Басылымы: бесінші


 АҢДАТПА ҚҰРЫЛЫМЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР



Pdf көрінісі
бет7/19
Дата13.11.2022
өлшемі0.85 Mb.
#464711
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19
Магист.дисс. ережелері

3. АҢДАТПА ҚҰРЫЛЫМЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР 
 
3.1 Орыс тілінде жазылған еңбектердің аңдатпасы – бір бет көлемінде қазақ тілінде 
жазылады, қазақ тіліндегі еңбектердің аңдатпасы – бір бет көлемінде орыс тілінде жазылады. 
3.2 Магистрлік диссертацияның аңдатпасы төмендегі мәліметтерден тұрады: 
- диссертанттың аты-жөні; 
- диссертация тақырыбы; 
- зерттеу өзектілігі; 
- зерттеу мақсаты; 
- зерттеу әдістері; 
- алынған нәтижелер, олардың жаңалығы, ғылыми және практикалық маңыздылығы; 
- диссертацияның көлемі мен құрылымы; 
- көрнекіліктер, кесте (бар болған жағдайда), пайдаланылған әдебиеттер тізімінің саны; 
- тірек сөздер тізімі (5-6 сөз); 
- жарияланымдар туралы мәлімет. 


«Абай атындағы Қазақ ұлттық 
педагогикалық университеті» КеАҚ 
Күні: 12.10.2021 
Басылымы: 
бесінші 
Магистрлік диссертацияны қорғау туралы ереже Е ҚазҰПУ 5001-20 7-бет барлығы 20 
4. МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯНЫ РӘСІМДЕУ ТАЛАПТАРЫ 
 
4.1 ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР 
4.1.1 Магистрлік диссертация мәтінінің мазмұны осы Ереженің талаптарына сәйкес 
орындалады. Магистрлік диссертацияның беттері және оған енгізілген көрнекіліктер және 
кестелер А4 форматына сәйкес келуі тиіс. 
4.1.2 Магистрлік диссертация А4 форматындағы ақ қағаздың бір жағына рәсімделуі 
керек, бұл ретте мынадай шаблондар қолданылуы тиіс: қарпі – Times New Roman немесе Times 
New Roman KZ, қаріптің түсі қара болуы тиіс, 14 кегль, пішіні әдеттегідей, жолақтардың 
өлшемі – сол жағы – 30 мм, оң жағы – 10 мм, жоғарғы жағы – 20 мм, төменгі жағы – 20 мм. 
4.1.3 Магистрлік диссертацияның көлемі (қосымшасыз): 
- бейінді бағыт – 70 беттен артық емес: 
- ғылыми-педагогикалық бағыт – 80 беттен артық емес. 
4.1.4 Түрлі қаріп гарнитураларын қолдана отырып, белгілі бір терминдерге, 
формулаларға, теоремаларға екпін түсіретін компьютерлік мүмкіндіктерді пайдалануға рұқсат 
етіледі. 
4.1.5 Тегі, мекеме, ұйым, фирма атауы, баспа атауы және басқа да жалқы есімдер 
диссертацияға түпнұсқа тілінде беріледі. 
4.1.6 Түпнұсқадағы атауын қоса бере отырып (бірінші аталған кезде), жалқы есімдерді 
транслитерациялауға және ұйым атауын диссертация тілінде аударма түрінде келтіруге жол 
беріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет