Барлығы 6 сағат, аптасына сағат



бет1/6
Дата02.10.2023
өлшемі33.25 Kb.
#479426
  1   2   3   4   5   6
Дүниетану КТЖ 2023-2024 ж 4-сынып


Дүниетану
4- сынып
Барлығы 36 сағат, аптасына 1 сағат
Авторлары: Б. Тұрмашева, С. Салиш, В. Пугач
Алматы «Атамұра» 2019


Түсінік хат
«Дүниетану» пәні «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен,Қазақстан Республикасы Оқу – ағарту министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі №399 бұйрығының 29-қосымшамен бекітілген. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалықжәнекәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленген (Нормативтікқұқықтықактілердімемлекеттіктіркеутізілімінде
№ 29031 болыптіркелген.«Дүниетану» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес оқытылады.
«Дүниетану» пәнін оқытудың мақсаты- ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан білім алушылардың бойында адам, табиғат және қоғамның өзара байланысуы және өзара тәуелділігі туралы білім жүйесін қалыптастыру.
«Дүниетану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 4-сыныпта-1 сағат, оқу жылында- 36 сағатты құрайды.
«Дүниетану» оқу пәнінің мазмұны адам, табиғат және қоғам, оның ішінде отбасы, мәдениет, денсаулық, қарым-қатынас, ұлт, қауымдастық, мемлекет, қоршаған табиғи орта сияқты оқыту нысандарына тоғыстырылған. Бұл пәннің ерекшелігі- біз өмір сүретін әлем туралы мағлұмат алу болып табылады.
«Дүниетану» пәнін оқытудың міндеттері:
-білім алушыларда қоғам және табиғат құбылыстары мен нысандарының өзара байланысы мен өзара тәуелділігі туралы түсінік қалыптастыру;
- білім алушыларға табиғи, әлеуметтік және технологиялық ортадағы мінез-құлық нормаларын және қауіпсіздік ережелерін түсінуге;
-білім алушыларда табиғи және әлеуметтік шынайылықты тану әдістерін: бақылау, эксперимент, сауалнама тәжірибелерінің қалыптасуына;
-білім алушылардың танымдық әрекетін дамытуға;
- білім алушыларды қазіргі қазақстандық қоғамға тән ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеуге;
- білім алушылардың өзін қоршаған ортаға, қоғамның табиғи және мәдени құндылықтарына дұрыс қатынастарын қалыптастыруға бағытталады.

5.14- кесте. «Дүниетану» оқу пәні бойынша жиынтық бағалаудың саны





Сынып

Бөлімдер бойынша жиынтық бағалау саны

1- тоқсан

2- тоқсан

3- тоқсан

4- тоқсан

4-сынып

1

1

1

1




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет