Бас әкімшілік ғимараты



жүктеу 17.34 Kb.
Дата04.07.2016
өлшемі17.34 Kb.
Еуразия ұлттық университеті

Бас әкімшілік ғимараты,

Баспасөз қызметі

136 кабинет

Тел.: +7 (7172) 709-548, 709-500 (вн.31-116,)

Мекенжай:

Казақстан, 010008,. Астана қаласы,

Мирзоян көшесі, 2.  Л.Н. Гумилев атындағы

Баспасөз хабарламасы
Жырсүйер қауымды ақын-драматург Серік Тұрғынбекұлымен кездесу кешіне шақырамыз!

Бүгін (10 ақпан, 2014 ж.) Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университінде (ФСН акт залы) Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ақын, драматург Серік Тұрғынбекұлымен кездесу кеші өтеді.

1946 жылы қасиетті Торғай өңірінде туған Серік Тұрғынбекұлының есімі жырсүйер қауымға жақсы таныс. Көптеген жыр кітаптарының авторы. Бірнеше мүшайралардың жеңімпазы. Айталық, 1995 жылы Абай Құнанбайұлының туғанына 150 жылдық мерейтойы, 2013 жылы Астананың 15 жылдығына орай ұйымдастырылған ақындар мүшайрасында бас жүлдені иеленді.

Шырын шақтарын Алматы қаласында өткізіп, елмен бірге Елордаға қоныс аударған Серік Тұрғынбекұлы Астана жайлы керемет туындыларды дүниеге әкелді. Кейкі батыр, Мұқағали жайлы пьесалары да театр сахнасынан түспей келеді.

Бүгінгі кешті ақын «ӨМІР - ӨЛЕҢ» деп атаған. Демек, шығармашылық кеште ӨМІР туралы жыр да оқылады, сыр айтылады, ән де шырқалады.

Келіңіздер, көріңіздер! Елорда тұрғындары мен қала қонақтарына ЕҰУ есігі ашық. Кештің басталуы - сағат 17-00-де.


Ұйымдастарушы:

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Өткізу күні: 2014 жыл 10 ақпан, сағат 17.00 Өткізу орны: ЕҰУ, Янушкевич көшесі 6,  №4 оқу ғимаратының акт залы

Аккредитациядан өту үшін, ЕҰУ баспасөз-қызметіне хабарласыңыздар

+7 (7172) 709 -548

+7(7172) 70-95-00 (31-116,31-118 внутр)

+ 7 702 363 60 05, lyaka-tompi@mail.ru – Ляйля Рахманова

+7-701 366 35 99, zann_e22@mail.ru - Еркежан Садуақасова


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет