Баскөл ауылдық округі әкімінің округ тұрғындарының алдында есеп беру баяндамасының



жүктеу 47.97 Kb.
Дата29.06.2016
өлшемі47.97 Kb.
Баскөл ауылдық округі әкімінің округ тұрғындарының

алдында есеп беру баяндамасының

ТЕЗИСІ
Құрметті ауылдық округтің тұрғындары!
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына, аудан әкімімен бекітілген 2010 жылғы 29 желтоқсандағы ауылдық округ әкімдерінің округ тұрғындарының алдында есеп беру кездесулерін өткізу кестесіне сәйкес 2011 жылғы 12 қаңтардан бастап округ тұрғындарының алдында 2010 жылғы ауылдық округтің әлеуметтік- экономикалық дамуының қорытындысы туралы және өткен жылғы есеп беру кезінде айтылған сын – пікірлердің, ұсыныстардың орындалуы бойынша есеп беремін.

2010 жыл біздің еліміз үшін үлкен жетістіктеріге, тарихи оқиғаларға толы болды. Жылдың басынан Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу, Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауын талқылаумен басталды. Экономикасының іргетасы берік қаланған және өзіміздің мемлекеттілігімізбен біз сенімді түрде жаңа кезеңге аяқ басудамыз, Қазақстанның тұрақты түрде дамуы жаңашыл және переспективалы, әлеуметтік- экономикалық, қоғамдық- саяси негізінің дамуына ықпалын тигізуде. 2010 жылғы желтоқсан айының 1-2 күндері Астана қаласында ЕҚЫҰ Саммиті өтті. Жоғары халықаралық деңгейдегі әлем жұртшылығының назарына іліккен ХХI ғасырдың онжылдығындағы аса маңызды оқиғасы ретінде тәуелсіз Қазақстан тарихының жарқын парақтарына енеді. 20- жасқада толмаған тәуелсіз мемлекет үшін бұл өте үлкен жетістік, бүкіл әлемдік қауымдастық біздің мемлекетіміздің әлеуметтік- экономикалық және қоғамдық – саяси даму жолындағы таңдап алған бағытының дұрыстығын мойындады.

Біздің округіміздің негізгі саласы ауыл шаруашылығы.

2010 жылдың 1 қаңтарына 85 шаруа қожалығы тіркелген, оның ішінде мал шаруашылығымен 6, өсімдік шаруашылығымен 79 айналысады.

2010 жылы ет өнімдері- 6666,8 ц болып, 2009 жылмен салыстырғанда өсім қарқыны 103 пайызды, сүт өндіру - 42000ц немесе 109 пайызды, жұмыртқа өндіру 436,6 мың дана немесе 102 пайызды құрады.

2010 жылы ірі қара мал – 2880 бас, 2009 жылмен салыстырғанда -2777 бас өсім қарқыны -104 пайызды, қой мен ешкі 3778 бас, 2009 жылмен салыстырғанда – 3700 бас - 102 пайызды, жылқы - 535 бас, 2009 жылмен салыстырғанда – 508 бас -105 пайыз, шошқа – 77 бас, 2009 жылмен салыстырғанда -62 пайызды құрады.

Асыл тұқымды малдар мен оның өнімділігін арттыру үшін ауылдық округ бойынша 2011 жылы «Башкуль» ЖШС Р.Ф.Салихов өндіріс орынын ашуды жоспарлап отыр, қазіргі уақытта жер телімдері мен мүліктердің құжаттарын ресімдеу жұмыстары аяқталуда. «Идель» ш/қ базасында 2 асыл тұқымды бұқа және 80 бас ірі қара мал сатып алынды. «Айжана» шаруа қожалығы бес жылдың көлемінде қазақтың ақ бас тұқымын өсірумен айналысуда. Ауылдық округ бойынша Башкуль ауылында «Айжана»ш/қ және Ново-Николаевка ауылында «Жас-Ай»ш/қ мал сою алаңдарының құрылысын аяқтады.

2009 жылғы жаздың құрғашылығынан егіс алқаптарының көлемі 2010 жылы азайып кетті, дәнді және майлы дақылдардан 2010 жылы 4735,1 га егілді, 2009 жылмен салыстырғанда 80 пайызды, оның ішінде дәнді дақылдар 2358га, 2009 жылы -73 пайызды, майлы дақылдар -2576 га, 2009 жылмен салыстырғанда – 110 пайызды, картоп -25 га, 2009 жылы -100 пайызды, көкөніс -6 га, 2009 жылмен салыстырғанда – 100 пайызды құрады, 150 га- парға жыртылды. 4875 ц картоп жиналды, орташа өнімділігі әр гектардан 5,9 ц, майлы дақылдар 5411 ц, орташа өнімділігі әр гектардан 2,6 ц өнім жиналды, 8000 тонна қатты мал азығы дайындалды.

Округтің аумағында 15 сауда нүктесі оның ішінде 12 дүкен, екеуі шаруашылық, 3 сауда дүңгіршегі жұмыс істейді.

Ауылдық округтің бюджетінің кіріс бөлігі 1601306 мың теңгені құрайды, 2009 жылмен салыстырғанда орындалу 114 пайызды округ бюджетінің шығыс бөлігі бойынша жоспарға сәйкес 11 млн 274 мың теңге орындалу -11 млн 271,7 мың теңгені немесе 99,9 пайызды құрады.

Жұмыспен қамту бағдарламасын орындалуы бойынша 2010 жылы жұмыспен 9 адам қамтылды, қоғамдық жұмыстарға 14 адам, кәсіптік білім алуға – 2 адам, жастар тәжірибесінде – 1 адам, әлеуметтік жұмыс орындарында – 6 адам, жұмыспен қамту бөлімінде 2011 жылдың 1 қаңтарына 6 адам тіркелді

2010 жылы 28 нәрестеге дүниеге келді, 2009 жылы да 28 нәресте дүниеге келді.,өлім саны 2010 жылы - 28 адам, 2009 жылы -24 адам.

Округте үш мектеп оның ішінде екі орта, бір бастауыш мектеп жұмыс істейді. БҰТ бойынша орташа бал 102 пайызды құрады. Башкуль орта мектебінің екі түлегі Альфина Мансуровна Измайлова мен Айтолым Талғатқызы Бөкей «Алтын белгі» иегерлері атанды, аудан көлемінде БҰТ 121 ұпай жинады, қазіргі уақытта Астана қаласындағы Евразия университетінің студенттері. Округ бойынша Н.Баймұратов атындағы орта мектепте 64 оқушы ыстық тамақпен, 159 оқушы буфет арқылы тамақтандыру ұйымдастырылған., сондай-ақ кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының демеушілігімен төмен қамтылған отбасыларының 10 баласы тегін тамақтандырылады.

Республикалық бюджеттен «Жол картасы» бағдарламасын орындау үшін округтің мектептеріне 2010 жылы 7 млн 400 мың теңге , оның ішінде Башкуль орта мектебіне 4 млн 220 мың теңге мектептің шатырын жөндеуге және Н.Баймұратов атындағы мектепке 2 млн 820 мың теңге жылу қазандықтарын, жылу беру жүйесін жөндеуге бөлініп, қаржы толығымен игерілді.

Округте мәдениет ошақтары бойынша Н-Николаевка ауылында Мәдениет үйі және Бөкебай ауылында кафе- бар жұмыс істейді. Мәдениет үйі 2009 жылы «Жол картасы» бағдарламасы бойынша қайта қалпына келтірілген, 2010 жылдан ауылдық кітапхана Мәдениет үйінің ғимаратына көшірілген. Барлық кең көлемдегі мәдени іс- шаралар Мәдениет үйінде өткізіледі. 2010 жылы келесі іс- шаралар өткізілді: Астана күні мерекесі, 28 тамыз күні аудан әкімінің қатысуымен көпбалалы аналар «Алтын алқа», « Күмі алқа» алқаларымен марапатталды, 30 тамыз күні Конститутция күні, 1 қазан күні ауыл қарттарын құрметтеп концерт, демеушілер сыйлықтар, ақшалай сыйлықтар табыс етті. Жыл көлемінде отын- шөппен қамтамасыз етуге барлығы 115 мың теңгеге қайырымдылық көмек берілді. 20 қарашада аудан әкімінің қатысуымен Ауыл шаруашылық қызметкерлерінің күні аталып өтті. Мерекелік бағдарламада ауыл шаруашылығының ардаргерлеріне, шаруа қожалықтарының басшыларына, кәсіпкерлерге округ, аудан әкімдерінің алғыс хаттары мен мақтау қағаздары, ауыл активінің демеушілігімен сыйлықтар табыс етілді. Сондай- ақ шаруа қожалықтарының басшылары адал еңбектері үшін өз жұмысшыларын құрметтеді. Ат спортының жарыстары, волейбол турнирі өткізілді. 6 желтоқсан күні жерлес ақынымыз Н.Баймұратовты еске алуға арналған «Ұлыны ұлықтау парыз» іс- шарасы ұйымдастырылып, Ново-Николаевка ауылының мешітінде ақынның құрметіне ас берілді.

Округ бойынша 1 қыркүйек Білім күнінің қарсаңында «Мектепке жол» акциясы аясында кәсіпкерлердің ұйымдастыруымен мектеп жәрмеңкесі өтті. Кәсіпкерлер және ауыл тұрғындары аудандық, облыстық ауыл шаруашылық жәрмеңкелеріне белсенді қатысып мал шаруашылығының, өсімдік шаруашылығының өнімдерін, отын барлығы 956 мың теңгенің өнімін сатты.

Округ аумағында «Семей орманы»МОТР ММ Бөкебай филиалы жұмыс істейді. Филиал 157 адамды жұмыспен қамтып отыр. Филиалда 2004 жылы құрылған 5 га аумақта тұқымбағы жұмыс істейді. 2010 жылдан тұқымбағының аумағы 15 га ұлғайтылды. Тұқымбағында 120 мыңға тарта қарағай, ағаш өскіндері өсірілуде.

Филиал аумағында 2010 жылдан спорт алаңы жұмыс істейді, спорттық іс-шаралар, Орманшылар күні осы спорт алаңында өткізіледі. Филаил өз мүмкіншіліктерімен жыл сайын ҰОС ардагерлеріне, жалғызбасты қарттарға, тыл еңбеккерлеріне, мектептерге демеушілік көмек көрсетеді.



Қазіргі уақытта біз Баскөл ауылдық округінің тұрғындары облыстан басталған елдің Президенті Н.Назарбаевтың өкілеттілігін 2020 жылғы 6 желтоқсанға дейін ұзартуға арналған референдум өткізу жөніндегі игі бастаманы қолдайды. Баскөл ауылдық округінің тұрғындары да өз еңбектерімен Бесқарағай ауданының әлеуметтік- экономикалық дамуына өз үлестерін қосуда.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет