Баспасөз хабарламасы 26 қарашада Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Елбасы Қорының



Дата14.06.2016
өлшемі23.85 Kb.
http://kz.presidentfoundation.kz/event.php?id=503

«Кемеңгер Елбасына - Өнерлі Өрендер» атты шығармашылық акция

26 қараша 2014


Өткізілген іс-шарадан


Баспасөз хабарламасы

26 қарашада Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының қолдауымен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күніне және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 жылдығына арналған «Кемеңгер Елбасына - Өнерлі Өрендер» атты шығармашылық акциясыөткізілді.

Шығармашылық акцияны Қазақстандағы ең байырғы музыкалық оқу орнының бірі - әлемге танымал әншілер: Ермек Серкебаев, Әлібек Дінішев, Фуат Мансұров, Нұрғиса Тілендиев сынды дарынды дирижерлер, Ғазиза Жұбанова, Еркеғали Рахмадиев сынды композиторларды тәрбиелеп оқытқан, Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің студенттері мен оқытушылары дайындады.



Іс-шараның мақсаты - жас буынның (студенттік жастардың) патриоттық сана-сезімін қалыптастыру. Студенттік жастардың назарын патриоттық тәрбие беру проблемаларына аудару, Қазақстан Республикасында жастарға патриоттық тәрбие беру міндетін шешудегі тәрбие процесіне қатысатын барлық субъектілердің іс-әрекеттерін біріктіру. Қазақстан Республикасының Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында студенттік жастардың азаматтық-патриоттық көзқарасын қалыптастыру бойынша тәжірибе алмасу.

Акция аясында мынандай іс-шаралар өткізілді:

1) Шығармашылық кездесу - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алматы облысы Қаскелең ауданындағы орта мектепте бірге оқыған сыныптасы, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық шағы туралы «Үшқоңыр-менің алтын бесігім» атты кітаптың авторы, «Құрдастар» қорының президенті - Сәдуақас Есімбаймен сұхбат.

2) «Жастарға патриоттық тәрбие беру тұжырымдамасының» тұсаукесері.

3) Студенттік оқулар және «Мәңгі жаса, өр халқым!» атты Тұңғыш Республикалық байқаудың қорытындысын шығару.

4) «Жастарға патриоттық тәрбие беру - Тәуелсіз Қазақстан азаматының тұлғасын қалыптастырудағы тұғырнамалық тұрақты шама» тақырыбында өтетін акцияның қатысушылары сөз сөйледі.

5) П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің «Шежірелі шаңырақтың жұлдызды жарқын жолы» атты мерейтойлық кітабының тұсаукесері.

6) П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі солистері мен шығармашылық ұжымдарының қатысуымен салтанатты концерт.



Акцияға колледж түлектері: Қазақстанның музыка өнерінің жұлдыздары - Әлібек Дінішев, Нағима Есқалиева, танымал қоғам қайраткерлері - Қазақстан Републикасы Президентінің сыныптасы Сәдуақас Есімбай, академик, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдарының академигі, биология ғылымдарының докторы, профессор, колледждің Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Ажар Ахметқызы Жұбанова, запастағы генерал-майор, педагогика ғылымдарының докторы, доцент, әскери ғылымдар Академиясының мүшесі, Нұрсұлтан Назарбаев Білім қорының «Арыстан» арнайы лицейінің бастығы Сәбит Сауменұлы Тауланов, мәдениет пен білім беру ұйымдарының жетекшілері қатысты.

П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорына іс-шараны өткізуге көмек көрсеткені үшін зор алғысын білдіреді.
Каталог: storage -> pressa
pressa -> Ұстаздық – ұлы қызмет
pressa -> С. Гусейнов: Моя музыка пропитана любовью к Казахстану
pressa -> Аталмыш ұлт аспаптар оркестрінің негізін Ахмет Жұбанов 1933 жылы қалаған екен. Алғашқыда ансамбль болып құрылған оркестр 1935 жылы ашылған Жамбыл филармониясына жұмысқа шақырылған
pressa -> Виртуозы-музыканты
pressa -> Халықаралық ақпараттық агенттiгі
pressa -> Өнерге ықылас өзгеше
pressa -> Жас музыканттар сыйы
pressa -> Саят Ақбасов: Өнерде кімнің мықты екенін мойындау да ерлікпен пара-пар


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет