике.

10













2

СавельевИ.В. Осн-овытеорет. физики т1Механика и электродинамика

15

-

100

-




3

Матвеев А.Н. Электричество и магнетизм М.: Высшая школа 1983.

14

-

80

-




6

Тобаяқов. Ж. Электр және магнетизм, Алматы, 1988

80

-

100

-




9

Әбілдаев Ә.Х. Электродинамика негіздері. Алматы, Рауан, 1994

9

-

55

-




Мерзімді басылымдар:

1.

«Физика және астрономия»,ж. Алматы




Периодика оқу залында

2.

«Физика в школе». Ж. Россия. Москва




Периодика оқу залында

3.

«Физика». Газета. Приложение к газете «Первое сентября»




Қалалық кітапхана



4. ПӘН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ




Жұмыс түрі

Тапсырманың мақсаты мен мазмұны


Ұсынылатын әдебиеттер

Орындау мерзімі және тапсыру уақыты (аптасы)

Балл

Бақылау түрі

1

Реферат

Тақырып бойынша негізгі баяндама

Мултановский В.В.ВасилевскийА.С. Курс теоретической физики. Классическая электродинамика М. 1990

4 апта

5% (үй тапсырмасы түрінде беріледі)

Реферат және баяндама

2

ОЖСӨЖ тапсырмаларын орындау

(барлығы 12 тапсырма)

Талдау және танымдық қабілеттерін арттыру

Семинар тақырыбына байланысты

ОЖСӨЖ кестесі бойынша берілген уақыт шеңберінде


Тақырып бойынша

1 – 4% дейін (аралық бақылау түрі ретінде)

Тапсырмалардың орындалуын, сұрақтарға жауап беру қабілетін тексеру

3

Практика үй тапсырмаларын орындау

Есеп шығару дағдысын

дамыту




Кесте бойынша уақыт шеңбері

0,2-2,8% дейін

Есеп шығарылуын тексеру

4

Бақылау жұмысы

Есеп шығару дағдысын тексеру




7-апта

14-апта

1-5% дейін

Есеп

5

Емтихан

Білімді кешенді тексер







Тест





5. ГЛОССАРИЙ

Физика, электр және магнетизм пәні бойынша глоссарий


Қазақшасы

орысшасы

ағылшыншасы

Электр өткізгіштік

Электропроводность

Conduction

Электр өрісі

Электрическое поле

The Electric field(margin)

Электр тогы

Электрический ток

The Electric current

Электр заряды

Электрический заряд

The Electric charge

Өріс кернеулігі

Напряженность поля

Field tension

Өріс индукциясы

Индукция поля

Field induction

Электризация

Электрлену

Electrification

Электр потенциалы

Электрический потенциал

The Electric potential

Разность потенциалов

Потенциалдар айырмасы

Potential difference

Электр кедергісі

Электрическое сопротивление

The Electric resistance

Ток күші

Сила тока

Amperage

Электр кернеуі

Электрическое напряжение

The Electric voltage (tension;stress)

Электр тогының тығыздығы

Плотность электрического тока

Density of the electric current

Электр ығысу

Электрическое смещение

The Electric offset (displacing)

Диэлектрлік өтімділік

Диэлектрическая проницаемость

Dielectric conductivity

Вакуум

Вакуум

Vacuum

Орта

Среда, вещество

substance

Диэлектрик

Диэлектрик

Dielektrik

Өткізгіш

Проводник

The Conductor

Жартылай өткізгіш

Полупроводник

The Semiconductor

Магнит өрісі

Магнитное поле

The Magnetic field (margin)

Магниттік индукция

Магнитная индукция

The Magnetic induction

Магнит өрісінің кернеулігі

Напряженность магнитного поля

The Tension of the magnetic field(margin)

Магнит өтімділігі

Магнитная проницаемость

Magnetic conductivity

Магнит ағыны

Магнитный поток

The Magnetic flow (stream; duct)

Электромагниттік индукция

Электромагнитная индукция

The Electromagnetic induction

Электр қозгаушы (ЭҚК)

Электродвижущая сила



Электрсиымдылық

Электроемкость

Capacitу

Конденсатор

Конденсатор

The Condensator, condenser, Capacitor

Электростатикалық өріс

Электростатическое поле

The Electrostatic field (margin)

Меншікті кедергі

Удельное сопротивление

Specific resistance

Өткізгіштерді қосу

Соединение проводников

Connection of conductors

Тоқ көзі

Источник тока

Source of current

Тізбектеп қосу

Последовательное соединение

Series connection

Параллель қосу

Параллельное соединение

Multiple connection

Тоқ тасымалдаушы

Носители тока

Current …

Заряд жылдамдығы

Скорость заряда

Charge velocity

Заң

Закон

Law

Заряд тығыздығы

Плотность заряда

Charge density

Еркін зарядтар

Свободные заряды

Free charge units

Жартылай өткізгіш

Полупроводник

Semiconductor

Зоналық теория

Зонная теория

Zone theory

Контактідегі потенциалдар айырмасы

Контактная разность потенциалов

Contact difference of potentials

Шығу жұмысы

Работа выхода

Jab our output

Термоэлектрлік құбылыс

Термоэлектрические явления

Thermoelectric phenomena

Газ разряды

Газовый разряд

Gas discharge

өздік және өздік емес газ разряды

Самостоятельный и несамостоятельный разряд

Self maintained / non – self maintained gas discharge

Электролит

Электролит

Electric – thrower

Иондар

Ионы

Ions

Термоэлектрондық эмиссия

Термоэлектронная эмиссия

Thermoelectric emission

Электрлік диссоциация

Электролитическая диссоциация

Electrolytic dissociation

Иондалу

Ионизация

Ionization

Заряд тығыздығы

Плотность заряда

Charge density

Магнит моменті

Магнитный момент

Magnetic instance

Ампер күші

Сила Ампера

Ampere force

Лоренц күші

Сила Лоренца

Laurence force

Үдеткіш

Ускоритель

Accelerator

Холл эффектісі

Эффект Холла

Hall effect

генератор

Генератор

Generator

Өзгеру жылдамдығы

Скорость изменения

Alternation velocity

Электрлік тербеліс

Электрические колебания

Electric oscillations

Айнымалы тоқ

Переменный ток

Alternating current

Актив кедергісі

Активное сопротивление

Active resistance

Индуктивтік кедергі

Индуктивное сопротивление

Inductive resistance

Реактивтік кедергі

Реактивное сопротивление

Reactive resistance

Сыйымдылық кедергі

Емкостное сопротивление

Capacity resistance

Кернеу диаграммасы

Диаграмма напряжений

Diagram of tension

Қуат

Мощность

Power

Қуат коэффициенті

Коэффициент мощности

Power efficiency

Электрлік тербелмелі контур

Электрический колебательный контур

Electric oscillations conductor

Сызықтық жиілік

Линейная частота

Line frequency

Циклдік жиілік

Циклическая частота

Cyclic frequency

Тербеліс периоды

Период колебаний

Oscillation period

Томсон формуласы

Формула Томсона

Thomson’s formula

Тербеліс фазасы

Фаза колебаний

Oscillation phase

Бастапқы фаза

Начальная фаза

Initial phase

Электромагниттік өріс

Электромагнитное поле

Electromagnetic field

Электромагниттік толқын

Электромагнитные волны

Electromagnetic waves

Толқын жылдамдығы

Скорость волны

Wave velocity

Сәуле шығару

Излучение

Radiation

Жұмыс

Работа

Work

Энергия

Энергия

The Energy



Салыстырмалық теориясынан өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. Кіріспе тақырыбы бойынша:

1) Классикалық механика қозғалыстың қандай түрлерін зерттейді?

2) Классикалық механиканың шектеулері қандай?

3) Энергия мен импульс шамаларының мағынасы бойынша релятивистік физика көзқарасының ерекшелігі қандай?

4) АСТ – ның негізін қандай постулаттар құрайды?

5) Галилейдің салыстырмалық принципінің электродинамикамен қайшылығы неде?

6) Эфир гипотезасы жайында не білесіз?

7) Майкельсон-Морли тәжірибесінің негізгі идеясы және қортындысы қандай?


2. «АСТ-ның негізгі түсініктері» тақырыбы бойынша:

1) АСТ-дағы санақ жүйесі ұғымына не кіреді? Классикалық механикадағы сәйкес ұғымынан айырмашылығы қандай?

2) Оқиға дегеніміз не? Сигнал дегеніміз не?

3) Қандай жылдамдық релятивистік, ал қандайы релятивистік емес?

4) ИСЖ – да са5аттар синхрондалуы қалай іске асырылады?

5) Меншікті және координаталық уақыт дегеніміз не?

6) Сызғыштар салыстырмалы козғалыс бағытына перпендикуляр орналасқанда ұзындықтары өзгере ме?

7) Сызғыштар салыстармалы қозғалыс бағытына параллель орналасканда ұзындықтары өзгере ме?

8) Уақыттың салыстырмалығыұғымы нені білдіреді?

3. «Лоренц түрлендірулерінің салдары» тақырыбы бойынша:

1) Жылдамдықтар өте жай болғандаЛоренц түрлендірулеріқандай түрде болады?

2) Бұл уақыттылықтың салыстырмалығы ұғымын қалай Лоренц түрлендірулері арқылы қалай дәлелдеуге болады?

3) Қайсысы ұзақ өмір сүреді: Тез қозғалатын бөлшектер ме, әлде жай қозғалатын бөлшектер ме?

4) Ұзындықтар салыстырмалылығын Лоренц түрлендірулері арқылы қалай дәлелдеуге болады?

4) Физо тәжірибесінің негізгі мақсаты не? Қортындысы қандай?

5. Интервалдың түрлері қандай?

1) Оқиғалар қандай да бір ИСЖ да бір нүктеде болуы үшін олардың арасындағы интервал қандай болуы керек?

2) Оқиғалар қандай да бір ИСЖ-да бір уақытта болуы үшін олардың арасындағы интервал қандай болуы керек?

3) Оқиғалар қандай да бір ИСЖ -да әрі бір нүктеде әр бір уақытта болуы үшін интервал қандай болуы керек?

6. Минковский әлемі

1) Лоренц түрлендірулері Минковский әлемінде қандай сызықтық координат түрлендірулеріне сәйкес келеді?

2) Сигнатура дегеніміз не?

3) 4-өлшемді радиус векторының құраушысы қандай?

4) 3-кеңістіктегі физикалық шамаларды, 4-кеңістікте көрсету үшін қандай принциптерге сүйену керек?

7. 4-жылдамдық, оның квадраты, 4-импульс құраушылары?

8. 1) 4-күштердің құраушылары?

2) Энергия мен импульстардың өзара байланысы?

3) Массалар дефектісі дегеніміз не?

4) Кинетикалық энергияның салыстырмалық теориясындағы формуласы?

9. 1) 4-векторының түрлену заңдарын қорыту үшін қандай формулаға сүйенеміз?

2) 4-импульстерінің түрлену заңдарына мысал келтіріңіз?

3) 4-күштің түрлену заңдарына мысал келтіріңіз?





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет