Басқармасының Қаулысы


-1-тарау. Секьюритилендіру барысында меншікті капитал



бет2/7
Дата25.02.2016
өлшемі0.94 Mb.
#24133
1   2   3   4   5   6   7

2-1-тарау. Секьюритилендіру барысында меншікті капитал

жеткіліктілігі коэффициентін есептеудің ерекшелігі
31-1. Оригинатор банк (бұдан әрі – оригинатор) Базель II: Капиталды және капитал стандарттарын өлшеудің халықаралық конвергенциясы: жаңа тәсілдер (2006 ж. маусым), шектеулі тәсіліне сәйкес меншікті капиталды есептеуге секьюритилендірудің шектеулі тәсілін пайдаланады, егер секьюритилендіру мәмілесін жүзеге асыру нәтижесінде елеулі кредиттік тәуекел үшінші тарапқа берілсе, бұл ретте секьюритилендірілген активтер кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген (бұдан әрі - секьюритилендірудің шектеулі тәсілі) оригинатор активтерінің есебінен алынып тасталуы мүмкін.

Секьюритилендіру мәмілелерінде қатысатын және оригинатор болып табылмайтын банктер осы мәміледе олардың ұстанатын секьюритилендіру позицияларын кредиттік тәуекелдер дәрежесі бойынша мөлшерленгенді есептеу барысында осы Нұсқаулыққа сәйкес секьюритилендірудің шектеулі тәсілін қолданады.

31-2. Банктер меншікті капиталды есептеу барысында секьюритилендірудің шектеулі тәсілін қолдану үшін оригинатор уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) осы Нұсқаулықтың 12-қосымшасына сәйкес сауалнама;

2) секьюритилендірудің шектеулі тәсілін қолданудың мақсатқа лайықтылығын айқындауға жауапты, банктің Басқармасы құрамынан тұлғаларды айқындайтын құжат;

3) шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын шетелдік арнайы қаржы компанияларымен секьюритилендірудің трансшекаралық мәмілелері үшін бағалы қағаздар шығарылымы (не облигациялық бағдарлама) проспектісінің көшірмесі не

«Секьюритилендіру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын секьюритилендіру мәмілелері үшін облигациялық бағдарламаны (не облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

4) осы Нұсқаулықтың 13-қосымшасына сәйкес секьюритилендіруді ескере отырып және секьюритилендіруді ескерместен меншікті капитал К2 жеткiлiктiлiк коэффициенті туралы мәліметтер.



31-3. Егер қандай да бір ұсынылатын құжаттар шет тілінде әзірленсе, онда оның мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы ұсынылады.

31-4. Ұсынылған құжаттарды уәкілетті орган оларды алған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде қарайды.

31-5. осы Нұсқаулықтың 31-2-тармағымен көзделген құжаттарды қарағаннан кейін уәкілетті орган меншікті капиталды есептеу барысында секьюритилендірудің шектеулі тәсілін банктердің қолдануына растау беру не бас тарту туралы шешімді қабылдайды және жазбаша нысанда бұл туралы оригинаторға хабарлайды.

Банктердің меншікті капиталды есептеу барысында секьюритилендірудің шектеулі тәсілін қолдануға растау мынадай жағдайда берілмейді:

1) осы Нұсқаулықтың 31-2-тармағына сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсынбаса;

2) осы Нұсқаулықтың 31-7, 31-9-тармақтарының талаптарына сәйкес келмесе.

31-6. Оригинатор тәуекелді берудің қажеттілігін айқындау мақсатында мыналарды жүзеге асырады:

1) секьюритилендіруді ескерместен меншікті капитал К2 жеткiлiктiлiк коэффицентін есептеуді;

2) секьюритилендіруді ескере отырып, меншікті капитал К2 жеткiлiктiлiк коэффицентін есептеуді.

31-7. Тәуекелді беру маңызды болып табылады, егер:

1) секьюритилендіруді ескере отырып меншікті капитал К2 жеткiлiктiлiк коэффициентінің мәні секьюритилендіруі ескерілмеген меншікті капитал К2 жеткiлiктiлiк коэффициентінің мәнінен артық болса;

2) банк конглемератының мүшелері болып табылмайтын, оригинатор тиесілі үшінші тарап, секьюритилендірілген активтермен қамтамасыз етілген транштың 10 процентінен кем емесін ұстап қалады.

Меншікті капитал К2 жеткiлiктiлiк коэффициенті үтірден кейін үш белгісі бар санмен көрсетіледі.

31-8. Егер секьюритилендіруді ескере отырып, меншікті капитал К2 жеткiлiктiлiк коэффициентінің мәні секьюритилендіру ескерілмеген меншікті капитал К2 жеткiлiктiлiк коэффициентінің мәнінен аз болса, тәуекел берілмейді. Бұл жағдайда, оригинатор меншікті капиталды есептеу барысында секьюритилендірудің шектеулі тәсілін пайдаланбайды және секьюритилендіруді ескерместен тиісінше тәуекелдердің мөлшерленген шамасын есептейді. Бұл ретте оригинатор меншікті капиталдан олардың ұстанатын секьюритилендіру позицияларын шегермейді және/немесе меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициентін есептеу барысында активтердің кредиттік тәуекелі дәрежесі бойынша осындай позицияларды мөлшерлемейді.

31-9. Оригинатор мынадай талаптарды орындау барысындағы активтердің кредиттік тәуекелдерінің дәрежесі бойынша мөлшерленген есептеулерден секьюритилендірілген активтерді алып тастайды:

1) секьюритилендірілген активтермен байланысты елеулі кредиттік тәуекел үшінші тараптармен ауыстырылған болатын;

2) секьюритилендіру мәмілесі бойынша құжаттар мәміленің экономикалық мәнін көрсетеді;

3) арнайы қаржы компаниясы секьюритирлендірілген активтер бойынша төлемдерді борышқорлардың төлемеуімен байланысты барлық тәуекелдерді көтереді, оның ішінде және оригинатордың (төлем қабілеттсіздігі) банкроттығы жағдайында;

4) осы Нұсқаулықпен көзделген жағдайларды қоспағанда, оригинатор мыналарды орындауға тиіс емес:

арнайы қаржы компаниясындағы дауыс беру құқығы бар акцияларды не жарғылық капиталға қатысудың тура немесе жанама үлесін иеленуге;

арнайы қаржы компаниясындағы директорлар кеңесі немесе басқарма мүшелерінің басым көпшілігін тағайындауға немесе сайлауға;

шартпен немесе өзге тәсілмен арнайы қаржы компаниясының шешімдерін айқындауға;

секьюритилендіру мәмілесіне қатысты тиісінше шарттар немесе құжаттарда көзделгендерден басқа, арнайы қаржы компаниясынан секьюритилендірілген активтерді сатып алу бойынша өзіне қандай да бір міндеттемелерді қабылдауға;

секьюритилендіру мәмілесіне қатысты тиісінше шарттарда немесе құжаттарда көзделгендерден басқа, секьюритилендірілген активтерге қатысты қандай да бір тәуекелдерді ұстап қалу бойынша міндеттемелерді өзіне қабылдауға;

арнайы қаржы компаниясының секьюритилендірілген активтерді бергеннен кейін секьюритирлендірумен және арнайы қаржы компаниясы қызметімен байланысты шығыстарды көтеруге;

арнайы қаржы компаниясына қандай да бір нысанда жанама қолдау көрсетуге. Сондай-ақ оригинатормен айрықша қатынастармен байланысты тұлғаларға жанама қолдау көрсетуге жол берілмейді.

Оригинатор, сондай-ақ оригинатормен айрықша қатынастармен байланысты тұлғалар арнайы қаржы компаниясына ақшалай түрдегі талаптар (бұдан әрі-кредиттік қамтамасыз ету) бойынша көмекті не осындай қолдау ұсыну секьюритилендіру мәмілесіне қатысты сәйкесінше шарттармен немесе құжаттармен көзделмеген жағдайларда, өзге қолдауды көрсеткенде жанама қолдау туындайды.

Оригинатор немесе оригинатормен айрықша қатынастармен байланысты тұлғалар секьюритилендірудің кейінгі мәмілелерін жасау барысында арнайы қаржы компаниясына жанама қолдау көрсету фактілері анықталған жағдайда, оригинатор секьюритилендірілген активтер бойынша капиталға қойылатын талаптарды төмендету мүмкіндігінен айырылады;

5) арнайы қаржы компаниясымен шығарылған бағалы қағаздар

оригинатордың төлем міндеттемелерін білдірмейді;

6) тәуекелдер берілетін тарап секьюритилендірудің бір немесе бірнеше мәмілесін жүзеге асыру үшін құрылған арнайы қаржы компаниясы болып табылады;

7) егер, секьюритирлендіру мәмілесінде кері сатып алу опционы көзделсе, онда мынадай барлық талаптар орындалады:

кері сатып алу опционы оригинатордың қарауымен ғана іске асырылады;

кері сатып алу опционы секьюритирлендірілген активтер бойынша өтелмеген негізгі міндеттемелердің жалпы мөлшері не шығарылған бағалы қағазар бойынша негізгі міндеттемелердің жалпы мөлшері 10 процент мәніне жеткен және олардың бастапқы мөлшерінен төмен болған жағдайда ғана іске асырылуы мүмкін;

кері сатып алу опционы секьюритирлендіру позициясының кредиттік сапасын жақсарту мақсатында құрылымдалмауы мүмкін;

8) оригинатор секьюритилендірілген активтерді сатып алуы не оларды жиынтығымен мынадай талаптарды сақтағанда басқа активтерге ауыстыруы мүмкін:

секьюритилендірілген активтерді олардың әділ нарықтық құнынан аспайтын құн бойынша сатып алынады;

сатып алынатын секьюритилендірілген активтердің міндеттемелері жоқ, олар бойынша тиісінше міндетті тараптың дефолты орын алды, әділ нарықтық құн бойынша сатып алынатын активтерді қоспағанда;

ауыстырылатын секьюритилендірілген активтерде тиісінше (ұқсас) классификациялық санат болуы тиіс.

Оригинатор секьюритирлендірілген активтерге қызмет көрсету бойынша қызметтер көрсетуі, сондай-ақ секьюритирлендірілген активтерге қатысты өтімділік құралдарын ұсынуы мүмкін, бұл құралдар осы Нұсқаулықтың 31-15-тармағында белгіленген талаптарды қанағаттандырған жағдайда.

31-10. Оригинатор тәуекелді беру қажеттілігі жағдайында банк конгломератының меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффиценттерін есептеу барысында активтердің кредиттік тәуекелдері деңгейі бойынша мөлшерленген есептеулерден секьюритирленген активтерді алып тастайды.

31-11. Меншікті капиталдан банк ұстанатын және Standard&Poor's агенттігінің «ВВ-» төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингттік агенттіктерінің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі не Standard & Poor's ұлттық шәкілі бойынша «kzВВ» төмен рейтингтік бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осындай деңгейдегі рейтингі бар не тиісінше рейтингттік бағасы жоқ секьюритирлендіру позициялары шегерілуге жатады, осы Нұсқаулықтың 31-13-тармағында санамаланған талаптарға сәйкес келетін позицияларды қоспағанда.

Шегерім бірінші деңгейдегі капиталдан елу процент және екінші

деңгейдегі капиталдан елу процент мөлшерінде бөлінуі тиіс. Шегерілетін

позициялар олар бойынша құрылған арнаулы резервтер (провизиялар) бойынша құрылған сомаға кемиді.

31-12.Секьюритилендіру позициялары – бұл секьюритилендіру мәмілесіндегі тәуекелдер және ол секьюритилендіру мәмілесімен

байланысты банкте туындайтын баланстық және баланстан тыс активтерді, шартты және ықтимал міндеттемелерді білдіреді. Секьюритилендіру позицияларына позицияның кредиттік сапасы негізінде тәуекелдің (тәуекелдің салмақтық коэффициенті) тиісінше деңгейі берілуі тиіс, ол осы Нұсқаулыққа сәйкес кредиттік рейтинг негізінде анықталуы мүмкін. Мұндай позицияларға оригинатордың арнайы қаржы компаниясына ұсынатын заемдары жатады; арнайы қаржы компаниясына қатысты оригинатордың шартты және мүмкін талаптары мен міндеттемелері; банктің арнайы қаржы компаниясының бағалы қағаздарын сатып алуы; ұсынылатын кредиттік қамтамасыз ету (credit enhancements); өтімділік құралдары; проценттік немесе валюталық своптар; кредиттік деривативтер; резервтік шоттар (ақшамен қамтамасыз ету шоты) үшін қаражаттарды ұсыну және басқалар. Секьюритилендіру позициясына аталған компанияның банктік шоттарын ашу сияқты банктің арнайы қаржы компаниясына банктік қызмет көрсетулерді ұсынуына байланысты туындайтын, арнайы қаржы компаниясына қатысты банктің активтері, шартты және мүмкін міндеттемелері енгізілмейді. Бұл ретте:

1) секьюритилендіру мәмілесінде түрлі транш бойынша тәуекелдердің болғанда, әрбір транш бойынша тәуекел секьюритилендірудің жеке позициясы сияқты мөлшерленеді;

2) секьюритилендіру позициялары бойынша кредиттік қамтамасыз етуді ұсынатын тұлғалар секьюритилендіру позицияларын ұстап қалатын тараптар ретінде қарастырылады;

3) сыйақы ставкаларын және валюта бағамдарын өзгерту тәуекелдерін хеджирлеу мақсатында жасалған туынды қаржы құралдары бойынша позициялармен байланысты тәуекелдер секьюритилендіру мәмілесіндегі жекелеген позициялар сияқты мөлшерленеді;

4) баланста ұсталынатын секьюритилендіру мәмілесіндегі позиция тәуекелінің шамасы өзінің баланстық құнына тең;

5) секьюритилендіру мәмілесіндегі баланстан тыс позиция тәуекелінің шамасы конверсиялық факторға көбейтілген өзінің номиналдық құны 100 процентке тең, егер өзгесі осы Нұсқаулықпен белгіленбесе.

31-13. Кредиттік рейтингі жоқ секьюритилендіру позициясы тәуекелінің орташа алынған шамасын есептеу үшін банк осындай позицияға түсінілетін рейтингті қолдануы мүмкін.

Болжанатын рейтинг мынадай тәртіппен қолданылады:

1) кредиттік рейтингі бар секьюритилендіру позициясының ағымдағы кредиттік рейтингі пайдаланылады, ол рейтингі жоқ, секьюритилендіру позициясының реттелу деңгейі бойынша тең болып табылады, немесе

2) егер, рейтингі бар позициялардың ешқайсысы, рейтингі жоқ позициямен реттелу деңгейіне тең келмесе, секьюритилендіру позициясының (осындай бар болса) реттелу деңгейі бойынша ең жоғары ағымдағы кредиттік рейтингі пайдаланады, ол рейтингі жоқ осындай позицияға реттелу деңгейі бойынша кемдеу болып табылады.

Болжанатын рейтингті пайдалану барысында кредиттік рейтингі бар секьюритилендірудің барлық позициясы ескеріледі.

31-14. Егер, секьюритилендіру барысында арнайы қаржы компаниясымен шығарылған бағалы қағаздар (бұдан әрі-өтімділік құралдары) бойынша инвесторларға секьюритилендірілген активтер және төлем мерзімдері бойынша қаражаттарды алу мерзімдері арасындағы ықтимал сәйкессіздіктерді жабу үшін банк қаржыландыруды ұсыну мақсатында арнайы қаржы компаниясымен шарттық қатынастарға түсетін болса, онда бір жылға дейін қоса алғанда бастапқы өтеу мерзімімен өтімділік құралдарының мөлшерінің 20 процентіне тең конверсиялық фактор немесе егер құралдың бір жылдан астам бастапқы өтеу мерзімі болса, 50 процентке тең конверсиялық фактор пайдаланылады.

31-15. Өтімділік құралдары – секьюритилендірілген активтердің өтімділігін көтеруге мүмкіндік беретін шаралар. Өтімділік құралдары мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:

1) өтімділік құралының шарттары оны пайдалануы мүмкін жағдайларда міндеттемелерді нақты айқындауы және шектеуі тиіс. Өтімділік құралы аясында қаражаттарды алу мүмкіндігі секьюритилендірілген активтерді иеліктен алу нәтижесінде толығымен өтелуі толығымен мүмкін сомамен шектелуі тиіс және кез келген қосымша кредиттік қамтамасыз ету, ол бойынша төлемдер өтімділік құралы бойынша төлемдерге қатынасы бойынша реттелген.

2) құралды пайдалану сәтінде келтіріліп қойған шығындарды өтеу арқылы кредиттік сапаны қамтамасыз ету үшін өтімділік құралы пайдаланылмауы мүмкін, құралды пайдалану сәтінде дефолт болып өткен тәуекелдерге қатысты өтімділікті ұсыну арқылы немесе олардың әділ құнынан жоғары баға бойынша активтерді сатып алу арқылы;

3) өтімділік құралы секьюритилендіруді тұрақты немесе тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін пайдаланылмауы мүмкін;

4) өтімділік құралын пайдалану барысында алынған қаражаттарды өтеу, сыйақы ставкасын және валюта бағамдарын, сыйақыларды, комиссияларды және секьюритилендіру мәмілесін орындауды қамтамасыз етуді ұсынған тұлғаларға тиесілі басқа ұқсас төлемдерді өзгерту тәуекелдерін хеджирлеу мақсатында жасалған туынды қаржы құралдары негізінде туындайтын талаптар қоспағанда, инвесторларға қойылатын талаптарға қатынасы бойынша реттелмеуі тиіс. Қаражаттарды өтеу өзгермеуі немесе мерзімі ұзартылмауы мүмкін;

5) өтімділік құралы қосымша кредиттік қамтамасыз ету пайдаланылғаннан кейін пайдаланыла алмайды, ол осындай құралға қатынасы бойынша реттелген болып табылады;

6) өтімділік құралында дефолт болған тәуекелдердің шамасына

құралдарды пайдалану барысында алынуы мүмкін қаражаттар сомасын автоматты түрде кеміту туралы шарт немесе секьюритилендірілген тәуекелдердің жиынтығы рейтингі бар құралдардан тұрған жағдайда, егер жиынтықтың орташа сапасы инвестициялық деңгейден төмен түсірілсе, құралды пайдалануды тоқтату туралы шарт болуы тиіс.

31-16. Секьюритилендірілген активтерге қызмет көрсететін және өтімділік құралын беретін банк барлық төмендегі жағдайларды сақтаған жағдайда 0 процентке тең конверсиялық факторды пайдаланады:

1) қаражаттарды беру туралы келісімге сәйкес банктің қаражатты толық өтеуге сөзсіз құқығы бар;

2) банктің талап ету құқығы секьюритирленген активтерден алынған қаражаттарға қатысты қойылатын барлық талаптарға қатынасы бойынша реттелген деңгейі бойынша аса жоғары болып табылады;

3) банк алдын ала хабарламастан келісімді бұзуға сөзсіз құқығы бар;

4) осы келісім осы Нұсқаулықтың 31-15-тармағында белгіленген талаптарды қанағаттандырған жағдайда.



3-тарау. Бір заемшының барынша жоғары тәуекел мөлшері
32. Бір заемшы» деген терминді банктің талаптары бар немесе осы Нұсқаулықтың 34-тармағында көрсетілген талаптар оларға туындауы мүмкін әрбір жеке немесе заңды тұлға деп түсінуге болады.

Екі немесе одан да көп заемшылардан тұратын топтың тәуекел мөлшері егер заемшылардың әр қайсысының тәуекел мөлшері банктің меншікті капиталының 0,05 процентінен асатын болса, бір заемшы үшін жиынтықты түрде, сондай-ақ мынадай міндеттемелердің бірі болған жағдайда есептеледі:

1) заемшылардың бірі ірі қатысушы (акционерлік қоғамдағы, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктегі немесе қосымша жауапкершілікті серіктестіктегі ірі қатысушы;коммандиттік серіктестіктегі толық жолдас; толық серіктестікке қатысушы), аффилиирленген тұлға, жақын туыс (ата-анасы, баласы, асыраушысы, асырап алған баласы, туған және туысқан бауыры немесе қарындасы (үлкен апасы) атасы, әжесі, немересі), ері/зайыбы, ері/зайыбының жақын туысы, басқа заемшының бірінші басшысы, не басқа заемшымен мәміле жасауға мүдделі тұлға;

2) ірі қатысушы, аффилиирленген тұлға, жақын туыс, ері/зайыбы, ері/зайыбының жақын туысы немесе заемшының бірінің бірінші басшысы не бір заемшымен мәміле жасауға мүдделі тұлға - ірі қатысушы, аффилиирленген тұлға, жақын туыс, ері/зайыбы, ері/зайыбының жақын туысы немесе басқа заемшының бірінші басшысы не бір заемшымен мәміле жасауға мүдделі тұлға болып табылады;

3) ірі қатысушы, аффилиирленген тұлға, жақын туыс, ері/зайыбы, ері/зайыбының жақын туысы немесе заемшының бірінің бірінші басшысы не бір заемшымен мәміле жасауға мүдделі тұлға - ірі қатысушы, аффилиирленген тұлға, жақын туыс, ері/зайыбы, ері/зайыбының жақын туысы немесе басқа заемшының бірінші басшысы не бір заемшымен мәміле жасауға мүдделі тұлға болып табылады не ірі қатысушының, аффилиирленген тұлғаның, жақын туыстың, ері/зайыбының, ері/зайыбының жақын туысының немесе басқа заемшының бірінші басшысының не басқа заемшымен мәміле жасауға мүдделі тұлғаның мәміле жасауға мүдделі тұлғасы болып табылады;

4) заемшылардың бірі банктен заемға алған ақшасын басқаға пайдалануға заемшының меншікті капиталынан асатын мөлшермен бергендігін растайтын жеткілікті негіздеме бар болса;

5) заемшылар банктен банктің заемшысы болып табылмайтын сол бір ғана үшінші тұлғаға пайдалануға осы заемшылардың жиынтықты меншікті капиталынан асатын мөлшердегі заемды бірлесіп немесе жекелей бергендігін растайтын жеткілікті негіздеме бар болса;

6) заемшылар бір-бірімен мынадай байланыста, яғни заемшылардың бірінің (Қазақстан Республикасының банктерінен басқа) ортақ не басқа заемшының міндеттемелері бойынша оның активтерінің он процентінен асатын сомада субсидиарлық жауапкершілігі бар болса;

7) бір заемшының лауазымды тұлғасы банктің басқа заемшыларының қызметіне қаржылық жағынан мүдделі болса;

8) заемшылар бір-бірімен өзара бірлескен қызмет туралы шарт не бірлескен қызмет туралы шарттың белгілері бар өзге құжат арқылы байланысса;



  1. заемшылар:

мынадай мемлекеттердің: Андорра князьдігі, Лихтенштейн князьдігі, Либерия Республикасы, Монако князьдігі, Маршалл аралдары (Маршалл аралдары Республикасы) аумақтарында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары болып табылады, не

Экономикалық ынтымақтастық және даму жөнiндегi ұйыммен ақпарат алмасу жөнiнде мiндеттеме қабылдамаған оффшорлық аумақтар тiзбесiне енгiзілген мемлекеттердің аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары болып табылады, не

iрi қатысушылары, аффилиирленген тұлғалары, жақын туыстары, бiрiншi басшылары не осы тармақшаның екiншi және үшiншi абзацтарында көрсетiлген мемлекеттердiң азаматтары болып табылатын немесе тіркелген, осы заемшылармен мәмілелер жасасуға мүдделi тұлғалары бар;

10) заемшылар өзара бір-бірімен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген басқа негіздемелер бойынша байланысса;

11)заемшылар салынып жатқан объект құрылысына қатысушылар үлесінің және қатысушылар үлесінің кепілдіктерін қосқандағы жылжымайтын мүлік құрылысы жөніндегі тапсырыс берушінің жобасының қатысушылары болып табылады. Осы тармақшада аты аталған заемшылар тобы құрған бір заемшының тәуекел мөлшері жеке тұлғалардың – қатысушылар үлесі кепілдіктерінің және/немесе салынып жатқан объектінің құрылысына қатысушылар үлесінің – жеке тұлғалардың қатысуымен жасалған топ үшін осы тармақтың 1) – 10) тармақшаларына сәйкес бір заемшының тәуекел мөлшерінің жиынтық есебіне қабылданбауы тиіс.

33. Егер мемлекет (уәкілетті орган атынан) екі немесе одан да көп заңды тұлғалардың ірі қатысушысы болып табылған жағдайда, осы топқа қатысты тәуекел мөлшері жиынтықты түрде алғанда егер басқа ірі қатысушылар болмаса, сондай-ақ бір заемшыға арналған тәуекел мөлшері ретінде есептелген жағдай бойынша осы Нұсқаулықтың 32-тармағында белгіленген өзге де жағдайлар кездеспеген жағдайда осы топқа арналған тәуекелдің мөлшері бір заемшыға арналған тәуекелдің мөлшері ретінде есептелмейді.

33-1. Заемшылар тобын тану бойынша осы Нұсқаулықтың 32-тармағының талаптары мемлекеттік акциялар пакеті (қатысу үлесі) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жарғылық капиталына төлем жасауға берілген заңды тұлғаларға таралмайды.

Банктермен ерекше қарым-қатынаспен байланысты бір заемшы және (немесе) тұлға ретінде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамымен көрсетілген ұйымдардың дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан астам пайызына тура иелік ету (банктер бойынша – жанама) нәтижесінде аффилиирленген болып табылатын екі және одан астам ұйым (оның ішінде банктер) танылмайды.

Жоғарыда көрсетілген ұйымдардың бірімен аффилиирленген немесе көрсетілген банктердің бірімен ерекше қарым-қатынаспен байланысты заңды және (немесе) жеке тұлғалар сонда-ақ бір заемшы басқа ұйымның аффилиирленген тұлғаларының бір зайымшысы немесе көрсетілген банктердің басқаларымен ерекше қарым-қатынаспен байланысты тұлғалар ретінде танылмайды.

Стресстік активтер қоры» акционерлік қоғамының және (немесе) «Стресстік активтер қоры» акционерлік коғамының қаржы компаниясының көрсетілген заемшылардың акцияларын (қатысу үлестерін) иеленуі нәтижесінде аффилиирленген болып табылатын заемшылар бір заемшы ретінде танылмайды.

Осы Нұсқаулықтың мақсаттары үшін «Стресстік активтер қоры» акционерлік қоғамы құратын ұйым «Стресстік активтер қоры» акционерлік қоғамының арнайы қаржы компаниясы деп танылады.

33-2. Банктің екі және одан артық еншілес ұйымдарынан тұратын тобы мынадай жағдайларда заемшылар тобы деп танылмайды, егер:

олар банкта ірі қатысулары арқылы банктің жарғылық капиталымен байланысты болса;

банктің лауазымды тұлғалары осындай еншілес ұйымдардың лауазымды тұлғалары болып табылса.

34. Бір заемшыға тәуекел мөлшері (Р), оның ішінде банктің, мынадай талаптар сомасы түрінде есептеледі:

1) заемдар, салымдар, дебиторлық берешектер, бағалы қағаздар (осы Нұсқаулықтың 3-тармағында көрсетілген банк инвестицияларынан басқа);

2) осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес есептелген шартты және ықтимал міндеттемелер;

3) аталған қаржы құралдары мен ондағы кредиттік тәуекелдің рыноктық құнының сомасы ретінде есептелген кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген своптар, фьючерстер, опциондар, форвардтар.

Своп, фьючерс, опцион және форвард операциялары бойынша кредиттік тәуекел осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасында көрсетілген және аталған қаржы құралдарын өтеу мерзімімен анықталатын кредиттік тәуекел коэффициентіне аталған қаржы құралдарының номиналдық құнының туындысы ретінде есептеледі.

Осы тармақта көрсетілген қаржы құралдарының рыноктық құны (ауыстыру құны) мынадай болып көрсетіледі:

сатып алуға арналған мәмілелер бойынша – берілген қаржы құралының номиналды шартты құнынан қаржы құралының ағымдағы рыноктық құнының асу мөлшері. Егер қаржы құралының ағымдағы рыноктық құны оның номиналды шартты құнынан аз немесе оған тең болған жағдайда, ауыстыру құны нөлге тең болады;

сатуға арналған мәмілелер бойынша – берілген қаржы құралының ағымдағы рыноктық құнынан қаржы құралының номиналды шартты құнының асу мөлшері. Егер қаржы құралының номиналды шартты құны оның ағымдағы рыноктық құнынан аз немесе оған тең болған жағдайда, ауыстыру құны нөлге тең болады.

Бивалюталық қаржы құралдары бойынша (қаржы құралдары бойынша талап пен міндеттеме әр түрлі шетел валютасында көрсетілген қаржы құралдары бойынша) ауыстыру құны есептілікті құру күніне белгіленген бағам бойынша айқындалған міндеттемелердің теңгелік баламасынан талаптардың теңгелік баламасының асу мөлшері ретінде анықталады. Егер талаптардың теңгелік балама мөлшері міндеттемелердің теңгелік баламасынан аз немесе оған тең болған жағдайда, ауыстыру құны нөлге тең болады.

Осы тармақта көрсетілген қаржы құралдарының номиналды шартты құны бухгалтерлік есептің тиісті шоттарында мәмілелерді жасау күніне белгіленген қаржы құралдарының құны ретінде көрсетіледі. Бивалюталық қаржы құралдарының номиналды шартты құны ретінде банктің талаптары құрылатын валюта алынады.

Сатылған опциондар бір заемшының тәуекел мөлшеріне енгізілмейді;

4) банктің заемшыға қоятын банк балансынан шығарылған талаптары, сондай-ақ «Стресстік активтер қоры» акционерлік қоғамының арнайы қаржы компаниясымен секьюритизация мәмілелері бойынша кредиттер;

5) мынадай түрдегі заемшының міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету сомасын шегергенде:

осы міндеттеменің қамтамасыз етуі ретінде банк өкімімен ұсынылған салымдар;

Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ұлттық Банк шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;

тазартылған қымбат металдар;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдіктері;

банкпен сатып алынған бағалы қағаздар бойынша банктің кепілдіктері;



Standard & Poor's агенттігінің «А»-дан кем емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар басқа банктердің кепілдіктері.

Бір заемшының тәуекел есебіне мыналар енгізілмейді:

Қазақстан Республикасының Үкіметіне және Ұлттық Банкке, Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына, Стресстік активтер қоры» акционерлік қоғамының арнайы қаржы компаниясына қойылатын талаптар, Standard & Poor's агенттігінің «ВВВ»-дан кем емес ұзақ мерзімді рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің рейтингі бар банктерге ашық корреспонденттік шоттар бойынша қоятын талаптары.

35. Банктің меншікті капиталының міндеттемелері бойынша бір заемшы үшін банк тәуекелінің мөлшеріне қатысы мынадан аспауы тиіс:

банкпен айрықша қатынастар бойынша (k3.1) байланыстары бар тұлғалар болып табылатын заемшылар үшін - 0,10. Банкпен айрықша қатынастар бойынша байланыстары бар заемшылар үшін тәуекелдердің жиынтық сомасы банктің меншікті капиталының мөлшерінен аспауы тиіс;

басқа заемшылар үшін (k3) - 0,25 (оның ішінде заемшы алдындағы қамтамасыз етілмеген шартты міндеттеменің бланктік заемдары бойынша 0,10 астам не заемшыға банктің ағымдағы және содан кейінгі екі ай ішінде талап етуі мүмкін үшінші тұлғаның пайдасына, сондай-ақ Standard & Poor’s агенттігінің немесе одан басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осы деңгейдегі рейтингінің Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингінің бір тармағынан төмен болмайтын және Standard & Poor’s агенттігінің “А” рейтингінен төмен емес немесе одан басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингінен төмен емес рейтингі бар резидент еместерінің міндеттемелері бойынша).

Банктің меншікті капиталынан әрбірінің мөлшері 10 пайыздан асатын бір заемшыға банк тәуекелдерінің жиынтық сомасы банктің меншікті капиталынан бес есе астамнан аспауы тиіс.

Стресстік активтер қоры» акционерлік қоғамының арнайы қаржы компаниясына берілген секьюритилендірілген кредиттердің жиынтық сомасы банктің меншікті капиталының мөлшерінен аспауы тиіс.


  1. Банктің заемшыға қоятын талаптарының олар пайда болған күнгі жалпы көлемі осы Нұсқаулықпен белгіленген шектеулер шегінде болса, бірақ соңынан соңғы үш ай ішінде банктің меншікті капиталының деңгейі бес прценттен артық төмендеуіне байланысты аталған шектеулерден асып кеткен жағдайда не соңғы үш ай ішінде заемшыға қойлатын талаптар он процент деп көрсетілген теңгенің шетел валютасымен орташа алынған биржалық бағамының ұлғаюынан банктің заемшыға қоятын талаптарының өсуіне байланысты бір заемшыға деген тәуекел нормативінің барынша жоғары мөлшері орындалды деп есептеледі.

Аталған жағдайларда банк шектеулерден асып кету фактісі туралы уәкілетті органды дереу хабардар етеді және ағымдағы және одан кейінгі айларда, «Стресстік активтер қоры» акционерлік қоғамының арнайы қаржы компаниясына берілген секьюритилендірілген кредиттердің жиынтық сомасы бойынша шектеуден асып кеткен жағдайда ағымдағы және одан кейінгі тоқсанда» жою жөнінде міндеттемелер қабылдайды. Егер осы шектен асып кету аталған мерзімде жойылмаған болса, онда бір заемшының барынша жоғары тәуекел мөлшерінің нормативі шегінен асып кету осы аталған шектен асып кету анықталған күннен бастап осы нормативтің бұзылуы деп қарастырылады.

  1. Егер банк заемшысы жағдай пайда болған сәтте банкпен айырықша қатынасы бар тұлға болмай, соңынан ондай болып табылған жағдайда, осы Нұсқаулықтың 35-тармағының екінші абзацында белгіленгендей, осы заемшының аталған шектен асып кеткен тәуекел мөлшері мына талаптарға сәйкес келсе, тәртіп бұзу ретінде қарастырылмайды:

банк осы Нұсқаулықтың 34-тармағының 4) тармақшасына сәйкес қосымша қамтамасыз етуді ұсыну жөніндегі заемшының қабілеттілігін растай отырып, осы шектен асып кету туралы немесе норматив мөлшерін сақтау үшін қажетті мөлшерге дейінгі банк талап етулерінің бөлігін орындайтындығы және уәкілетті орган белгілеген мерзімде осы тәртіп бұзуды жою жөнінде міндеттемелер қабылдағандығы туралы уәкілетті органды дереу хабарладырған жағдайда;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган белгілеген активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеуге және оларға қарсы провизияларды құруға қойылатын талаптарға сәйкес заемшының қаржылық жағдайы қанағаттанарлықтан төмен емес деп бағаланады.

38. Осы Нұсқаулықтың 37-тармағының шарттары сондай-ақ мына жағдайларда, егер заемшылар міндеттемелер пайда болған сәтте бір заемшы ретінде қаралмай, соңынан солай болған жағдайларда қолданылады.



4-тарау. Өтiмдiлiк коэффициентi

39. Өтімділік мынадай коэффициенттермен сипатталады:

банктің ағымдағы өтімділік коэфыфициентімен;

к4-1, к4-2 және к4-3 мерзімді өтімділік коэффициенттерімен;

к4-4, к4-5 және к4-6 мерзімді валюталық өтімділік коэффициенттерімен.

Мерзімді өтімділік пен мерзімді валюталық өтімділік коэффициенттерінің барынша төмен мәні мынадай мөлшерде белгіленеді:

K4 – 0,3;

К4-1 – 1;

К4-2 – 0,9;

К4-3 – 0,8;

К4-4 – 1;

К4-5 – 0,9;

К4-6 – 0,8.

40. Банктің k4 ағымдағы өтімділік коэффициенті банктің орташа айлық жоғары өтімді активтерінің есептелген сыйақыны ескергендегі талап етуге дейінгі міндеттемелердің орта айлық мөлшеріне қатынасы ретінде есептеледі.

Ағымдағы өтімділік коэффициентін есептеу кезінде талап етуге дейінгі міндеттемелердің мөлшеріне барлық талап етуге дейінгі міндеттемелер, оның ішінде есеп айырысуды жүзеге асыру мерзімі белгіленбеген міндеттемелер, банктің еншілес ұйымдарының, банкпен аффилиирленген заңды тұлғаларының сыртқы заемдарды тарту кезінде, сондай-ақ банктің секьюритилендіру бойынша мәмілелері аясында берілген кредитордың осы заемдар бойынша борышкер міндеттемелерін мерзімінен бұрын өтеуді талап ету құқығымен банктің қамтамасыз етілмеген кепілдіктері мен кепілдемелері, оның ішінде:

өтеуге дейінгі қалған мерзімі үш жылдан кем емес, 50% тең конверсия коэффициентіне және банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің ең төменгі мәніне (к2) көбейтілгендер;

k4 нормативінің есебіне енгізілетін заемдарды тарту кезінде берілген банктің кепілдіктері мен кепілдемелерін қоспағанда, өтеуге дейінгі қалған мерзімі үш жыл және одан астам, 100% тең конверсия коэффициентіне және банктің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентінің ең төменгі мәніне (к2) көбейтілгендер, сондай-ақ банктерден алынған «овернайт» зайымдары мен банкпен бір түнге тартылған салымдар және кредитордың міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуді талап ету құқығымен мерзімді шартсыз міндеттемелер, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың мерзімді және шартты депозиттерін, тазартылған құнды металдарды қоспағанда банктердің мерзімді және шартты депозиттері кіргізіледі.



К4-1 мерзімді өтiмдiлiк коэффициентi жеті күнге дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен мерзімді мiндеттемелердің орташа айлық мөлшерiне жоғары өтiмдi активтердiң орташа айлық мөлшерiнiң қатынасы ретiнде есептеледi.

К4-2 мерзімді өтiмдiлiк коэффициентi бір айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен мерзімді мiндеттемелердің орташа айлық мөлшерiне жоғары өтiмдi активтердi қосып, бір айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен өтімді активтердің орташа айлық мөлшерiнiң қатынасы ретiнде есептеледi.

К4-3 мерзімді өтiмдiлiк коэффициентi үш айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен мерзімді мiндеттемелердің орташа айлық мөлшерiне жоғары өтiмдi активтердi қосып, үш айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен өтімді активтердің орташа айлық мөлшерiнiң қатынасы ретiнде есептеледi.

(к4, k-4-1, k4-2, k4-3) өтімділік коэффициенттерін есептеу кезінде талап етуге дейінгі міндеттемелердің мөлшерінен және жоғары өтімді активтердің мөлшерінен банк кастодиан шарты негізінде сақтауға қабылдаған инвестицияланбаған қаражаттардың қалдығы алынып тасталады.



41. k4-4 мерзімді валюталық өтімділік коэффициенті жеті күнге дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен осы шетел валютасындағы мерзімді мiндеттемелердің орташа айлық мөлшерiне шетел валютасындағы жоғары өтiмдi активтердiң орташа айлық мөлшерiнiң қатынасы ретiнде есептеледi.

К4-5 мерзімді валюталық өтімділік коэффициентi бір айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен осы шетел валютасындағы мерзімді мiндеттемелердің орташа айлық мөлшерiне жоғары өтiмдi активтердi қосып, бір айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен шетел валютасындағы өтімді активтердің орташа айлық мөлшерiнiң қатынасы ретiнде есептеледi.

К4-6 мерзімді валюталық өтімділік коэффициентi үш айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен осы шетел валютасындағы мерзімді мiндеттемелердің орташа айлық мөлшерiне жоғары өтiмдi активтердi қосып, үш айға дейін қоса алғанда өтелгенге дейінгі қалған мерзімімен шетел валютасындағы өтімді активтердің орташа айлық мөлшерiнiң қатынасы ретiнде есептеледi.

42. Мерзімді валюталық өтімділік коэффициенттері Standard & Рооr's агенттігінің «А»-дан төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жиынтықта шетел валюталары және «Еуро» бойынша есептеледі, оларда алдынғы есептік айдағы міндеттемелерінің орташа айлық мөлшері банктің алдынғы есептік айдағы міндеттемелерінің орташа айлық мөлшерінен 1пайыздан кем еместі құрайды.

Standard & Рооr's агенттігінің «А»-дан төмен тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар немесе тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің шетел валюталары бойынша мерзімді валюталық өтімділік коэффициенттері әрбір шетел валютасы бойынша есептеледі, онда алдыңғы есептік айдағы міндеттемелердің орташа айлық мөлшері банктің алдынғы есептік айдағы міндеттемелерінің орташа айлық мөлшерінен 1пайыздан кем еместі құрайды.

43. Жоғары өтiмдi активтер есебiне мыналар енгiзiледi:


  1. қолма-қол ақша;

  2. тазартылған қымбат металдар;

  3. Қазақстан Республикасының Үкiметi және Ұлттық Банк шығарған мемлекеттiк бағалы қағаздар, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» акционерлiк қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы шығарған бағалы қағаздар;

  4. Ұлттық Банктегi, Қазақстан Республикасының банктерiндегi және Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВВ-» төмен емес ұзақ мерзiмдi борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар резидент емес банктердегi талап ету бойынша салымдар;

  5. АЛЫНЫП ТАСТАЛСЫН;

  6. Қазақстан Республикасының банктерінде және Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВВ-» төмен емес ұзақ мерзiмдi борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар резидент емес банктерде бір түнге орналастырылған салымдар;

  7. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Рейтинг агенттіктері мен банктер мәмілелерін жүзеге асыра алатын облигацияларға арналған ең төменгі талап етілетін рейтингін, сондай-ақ екiншi деңгейдегі банктер брокерлік және/немесе дилерлік қызметті жүзеге асырған кезде мемлекеттік бағалы қағаздарымен мәмілелер жасай алатын елдердің ең төменгі талап етiлетiн рейтингін белгілеу туралы» 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 128 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4717 тіркелген) қаулысымен (бұдан әрі - № 128 қаулы) белгіленген деңгейден төмен емес шетел валютасында тәуелсiз ұзақ мерзiмдi рейтингi бар елдердiң мемлекеттiк бағалы қағаздары;

  8. № 128 қаулымен белгіленген рейтинг агенттіктерінің бірімен талап етілетін барынша төмен рейтингі бар шетел эмитенттерінің облигациялары:

  9. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі 7 күнге дейінгі өтеу мерзімі бар мерзімді депозиттер;

10) Standard&Poor's рейтинг агенттігінің «ВВВ-» төмен емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент банктерге және Қазақстан Республикасының резиденті еместерге берілген «овернайт» заемдары.

Осы тармақта көрсетілген бағалы қағаздар, банк оларды кері сатып алу шарттарымен сатқан немесе кепiлге берген немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзгеше ауыртпашылық түскен бағалы қағаздарды қоспағанда, жоғары өтімді активтердің есебіне қосылады.

44. Өтімді активтер есебіне Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» 2005 жылғы 26 наурыздағы № 116 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4580 тіркелген) сәйкес арнайы қалыптасқан провизияларды, оффшорлық аймақтар аумағында тiркелген, заңды тұлға немесе оның азаматтары не Экономикалық ынтымақтастық және даму жөніндегі ұйыммен ақпарат алмасу жөнінде міндеттеме қабылдамаған оффшорлық аумақтар тізбесіне енгізілген мемлекеттердің аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент еместерiне немесе аталған оффшорлық аумақтарда тіркелген заңды тұлғаларға қатысты еншілес болып табылатын ұйымдарға қойылатын талаптарды алып тастап,
жоғары өтімді активтерді қоса, барлық қаржылық активтер енгізіледі. Заемдар заем шартына сәйкес өтеу кестесі бойынша енгізіледі.

Жоғары өтімді активтерді есептеуге енгізілмейтін осы Нұсқаулықтың 43-тармағының 3), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген бағалы қағаздар міндеттемелердің мөлшерін есептеуге енгізілетін міндеттемелердің қамтамасыз етуі болып осы бағалы қағаздар табылады деген шартпен өтімді активтер есебіне кіреді.

Осы бағалы қағаздарды өтімді активтердің есебіне енгізгенде, өтегенге дейін бағалы қағаздар бойынша қалған мерзім ретінде қамтамасыз етуі болып осы бағалы қағаздар табылатын міндеттемелердің өтеуге дейінгі мерзімі алынады.

44-1. Мерзімді міндеттемелердің есебіне есепті жүзеге асырудың мерзімі белгіленген барлық міндеттемелер енгізіледі.

Талап ету бойынша міндеттемелер, сондай-ақ банктерден алынған «овернайт» заемдар және бір түнге банктерден тартылған салымдар мерзімді міндеттемелердің есебіне енгізілмейді.

44-2. Өтімділік коэффициенттерін есептегенде жоғары өтімді активтерді қоса, өтімді активтер мен мерзімді міндеттемелер мөлшеріне есептелген сыйақы, дисконттар, сыйлықтар, әділ құнды оң/теріс түзетудің шоттары енгізіледі.

45-тармақ алынып тасталсын.

45-1. Банкте есептi кезең iшiнде кредиторлар мен салымшылар алдында мерзiмi өткен мiндеттемелер болған не Қазақстан Республикасының төлем және ақшаны аударым жасау туралы заңнамасының нормаларын бұзу фактiлерi болған жағдайда, орташа айлық негiзде анықталатын өтiмдiлiк коэффициенттерiнiң есептiк мәндерiне қатыссыз өтiмдiлiк нормативтерi орындалмаған деп есептеледi.
5-тарау. Ашық валюталық позиция лимиттері


  1. Ашық валюталық позиция - жеке шет мемлекеттің (шет мемлекеттер тобының) немесе тазартылған қымбат металдардағы валютасындағы банктің талап етулерінің (міндеттемелерінің) сол шетел валютасындағы немесе тазартылған қымбат металдардағы міндеттемелерінің (талап етулерінің) шегінен асып кетуі.

Ұзын валюталық позиция – бұл талап етулер (активтер мен шартты талап етулердің жиынтық сомасы) банктің сол шетел валютасындағы немесе тазартылған қымбат металдардағы міндеттемелерінің (міндеттемелер мен шартты міндеттемелердің жиынтық сомасы) шегінен асып кететін жеке шет мемлекеттің (шет мемлекеттер тобының) немесе тазартылған қымбат металдардағы валютасындағы ашық валюталық позиция.

Қысқа валюталық позиция - бұл міндеттемелер (міндеттемелер мен шартты міндеттемелердің жиынтық сомасы) банктің сол шетел валютасындағы немесе тазартылған қымбат металдардағы талап етулері (активтер мен шартты талап етулердің жиынтық сомасы) шегінен асып кететін жеке шет мемлекеттің (шет мемлекеттер тобының) немесе тазартылған қымбат металдардағы валютасындағы ашық валюталық позиция.

Валюталық позициялар есебіне мөлшері валюталардың айырбас бағамының өзгеруімен белгіленетін, теңгемен көрсетілген талап етулер (активтер мен шартты талап етулердің жиынтық сомасы), міндеттемелер (міндеттемелер мен шартты міндеттемелердің жиынтық сомасы) енгізіледі (тазартылған қымбат металдардың құнын).

Мөлшері бір шетелдік валютадан артық айырбас бағамының өзгеруімен анықталатын, теңгемен көрсетілген талап етулер (активтер мен шартты талап етулердің жиынтық сомасы), міндеттемелер (міндеттемелер мен шартты міндеттемелердің жиынтық сомасы) осы Нұсқаулықтың 48-тармағында белгіленген ашық валюталық позицияның мейлінше төмен лимитін иеленетін шетел валютасындағы валюталық позициялар есебіне енгізіледі.

Әрбір шетелдік валюта бойынша және әрбір тазартылған қымбат металл бойынша ашық валюталық позиция жеке есептеледі.

Жеке шет мемлекеттердің (шет мемлекеттер тобының) (тазартылған қымбат металдарға) валюталарының есебі кезінде бірінші кезекте олар бойынша қалыптасқан арнайы провизияларды шегергендегі активтер шоттарындағы әрбір шетелдік валюта (тазартылған қымбат металдар) бойынша ашылған шоттардың сальдосы және банктің міндеттемесі бойынша шоттары есептеледі. Соңынан ол бойынша қалыптасқан арнайы провизияларды шегере отырып, шартты талап етулер шоттарында және шартты міндеттемелер шоттарында ашылған осы шетелдік валюта (тазартылған қымбат металдар) бойынша шоттар сальдосы анықталады. Міндеттемелерден (талап етулерден) шетел валютасындағы (тазартылған қымбат металдардағы)талап етулер (міндеттемелер) шегі асып кеткендігін көрсеткен сальдо өзара жиынтықталады, ал алынған қорытынды банктің шетел валютасындағы (тазартылған қымбат металдардағы) ашық позициясының мөлшерін және түрін анықтайды.

Банктің валюталық нетто-позициясы банктің барлық шетелдік валюталары (тазартылған қымбат металдар) бойынша ұзын позициясының жиынтық сомасы мен барлық шетелдік валюталары бойынша қысқа позициясының жиынтық сомасы арасындағы айырма ретінде есептеледі.

Шетел валютасымен көрсетілген талап етулер және міндеттемелер осы талап етулер және міндеттемелер көрсетілген (белгіленген) шетел валюталары бөлігіндегі валюта позициясы есебіне енгізіледі.

Мәмілені жасаған күн болып табылмайтын болашақ валюталау күні бар валюталық операцияларды жүргізу кезінде осы сияқты валюталық операциялар осындай мәмілені жасаған күннен бастап валюталық позиция есебіне енгізіледі.

48. Осы Нұсқаулық ашық валюталық позицияның мынадай лимиттерін белгілейді:

1) Standard & Poor’s агенттігінің “А” рейтингінен төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе одан басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингінен төмен емес рейтингі бар елдердің шетелдік валютасы бойынша және банктің меншікті капиталы шегінің 12,5 процентінен аспайтын мөлшердегі “Еуро”, сондай-ақ тазартылған қымбат металл валютасы бойынша ашық валюталық позиция (ұзын және қысқа) лимиті;

2) Standard & Poor’s агенттігінің “А” рейтингінен төмен тәуелсіз рейтингі бар немесе одан басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің шетелдік валютасы бойынша және банктің меншікті капиталы шегінің 5 процентінен аспайтын мөлшердегі ашық валюталық позиция (ұзын және қысқа) лимиті;



  1. банктің меншікті капиталы шегінің 25 процентінен аспайтын мөлшердегі валюталық нетто-позиция лимиті.

  1. алып тасталды.

    1. Ашық валюталық позицияның лимиттері кез-келген шетел валютасы (тазартылған қымбат металдар) бойынша шектен асып кеткен кезде содан кейінгі үш апта ішінде тәртіп бұзған банктің бұзылған валюталары (тазартылған қымбат металдар) бойынша ашық валюталық позицияларының лимиттері осы Нұсқаулықтың 48-тармағында белгіленген ашық валюталық позиция лимиттерінің 5 проценттік тармаққа кемуімен айқындалады.

Жекелеген шетел валютасы (тазартылған қымбат металдар) бойынша банк белгілеген лимиттердің 0,09 проценттік шектен асып кетуі ашық валюталық позицияның лимитінің бұзылуы болып есептелмейді.

51. алып тасталды.
6-тарау. Банктің негізгі құрал-жабдықтардағы инвестициясының барынша жоғары мөлшерінің коэффициенті және басқа қаржылық емес активтер
52. Банктің негізгі құрал-жабдықтардағы инвестициясының мөлшерінің және басқа қаржылық емес активтердің меншікті капиталға (k6) қатысы 0,5-тен аспауы тиіс.

53.Негізгі құрал-жабдықтар және басқа қаржылық емес активтерге мыналар жатады:



  1. жер, үй және ғимарат;

  2. салынып жатқан (орнатылып жатқан) негізгі құрал-жабдықтар;

  3. банк жалға алған үйлер бойынша күрделі шығындар;

  4. компьютерлік жабдықтар;

  5. көлік құрал-жабдықтары;

  6. жалға беруге арналған негізгі құрал-жабдықтар;

  7. қаржы лизингіне қабылданған негізгі құрал-жабдықтар;

  8. басқа да негізгі құрал-жабдықтар;

  9. банктің негізгі қызмет мақсаты үшін және сатып алынған және 38 халықаралық қаржылық есеп беру стандартына сәйкес келетін лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету;

  10. басқа да материалдық қорлар;

  11. күрделі салымдар бойынша дебиторлық берешек.


6-1-тарау. Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы міндеттемелеріне банктердің капиталдандыруы
53-1. Қазақстан Республикасы резидент еместері алдындағы міндеттемелерге банктердің капиталдандырылуы к7, к8 және к9 коэффициенттерімен сипатталады.

К7 коэффициенті – Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелердің барынша жоғары лимиті 1 мөлшерінде белгіленеді және Қазақстан Республикасы резидент еместер алдындағы міндеттемелер сомасының банктің меншікті капиталына қатынасы ретінде есептеледі.

Осы коэффициентті есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы міндеттемелер сомасына мыналар енгізіледі:

Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы талап етілгенге дейінгі міндеттемелер, оның ішінде есеп айырысуды жүзеге асыру мерзімі белгіленбеген міндеттемелер;

Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы мерзімдік міндеттемелер, бастапқы өтеу мерзімі бір жылға дейін қоса алғанда;

Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы мерзімдік міндеттемелер, кредитордың міндеттемелерді мерзімнен бұрын өтеуді талап ету шартсыз құқығымен, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың мерзімдік және шартты депозиттерін қоспағандағы банктердің мерзімдік және шартты депозиттері.

Осы коэффициентті есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы міндеттемелер сомасынан мыналар алынып тасталады:

Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін – төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесін бекіту туралы» 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1011 тіркелген) (бұдан әрі - № 388 қаулы) сәйкес экономиканың «басқа қаржы ұйымдары – коды 5», «мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар – коды 6», «мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар – коды 7» және «үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар – коды 8» секторларына кіретін шетел компанияларының филиалдары мен өкілдіктері алдындағы қысқа мерзімдік міндеттемелер;

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепiлдiгiнiң Көпжақты Агенттiгiне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөнiндегi Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiне, Азия Даму Банкiне, Ислам Даму Банкiне мүшелiгi туралы» 2001 жылғы 6 желтоқсандағы Заңына (бұдан әрі – 2001 жылғы 6 желтоқсандағы Заң) сәйкес Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын, халықаралық ұйымдары болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент еместері, сондай-ақ, Еуразиялық даму банкін құру туралы 2006 жылғы 12 қаңтардағы Келісімге сәйкес құрылған Еуразиялық даму банкі (бұдан әрі – Еуразиялық даму банкі) алдындағы қысқа мерзімдік міндеттемелер;

банктің кастодиан шарты негізінде қабылдаған қаражатының инвестицияланбаған қалдықтары.

Қазақстан Республикасының резиденті емес – бас банктің алдындағы реттелген борыштық міндеттемелер.



53-2. k8 коэффициенті банктің Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы жиынтық міндеттемелерінің сомасы, k8 номативінің есебіне енгізілетін заемдарды тарту кезінде берілген банктің кепілдіктері мен кепілдімелерінен бөлек, банктің еншілес ұйымдарының, банкпен аффилиирленген заңды тұлғаларының сыртқы заемдарды тарту кезінде, сондай-ақ банктің секьюритилендіру бойынша мәмілелері аясында берілген, кредитордың осы заемдар бойынша борышкер міндеттемелерін мерзімінен бұрын өтеуді талап ету құқығымен банктің қамтамасыз етілмеген кепілдіктері мен кепілдемелері банктің меншікті капиталға қатынасы ретінде есептеледі және осы Нұсқаулықтың 53-5 тармағында көрсетілген барынша жоғары нормативтік мәннен аспауы тиіс.

K8 коэффициентін есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы банктің жиынтық міндеттемелерінен мыналар алынып тасталады:

банк айналымға шығарған Қазақстан Республикасының резидент еместеріндегі борыштық бағалы қағаздар;

банк кепілдік беретін және банктің бухгалтерлік балансында есептелетін сомалар бөлігінде арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдары арқылы шығарған бағалы қағаздар;

№ 388 қаулыға сәйкес «5 код  - басқа қаржылық ұйымдар», «6  код  - мемлекеттiк қаржылық емес ұйымдар», «7 код – мемлекеттiк емес қаржылық емес ұйымдар» және «8 код – үй шаруашылығына қызмет ететiн коммерциялық емес ұйымдар» экономика секторларына кіретін, Қазақстан Республикасының аумағында өзінің қызметін жүзеге асыратын шетел компанияларының өкілдіктері мен филиалдары алдындағы міндеттемелер;



2001 жылғы 6 желтоқсандағы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдар ретінде танылған Қазақстан Республикасының резидент еместері, сондай-ақ Еуразиялық даму банкі алдындағы міндеттемелер:

банктің кастодиан шарты негізінде сақтауға қабылдаған қаражатының инвестицияланбаған қалдықтары;

Қазақстан Республикасының резиденті емес – бас банктің алдындағы реттелген борыштық міндеттемелер.



53-3. k9 коэффициенті банктің Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы жиынтық міндеттемелерінің сомасы, k9 номативінің есебіне енгізілетін заемдарды тарту кезінде берілген банктің кепілдіктері мен кепілдемелерінен бөлек, банктің еншілес ұйымдарының, банкпен аффилиирленген заңды тұлғаларының сыртқы заемдарды тарту кезінде, сондай-ақ банктің секьюритилендіру бойынша мәмілелері аясында берілген, кредитордың осы заемдар бойынша борышкер міндеттемелерін мерзімінен бұрын өтеуді талап ету құқығымен банктің қамтамасыз етілмеген кепілдіктері мен кепілдемелері және олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес теңгемен шығарылған борыштық бағалы қағаздарын қоспағанда, айналысқа шығарған борыштық бағалы қағаздары банктің меншікті капиталға қатынасы ретінде есептеледі және осы Нұсқаулықтың 53-5 тармағында көрсетілген барынша жоғары нормативтік мәннен аспауы тиіс.

K9 коэффицентін есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы банктердің жиынтық міндеттемелерінен мыналар алынып тасталады:

банк айналымға шығарған Қазақстан Республикасының резидент еместеріндегі борыштық бағалы қағаздар;

№ 388 қаулыға сәйкес «5 код  - басқа қаржылық ұйымдар», «6  код  - мемлекеттiк қаржылық емес ұйымдар», «7 код – мемлекеттiк емес қаржылық емес ұйымдар» және «8 код – үй шаруашылығына қызмет ететiн коммерциялық емес ұйымдар» экономика секторларына кіретін, Қазақстан Республикасының аумағында өзінің қызметін жүзеге асыратын шетел компанияларының өкілдіктері мен филиалдары алдындағы міндеттемелер;



2001 жылғы 6 желтоқсандағы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдар ретінде танылған Қазақстан Республикасының резидент еместері, сондай-ақ Еуразиялық даму банкі алдындағы міндеттемелер:

банктің кастодиан шарты негізінде сақтауға қабылдаған қаражатының инвестицияланбаған қалдықтары;

Қазақстан Республикасының резиденті емес – бас банктің алдындағы реттелген борыштық міндеттемелер.



53-4. k8 және k9 коэфиценттерін банктер 2007 жылдың 1-ші сәуірінен бастап сақтауға тиіс.

2007 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша k8 және k9 коэфиценттерінің нақты мәндері Нұсқаулықтың 11-қосымшасында көрсетілген барынша жоғары нормативтік мәнінен асып түскен жағдайда, ол банктерге мынадай тәртіп белгіленеді:

1) 2008 жылғы 1 қаңтарға көлемі мынадай мәндерден барынша жоғарыдан аспауы тиіс:

осы банктің 2007 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ұсынған есептері негізінде әрбіріне қатысты жеке алғандағы уәкілетті орган есептеген нақты мәнінен;

осы Нұсқаулықтың 11-қосымшасында көрсетілген барынша жоғары нормативтік мәнінен;

2) 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап 2008 жылғы 31 наурызды қоса алғандағы кезеңде көлемі барынша жоғары мәнінен мынадай мәндер бойынша аспауы тиіс:

осы банктің 2007 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ұсынған есептері негізінде әрбіріне қатысты жеке алғандағы уәкілетті орган есептеген нақты мәнінен;

осы Нұсқаулықтың 11-қосымшасында көрсетілген барынша жоғары нормативтік мәнінен;

3) 2008 жылдың 1 сәуіріне өлшем осы Нұсқаулықтың 11-қосымшасында көрсетілген барынша жоғары нормативтік мәннен аспауы тиіс.

Осы тармақпен белгіленген k8 және k9 коэффиценттерін банктер сақтаған жағдайда бұл асып түсу 2008 жылдың 31 наурызына дейін пруденциалдық нормативтерді бұзу деп танылмайды.

53-5. к8 коэффициентінің барынша жоғарғы мәні 2 аспауы тиіс.

К9 коэффициентінің барынша жоғарғы мәні 3 аспауы тиіс.
7-тарау. Қорытынды ережелер
54. Банктердің пруденциалдық нормативтерді сақтауына бақылау жасауды уәкілетті орган жүзеге асырады.

55. алып тасталды.

56. Банк Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес осы Нұсқаулықтың талаптарын бұзған жағдайда жауап береді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет