Басқарманың міндеттері



Дата13.06.2016
өлшемі98.5 Kb.
#131377





№ исх: 03-06/2785 от: 16.08.2013

«ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары


  1. Басқарманың миссиясы: Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары саласында басшылықты жүзеге асыру.

  2. Басқарманың міндеттері:

  1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көлік қызметін мемлекеттік реттеу және басқаруды жүзеге асыру (іске асыру);

  2. жолаушылар көлігі қызметінде реттелетін нарық құру;

  3. жалпы қолданыстағы автомобиль жолдары саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, автожол саласының қызметін реттеу және басқару;

  4. ведомстволық бағынысты мекемелердің қаржыландыру жоспарын орындауларын және бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізулерін бақылау;

  5. Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік актілерінің, облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері және өкімдерінің, Басқарма басшысының бұйрықтары және өкімдерінің орындалуын іске асыру және бақылау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

  1. Басқарманың функциялары:

  1. жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) тасымалдауды автомобиль көлігімен және ауданаралық (қалааралық) тасымалдауды теміржол көлігімен ұйымдастыру, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар өткiзу («Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 14 бабы 2-тармағы 1) тармақшасы);

  2. автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру («Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 14 бабы 2 тармағы 1-1) тармақшасы);

  3. жолаушылар мен багажды тұрақты ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) тасымалдаулар маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту («Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 14 бабы 2 тармағы 2) тармақшасы);

  4. жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық қалааралық автомобильмен тасымалдаулар маршруттарын және қозғалыс кестелерiн келiсу («Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 14 бабы 2 тармағы 3) тармақшасы);

  5. автовокзалдар мен автостанциялардың тiзiлiмiн жүргiзу («Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 14 бабы 2 тармағы 5) тармақшасы);

  6. жолаушыларды және багажды таксимен тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастау алдында әкімшілік рәсімдер туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметтің басталғандығы туралы хабарлама жіберген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу («Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 26 бабының 1 тармағы;

  7. жолаушылар мен багажды тұрақты ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) автомобильмен тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзу («Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 14 бабы 2 тармағы 6) тармақшасы);

  8. жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауды, оның iшiнде ауданiшiлiк және ауылдық тасымалдауды дамыту бағдарламасын әзiрлеу («Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 14 бабы 2 тармағы 8) тармақшасы);

  9. тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету жөніндегі қызметтің жүзеге асырылуының басталғандығы туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу («Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 14 бабы 2 тармағы 6-1) тармақшасы);

  10. жолаушылар көлiгiн дамытудың кешендi сызбасын және жол қозғалысын ұйымдастыру жобаларын әзiрлеу («Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 14 бабы 2 тармағы 9) тармақшасы);

  11. халықаралық техникалық байқау сертификатын беру («Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шілдедегі Заңының 19-1 бабының 1 тармағы);

  12. механикалық көліктің және оның тіркемелерінің міндетті техникалық байқаудан өткізу кестесін келісу («Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шілдедегі Заңының 19-3 бабының 2 тармағы 10) тармақшасы);

  13. жолаушыларды ауданаралық (облысiшiлiк қаларалық) қатынастарда әлеуметтiк мәнi бар тасымалдауларды жүзеге асыру кезiнде тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялауды жүзеге асыру («Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 14 бабы 2 тармағы 10) тармақшасы, «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабы 4 тармағы 3) тармақшасы);

  14. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауды жүзеге асыру («Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 14 бабы 2 тармағы 10-1) тармақшасы);

  15. ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) және қала маңындағы темір жол қатынастарын айқындау («Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабы 4 тармағы 4) тармақшасы);

  16. облыстың жергiлiктi атқарушы органының шешiмi бойынша тиiмдi жұмыс iстеуi үшiн кiрiс деңгейiн қамтамасыз етпейтін авиабағыттарды субсидиялауды жүзеге асыру («Әуе бағыттарын субсидиялау ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 қаулысының 2 тармағы);

  17. меншік түріне қарамастан, тасымалдаушылар көлігімен жүк тасымалдарын үйлестіру («Облыстың 2010 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2011 жылға арналған міндеттер туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 19 қаңтардағы № 2 қаулысы);

  18. облыстық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын әзiрлеу және iске асыру («Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 13 бабы 1-1 тармағы 1) тармақшасы);

  19. облыстық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу және күтiп ұстау жөнiндегi жұмыстарды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес ұйымдастыру («Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 13 бабы 1-1 тармағы 2) тармақшасы);

  20. облыстық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының, елдi мекендер көшелерiнің желiсiн басқару («Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 13 бабы 1-1 тармағы 3) тармақшасы);

  21. облыстың коммуналдық меншiгiндегi жолдарды және жол кәсiпорындарын басқару («Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 13 бабы 1-1 тармағы 4) тармақшасы);

  22. облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу және күтiп ұстау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу кезiнде мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру («Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 13 бабы 1-1 тармағы 5) тармақшасы);

  23. жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерiн өтеусiз уақытша пайдалануға беру туралы шешiм қабылдау («Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 13 бабы 1-1 тармағы 6) тармақшасы);

  24. өз құзыретi шегiнде облыстық коммуналдық мүлiктi басқару саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу және бекiту («Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17 бабы 1) тармақшасы);

  25. облыстық коммуналдық мүлiктi басқару, оны қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асыру («Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17 бабы 3) тармақшасы);

  26. облыстық коммуналдық мүлiктi жекешелендiру туралы шешiм қабылдау («Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17 бабы 4) тармақшасы);

  27. облыстық коммуналдық заңды тұлғаларды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы, сондай-ақ акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерге қатысу, оларды құру, қайта ұйымдастыру, тарату, акционерлiк қоғамдардың өздерiне тиесiлi акцияларын, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiн иелiктен шығару туралы шешiмдер қабылдау («Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17 бабы 6) тармақшасы);

  28. облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың жарғысын (ережесiн), оған енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту немесе жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын, облыстық коммуналдық мүлiкке билiк етуге уәкiлеттi атқарушы органға оcыған уәкiлеттiк беру («Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17 бабы 7) тармақшасы);

  29. облыстық мемлекеттiк кәсiпорындардың қызметiнiң басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетiлетiн қызметтерiнiң) мiндеттi көлемдерiн айқындайды («Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17 бабы 8) тармақшасы);

  30. «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда облыстық мемлекеттiк кәсiпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөнiндегi есептерiн қарау, келісу және бекіту («Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17 бабы 9) тармақшасы);

  31. облыстық мемлекеттiк кәсiпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң даму жоспарларының орындалуын бақылау мен талдауды жүзеге асыру («Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17 бабы 10) тармақшасы);

  32. облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың филиалдар мен өкiлдiктер құруына келiсiм беру («Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17 бабы 12) тармақшасы);

  33. облыстық коммуналдық мүлiктi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне сәйкес ақшаны жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталына немесе акционерлiк қоғамдардың акцияларын төлеуге беру туралы шешiм қабылдау («Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17 бабы 13) тармақшасы);

  34. «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 10-бабында көзделген жағдайларда және тәртiппен облыстық коммуналдық мүлiктi ауданның, облыстық маңызы бар қаланың коммуналдық мүлкiнiң деңгейiне беру туралы шешiм қабылдау («Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17 бабы 15) тармақшасы);

  35. облыстық коммуналдық мүлiктi пайдалану туралы, оның iшiнде оны кепiлге, жалға алуға, өтеусiз пайдалануға және сенiмгерлiкпен басқаруға беру туралы шешiм қабылдау («Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17 бабы 17) тармақшасы);

  36. облыстық коммуналдық мүлiктiң пайдаланылуына және сақталуына бақылауды қамтамасыз ету («Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17-бабы 23) тармақшасы);

  37. «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру («Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17 бабы 28) тармақшасы).

Басқарма қызметінің қысқаша сипаттамасы

«Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Басқарма ұйымдық–құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.



Байланыс деректері (телефон, факс, пошталық және электрондық мекенжай)

Басқарманың орналасқан жері: индексі 070004, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1, 702-354, факс 702-518, transportvko@mail.ru



Басқарма басшысының функционалдық міндеттері

Мемлекеттік орган: Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

Лауазымның толық атауы: Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы

Санаты: D-O-1



1. Лауазым туралы ақпарат:

Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкіміне, оның орынбасарларына бағынады, қызметтік өкімдер мен бұйрықтар алады. Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы атқаратын лауазымына Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен тағайындалады және қызметтен босатылады.

Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы өз қызметінде Қазақстан Республикасының Ата заңын, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы», 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 Қазақстан Республикасындағы еңбек кодексі, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметкерлердің ар-намыс кодексі нормаларын (Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің қызмет этикасы ережесін) сақтау, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын, облыстық атқарушы және уәкілетті органдардың нормативтік актілерін, Шығыс Қазақстан облысы әкімдінің қаулыларын, Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы туралы ережені, 9001:2000 СТ ИСО стандарттары талаптарын, Басқармаға сапа бойынша басшылық ету, Басқарманың сапа менеджменті жүйесінің ішкі құжаттарын, осы лауазымдық нұсқау мен ішкі еңбек тәртібі ережелерін басшылыққа алады.Сапа саласындағы Саясатты және мақсаттарын, сапа менеджменті жүйесінің ішкі құжаттарын білуі қажет.

2. Негізгі міндеттері:

2.1 Жүктелген құзіреттер шегінде басқарма жұмысын басқарады және өз уақытында сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.

2.2 Жергілікті деңгейде мемлекеттік қызметтерді өз уақытында және толық орындалуын қамтамасыз етеді.

3. Аталған лауазымдағы жұмыс қызметкерден мынадай біліктілікті талап етеді:





Талаптар

Білімі

Көлік, автомобиль жолдары, құрылыс саласындағы мамандық бойынша техникалық немесе экономикалық немесе заңгерлік мемлекеттік басқару

Мамандығы бойынша ең төменгі еңбек өтілі

Осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда бес жылдан кем емес еңбек өтілінің бар болуы, сонымен бірге басқарушы лауазымда екі жылдан кем емес еңбек өтілінің болуы немесе мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметкерлерді дайындау және қайта даярлау мемлекеттік бағдарламалары бойынша оқуды аяқтау (докторантура) немесе шетелде кадрларды дайындау бойынша Республикалық комиссиямен бекітілген басымды бағыттар бойынша шетел жоғары оқу орындарын аяқтау

Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі

Мемлекеттік қызметте төрт жылдан кем емес еңбек өтілінің болуы, немесе мемлекеттік тапсырыстың негізінде мемлекеттік қызметкерлерді дайындау және қайта даярлау бойынша оқуды аяқтаған жағдайда немесе шетелде кадрларды дайындау бойынша Республикалық комиссиямен бекітілген басымды бағыттар бойынша шетел жоғары оқу орындарын аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдам кем емес болуы қажет немесе басқарушы немесе өзге лауазымдарда үш жылдан кем емес еңбек өтілінің болуы (магистратура, бакалавриат)

4. Негізгі міндеттері мен құқықтары:

4.1 Басқарманы облыс әкімі тағайындайтын бастық басқарады, оның заңнамада белгіленген тәртіппен бастық лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын орынбасарлары бар.

4.2 Бастық Басқарманың жұмысын ұйымдастырады және басқарады және оған жүктелген міндеттерді орындау мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапкершілікте болады.

4.3 Осы мақсаттарда басқарма бастығы:

1) өзінің орынбасарлары мен Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің міндеттерін және өкілеттіктерін анықтайды;

2) заңнамаға сәйкес Басқарманың қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

3) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарманың қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және оларды көтермелейді;

4) Басқарманың актілеріне қол қояды;

5) Басқарманың бөлімдері туралы ережені бекітеді;

6) өз құзіреті шегінде мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдарда Басқарманың атынан шығады;

7) Басқарманың атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

4.4 Облыстағы көлік қызметтері нарығын тұрақтандыру мақсатында бірыңғай көлік саясатын қалыптастыру.

4.5 Тиісті көлік қызметінің сапасымен қамтамасыз ету және көлік кешенін дамыту.

4.6 Облыстың нысаналы әлеуметтік-экономикалық көлік кешенін және жол шаруашылығын дамытуды әзірлеу, үйлестіру және іске асыру.

4.7 Жергілікті атқарушы органдармен өзара әрекетте барлық жол-құрылыс және жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру.

4.8 Автомобиль жолдары мен ондағы құрылыстарды техникалық және пайдалану жағдайын тексеруге қатысу, төтенше жағдайлар туындаған жағдайда қажетті шараларды қабылдау.

4.9 Кәсіпкерлік пен тауарлар мен қызмет көрсету нарығында бәсекелестікті дамытуға үлес қосатын, ұйымдастыру, экономикалық және құқықтық сипаттағы шараларды әзірлеу және іске асыру.

4.10 Инвестициялық саясатты жүргізу, сонымен қатар функционалдық міндеттеріне сәйкес өзге қызметті жүзеге асырады.

4.11 Бөлімдерді жалпы басқаруды іске асырады, сонымен қатар бөлімдердің қызметін жақсарту бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады, олардың құрылымын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындайды.

4.12 Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары, сонымен қатар облыстың темір жол, әуе, өзен және автомобиль көлігін жетілдіру және дамыту бойынша басқарма қызметін басқару, өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс әкімінің, әкімнің орынбасарларының бұйрықтары мен өкімдерінің орындалуына бақылау жасауды іске асырады.

4.13 Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының, облыс әкімдігі қаулыларының, Облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалу барысын бақылайды.

4.14 Осы лауазымдық нұсқауда қаралған, міндеттермен байланысты жұмыстарды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.

4.15 Өзінің лауазымдық міндеттерін сапалы және уақытында орындау.

4.16 Материалдық-техникалық ресурстарды тиімді пайдаланады.

4.17 Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және Қазақстан Республикасын еңбек кодексында қарастырылған мемлекеттік қызметкердің құқықтарын жүзеге асырады.



5. Лауазымдық міндеттерді іске асыруға қажетті жұмыстағы өзара қарым-қатынастар (байланыстар).


Байланыс түрі

Жиілігі

Мақсаты

Ішкі қарым-қатынастар.

Басқарманы басқару



Арнайы

Ақпараттар, құжаттарға, хаттарға және басқа ұйымдастырушы-басқарушы құжаттарға қол қою

Басқарманың барлық деңгейдегі қызметкерлері

Күнделікті

Жұмыстарды ұйымдастыру, ақпараттық алмасу, мәселелерді шешу

Сыртқы қарым-қатынастар.

Облыстық атқарушы және уәкілетті органдар



Арнайы

Ақпараттық алмасу, есептер, мәселелерді шешу

Қазақстан Республикасы жеке және заңды тұлғалары азаматтары

Арнайы

Хаттар мен өтінімдерді қабылдау, қарастыру және жауап беру, конкурстарды, тендерлерді өткізу



6. Сіздің жұмысыңызды тікелей басшы мынадай көрсеткіштер негізінде бағалайды:

6.1 Тапсырмаларды сапалы және өз уақытында орындау, лауазымдық міндеттерді орындау, еңбек және қызметтік тәртіпті сақтау.


7. Толықтырулар мен өзгерістер:



№ р/с

Лауазымдық нұсқаудағы өзгерген тармақ

Жаңа редакция

Өзгерген күні

Өзгерісті бекіткен
















































8. Жауапкершілік:

Басқарма бастығы өзінің лауазымдық міндеттерін сапалы және өз уақытында орындамаса, Қазақстан Республикасының әрекеттегі заңнамасына сәйкес тәртіптік жауапкершілікке тартылады.



Басқарма басшысы туралы ақпарат
Исахов Мақсұт Пернебайұлы - 1974 жылы 23 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының Қазақстан ауылында дүниеге келген. 1996 жылы «Экономист — ауыл шаруашылығы өнімдерін ұйымдастыру» біліктілігі бойынша Қазақстан ауыл шаруашылық  институтын бітірген. 1999 жылы «Заңгер» біліктілігі бойынша Д.А. Қонаев атындағы Гуманитарлық институтты бітірген. Үйленген.

Еңбек қызметі: 08.1996 — 02.2000 ж.ж. — Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Бас ІІД Қылмыстық іздеу басқармасының ішкі істер органдарында қызмет атқарды, Шымкент қ.

02.2000- 02.2005 ж.ж.  — Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша бас кеден басқармасының маманы, аға, бас маманы, Шымкент қ.

02.2005-03.2005 ж.ж. — Алматы облысы, «Достық» кеденінің кедендік рәсімдеу бөлімінің бас маманы.

03.2005-01.2006 ж.ж. — Алматы облысы «Достық» кеденінің кедендік рәсімдеу бөлімі бастығының орынбасары.

01.2006-06.2006 ж.ж. — Алматы облысы, «Достық» кеденінің кедендік рәсімдеу бөлімінің бастығы.

06.2006-08.2006 ж.ж. — Кедендік бақылау департаментінің Контрабандамен күрес басқармасы тергеу ісі және экономикалық қылмыспен күрес бөлімінің маман-тергеушісі, Астана қ.

08.2006-12.2006 ж.ж. — «Әуежай — Астана» кеден бекетінің бас маманы, Астана қ.

12.2006-09.2007 ж.ж. — «Қарағанды — кедендік рәсімдеу орталығы» кеден бекетінің бастығы, Қарағанды қ.

02.2008-07.2008 ж.ж. — «Бірлестік» ШҚ басқарушы директоры, Астана қ.

07.2008-10.2008 ж.ж. — «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ, «Жорлаушы тасымалдаулар» АҚ сатып алулар және жабдықтау басқармасы бастығының орынбасары, Астана қ.

10.2008-07.2009 ж.ж. — «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ, «Жорлаушы тасымалдаулар» АҚ сатып алулар және жабдықтау басқармасының бастығы, Астана қ.

07.2009-04.2010 ж.ж. — «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ, «Жорлаушы тасымалдаулар» АҚ сатып алулар және жабдықтау бойынша атқарушы директоры, Астана қ.

05.2010-10.2011 ж.ж. — «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ — «Жаңа импортты алмастыратын өндірісті дамыту орталығы» филиалының директоры, Астана қ.

6.10.2011 — 26.01.2012 ж. — Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, Өскемен қ.

2012 жылғы 26 қаңтарда «ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ бастығы лауазымына тағайындалды, Өскемен қ.



Азаматтарды қабылдау уақыты: әр айдың бірінші сәрсенбісі, сағат 16-00 ден 18-00 дейін

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет