Баскөл ауылдық округінің әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы АҚпарат



жүктеу 86.03 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі86.03 Kb.


Баскөл ауылдық округінің әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы

АҚПАРАТ
Ауылдық округ тұрғындарының саны 2013 жылдың 1 қазанына 1839 адам, 500 аула бар. соның ішінде Ново-Николаевка ауылында – 979 адам, Башкуль ауылында -514 адам, Бөкебай ауылында -346 адам.

2013 жылдың 1 қантарға 1874 адамды құрады. Ново-Николаевка ауылында – 1009 адам, Башкуль ауылында -508 адам, Бөкебай ауылында -357 адам. Округ бойынша 2013 жылдың тоғыз айында 7 бала туды, 18 адам қайтыс болған. 2012 жылдың ұқсас кезеңінде 4 бала туды, 14 адам қайтыс болған. Округ аумағында 1- дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік пункт тұрғындарға қызмет көрсетеді.


Ауыл шаруашылығы
Ауылдық округ экономикасының негізгі саласын аграрлық сектор құрайды, 2013 жылға арналған жоспар – тапсырмаларға сәйкес берілген көрсеткіштер орындалуда. Округте 79 шаруа қожалығы, 1- «Башкуль» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тіркелген, оның ішінде 9 шаруа қожалығы мен «Башкуль»ЖШС мал шаруашылығын өсірумен айналысады.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі:

- ет - 3774 тн құрап, 2012 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 912 тоннаға немесе 131,9 пайызға жоғары, жоспар тапсырма 3000 тонна көлемінде жеткізіліп, 125,8 пайызға орындалды;

- сүт – 47300 тоннаға өндірілді, өткен жылдың ұқсас кезеңінде 140,4 пайызды құрады, жоспар тапсырма 35 мың 370 тонна көлемінде жеткізіліп 133,7 пайызға орындалды.



2013 жылғы 1қазанға ірі қара мал басының саны – 2012 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда:

  • ІҚМ 766 басқа немесе 118 пайызға өсіп, 5 мың 015 басты құрады, жоспар – тапсырма 4466 бас көлемінде жеткізіліп, 112,4 пайызға орындалды.

  • қой мен ешкі 656 басқа немесе 108,7 пайызға өсіп, 8 мың 136 басты құрады, жоспар –тапсырма 7854 көлемінде жеткізіліп, 103,6 пайызға орындалды.

  • жылқы 192 басқа немесе 120,8 пайызға өсіп, 1112 басты құрады, жоспар- тапсырма 960 көлемінде жеткізіліп, 115,8 пайызға орындалды.

  • шошқа – 105 басқа немесе 32 пайызға тұсті, 215 басты құрады, жоспар тапсырма – 335 бас көлемінде жеткізілген жоқ, 65 пайызға орындалды.

Егістік алқаптары 2013 және 2012 жылдары 9323,7 гектарды құрады, оның ішінде

2012 жыл

2013 жыл

Барлығы: 8696,9 га

Барлығы: 9323,7 га

бидай – 1799,8 га

бидай – 1417,6 га

арпа- 732 га

арпа – 1298,2 га

Дән қоспасы – 614,5 га

Дән қоспасы -1753,8 га

Күнбағыс- 2224,6 га

Күнбағыс- 1238,6 га

Бір жылдық – 2720 га

Бір жылдық – 1805 га

Көп жылдық -280 га

Көп жылдық – 37 га




Жемшөп дән қоспасы- 1500 га




Көп жылдық жемшөп -197,5 га

Көкөніс -6 га

Көкөніс -6 га

Бақша дақылдары -40 га

Бақша дақылдары -40 га

Картоп -30 га

Картоп -30 га

Күздік бидай – 90 га




Күздік қара бидай – 160 га

Күздік қара бидай – 120 га

2013 жылдың қатан мал азығын 9000тонна дайындалды. 2013жылдың 1 қазанға округ бойынша дәнді дақылдар әр гектардан 10центнерден 90пайыз егістік жиналды.

Шағын бизнес
Округ аумағында 10 сауда дүкені, 2 сауда дүңгіршегі, 1 дәріхана, 1 жанар-жағар май құю станциясы, 1 жөндеу шеберханасы жұмыс істейді. 2013 жылы шағын кәсіпкерлік саласында 34 адам жұмыс істейді, 2012 жылы 27 адам жұмыс істеді. Жеке кәсіпкерлермен меморандумдар жасалынып, дүкендерде әлеуметтік бұрыштар ашылған. Жеке кәсіпкерлер және шаруа қожалықтарымен қосымша жұмыс пен жаңа жұмыс орындарын құру, шағын бизнес саласында жаңа жобаларды енгізу бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіліп отырады. Салық түсімдерінінің қосымша резервтерін анықтау жұмыстары бойынша 2013 жылы 7 жеке кәсіпкер ашылды, салық түсімі 220 мың теңгені құрады, 215 мың теңгеге жер телімінің жалға алу құқығын сатып алды. 2013 жылы ЖК «Ташимова» Бөкебай ауылында сауда дүңгіршегін ашты.

Белсенді кәсіпорындарын ашу жұмысы бойынша шаруа қожалықтарымен ірілендіру мақсатында округтің «Мерей», «Ұлпан», «Ирина», «Балыкбаев Н.А.», «Бернгардт» шаруа қожалықтарымен осы бағытта жұмыс жүргізілуде.

Негізгі капиталға инвестиция тарту жұмыстары бойынша:

- ағымдағы жылы «Башкуль»ЖШС - 2840,0 мың теңгеге асыл тұқымды 6 бас, «Айжана» ш/қ – 1824,0 мың теңгеге – 4 бас, «Алан»ш/қ -1253,0 мың теңгеге – 4 бас аталық мал сатып алды.

- Сәуір айында Н.Баймұратов атындағы орта мектебіне жергілікті бюджет н қаражаттары есебінен 5088,0 мың теңгеге автобус сатып алды.

- Маусым айында «Балыкбаев Н.А.» ф\қ «Қазагрофинанс» АҚ арқылы лизинг бойынша 5821,0 мың теңгеге МТЗ-12,21 тракторын алды. Округтегі инвестицияның жалпы сомасы 16826,0 мың теңгені құрады.

2012 жылы «Бернгардт» шаруа қожалығы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалы арқылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша ірі қара малды толықтыру үшін 7 млн 200 мың теңгенің несие ресурстарын алды, 2013 жылы екінші транш бойынша 2 млн 340 мың теңгенің несие ресурстарын алды. бүгінгі күні 88 бас аналық ірі қара мал, 3 бас асыл тұқымды бұқа сатып алынды. «Егінжай» бағдарламасы бойынша көктемгі егістік жұмыстарына «Балыкбаев Н.А.» ф/қ 3 млн теңгенің несиесін алды.

Кәсіпкерлік қызметті дамыту жұмыстары бойынша округ кәсіпкерлерімен аудандық жұмыспен қамту орталығының мамандары семинар өткізілді. Көршілес округтің соның ішінде Өндіріс ауылының наубайханасымен округ кәсіпкерлері бірлесе жұмыс жүргізуде. «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы аясында екінші бағыты тұрғындарды несиелендіру арқылы мал басының санын ұлғайту үшін ІҚМ мен ұсақ малды өсіру, өнімдерін сатуға Башкуль ауылының 5 тұрғыны 9 млн тенгенің несиесін алды. Сондай – ақ бүгінгі күні қосымша 10 адам мал басын көбейтуге және инфраструктураны дамытуға өтініштерін тапсырды. Ауылдық округтің жеке кәсіпкерлерімен тауар айналымы үшін шағын несиелендіру институттарынан 1млн 300 мың теңгенің несиесі алынды.

«Башкуль»ЖШС «Сыбаға» бағдарламасы бойынша ірі қара мал сатып алу үшін 18 млн теңгеге өтініш берді.

Бюджет

Бюджеттің кіріс бөлігі 2013 жылдың қаңтар – қырқүйек айларында – 1325,5 мың. тенге, 2012 жылы – 1300,2 мың. теңгені құрады, көбеюі 25,3 мың теңге немесе 101,9 пайызды құрады.

2013 жылдың 9 айынын жылдығы ішінде бюджеттің шығыс бөлігі

12 млн.862 мың теңге, немесе 99,6 пайызға орындалды, 2012 жылдың осы мерзімінде 9 млн.963 мың теңге.

Баспананы енгізу жоспары 150 шаршы метр, 2012 жылы берілген жоспар 129 пайызға артық орындалды 321,9 шаршы метрді құрады.

2013 жылдың 9 айында 9 адам қоғамдық ақылы жұмыстарға тартылды, округ бойынша 16 жаңа жұмыс орындары құрылған, 2012 жылдың осы мерзімінде 13 жаңа жұмыс орындары құрылды, 6 адам қоғамдық жұмыстарға тартылды. 1- жастар тәжірибесі бойынша. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында 3 адам кәсіптік білім алуда. 2013 жылдың 1 қазанына 8 отбасы, 2012 жылы 12 отбасы төменқамтылған отбасы ретінде тіркелген. Жұмыспен қамту орталығында 2013 жылдың 1 қазанына 4 адам жұмыссыз ретінде тіркелген. Әлеуметтік жұмыс орындарында 7 адам жұмыс істейді.


Білім беру
Округте 2 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Мектептер компьютермен жабдықталған, Интернет желісіне қосылған. Оқушылар саны 2013 жылы - 320 бала, 2012 жылы – 321 баланы құрады.

- Н.Баймұратов атындағы орта мектептің базасында толық күнді келумен 1 топ және 32 баламен қамтылған қысқа мерзімді келумен 1 топ шағын орталығы жұмыс істейді.

- Башкөл орта мектебінде қысқа мерзімді күнді келумен 34 орын шағын орталық жұмыс істейді. Мектепке дейінгі балалаорды қамту 100 пайызды құрайды. Шығармашылық мектебінен «Техникалық шығармашылық», «Шебер қолдар» үйірмелері жұмыс жасайды. 2013 жылы округ бойынша ҰБТ – дің орташа балы- 77 балды құрады, 2012 жылы -47 балды құрады.
Округте ауыл тұрғындарының тіршілік деңгейін жоғарлату бойынша жыл көлемінде мектептер, қоғамдық кеңестер, ауыл тұрғындарының қатысуымен кең көлемдегі мәдени және спорттық іс- шаралар тұрақты өткізіліп отырады.

Өткізілген барлық кең көлемдегі іс – шараларға округтің жеке кәсіпкерлері, шаруа қожалықтарының басшыларымен 487 мың теңгенің демеушілік көмегі көрсетілді. Сондай- ақ жыл сайын зейнеткерлерге, жалғызбасты қарттарға, мүгедектерге, төменқамтылған отбасыларына отынмен, мал азығымен демеушілік көмек көрсетіліп отырады. 2012 жылы «Қайырымдылық» айлығында 229,5 мың теңгенің демеушілік көмегі көрсетілді, «Мектепке жол» акциясы аясында төмен қамтылған отбасыларының балаларына 30 мың теңгенің оқу құралдары мен оқуға қажетті киімдері табыс етілді. 2013 жылы осы бағытта 185 мың теңгенің көмегі көрсетілді. Округ тұрғындарын әлеуметтік ұнмен қамтамасыз ету мақсатында, жеке кәсіпкер «Айтчанова», «Каратаева» келісім шарт бойынша тұрақтандыру қорынан 1- сұрыпты 26 тонна ұн әкелініп, сатылды. 2010 жылдан бастап демеушілік көмектің қаржысына Ново-Николаевка ауылының Лесная көшесі бойынша өтетін ескі су құбыры желісіне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 12 тұтынушы қосылған, бүгінгі күні тұтынушылар саны 18 адам. 2012 – 2013 жылдар аралығында осы мақсатта жұмсалған қаржы сомасы 350 мың теңгені құрады. Ауыл тұрғындарының өтініші бойынша «Ново-Николаевка- Семей» автобус маршруты ашылды.

«Туған жерге тағзым» акциясы бойынша округте 7 іс- шара, 6млн 770 мың теңгеге жоспарланған. Бүгінгі күні 4млн 645мың теңгенің сомасы игерілді.
Шағын бизнесті дамыту және жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында 2013 жылдан бастап «Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша ауылдық округте мал шаруашылығының дамуы және мал басының өсуіне байланысты мал азығы дақылдарын өсіру үшін егіс алқабының ауданын ұлғайту жоспарланып отыр. Шаруа қожалықтарының басшыларымен асыл тұқымды аталық мал сатып алу, аналық мал басын көбейту жұмыстары жүргізілуде. «Башкуль»ЖШС 2014-2017 жылдары «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 9900,0 мың теңгеге аналық мал басын 1000 басқа дейін жеткізуді жоспарлап отыр, өз қаржысына 20000,0 мың теңге сомаға мал қорасының құрылысы мен жабдықтау, жөндеу жұмыстарын жүргізуді, сондай- ақ «Қазагрофинанс»АҚ арқылы жалпы сомасы 25000,0 мың теңгеге ауыл шаруашылық техникасы мен құралдар сатып алуды жоспарлап отыр.

Машина-трактор паркін жақсарту және ауыл шаруашылық техникаларын жаңарту үшін «Балыкбаев Н» ФХ, «Тасқұдык» ш\қ, «Айжана» ш\қ, Толқын» ш\қ жалпы сомасы 50000,0 мың теңгеге ауыл шаруашылық техникасы мен құралдарын сатып алуды жоспарлап отыр. «Агробизнес 2020» бағдарламсы бойынша 2013 жылы АӨК мемлекеттің қолдауымен «Алан», «Айжана, «Бернгардт» шаруа қожалықтары мен «Башкуль» ЖШС субсидиялар алды:

- асыл тұқымды мал сатып алуға 1652,0 мың.тенге

-қатаң мал азығын 50 пайызға дейін арзандатуға жалпы сомасы 1840,0мың теңге,

- аналық мал басын жетілдіруге 6048,0 мың теңге.

«Айжана»ш\қ 2015жылы асыл тұқымды жылқы малын өсіру шаруашылығын ашуды, «Толқын»ш\қ асыл тұқымды ұсақ малды өсіру шаруашлығын ашуды жоспарлап отыр.

«Толкын» ш\қ 2016 жылы 6000,0 мың теңге өз қаржысына тоңазытқыш құрылғыларын орнатумен ет өндіру цехын ашуды жоспарлап отыр. «Тасқұдык» ш\қ 5000,0 мың теңге өз қаржысына малды қыс мерзімінде ұстауға арналған мал шаруашылығы базасының құрылысын жүргізуді жоспарлап отыр.

Округте жыл сайын жергілікті бюджеттен бөлінетін қаржыға елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында аумақтарды тазалау, қоқсықтарды үю, мал қорымдарын жөндеу және тағы басқа іс-шара жұмыстары жүргізіліп отырады.

Шағын және орта бизнестің дамуы бойынша округ аумағында 2014 жылы Бөкебай ауылында А.Ильшибекова, Сондай-ақ 2014 жылы «Айгерим»ш\қ жылы көлік қоятын орындарымен ауыл шаруашылық техникасын жөндеу цехын ашуды жоспрарлап отыр. «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша округте ауылда кәсіпкерлікті даытуға ықпал ету бойынша жұмыстар жүргізілуде, осыған байланысты 2013-2014 жылдары мал шаруашылығын дамыту, сүт өнімдерін сату үшін 10000,0 теңгеге кредит ресуртарын алуды жоспарлап отыр. 2017 жылға дейін 26000,0мың теңге соманы игеруді жоспарлап отыр.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жыл сайын күнделікті қажетті тауарларға, жұмыс орындарын сақтау үшін округтің шаруа қожалықтарының басшылары, кәсіпкерлермен меморандумдар жасалынады. . Жаңа кәсіпорындар ашу, шаруа қожалықтарының дамуымен және жеке қосалқы шаруашылықтарындағы мал басының өсуіне байланысты округте жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып отыр.



Жыл сайын «Туған жерге тағзым» акциясы аясында округтің шаруа қожалықтарының басшылары, кәсіпкерлермен көпбалалы отбасыларының және төмен қамтылған отбасыларының балаларын 150,0 мың еңгеге ыстық тамақпен қамтамасыз ету ұйымдастырылады. Сондай-ақ 2014 жылы жерлестеріміз Қарағайлы ауылындағы Мәдениет үйіне жалпы сомасы 200,0 мың теңгеге музыка аспаптары мен костюмдер сатып әперуді, Қарағайлы ауылындағы орталық саябақты қайтадан жаңарту жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.
Баскөл ауылдық округі

әкімінің міндетін атқарушы Н.Балыкбаев


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет