Бас әкімшілік ғимараты



Дата03.03.2016
өлшемі19.33 Kb.
#35998
Еуразия ұлттық университеті

Бас әкімшілік ғимараты,

Баспасөз қызметі

136 кабинет

Тел.: +7 (7172) 709-548, 709-500 (вн.31-116,)

Мекенжай:

Казақстан, 010008,. Астана қаласы,

Мирзоян көшесі, 2.  Л.Н. Гумилев атындағы
Ақпараттық хабарлама
2014 жылы 7 ақпанда Сочи қаласында басталатын ХХІІ қысқы олимпиада ойындарына қатысатын (Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің үш студенті бар) қазақстандық студенттерді қолдау мақсатында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасындағы дәстүрлі «Денсаулық және сергектік» спартакиада өз жалауын көтермек. ХХІІ спартакиаданың салтанатты ашылу рәсімі 2014 жылдың 15 қаңтар күні сағат 15.00-де «Еуразия» спорт кешенінде (Д.Ықыласұлы 23) өтеді.

Волейбол, шахмат, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, футбол, балық аулау, армрестлинг, бильярд, гір көтеру, шаңғы секілді спорттың он екі түрін қамтыған спартакиада 14-31 қаңтар аралығына жоспарланып отыр. Шараның мақсаты – қысқы олимпиада ойындарына қатысатын қазақстандық студенттерді қолдау ғана емес, сонымен қатар Елбасының Қазақстан халқына арнаған жолдауында атап өтілгендей, салауатты өмір салтын қалыптастыру – салауатты ұлттың алтын діңгегі, яғни жоғары оқу орны оқытушылары мен қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

Биылғы спартакиадаға 1500 профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер тартылып, жалпы жарысқа 15 команда қатысқалы отыр: 13 факультетті есептемегенде олардың ішінде әскери кафедра мен ректорат ұжымы бар.

Соңғы жылдары университет спорттың барлық түрінен жоғары нәтижеге қол жеткізіп келеді. Қазіргі таңда оқу орнында спорттың 39 түрінен секция жұмыс істейді. Спортшылардың жыл сайынғы жетістігі жаман емес: республикалық байрақты бәсекелерді айтпағанда, Азия және Еуропа ойындарында әдемі ойын өрнегін көрсетіп, жүлделі орындардан көрініп жүр. Мысалы, 2012 жылы жазғы Лондон олимпиадасында қол жеткізген жетістікке университет спортшыларының қосқан үлесі қомақты.



Университеттің спорттағы жетістігі мен табыстарын айтып түгесу мүмкін емес: өткен жылы қазан айында бірінші курс студенті Ажар Кеңбейіл жасөспірімдер арасында самбо күресінен Әлем чемпионы атанса, Әліби Қалил, Ерсұлтан Аблахатов, Ердәулет Жеңіс екі күміс, бір қола медальды қоржынға салды. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық унверситетінің спортшылары Шымкент қаласында өткен ҮІІ республикалық универсиадада қола медалды жеңіп алды. Студенттер арасындағы «Е-Лига» футбол чемпионаты жыл сайын дәстүрге айналған.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет